«Бекітемін»: Ырғыз №2 орта мектебінің директоры: Е. Т. Бәлкембаев



бет1/6
Дата17.06.2018
өлшемі112,12 Kb.
#42555
  1   2   3   4   5   6
«Бекітемін»:

Ырғыз №2 орта мектебінің директоры: Е.Т.Бәлкембаев

 

2014-2015 оқу жылында «Күншуақ» жазғы демалыс лагерінің жұмыс жоспары



І маусым


р/с

Өтетін іс-шара

мақсаты

уақыты

жауапты

1.

«Күншуақ» жазғы демалыс лагерінің ашылу салтанаты

Балалардың лагерге деген қызығушылығын ояту

01.06.2015

Айтмағанбетова К.А

Картанов Ә.Н

Қонақбаева А.Қ


2.

«Достық» күні.»

Балаларды бірлікке баулу, танымдық қабілеттерін ояту

02.06.2015

Айтмағанбетова К.А

Картанов Ә.Н

Қонақбаева А.Қ


3.


«Кел,балалар ,оқылық»

Әдеби шығармалармен таныстыру

03.06.2015

Айтмағанбетова К.А

Картанов Ә.Н

Қонақбаева А.Қ


4.

«Егемен елдің белгісі!» ҚР мемлекеттік рәміздер күні

Балаларды отансүйгіштікке, мемлекеттік рәміздерді танып білуге, құрметтеуге баулу

04.06.2015

Айтмағанбетова К.А

Картанов Ә.Н

Қонақбаева А.Қ


5

«Табиғат аясында»

Табиғат аясында саяхат жасау.

05.06.2015

Айтмағанбетова К.А

Картанов Ә.Н

Қонақбаева А.Қ


6

«Кітап -біздің досымыз»

Аудандық, мектеп кітапханаларына саяхат жасау.

06.06.2015

Айтмағанбетова К.А

Картанов Ә.Н

Қонақбаева А.Қ


7

«Ертегілер әлемінде» ертегі кейіпкерлері күні

Балаларды ертегі кейіпкерлері арқылы жақсылыққа тәрбиелеу

08.06.2015

Айтмағанбетова К.А

Картанов Ә.Н

Қонақбаева А.Қ


8

«Кім болам?»

Балалардың мамандық таңдау туралы түсінік беру.

09.06.2015

Айтмағанбетова К.А

Картанов Ә.Н

Қонақбаева А.Қ


9

«Біз  арманшыл баламыз» мұражайға саяхат күні

Балаларға мұражайға саяхат жасата отырып отанын сүюге, құрметтеуге баулу

10.06.2015

Айтмағанбетова К.А

Картанов Ә.Н

Қонақбаева А.Қ


10

«Салауатты өмір салты»

Балалардың салаутты өмір салтын қалыптастырып, өмірге деген сүйіспеншілігін ояту

11.06.2015

Айтмағанбетова К.А

Картанов Ә.Н

Қонақбаева А.Қ


11

«Туған жерім, тал бесігім» шығармашылық күні

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту

12.06.2015

Айтмағанбетова К.А

Картанов Ә.Н

Қонақбаева А.Қ


12

«Күлдір-бүлдір» күлкі » күні

Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту

13.06.2015

Айтмағанбетова К.А

Картанов Ә.Н

Қонақбаева А.Қ


13

«Қош бол,Күншуақ!»

Балаларды достыққа, бауырмалдыққа баулу

15.06.2015

Айтмағанбетова К.А

Картанов Ә.Н

Қонақбаева А.Қ


 

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: К.А.Айтмағанбетова

Аға тәлімгер:                                                                                       Ә.Н.Картанов

«Күншуақ» жазғы демалыс лагерінің басшысы:                       А.К.Қонақбаева

 
«Бекітемін»:

Ырғыз №2 ОМ директоры:



Е.Т.Бәлкембаев_______________
2014-2015 оқу жылында «Күншуақ» жазғы демалыс лагерінде өткізілетін

іс-шаралар жоспары І маусым


Күндері

Уақыты

Іс-шара жоспары

Жұмыс түрлері

Жауапты

Дүйсенбібі 01.06

1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні

«Күншуақ» жазғы демалыс лагерінің ашылу салтанатыі

08.30-12.00

1.Қабылдау

2.Топтарда танысу іс-шараларын ұйымдастыру;

3.Ашылу салтанатына дайындалу;

4. Топ белсенділерін сайлау;

5. Аудандық мерекелік іс-шараға қатысу;


Салтанатты жиын.

Құттықтау.

«Ән шашу».


Айтмағанбетова К.А

Картанов Ә.Н

Қонақбаева А.К


Сейсенбі 02.06.

«Достық» күні

08.30-12.00

1 Қабылдау.

2. Бой жазу жаттығулары.

3. Достық деген не?

4. Хат жазу.

5. Қимылды ойындар.


Жүгіру.

Әңгіме айту.

«Досыма хат»

Теннис.


Қонақбаева А.К

Сәрсенбі_03_.06.__«Кел,_балалар,_оқылық»'>Сәрсенбі 03.06.

«Кел, балалар, оқылық»


08.30-12.00

1. Қабылдау.

2. Бой жазу жаттығулары.

3. Әдеби  кітаптар  оқу.

 4. «Таныстыру» тренинг .

5. Қимылды  ойындар.


Гимнастика

Кітапханадан кітап алып, оқу.

Дамыту  сабақ

Асық ату.



Қонақбаева А.К

Бейсенбі 04.06.

«Егемен елдің белгісі!» ҚР мемлекеттік рәміздер күні

08.30-12.00

1. Қабылдау

2.Бой жазу жаттығулары

3. Мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс-шараға дайындық жұмыстарын жүргізу;

4. Мақал-мәтелдер жаттау;

5. Рәміздер күніне орай «Егемен елдің ұланы» атты мәнерлеп оқу сайысын ұйымдастыру;


Жүгіру , секіру.

Танымдық слайд бағдарлама




Қонақбаева А.К

Жұма 05.06.

«Табиғат аясында»



08.30-12.00

1.Қабылдау.

2.Бой жазу жаттығулары.

3. Табиғат  аясында.

4. Жұмбақтар.

 5. Қимылды ойындар.


Жүгіру.

Топсеруен .

Ең тапқыр оқушыны анықтау.

Футбол.


Қонақбаева А.К

Сенбі 06.06.

«Кітап-біздің досымыз»



08.30-12.00

1.Қабылдау

2.Бой жазу жаттығулары

3.Кітапханаға саяхат жасау

4.Қимылды ойындар



Гимнастика

Топсеруен

Ұлттық ойындар


Қонақбаева А.К

Дүйсенбі 08.06.

«Ертегілер әлемінде» ертегі кейіпкерлері күні

08.30-12.00

1.Қабылдау

2.Бой жазу жаттығулары

3.«Ертегілер әлемінде» күніне арналған іс шараға дайындық;

4.Топтарда Қазақ ертегілерін оқу, интербелсенді тақтадан тамашалау;

5.Кейіпкерлерді бейнелеу


Гимнастика.

«Қазақ халық ертегілері».

Өзі  ұнатқан  әнді шырқау.

Доппен ойнау



Қонақбаева А.К

Сейсенбі 09.06.

«Кім болам»

08.30-12.00

1. Қабылдау.

2. Бой жазу жаттығулары.

3. Мамандық таңдау.

4. Математикалық ойындар.

5. Қимылды ойындар


Гимнастика.

«Қазақ халық ертегілері».

Өзі  ұнатқан  әнді шырқау.

Доппен ойнау



Қонақбаева А.К

Сәрсенбі 10.06.

«Біз арманшыл баламыз» мұражайға саяхат

08.30-12.00

1.Қабылдау.

2.Бой жазу жаттығулары.

3. Аудандық өлкетану мұражай.

4. Көргенімді бейнелеймін

5. Қимылды ойындар.


Жүгіру

Топсеруен

Футбол


Қонақбаева А.К

Бейсенбі 11.06.

«Салауатты өмір салты»

08.30-12.00

1.Қабылдау.

2.Бой жазу жаттығулары.

3. «Тоғызқұмалақ»

4. «Ұлттық ойындар»

 5. Қозғалмалы ойындар.


Гимнастика.

Жеңімпазды анықтау.

«Бес асық», «Орамал тастау».

Кедергілерден өту



Қонақбаева А.К

Жұма 12.06.

 «Туған жерім, тал бесігім» шығармашылық күні



08.30-12.00

1. Қабылдау

2. Бой жазу жаттығулары

3.Топ ішінде «Туған жерім, алтын бесік» шығармалар сайысы

4. Қимылды ойындар



Гиманстика

Шығармалар сайысы

Ұлттық ойындар


Қонақбаева А.К

 Сенбі 13.06.

 «Күлдір-бүлдір» күлкі күні



08.30-12.00

1. Қабылдау

2.Бой жазу жаттығулары

3. Топтарда  «Қожанасыр» әңгімелерін оқу;

4.Күлкі күніне арналған смайликтер тағу;

5.«Күлдір-бүлдір» сурет сайысы;


Жүгіру

Әзіл әңгімелер жарысы

Спорттық ойындар


Қонақбаева А.К

Дүйсенбі  15.06.

 «Қош бол, Күншуақ!»



Қоштасу күні

08.30-12.00

1. «Көңілді Күншуақ» атты тілек бұрышына суреттер салу, тілек жазу;

2. Қоштасу күніне арналған іс- шараға дайындық;

3. Топ ішінде «Әрқашан күн сөнбесін» тілек айту сағатын ұйымдастыру;

4. «Қош бол, Күншуақ» мерекелік іс шарасы



Жеңіл атлетика.

Лагерь туралы сурет салу.

Марапаттау.  Сыйлық.

Ән шырқау



Қонақбаева А.К

 
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: К.А.Айтмағанбетова

Аға тәлімгер:                                                                                       Ә.Н.Картанов

«Күншуақ» жазғы демалыс лагерінің басшысы:                       А.К.Қонақбаева

Күні: 01.06.2015ж

Тақырыбы:«Бала деген бір бақыт!»

Мақсаты:балалардың жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең, әндерді нақышына келтіріп айтуға үйрету. Бір-бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу.

1 жүргізуші:

Қайырлы таң,қадірменді ұстаздар,бүлдіршін балалар!

Сүйкімділер, періштелер сендерсіңдер,

Қандай бейне өздеріңе тең келсін!

Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да,

Ең алдымен балалықты меңгерсін.

Ия, рас, бала болған бәрі де,

Салған олар балалықтың әнін де.

Бала кезін еске алып отырсақ,

Сол емес пе тіршіліктің мәні де!-дей келе, «Бала деген бір бақыт»атты жазғы мектепішілік «Күншуақ» лагерінің ашылуына арналған салтанатты жиынымызды тамашалауға қош келдіңіздер



Жиын! Сап түзе!

Лагерь атауы:  

  «Күншуақ»

 Барлық елдің бөбегі бір-бірімен туысқан,

Бәрімізге төгеді өз шуағын күміс таң,

Бейбітшілік әніміз, бауырласпыз бәріміз.

Қазақстан жерінде жарасады әніміз

Жазғы демалыс лагерінің ашылу салтанатына орай Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы көтерілсін! ( Әнұран)

2 жүргізуші:

Қазақстан тәуелсіз ел екенбіз,

Жоғалмасын ешқашан берекеміз.

Шын ниетпен сендерді құттықтаймыз,

Құтты болсын,балалар мерекеміз!

Бізде бүгін екі мереке, балалар бүгін қандай күн 1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күні күнімен қатар келген жазғы демалыс лагерінің ашылу салтанаты құтты болсын! Құттықтау сөзі мектеп директоры Бәлкембаев Ерік Тарғынұлына беріледі.



1 жүргізуші

Арманы бір,үні бір,

Аға ардақты ,іні бір,

Бақыт туын көтерген,

Балалардың күні бұл.

Бала бағы бар елдің,

Гүлмен келсін келер күн,

Балалардың күлкісі,

Көркі ,сәні әлемнің.

Келесі кезекті оқушыларға береміз.



1 оқушы :

Күміс күннің астында ,

Желбіреді туымыз.

Қазақ деген халықтың,

Ұлы менен қызымыз

Лагерь
Біз лагерьде демаламыз, ойнаймыз.
Неше түрлі қызықтарға тоймаймыз.
Жүгіреміз, секіреміз жарысып,
Ән саламыз, би билейміз майысып.
Сонда ылғи біз жеңеміз ұлдарды!
(қыздарды!)

Туған жер
Кең далада жүремін,
Бауырында ойнап күлемін.
Мен жерімді сүйемін,
Ол үшін отқа түсемін.

Ту
Көгілдір туым желбіре,
Биіктерде қалықтап.
Туым үшін мақтанам,
Әнұраным шарықтап.

Жаз
Жаз келді алақай,
Ойнаймыз далаға-ай.
Қамалып отырмай
Жүріңдер, балақай.

Табиғат
Бұтақтарды сындырмай,
Тазалықты сақтайық.
Гүл өсіріп, су құйып,
Табиғатты қорғайық.

Тәуелсіздік таңы атты
Тәуелсіздік таңы атты,
Барлық әлем жаңарып.
Осы тұрған халқыма
Бейбітшілік орнады.

Құстар
Құс ұясын бұзбаңдар,
Балапанын алмаңдар.
Құстар біздің досымыз,
Обалына қалмаңдар.

Ойын
Ойын маған ұнайды,
Көп ойнауға болмайды.
Күні бойы доп қусаң,
Ақыл-білім қонбайды.

Гүлдер
Гүлім, гүлім, өсе бер,
Әдемі боп, асыл боп.
Күндей жайнап кете бер,
Қызыл, сары, жасыл боп.

Қошақаным: Орындайтындар 1-2 сынып оқушылары

Би: Жаяу жүргінші орындайтындар 4-5-6 сынып оқушылары

Ақ мамам : орындайтындар: 2 сынып оқушылары

Би «Мы маленькие дети»орындайтын 1сынып оқушылары.

1 жүргізуші:

Әлемге асқақтаған өлеңіміз,

Бақытты байтақ елдің бөбегіміз.

Жорыққа тауларына жиі шықсақ,

Сол таудай асқар болсақ дегеніміз.

Хор: Туған ел

2 жүргізуші :

Бүгінгі еліміздің қырмызымыз,

Арайлы болашақтың ұл қызымыз.

Арасын жер мен көктің жалғайтұғын

Қанаты жарқыраған жұлдызымыз.

Қымбатты балалар! « Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала болар ма? деп ұлы ақын А.Құнанбаев айтқандай біз өзіміздің «Күншуақ» лагерімізде ойнап,ән салып,би билеп,білімімізді шыңдап демалуға тілектеспіз!

Күні: 02.06.2015ж

Тақырыбы:«Достық» күні

Мақсаты:Отанын сүюге,байлығын қорғауға,елжандылыққа,әсемдікке,жауапкершілікке тәрбиелеу. Өнерге деген қабілеттерін дамытып, елге жерге деген патриоттық сезімдерін ояту.

 Көрнекілігі: буклеттер, достық жайлы мақал-мәтел,өлең жолдары,нақыл сөздер, жан-жағы түрлі-түсті шарлар мен гүлдермен безендірілген.



Жүргізуші: Құрметті балалар, достар!  Сіздерді  бүгінгі лагеріміздің «Достық» күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 

         «Бірлік бар жерде- тірлік бар» дейді дана халқымыз. Бұл сөз тегінен тегін айтылмаса керек.

          Ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз дамып келеді. Еліміз өркен жайып, әрбір шаңырақ шаттық пен қуанышқа кеңелсін. Біздің мектебімізде қаншама ұлт өкілдері бар, біз ұлтымызға қарамай «Ақпыз, қара , сарымыз- ағайынбыз бәріміз» деп ұрандап, бірлікте, достықта өмір сүруіміз керек.

Достық туралы тақпақтар айту.

Тақпақтар:

1 оқушы:    Достықты үлгі санаған,   

                  Бір үйде біз тұрамыз.

                 Қалған ата-бабадан,

                 Бірлік асыл мұрамыз.

 

2 оқушы: Лагердің бүгінгі күні  достық күні

            Ән салып, билеген балалардың үні.

            Мәз- мейрам боп, би билеген балалар,

            Керемет мереке, лагердің бүгінгі күні.

 

3 оқушы:    Достық – шырағымыз,

                 Достық – ұранымыз.

                 Достық туымыз,

                 Достық әніміз.



4 оқушы:     Дос болып түрлі халықтар,

                 Жасайтұғын ғасырмын.

                 Бақыт шымын әлемге

                 Ұмытылмас асылмын.

 

 

Ән «Керек маған тыныштық».



 

Би «Көбелектер»

 5 оқушы:   Біз балдырған тең басқан!

                  Дос құшағын кеңге ашқан.

                  Тілегіміз әділдік!

                  Ашық болсын кең аспан!

 6 оқушы:  Дос болайық бәріміз,

                 Жарасып тұр әніміз.

                 Тыныштықты сақтаймыз,

                 Атсын күліп таңымыз!

7 оқушы:  Әрқашан дос біргеміз,

                 Ажырамас іргеміз.

                 Ілгері жүріңдер,

                 Достық жырын біліңдер!    




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет