Талаптар
деңгейi
дегенiмiз - адамның ниеттеген өз бағасының құны, яғни алдына қой-ған мақсаттың
қиындық дәрежесiне орай көрiнетiн "мен" бейнесiнiң сипаты. Адам алдында тұрған ендi бiр
әрекеттi қиындық дәрежесiне орай таңдап алу мүмкiндiгiне ие бола, өз бағасын көтерiңкi етуге
ұмтылады, осыдан екi жағ-дайдың: бiр тараптан - жоғары табыстарға жетiсу үшiн талап деңгейiн
жоғарылату, екiншi тараптан - нәтижесiз қалмау үшiн талаптарды жеңiлдету - өзара қайшылығы
пайда болады. Әрекет нәтижелi болып шықса, адам ал-дына қоятын талаптарын, әдетте, көтере
түсiп, келесi, күрделiрек мәселелердi шешуге кiрiседi, ал керi жағдай-да - оңайлау талаптарға
ауысады. Адамның өз алдына қоятын талаптың дәлдiгi iс-әрекетiнiң нақтылығына бай-ланысты.
Адам табиғаты, әдетте, өз қадiрiн белгiлi дең-гейде сақтап жүру үшiн өз алдына қоятын мiндеттерi
мен мақсаттарының тiптi де күрделi, сонымен бiрге, әбден же-ңiл де болмағанын қалайды.
Талаптар деңгейiнiң белгiлi бiр қалыпқа түсуi iс-әрекеттiң табысты не нәтижесiз болу-ын күнi
бұрын сезуден емес, керiсiнше, өткен тәжiрибе-дегi жетiстiктер мен құлдырауларды ескере бiлу
мен оларға оңды, объектив баға берiлуден.
Жеке адам талаптар деңгейiнiң әрекетшеңдiгi мен мазмұндық сипатын жете танумен
тұлғаның iс-әрекет, мi-нез-қылықтарының сеп-түрткiлерiн тереңдей бiлуге және сол арқылы
адамда ұнамды сапалар мен қасиеттердi бау-лудың жолдарын ашып, оған нәтижелi ықпал жасауға
болады.
Достарыңызбен бөлісу: |