Лекция тезистері 2 кредит



Pdf көрінісі
бет75/83
Дата29.12.2021
өлшемі1,07 Mb.
#106206
түріЛекция
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   83
Байланысты:
Психология

үйлесiмдi  қатынастар

  өмiр-де  сирек  кездеседi,  сондықтан  мұндай 

қатынастарды  адамдардың  мәнгi  арман  еткен  мұраты  ретiнде  қарастырған  жөн.  Бұл  қатынастар 

типiне  тұрмыста  кезiгетiн  "сүйiс-пеншiлiк"  қатынасты  жатқызуға  болады.  Егер  бiр  адамның 

екiншiсiне  психологиялық  тартымы  болса,  бiрiн  бiрi  адамгершiлiк  сезiммен  қабылдаса,  екiншi 

адамға  қолы-нан  келген  жақсылығын  аямаса,  мiне  мұндай  қатынасты  -  үйлесiмдi  қатынас  деп 

бағалау әбден жарасымды. 

Қарама-қарсылықты  қатынастар

  негiзiнде  толық  үйлесiм  болмағанымен,  оған  қатысқан 

адамдар  бiр-бiрi-нiң  әрекетi  мен  ниетiн  түгелдей  шектемейдi.  Бiрде  келiссе,  бiрде  қарсы  тұрып, 

алға  қойған  мақсатқа  жетуi  жо-лында  қажеттi  қатынасын  үзбейдi.  Қатынас  түгелдей  елемеу  мен 

дау-дамайға бармайды. 

2. Адамдардың бiрiн-бiрi қабылдауы мен түсiнуi 

Адамдар арасындағы қатынастардың қалыптасуы, әдетте, олардың бiрiн-бiрi қабылдай алуы, 

түсiнуi  және  бағалауына  байланысты,  яғни  тiлдесу  нәтижесiнде  бiр  адамның  екiншiсiнiң  образы 

(кейпi)  жөнiнде  топшылаған ой-пiкiрi.  Екiншi  адамның  тұлғалық образын оның  сырт  пiшiнi  мен 

психологиясын  және  әрекет-қылығын  байла-ныстыра,  салыстырып  тануға  болады.  Ал 

психологиялық бейне (кейiп) әр адамның қажетсiнуiнен, қылық мотивтерiнен, мiнез бiтiстерiнен, 

әрқандай  өмiрлiк  жағдайлар-дағы  көңiл-күй  толғаныстары  мен  әрекеттерiнен  көрiнедi.  Бұлардың 

бәрi  "Ат  кiсiнесiп,  адам  сөйлесiп"  дегендей  әңгiмелесу  барысында  назарға  алынып,  санада 

жiктелiп, бекидi де адамның жеке, нақты бағасын беруге негiз бо-лады. 

Бөгде  адамның  бейнесiн  қалыптастыру  арқылы  бiз  оған  болған  қатынасымыздың  сипатын 

айқындаймыз,  оның  даралық  ерекшелiктерiн  тануға  мүмкiндiк  аламыз.  Адамды  жөнiмен  танып, 

дұрыс  бағасын  берiп,  оның  әрекет-қылығының  мақсаттары  мен  мотивтерiн  айқындап,  ол 

тарапынан  болып  қалар  жауапты  әрекеттердi  күнi  бұрын  бол-жастыра,  бiз  бұлардың  бәрiн  өз 

қажеттiктерiмiз  және  мүд-делерiмiзбен  салыстырамыз,  әңгiмелесудiң  қолайлы  жол-дарын 

болжастырамыз,  осы  арқылы  екi  тарапқа  да  ортақ  ниеттердi  табумен  тұлғалар  арасындағы 

қызметтiк  қаты-настарға  кiрiсемiз.  Сонымен,  қызықтырған  адамның  мiнез  бiтiстерiн  бiлiп  алып, 

ендi  оған  бағытталған  өз  әрекет-қылығымыздың  формасын  таңдастырамыз.  Қайткенде  де,  бiз 

таңдаған  әрекет-қылық  түрi  ол  адамның  даралық  қа-сиеттерiне  сәйкес  болғаны  жөн.  Осының 

нәтижесiнде  екi  адам  ортасында  толық  өзара  түсiнiм,  жайлы  да  берiк  ара-лық  қатынастар 

орнығады. 




Адамның  эмоционалдық  жағдайын  бағалай  отырып,  бiз  оның  нақты  көңiл-күйiне  сәйкес 

қарым-қатынас-ты  дамытып,  тереңдете  түсуге  мүмкiндiк  аламыз  және  өзiмiздiң,  оның  және 

төңiрегiндегiлердiң  мүдделерiне  орай  ол  адамға  тиiмдi  психологиялық  ықпал  етудiң  жолдарын 

iздестiрiп, пайдаланамыз. Егер бiз қатысқан адамдары-мыздың әртүрлi тұрмыстық жағдайлардағы 

әрекет-қылығын  күнi  бұрын  болжастыра  алсақ,  оның  мiнез-құлы-ғын  қажеттi  бағытта  басқаруға 

және онымен ұнамды адам аралық қатынастар алып баруға қосымша мүмкiндiктерге ие боламыз. 

Бөгде  адамның  тұлғалық  дәрежесi  жөнiнде  бiз  оның  дене  құрылымы,  психологиялық  және 

қылық-әрекеттiк  бел-гiлерi  бойынша  топшылаймыз.  Бұл  белгiлер  адамның  сырт  көрiнiсiнен, 

киiмiнен,  әрекет-қылығынан,  сөзiнен,  бет  әлпетi  мен  ым-ишарасынан  байқалады.  Адамның  сырт 

көрiнiсi  мен  психологиялық  бейнесi  арасында  тiкелей  де  толық  бай-ланыс  болмағанымен, 

бұлардың  екеуi  қандай  да  өзара  ықпалды  қатынаста.  Әрқандай  адам  жөнiндегi  бiздiң  бi-рiншi 

пайымдауымыз осы сырт келбет пен сөз, қылық көрiнiсiнен туындайды. Ғылым ежелден-ақ адам 

мiнезi  мен  дене  құрылысының  өзара  байланысты  екенiн  дәлелдеген  (Э.Кречмер,  У.Шелдон т.б.). 

Дене  құрылымы  ерекше  бiтiске  ие  болған  адамдар,  мiнезi  жағынан  да  өз-ара  ұқсамас.  Осы 

тұрғыдан барша адамдар үш типке жатады: 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет