Аффектті күй және аффект.
Аффектті күй эмоцияның бірте - бірте күшеюінен көрінеді.
Аффектті күй динамикалық және айқын болады. Аффектті күйдің әрқашан белгілі бір аяқталуы
болады. Мысалы, ұнамаған оқиға немесе жағымсыз нәтиже күткен сұқбаттасу ойламаған жерден
сәтті аяқталса, ол қанағат сезімінін тудыруы мүмкін.
Төтенше шиелініскен жағдайда аффектті күй көбіне күшті бұлқыныспен - аффектпен
аяқталады.
Аффект
-
бұл қысқа мерзімдік, бұрқ етпе, өте күшті эмоциялық реакция. Аффект
көрініс беру күшінің орасан зорлығы мен сипатталады, ол адамды бүтіндей билеп алады. Аффект
жағдайында сана тарылады, ол көніл күйімен байланысты қабылданатын заттар мен
түсініктердің
шағын шоғырына бағытталады. Болып жатқан құбылыстардың көпшілігі өзгеше, басқаша түрде
қабылданып, дағдылы мінез-құлық күрт өзгереді. Аффектті күйде адам көбіне өэінің не істегенін,
нашар аңғарады. Ол өзін-өзі ұстай алмайды, өз әрекеті нәтижесінің қандай боларын көз алдына
келтіре алмайды, күйіне берілгендігі сонша, өз ісінің сипаты мен манызын нашар бағалайды.
Аффект кезінде оны ерікпен реттеу өте қиын, алайда Аффектінің пайда болуын алдын ала
тізгіндеуге, бұрқан-талқан күйге жеткізбей басуға болады. Ерік күшін жұмылдыру, жағдайды
өзгерту, эмоциялық қуатты саналы түрде басқа әрекетке ауыстыру аффектіні болдырмауға
көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |