Сұлтанева Толқын ППС-17қ 1.Жоғары сыныптағы тьюторлық
Қазақстанның білім беру саласын модернизациялаумен байланысты басты мақсаттардың бірі «көпдеңгейлі үздіксіз білім беру жүйесінде мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлға мүдделерінің теңдестігін қамтамасыз ету» болып табылады. Қазіргі кезде еліміздегі демократиялық қоғам құру кезеңінде экономика саласында нарықтық қатынастарға көшу, қоғамда гуманизация процесі жүріп жатқан кезде, осы демократиялық қоғамда өмір сүретін шығармашылық еңбекке адамгершілік, психологиялық және практикалық тұрғыдан дайын біртұтас, жан-жақты дамыған жеке адамды тәрбиелеу қоғамның басты мақсаты, әрі білім беру жүйесін реформалаудың кезек күттірмес негізгі міндеті болып табылады. Оқушы жастардың кәсіби бағыттылығы мен оларға кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастыру мәселелерін қарастыратын ғылыми-психологиялық, педагогикалық әдебиеттердің талдауы – кәсіби бағдар беру жұмысының теориясы мен қолданбалық тәжірибесіне өзіндік үлес қосатындығын көрсетеді. Сонымен қатар, жалпы білім беретін қазақ мектептері, гимназиялар мен лицейлер, лицей-интернаттар, колледждер мұғалімдері кәсіптік бағдар беру жұмысын дұрыс жолға қоюда, өздерінің бұл процестегі орны мен ролін дұрыс анықтауда, оқушылардың кәсіби бағыттылықтарын олардың жеке-даралық ерекшеліктеріне сәйкес қалыптастыруда көптеген құндылықтарға тап болатындығын көрсетеді.
Мұндай жағдайлар кейіннен оқушылар бойында мамандықты, жұмыс орнын, оқу орнын ауыстыруға, кәсіби қанағаттанбаушылыққа, өзін маман және жеке адам ретінде дұрыс бағаламауға әкелері сөзсіз. Осыған байланысты мектептегі педагогикалық процесте оқушыларға кәсіби бағдар беруде олардың тұлғалық, саналық ерекшеліктерін ескеру мен кәсіби бағыттылығын қалыптастырудың ғылыми негізделген жолдарын қарастыру мәселесі туындайды.
Тұлға және оның дамуындағы іс-әрекеттің ролі туралы ілімнің мәнін анықтайтын психологиялық-педагогикалық тұжырымдамалар, оқушының кәсіби бағыттылығын қалыптастыру процесіндегі жүйелік іс-әрекеттік позиция және кәсіби бағдар берудегі оқушылардың мотивациялық ерекшеліктерін ескеру мәселелері құрайды.
2. Қосымша білім берудегі тьюторлық
Бүгінгі таңдағы демократиялық жағдайда және әлеументтің рухани -жаңғыруында қоғамның болашақ жеткіншектерді өмірге және іс-әрекетке даярлауды қажетсінуі қоғамдық тәрбиенің, соның ішінде мектептен тыс мекемелердің барлық салаларының сапалы тұрғыдан қайтадан құрылуын талап етіп отыр. Бұл әлеументтік-педагогикалық болмыста дені сау, дарынды жеке тұлғаны дамытуға бағытталған тәрбие факторларының тиімділігін жетілдіру жолдарын іздестірудің маңыздылығын арттырады.
Қосымша білім беру орындарында үш түрлі мақсат көзделеді. Олар:
үйрету; өсулеріне жағдай жасау,
өз мүмкіндігін дұрыс пайдалануына көмектесу.
Мектептегі оқу үрдісі қосымша білім беру ұйымдарынан мынадай негізгі екі категориялармен, атап айтқанда «үйренуші топ» және «тәрбие жұмысының формалары мен әдістері» бойынша ерекшеленеді.оған негіз мектепте оқушылар бір сыныпқа топтасса, қосымша білім беру ұйымдары жүйесінде «балалар өз ерік қалауында белгілі бір үйренуші топқа» шоғырланады.
Қосымша білім беру ұйымдарының өз алдына қойған міндеттері бар, олар:
білім берудің балалар мен жасөспірімдерге арналған қосымша дамыту бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау;
жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасауарқылы ой-өрісін дамыту;
азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны—Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге , халық дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |