жеке адам
дәрежесiне көте-рiледi.,
Жеке адам дамуы - өз мүмкiндiктерiн үздiксiз кеңi-тiп, қажеттiктерiн арттырып барумен
байланысты. Осы даму деңгейi нақты адамға тән болған қарым-қатынастар аймағымен өлшенедi.
Даму дәрежесi мардымсыз тұлға-ның адам аралық қатынастары да өте жай, күнделiктi тiршiлiк
күйбеңiнен аспайды. Ал даму деңгейi жоғары бол-ған адам өзiнiң рухи мәртебелiгiмен, қоғамдық
мәндi құн-дылықтарымен ерекшеленедi.
Әрбiр дара адам өзiнiң қоғамдағы өмiрлiк әдептерiн реттеумен күнделiктi тiршiлiк
проблемаларын шешiп барады. Бiрдей қиыншылық, кедергiлердiң шешiмiн әр адам өз әдiс,
тәсiлдерiмен табуы мүмкiн. Осыдан, жеке адамды танып, бiлу үшiн сол адамның алдында тұрған
өмiрлiк мiндеттерiн, оларды iске асыру жолдары мен өмiр барысында ұстанған принциптерiн жете
бiлу қажет.
Қоғамдық қатынастарға араласып және оларды бас-шылыққа ала отырып, адам сол
қатынастардың ықпалын-да қалып қоймайды. Әрқандай дара тұлға өз дербестiгi мен ерекшелiгiне
ие.
Жеке адамның
дербестiгi
оның ең жоғары психи-калық сапасы - рухани дүниесiмен
ұштасады. Рухани дү-ние дегенiмiз адам мәнiнiң ең биiк көрiнiсi, оның жалпы адамзаттық инабат
парызды түсiне бiлуi, болмыстағы өз орнына сай қызмет ете алуы. Жеке адамның рухани
жетiлгендiгi - бұл жоғары дәрежедегi саналық жетiлу, iзгi мұраттарды басшылыққа алу, сонымен
бiрге, жаман ниеттер мен мезеттiк шен-шекпеннен, жалған белсендiлiк пен өтiрiк-өсектен өзiн
аулақ ұстай алуы. Ал адамның мұндай қасиет, сапаларды өз бойына дарытуы көбiне қоғамдық
салтқа тәуелдi. Қоғамның даму дәрежесi неғұр-лым төмен болса, ел iшiнде баршаны бiрдей
теңестiру принципi өрiс алады да, ондай қоғам мүшелерiнiң көбi құлдық бағыну күйiнен арыла
алмайды. Дербестiгiнен айырылып, өз бетiнше ой жүгiртпеген адам, өзiн тұлға-лық дамыту
ниетiнен ажырап қалады.
Жеке адам сапалары сол адамның араласқан қатынастар өрiсiне, әртүрлi әлеуметтiк өмiр
аймағында қызмет ете алу қабiлетiне байланысты келедi. Шығармашыл тұл-ға тiкелей қоршаған
әлеумет шеңберiнде қалып қоймай, өзiн ауқымды қоғам аймағы негiзiнде қалыптастыруға
ұмтылыс жасайды. Мұндай адам бойында өзi жасаған қауымның, тiптi бүкiл қоғамның болашақ
өркениетi көрiнiп, ол өз дәуiрiнiң сапалық деңгейiнен көш iлгерi жүредi. Жеке адамның өз
дербестiгiне ие болуы оның тұйық әлеуметтiк топқа бағынышты еместiгiн көрсетумен бiрге сол
адамның жоғарғы деңгейде кемелденгенiнiң дәлелi.
Жеке адамның дамуы, яғни оның әлеуметтiк ұнам-ды қасиеттерiнiң қалыптасуы белгiлi
қоғамдық қолдау мен әлеуметтiк қажетсiнудi керек етедi.
Дара адамның жеке адам санатына көтерiлуi үшiн маңызды факторлар:
идентификация,
яғни дара адам-ның өзiн басқа адамдармен теңестiре, қоғам талабына сай болу ниетiмен
қалыптасып бару процесi;
персонализация
- дара адамның өз басының басқа адамдар өмi-рiнде
қадiрi барын түсiне бiлуi, сонымен бiрге, нақты әлеу-меттiк топта өзiнiң кiсiлiк мүмкiндiктерiн
iске асыра алуы.
Басқа әлеумет мүшелерiмен жеке адам өз "Менi" негiзiнде қатынас түзедi. Ғылымда "
Достарыңызбен бөлісу: |