жеке
адамдық рефлексия
" деп аталған бұл "Мен" ұғымы өзi iшiнде әр адам-ның өз жөнiндегi
танымын, өз мүмкiндiктерiн және өз қа-дiрiн сезе бiлу сияқты сапаларын қамтиды. Жеке адам-ның
өзiне өзi берген бағысының астам не төмен болуы-нан сол адамның iшкi жан арпалыстары келiп
шығады.
Адам өмiрi нақты тарихи-әлеуметтiк аймақта жүрiп жатады. Дүниелiқ жағдаяттар өндiру
ерекшелiгi, тұтыну аймағы, әлеуметтiк қатынастар адамның тұрмыс салтын анықтап, оның
тұрақты қылық әрекеттерiн белгiлейдi.
Әрқандай жеке адам өзiнiң өмiрлiк салтын, жеке қүндылық бағыттарына орай тiршiлiк
жағдайларын өзгер-тудiң, қайта құрудың жалпыланған, тұрақты тәсiлдер жүйе-сiн түзiп барады.
Осыдан адамның тұрмыс, тiршiлiк салты оның жалпы өмiр сүру, қоғамдағы өз орнын иелеудiң
бағ-дарына айналады. Әлеуметтiк құнды салт-бағыттан адам-ның жоғары инабатты, жасампаздық
өмiрi, рухани-этикалық, рухани-эстетикалық дүниетанымы туындайды. Адам өмiрi, осыдан, бiр
мезеттiк ықпалдар билiгiнде қалып қой-май, iшкi заңдылықты ниет-себептер жүйесiн арқау етедi,
өзiнiң әлеуметтiк мәндi, мағыналы мұраттарын барласты-ра, саналы бағытта жасау мүмкiндiгiн
алады.
Тұрмыс-салт бағыты тұрақтанбаған адам күнде-лiктi күйбеңнен аса алмайды, осыдан
мүмкiндiктерiн то-лық жүзеге асыра алмай, өмiршеңдiгi кемидi, рухани-адамгершiлiк талаптары
тарылады.
Жеке адамдағы барша өмiрлiк күйзелiс - ауытқулар оның өзiндiк "Менiн" танымаудан,
объективтi мәндi жеке басының құнды тараптарын сезiне алмаудан келiп шығады. Жеке адам
болмысының ең айқын көрсеткiшi - оның өз психикалық жағдайын басқара алу және әрекет-
қылықтарын қоғам қалыптастырған өлшемдерге икем-дестiре бiлу дәрежесi.
Жеке адам тұрақты қасиеттер жиынтығымен дара-ланады, тұлғаның барша ерекшелiктерi
оның тума, нәсiл-дiк және әлеуметтiк-мәдени сапаларының бiрлiгiнен қалып-тасады.
Достарыңызбен бөлісу: |