Лекция тезистері 2 кредит



Pdf көрінісі
бет51/83
Дата29.12.2021
өлшемі1,07 Mb.
#106206
түріЛекция
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   83
Байланысты:
Психология

 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мінез бен темперамент. 

Мінез  бен  темпераменттің  өзара  байланысы  олардың  физиологиялық  негізі  арқылы 

анықталады.  

Белгілі бір адамға тән және өмір әсерлеріне жауап реакциялардың динамикасы, тонусы мен 

бірқалыптылығында  көрініс  беретін  мінез-құлықтың  табиғи  ерекшеліктерін 

темперамент 

деп 


атаймыз. 

Темперамент

  –  жүйке  жүйесінің  тума  қасиеттерінен,  туындайтын  адамның  жеке 

өзгешеліктерінің бірі. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимыл – қозғалысынан, жалпы 

белсенділігінен 

жақсы 

байқалады. 



Темперамент 

– 

организмнің 



физиологиялық 

өзгешеліктерімен,әсіресе,  жоғары  жүйке  қызметінің  тума  қасиеттерімен  шарттас  психикалық 

құбылыс.  Темперамент  адамның  жалпы  қозғалысынан  да  (мәселен,  біреулер  шапшаң  қозғалады, 

тез  қимылдайды,  енді  біреулер  жай  қимылдап,  асықпай  істейді  ),  психиканың  күші  мен 

тереңдігінең  де  (  мәселен,  біреу  өжет,  алғыр  болса,  екінші  біреу  керісінше,  сылбыр,  жігерсіз 

болады), адамның көңіл – күйінің ерекшеліктерінен де ( салмақты, тұрақты, жеңіл, тұрақсыз т.б.) 

эмоция сезімдерінен де (біреу сабырлы, екінші біреу күйгелек т.б.) жақсы байқалып отырады. 

Темперамент  туралы  алғашқы  ой  –  пікірлер  ғылымда  өте  ерте  кездің  өзінде  –  ақ  айтыла 

бастады. Ежелгі Грецияның белгілі ғалымы, дәрігер Гиппократтың (б.э.д, 460  -356) еңбектерінде 

бұл  жөнінде  біраз  пікірлер  айтылған.  Гиппократтың  ойынша,  әр  түрлі  темпераменттер  адамдар 

мен  жануарлардың  денесінде  төрт  түрлі  сұйық  заттарға  байланысты  болмақ.  Олар:  денені 

жылытып тұратын – қан, салқындататын – шырын (слизь), құрғататын – бауырдағы сары өт және 

оған дымқылдық беретін қара өт  (талақ). Осы төрт түрлі сұйықтың, араласуының пропорциясын 

грекше «красис» деп атаған. Ал латын тілінде бұл терминді темпераментум деп атап кеткен. 

 

Сөйтіп,  Гиппократ  және  оның  шәкірттері  адамдағы  темпераменттердің  әр  түрлілігі 



организмдегі  осы  төрт  түрлі  сұйық  заттың  бір-  бірінен  аз-көптігіне  байланысты  деп  түсінген. 

Мәселен,организмде қанның пропорциясы артық болса, ол сангвиникалық (латынша  «сангиус»  - 

қан),  ал  шырын  басым  болса  (грекше  «  флегма»  -  шырын),  флегматик  темперамент  деп;  ал 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет