Ығыстыру
- iшкi жан күй-зелiстерiнен үйлесiмсiз мотивтер не ұнамсыз ақпараттарды
ойланып жатпастан, са-надан шығарып тастау жолымен құтылудың ең әмбебеп әдiсi. Намысқа
тию не өкпелеуден болған iстiң төркiнiн басқалардан, кейде тiптi өзiңнен де жасыру үшiн өз
әрекет-терiңнiң жалған себептерiн алға тартатын жағдай да болады. Шын, бiрақ жағымсыз сеп-
түрткiлер әлеумет сенгендей, содан бiршама ұятын жасыратындай жалған себептермен
ығыстырылады. Бұл жағдайда жалған мотивтер өте қатерлi, себебi олар жеке бастың эгоистiк
мүдделерiн ақтау үшiн қоғамда қабылданған ресми дәлелдердi орынсыз пайдалануға итермелейдi.
Қызығы сол, адамның тез ұмытатыны - басқалардың оған iстеген жамандығы емес, ал оның өзiне
өзi не төңiрегiндегiлерге жасаған кесапаты. Ығыстырылып, тез ұмыт болатын жәйттердiң көбi
басқаға iстеген жамандық, қызғаншақтық, тұлға кемшiлiктерiнен болатын мiнез олқылықтары.
Өзiне жақпайтын, күйзелiске түсiретiн ақпараттарды санасынан ығыстырайын деген адам сыңай
көрсетiп, әлек болмайды, олар өзiнен өзi естен шығып қалады.
Көшiру
- адамның өзгелер қабылдамайтын өз ба-сындағы мiнез-қылық кемшiлiктерiн
мойындағысы кел-мей, ойланып, толғанбастан басқа бiреуге өткiзе салудан болатын жаманшылық
iстей тұра, өзiнiң ұрыншақтығын қарсыласына таңа салып, оны дау-дамайдың себепшiсi етiп,
көрсету әрекетi.
Достарыңызбен бөлісу: |