Дерматоглифика
- бармақ, алақан терiсiне тумадан түсетiн өрнектер арқылы адам мiнезiн
анықтай-тын ғылым жүйесi.
Графология
- мәнерлi әрекет - жазу таңбасына орай адам мiнезiн анықтауға бағытталған
ғылым.
Мінездің құрылымы және индивидуалдылық пен типтілік.
Мiнез түрi өзiнiң құрамындағы бiтiстердiң жалпы сипатына тәуелдi келедi, ал
бiтiстер негiзгi немесе же-текшi және қосалқы болып бөлiнедi. Негiзгiлерi адамның бағыт-
бағдарын айқындауға ықпалын тигiзiп, яғни адам-ның тұрақты мiнезiнiң сипатын бередi де,
қосалқылары мiнез қырларын толықтыра түседi. Мысалы, батылсыз-дық, қорқақтық және
альтруистiк бiтiстердiң алғашқы екеуi жетекшi мәнге ие болса, онда адам секемшiл мiнез-дi келiп,
бiреуге жақсылық, яғни альтруистiк қадамында жалтақшыл, күдiктi болуынан көздеген iсiне бара
алмай-ды. Керiсiнше, альтуристiк қасиет басым келсе, алғы екi жағымсыз бiтiстердi қаймықпай
басып, қайырымдылық iсiнде батыл мiнездi қадам жасайды.
Адам мiнезiнiң белгiлi түрде қалыптасуы оның қоршаған дүниеге қатынасына байланысты.
Бұл қатынас-тардың мәнi адам араласып, байланысқа келген өмiрлiк объекттердiң маңызымен
анықталады:
1. Басқа адамдармен қатынасына қарай (шыншыл - өтiрiкшi, әдептi - дөрекi т.б.).
2. Орындалатын iс қызметiне орай (еңбеккер – ерiншек т.б.)
3. Өз басына болған қатынасына байланысты (сыншыл-өзiмшiл т.б.).
4. Заттарға қатынасынан (сақи - ашкөз, ұқыпты – салақ т.б.).
Аталған қатынастардың бәрiнiң де мiнез түрiнiң қалыптасуында үлкен маңызға ие
екенi сөзсiз, дегенмен тұрақты, нақты мiнездiң орнығуы ең алдымен адамның адам-мен, қоғамға
араласып, қатынасу дәрежесiне тәуелдi. Ұжымнан тыс тұлғаның жолдастық, достық, махаббат, т.б.
фор-маларда көрiнетiн iзгi ниеттерiнен бөлек мiнез түрi болмайды. Адамдар өзара ұзақ қатынасқа
келе отырып, бiрi екiн-шiсiнiң мiнезiне таңбасын салады, осыдан кей адамдар әрекет-қылығында
өзара ұқсастыққа келедi немесе қарама-қарсы, бiрақ бiрiнiң кемшiлiгiн екiншiсi толықтыратын
бiтiстердi игередi. Алайда, еңбек, iс-әрекет қатынастарында қалыптасқан мiнез бiтiстерi мәндiрек
келiп, мiнез түрiнiң басқаларынан ажыралуына себепшi болады.
Мiнез әр тұлғада өзiнше көрiнiске ие, солайда болса, оның құрамында белгiлi топ
адамдарына ортақ бiтiстердi бiрiктiруге болады. Осыдан, мiнез түрi (типi) - адамдар-дың кейбiр
тобына тән қасиеттiң бiреудiң дара мiнезiнде нақты көрiнуi. Мұның түпкi себебi - мiнез тума
берiлмей-дi, әр адамның белгiлi топ, қоғам өкiлi болуынан оның өмiр жағдайы мен iс-әрекетiне сай
қалыптасады.
Адам мінезінің құрылымы әрқилы қасиеттер жиынтығынан тұрады. Кейбір мінез
ерекшеліктері бір-біріне тәуелді, өзара байланысты болып келеді. Міне, мінездегі осындай әртүрлі
қасиеттерден құрылған біртұтас бірлікті мінез құрылым дейді. Ал мінездегі өзара байланысты
психикалық қасиеттердің жүйесі симптомкомплекс не факторлар деп те аталады.
Қалыпқа түскен, адамгершілігі айқындала бастаған мінездің негізгі компонентіне
сенімдер жүйесі
кіреді. Сенімділік адам мінез – құлқының принциптілігін, күресте бас
имейтіндігін, өз күш –жігерін жұмсайтын істің әділдігі мен маңыздылығына сенетіндігін
анықтайды.
Қажеттілік пен мүдденің басымдылығына қарай адамның өзіндік мінезі
қалыптасады.
Рухани
немесе
материалдылық қажеттілік пен мүдденің
өктем болуы адамның
сезімдерін ғана емес, оның іс бағытын да анықтайды.
Қалыпқа түскен ұнамды мінездің өзегі – жеке адамның ерік-жігерлілік сапасы
болып табылады. Ерік-жігері күшті адам
талап –
тілектерінің және қылықтарының
анықтылығымен, өз бетінше әрекет ете алушылығымен
көзге түседі.
|