Лекция тезистері 3 кредит



бет9/65
Дата07.02.2022
өлшемі311,82 Kb.
#96344
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   65
Байланысты:
Педагогика және тәрбие жұм әд лекция

Тәрбие жүйесі - тәрбиенің негізгі компоненттерінің (іс-әрекет және қарым-қатынас субъектілері, мақсаттары, мазмұны мен тәсілдері) өзара іс-әрекет етуі жағдайында қызмет ететін және ұжымның өмір сүру салты оның психологиялық хал-ахуалы сияқты интегративті сипаттамаларымен анықталатын біртұтас әлеуметтік организм (Л.И.Новикова).
Тәрбие жүйесі іс-әрекетінің принциптері: жүйелілік, объективтілік, тиімділік, нақты қойылған мақсаттар принципі, ақпараттық жеткіліктілік, кері байланыс принципі, жетекші буын принципі, демократизм, тәртіп, ынталандырушылық, басмашылдықты марапаттау.
2. Тәрбие-ерекше сала және ол оқыту мен білім беруге қосымша ретінде қарастырылмауы тиіс. Оқыту міндеттері тәрбие саласымен байланыспай, тиімді шешілуі мүмкін емес.Тәрбие жұмысының тиімділігі тәрбие жүйесінің құрылуымен байланысты.
Кез -келген жүйе өзара байланысты және белгілі бір тұтастықты құрайтын элементтердің жиынтығы. «Тәрбие жүйесі» ұғымы «тұлға», «даму», «қарым-қатынас», «тұтастық», «құрылым», «компонент», «өзара байланыс», «нәтижелілік» және т.б. ұғымдармен табиғи түрде байланысты.
3. Тәрбие жүйесінің теориялық тұжырымдамасы өзара байланысты және өзара бағынышты мынадай төрт компонент арқылы жүзеге асырылады: басқару, мазмұн, ұйымдастыру, қарым-қатынас.
Тәрбие жүйесін басқару мақсат қою, оған жетудің жолдарын (стратегиясын) нақты анықтау, жұмысты ұйымдастыру (тактика), нәтижелілікті бақылау және бағалау өнері ретінде қарастырылады.
Тәрбие жүйесінің мазмұны - ғылыми білімдердің, әртүрлі ақпараттық, құндылық бағдарлардың, мәдениет жетістіктерініңжиынтығы, сонымен қатар бұл жеке тұлғаның шығармашылық күші мен қабілеттерін дамыту, тәжірибені меңгеру бойынша әртүрлі іс-әрекет.
Тәрбие жүйесін ұйымдастыру - оқу-тәрбие үрдісіндегі теориялық тұжырымдаманы өзара байланысты мақсаттардың, мазмұн, форма, әдіс-тәсілдердің және нәтижеге бағытталған сәйкес шарттардың негізінде жүзеге асыруды қарастырады.
Тәрбие жүйесінің компоненті ретіндегі қарым-қатынас ақпараттық, интерактивті (өзара іс-әрекет), перцептивті (өзара түсінісу, бірін-бірі қабылдау) элементтерінің бірлігін құрайды.
Мектептің тәрбие жүйесі өз дамуында төрт кезеңді қамтиды.
Бірінші кезең - жүйенің қалыптасуы. Мұнда болашақ тәрбие жүйесінің теориялық тұжырымдамасы дайындалып, оның құрылымы мен элементтерінің арасындағы байланыстар түзіледі.
Бұл кезеңнің басты мақсаты - жетекші педагогикалық идеялардың іріктелуі, пікірлестер ұжымын қалыптастыру. Жүйенің компоненттері жеке жұмыс атқарады, олардың арасындағы ішкі байланыстар оншалықты берік емес, ұйымдастырушылық аспект басым, педагогикалық ізденіс жүзеге асырылып, білім беру үрдісінің барлық мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас стильдері қалыптасады; технологиялар жүзеге асырылып, дәстүрлер пайда болады. Қоршаған ортамен өзара әрекеттесу көбіне стихиялық сипатта болады.
Екінші кезең - жүйені сынақтан өткізу. Бұл кезеңде мектеп ұжымының, өзін-өзі басқару органдарының дамуы жүзеге асырылады; жетекші іс-әрекет түрлері анықталады; анағұрлым тиімді педагогикалдық технологиялар сынақтан өткізіледі. Мұндағы басты қиындық- оқушылар ұжымы және педагогикалық ұжымның даму екпіндерін сәйкестендіру.
Үшінші кезең - жүйенің толық қалыптасуы. Бұл кезеңдегі мектеп ұжымы - бұл ортақ мақсат, іс-әрекет, ынтымақтастық, шығармашылық қарым-қатынастармен біріктірілген балалар мен ересектердің достастығы. Басты назар еркін, ізгілікті, рухани кемелденген, шығармашыл жеке тұлғаны тәрбиелеуге, басқарудың және қарым-қатынастардың демократиялық стилін дамытуға аударылады.
Төртінші кезең - тәрбие жүйесін қайта құру. Бұл революциялық немесе эволюциялық жолмен жүзеге асырылуы мүмкін. Ол жүйенің дағдарысына әкелетін құбылыстардың күшеюімен шартталады.
Тәрбие процесінің мәні - баланың ұжым және қоғаммен қатынастарының жүйесін құру, педагогикалық жағдайлардың, тәрбиелік әсерлердің нәтижесін талдау, жоспарлау жұмысын реттеу; Тәрбие процесінің жобасын құру және жүзеге асыру; тәрбиелік ықпалдарды реттеу және оларға түзетулер енгізу; қорытынды, есепке алу және бақылау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет