«Бекітемін»: Ырғыз №2 орта мектебінің директоры: Е. Т. Бәлкембаев


Түрі: Сайыс Көрнекілігі: Интерактивті тақтадағы слайдтар



бет3/6
Дата17.06.2018
өлшемі112,12 Kb.
#42555
1   2   3   4   5   6

Түрі: Сайыс

Көрнекілігі: Интерактивті тақтадағы слайдтар.

Барысы:


Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі өткізгелі отырған «Ертегілер әлеміне » қош келдіңіздер!

Ертегі тыңдамаған жер жүзінде адам жоқ шығар. Бұл адам баласымен бірге жасап келе жатқан көркем дүние екен. Бір кездерде біздің ата-бабаларымыз қиялдап, «Ұшқыш кілемді» ,«Көлтауысар», «Саққұлақ», «Желаяқ», бір-ақ сәтте алыстан хабар алғызатын діллә тас, тез арада тамақ пісіретін сиқырлы ағаш т.с.с көптеген армандарынан оқиға қарап, ертегі деп айтқан. Ал енді қараңдаршы, балалар,, бір кездегі қол жетпес қиял бүгінде шындыққа айналған жоқ па? Қиялдың жүзеге асқан түрі:

Ұшық, суарғыш, талафон, радио, интернет т.б

Енді сайыскерлерді ортаға шақырайық

I.топ: «Сұңқар» тобы

II.топ «Қыран» тобы

Шындық көзге шұқиды қашанда,

Шыбын жанның шындықтан қаша алған ба?

Ар-ақиқат үкілі жасалғанда,

Қолға тұрар ноқтасыз асауларда-деп

Әділқазы алқаларымен таныстырып өтейін:

Ең жоғарғы балл «5» деген ұпаймен бағаланады.

Енді сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейін.

I. Таныстыру

II. Халық ертегісі

III. Ертегі жаңаша сыр шертеді

IV. Әлем ертегісі

V. Аңыз ертегісі

VI. Сұрақ-жауап. Ертегі туралы ой қозғайық

VII. Әдеби ертегілер

Сайыстың бірінші кезеңі бойынша екі топ таныстыруды бастайды.

Халық ерте кезде-ақ әрқашан зұлымдықты әділеттік жеңеді, адам табиғаттың асау сырларын біліп, амалдар қолдана алатын болады деп сенген. Ертегілердің тілікөркем, шешен сөйлеуге, өз ойыңды әдемі баяндауға үйретеді. Халық ертегілерінсүйе біл, сүйсіне оқы. Одан тіл үйрен, мәнін мазмұнын аңғар: Тағылымын, жақсы қасиеттерін бойларыңа сіңдірер оқушылар деп. Ортаға «Сұңқар» тобының қойылымын тамашалайық.

Сайыстың үшінші кезеңі «Ертегі жаңаша сыр шертеді». Мұнда көне замандағы ертегілерді қазіргі өз заманға лайықты етіп құрастыр (өз ертегіңді шығарып көр). Балалардың қиялын, арманын байқайық.

Сайыстың төртінші кезеңі «Әлем ертегілері».

Сайыстың төртінші кезеңі бойынша «Аңыз ертегілереі». Аңыз белгілі бір адамның атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Кейде аңыздарда шындық оқиға мен қиял-ғажайып оқиға араласып отырады.

Аңыз ертегілер көбінесе тарихта болған адамның басына құрылады. Аңыз ертегілерді кейіпкерлер-Қожанасыр, Алдаркөсе туралы аңыздар көп. Ел оларды сүйіп айтады. «Аңыз ертегілер» қойылымын тамашалайық.

Ертегі туралы ой қозғайық (сұрақ жауап)

1.Еркек қойды «қоздатып», хан сынағынан мүдірмей өткен аңыз кейіпкерін белгілеңіз. (Жиренше)

2.Ер Төстік жер бетіне шыққан соң күресетін жауыздық иесі кім? (Шойынқұлақ)

3. «Аяз би» ертегісінде Мадан ханның шыққан тегі. (Наубай)

4. «Ер Төстік» ертегісіндегі Кежекейді жар басындағы лашыққа шақырған кім? (қызды табыңыз) (Перінің қызы Бекторы)

5. «Алдар көсе» аңызында бай кімнің атын өлтіргенін анықтаңыз. (Өзіңіз)

6. Өмірде болмайтын нәрселер жайлы әңгімеленетін ертегі түрі.

(Қиял ғажайып ертегілер)

7. «Аяз би» қандай ертегіге жататынын табыңыз. (Шыншыл ертегісі)

8. «Аяз би» ертегісінде Жаманға Меңді сұлу қандай заттар жібереді?

(Гауһар тас, пышақ, тәрелке, қайрақ)

9. Уәзірлер не үшін шөптің жаманы деп шеңгелді алады?

(Өзі тікен, арасынан жүрсе киім жыртады, мал жемейді екен, шөпттің жаманы осы ғой )

10. Ертегілерде кездесетін жағымсыз кейіпкер? (мыстан кемпір)

11. Мергенбай батыр қай ертегінің кейіпкері? (Қерғұла атты Кендебай)

12. Кендебай мен қозы баққан баланың кездесу сәтін сахнаға бейімдеп, рөлдерді өздерің ойнап көріңдер.

13. Шыншыл ертегі дегеніміз не?

14. «Қырық өтірік» ертегісінің басталуын жатқа айт.

15. Дәу қайертегінің кейіпкері? (Қаңбақ шал)

16. Перінің қызы Бекторының тиісе сөйлегенін жақтырмай, Кенжекей не деп жауап берді. Өлең жолдарын жатқа айт.

17. «Қаңбақ шал» ертегісінің басталуын жатқа айт.

Сайысымыздың келесі кезеңі «Әдеби ертегілер»

Ертегілердің бір саласы-әдеби ертегілер. Әдеби ертегінің жазған авторы белгілі блғандықтан, оны әдеби ертегі деп атайды.

Екі топтың әдеби ертегілерден үзіндіні жатқа айту керек

Асқарқызы Асылайдың орындауында «Ертегілер» әнін тамашалайық!

Күні:09.06.2015ж

Тақырыбы: Кім болам?

Мақсаты: Балалардың мамандық туралы түсініктерін дамыту, кеңейту. Мамандық ерекшеліктері мен пайдасын ажырата білуін үйрету. Балалардың сөздік қорын молайтып, байланыстыра сөйлеуін жетілдіру. Тілін дамытып, әр бала өз ойын еркін айта білуге дағдыландыру. Әр мамандық түріне керек құралдарын білуге үйрету.
Әдіс-тәсілі: түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, әңгімелеу, сұрақ-жауап, ойын, педагогикалық баға беру, мақтап-мадақтау.
Пайдаланған көрнекі құрал: мамандық туралы суреттер, кітапшалар, диск, теледидар, ойынға керекті көрнекіліктер, мамандыққа байланысты қуыршақтар
Сабақ барысы:
Мұғалім: - Есік қағып тұрғандай, балалар, бұл кім екен, көріп келейін (көңілсіз болып Дымбілмес келеді).
- Сәлеметсің бе, сен кімсің?
- Мен Дымбілмеспін.
- Сен неге көңілсіз болып тұрсың, төрлет.
- Мен түк те білмеймін, мен үлкейгенде кім болатынымды білмеймін, ешқандай мамандықты білмеймін.
- Ренжіме, біздің балалар саған көмектесіп көрсін. Жүр, мына жерге отыр. Балалар саған тақпақ айтып берсін, сен не туралы екенін айтып көр.
- Жарайды.
1-бала: Қарап тұрсаң не керек,
Елдің бәрі жұмыста.
Гүл сорады көбелек,
Дән тасиды құмырсқа.

2-бала: Біз ұшқыш та, ғарышкер,


Батыл жандар намыскер,
Көк күмбезін құшамыз,
Ғарышқа да ұшамыз.

3-бала: Біз дәрігер, дәрігер,


Ауруды емдеп жазамыз.
Науқас келсе, әбігер,
Боламыз да қаламыз.

4-бала: Біз мұғалім, ұстазбыз,


Игі істерге құштармыз.
Білім беріп шәкіртке,
Шақырамыз тәртіпке.

- Дымбілмес, тақпақ не туралы?


- Білмеймін.
- Ата-анаң қайда жұмыс істейді?
- Ендеше біздің балалар өз ата-аналары туралы айтып берсін.

- Менің анам – дәрігер, мұғалім, тәрбиеші т.б.


- Дәрігер не істейді? Мұғалім деген кім? т.б. (кітаптар бойынша айтып беру)
- Дәрігер, мұғалім қандай болу керек?
- Мейірімді, ұқыпты, әдепті.
- Сен өзіңе мамандық таңдадың ба?
- Білмеймін.
- Ендеше теледидарға назар аудар. Иә, қандай мамандықтар бар екен?
- Біз бойымызды жазып сергіп алайық.
Сергіту сәті: Анам менің сауыншы,
Апам менің сауыншы,
Әкем менің қауыншы,
Атам болса ол ұста,
Бәрі-бәрі жұмыста,
Отырмаймын мен текке,
Кеттім мен де мектепке.
- Ал, Дымбілмес, біздің балалармен бірге «Мамандықтың бәрі жақсы» ойынын ойнап көр.
- Жарайды.
- Балалар, біз Дымбілместі жаңылтпаштар арқылы жаңылдырып көрейікші.
5-бала: Орманбай – аңшы.
Марқабай – малшы.
Тұра қап алшы,
Құрығыңды суға малшы.
6-бала: Ғарышкер ұшты ғарышқа,
Ғарышқа ұшты ғарышкер,
Айтшы, ғарыш алыс па?
7-бала: Наубайшы Науан нан пісірген,
Нан пісірген наубайшы Науан,
Нанға нәр берген.
8-бала: Ас аспай,
Бас аспазшы,
Ас асты,
Жас аспазшы.
Дымбілмес шатасты.
- Балалар, біздің мектеп жанынан қуыршақтар өтіп бара жатып біздің топқа келіпті. Сендермен «Тығылмаш» ойынын ойнағысы келіп тұр.
Ойын «Тығылмаш»
Ойын барысы: қуыршақтар кезекпен тығылып қалады. Балалар көздерін ашып, қай мамандықтағы қуыршақ жоқ екенін табу керек, ойынды 2-3 рет ойнату.
Рефлексия.
Тігінші қыстық киім тігіпті, түймесін тағуды ұмытып кетіпті. Егер сендерге сабақ ұнаса, қызыл түсті түйме тағыңдар, ұнамаса көк түсті түйме тағыңдар.
Дымбілмес: - Міне, мен көп білім алдым. Өскенде кім болатынымды білдім. Сендерге рахмет, мына сыйлық сендерге, мына дәрігер саған, мына мұғалім саған.
- Сау болыңдар! (Дымбілмес кетеді)
Шеңберге тұрып: Мамандықтың жақсы бәрі,
Армандай біл таңда да,
Бір мамандық ап шығады,
Күні ертең бар бала.
! . «Бұл кім» кәсіби бағдар ойыны.
Қазір мен сендерге әртүрлі мамандықтар айтамын, ал сендер секунд ішінде жолдастарыңызға қарап аталған мамандық көбірек кімге үйлесетінін іштей анықтайсыңдар. Сосын не себепті сол адамға таңдағандарыңды және не себепті сол мамандыққа сәйкес келетіндігі туралы өз ойларыңды жеткізесіңдер.
Мұғалім, жүргізуші, дәрігер, тігінші, әнші, журналист, спортшы, програмист, эколог, заңгер.

Қорытынды: Әбунасыр әл Фараби «... адам кез-келген жұмысқа жарамды бола бермейді... жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесек те, содан рахмет табу, соның рахатын көру біздің мақсатымыз болып табылады» деген

Мұғалім: Қол ұстасып тұрайық,


Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау-саламат болайық


Күні:10.06.2015ж

Тақырыбы: Біз арманшыл баламыз.
Мақсаты:
Адам өмірінің ең қызықты да, бақытты сәті балалық кездің қызықтары туралы айту. Отбасы,достық,ойын,ойыншықтар туралы айтып, өнермен өрнектеп көрсету. Балалардың дүниетанымын, ой-өрісін дамыту. Ұлттық нақыштарын, бір-бірін құрметтеуге, отбасын сыйлауға тәрбиелеу. Өнерді сүюге баулу.
«Мен құрбымды жақсы көремін» шеңбері
Мұғалім: - Құрметтіоқушылар! Біз бүгін сіздерді «Біз арманшыл баламыз» атты бұл шарада балалардың өнерімен, белсенділігін танып, білесіздер. 
 Адам баласының ең бақытты да, өміріне із қалдырар тәтті кезеңі ол-балалық кезі. Ата-анасының жанында,ұйқысы қанық, қарны тоқ, шат-шадыман күлкімен уақытын өткізетін өмірдің қайта келмес, сағынышқа толы кезеңі.
-Балалар, қалай ойлайсыңдар, «арманшыл бала» деп кімді айта аламыз?
-өз отбасы, достары бар, денсаулығы мықты баланы бақытты бала деп айтамыз.
-Балалар қоян мен қонжық  «Балалық әлеміне» автобусқа мініп саяхатқа шығыпты. Олар мінген автобустың ішінде сендерге әкеле жатырған сыйлықтары бар екен. Автобус тезірек сендерге жету үшін,сендер әр аялдамада талап етілген тапсырмаларды орындап, белсенділік көрсетіңдер.
Автобуспен мұражайға саяхатқа әнмен бастап шығарайық:   Ән  «Біз өмірдің гүліміз»
І «Отбасы аялдамасы»  
- Балалар отбасы деген не?
- Ең алдымен отбасында не болуы керек? /Отбасы мүшелері бірін-бірі сыйлау керек/
- Отбасында саған не үйретеді?
Әр бала бақытты болуы үшін өзінің сыйластыққа толы отбасы болуы керек.
Балалар отбасы туралы тақпақтар айтып берсін:
С.Оспанов: Бақыт деген не?
Айтшы, білсең егерде,        

Апа, бақыт деген не?


Бақыт- деген шырағым,            
Мына әсем тұрағың.
Ну ормандар,гүл бағы,
Күннің күліп тұрғаны,
Бақыт-дәні даланың,
Алақаны ананың.
Ботам деуі әженің,
Тыныштығы әлемнің!
Қайда бақыт мекені,        
Қалай оған жетеді?
Адал еңбек етесің!            
Сонда ғана жетесің!
Көрінбейтін көзіңе,    
Сонда оның өзі не?
Бақыт деген, сөзім шын-                
Айналайын, өзіңсің!

ІІ «Ойыншықтар аялдамасы»
-Балалар біз көңілді уақыт өткізу үшін бізге не керек?
- Сендер ойыншықтарыңды қалай ұстайсыңдар?
Бұл аялдамада ойыншықтар туралы  ән айтуымыз керек.
Ән:   «Қуыршақ»
ІІІ «Достық аялдамасы»
   
-Балалар сендерге жалғыз ойнаған немесе көппен ойнаған ұнай ма?
-Неліктен дос керек деп ойлайсыңдар?
- Біз білетін достық ережесі қандай еді?
* жолдастарыңа көмектес.
*қолыңнан келген істі өзгеге үйрет.
* ойын кезінде өзіңе ұнаған заттарды бөліс.
* егер жолдасың жаман қылық жасаса, оған қате екенін айтып, түсіндір.
* Төбелесуден, сөз айтысудан аулақ болған жақсы.
* тату ойнап, мақтанба.
* ол жақсы іс істесе, бірге қуан.
Ән:  «Достық» 
Достар бірге жүреміз,                     
Бірге ойнаймыз, күлеміз.          
Бірге балық аулаймыз,
Міне, біздер қандаймыз!
IV «Ұлттық аялдамасы»
-Балалар, біз қай мемлекетте тұрамыз?
- Қазақ елінің елбасшысы кім?
- Астанасы қай қала?
- Біздің мемлекет қандай мемлекет?
- Мемлекеттік тіл қай тіл?  
Біз Қазақстан атты мемлектте тұрамыз. Біздің мемлекетіміз көпұлтты, тәуелсіз  мемлекет. Бұл мемлекеттегі бар ұлт тату-тәтті тұрады.
Ал, енді бұл аялдамада біз ұлттық нақыштардан көрініс көрсетуіміз керек.
Би:  «Қазақ биі»  
Ұлттық ойын: «Көкпар» 
V «Көңілді аялдама» 
-Адамның көңілі көтеріңкі жүргені дұрыс. Балалар, сендер көңілдеріңді қалай көтересіңдер?
Бұл аялдамада сендерге жұмбақ даярланған екен. Ендеше жұмбақ шешуге дайындалайық. 
-Балалар сендер мультфильмдерді жақсы көресіңдер ме? 
-Қандай мультфильмдерді білесіңдер?
Жұмбақ шешу.
VI «Бақыт аялдамасы»       Міне, балалар соңғы аялдамаға да келіп жеттік. Яғни, біз бақыт аялдамасында тұрмыз. Біздің ата-анамыз жанымызда, қасымызда достарымыз бар, көңіліміз көтеріңкі, бейбіт заманда білім алып жатырмыз. Ал, енді автобустағы сыйлықтарды алуға да аз  уақыт қалды. Балалар бақыт деген не екенін өз сөздерімен айтып берсін.
Аспан тұрса күлімдеп,    
Айын биік орнатып.
Ақса бұлақ гүрілдеп,
Балаларға сол бақыт.
Балаларға сол бақыт-        
Болса Отаны аман-сау.
Басын бұлтқа бойлатып,
Тұрса биік Алатау.                    
Би: «Көңілашар» қыздар тобы.
Ән:  «Біз бақытты баламыз»
Автобустағы сыйлықтарды таратып беру.
-Міне, құрметті қонақтар бейбіт өмірде, тәуелсіз мемлекетте білім алып отырған, еліміздің ертеңі бүлдіршіндердің бақытты сәтін тамашаладыңыздар. Арманы асқақ, мәртебесі жоғары елде өмір сүретін әр бала бақытты болуға лайықты.
Хормен:  Біз бақытты болуға лайықпыз.
-Әлемдегі әр бала бақытты болсын деп сіздер де  өз тілек, ниетіңізді білдіріп, қолыңызды созыңыз.
/Тақтадағы плакатқа балалар жапсырма қағаздан дайындалған алақандар жапсырады /.

Күні: 11.06.2015ж

Тақырыбы: Салауатты өмір салты

Мақсаты:Салауатты өмір салтын сақтау,оқушылардың өнер мен денсаулық туралы түсінік беру. Денсаулықтың негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада жүру екенін балаларға ұғындыру.

 Денсаулықтың негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада жүру екенін балаларға ұғындыру.

Өзін-өзі күте білуге, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу, әдемілікті, сұлулықты сезіне білуге баулу.



Әдісі: ойын, жұмбақ шешу, мақал-мәтел айту, сұрақ-жауап, плакаттар.

Көрнекілігі: Суреттер, дәрігер салауат

Мұғалім: Күндей жарқырап,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөлдір таза көңілмен

Оқушылар орнынан тұрады

Армысың, асыл күн!

Армысың, асыл жыр!

Армысың көк аспан!

Армысың жан досым!

Жылуыма жылу қос

Міне, менің қолым.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың халқына жолдауында «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал –ахаулы жақсы болуы тиіс » деп атап көрсеткен.

  Сол бағдарламаға орай бүгінгі өткізіліп отырған « Салауатты өмір салты »атты шараға қош келдіңіздер.

Бүгінгі өтетін шарада екі топқа бөліну  арқылы өз білімдерімізді ортаға саламыз.

 1-топ: Алма

2-топ Алмұрт

Бүгінгі сайысымыздың мақсаты-« Бірінші байлық-денсаулық » деп дана  халқымыз айтқандай болашақ еліміздің әрбір азаматын зиянды әдеттерден сақтандыру, олардың денсаулыққа, болашақ ұрпаққа жау екендігін түсіндіру.Зиянды әрекеттерге қарсы күресетін білімді тұлға тәрбиелеу.

Ендеше сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Көптің жүзін білгенше,

Бірдің атын біл.

1.   Таныстыру.  Әр топ өздерін таныстырып өтеді.

2.   «Бірінші байлық –денсаулық » сұрақ жауап кезеңі.

1 –топқа     1.Денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер?

Денсаулық дегеніміз- адам өміріндегі ең үлкен байлықтың бірі, денсаулықтың арқасында адам еңбек етіп,жетістікке жетеді және жақсы өмір сүреді.Денсаулықты сақтап, оны нығайтуға әрбір адамның өзіңе ғана байланысты.

Денсулық салауатты өмір  салты туралы ғылым.

2.Денсаулықты сақтау үшін қандай ережелерді орындау керек?

 Жеке бас гигенасын сақтау күн тәртібін орындау. Дене шынықтырумен шұғылдану, дұрыс тамақтану, организмді шыңдау, белсенді, қайырымды және ақжарқын болу.

3.Таңертеңгілік жаттығу жасау не үшін қажет?

4. Денсаулыққа  не зиян?/ Күн тәртібін бұзу, жеке бас гигенасын сақтамау, аз қозғалу, жағымсыз әдеттерге әуес болу /

5. Сезім мүшелеріне не жатады? Көз, құлақ, мұрын, тіл, тері.



2-топқа    1.  Денсаулықтың достарына, қастарына нелерді жатқызамыз?

2.Біз не үшін тамақтанамыз?  Адам үнемі күш қуатты жұмсайды, соны қалпына келтіру үшін дұрыс тамақтана білу тиіс.Дұрыс тамақтану-денсаулық негізі.Өмір сүру үшін тамақтанамыз.

3.Өздерін қандай спорт түрлерін жақсы көресіндер

4. Кандай ұлттық ойындарды білесіңдер?

5. Қазақстанның туын көкке көтеріп, намысымызды асқақтатып жүрген қандай спортшыларды білесіңдер?

6.Үстел басында өзіңді қалай ұстауың керек?

 

 

 



3.   Дені саудың –жаны сау

Жігерің бар, талабың бар қайратың,

Мақсат тұтсаң қанатың бар талмайтын.

Өз-өзіңді ұстай білсең тартынып,

Өмірің бар әлі алда солмайтын-дей отырып, мақал-мәтелдердің мағынасын ашып түсіндіру.

Дене қимылы-дәрісіз ем,

Шыныға жүріп дертті жең.

Таза болса- табиғат,

     Аман болар –адамзат.

    Жалқаулық-жаман ауру.

    Шынықсаң, шымыр боласың.

4.   Ситуациялық жағдайлардан шығу.

1-   жағдаят:

Арман мен Жандос кеше сабақтан кейін « Денсаулық» жайлы ой бөлісті. Арман анасынан естіген әңгімесі бойынша « Денсаулықты сатып алуға болады» деді Ал Жандос бұл ойға келіспеді. Ол

 « Денсаулықты ақшаға сатып ала алмаймыз» деді.

-Сендер не деп айтқан болар едіңдер?



2-жағжаят:

Самат енді өз денсаулығын бақылауға алып, күтім жасау керектігін ойланды. Бірақ, ол неден бастарын білмей қойды. Ойлана келіп, өзінің күн кестесін құрудан бастауды жөн көрді. Уақытты дұрыс және пайдалы өткізудің де денсаулыққа қатысы бар деп шешті.

- Саматтың ойы дұрыс па? Сендер Саматтың орнында болсаңдар күн кестесін қалай құрар едіңдер?

5.   Білігіңе сенбе, біліміне сен! Жұмбақ шешу

Оң жағымда бес сарбаз,

Сол жағымда бес сарбаз.  ( он саусақ)

Асқар тауда қара орман (шаш)

Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады? (күн)

Жеп көріп ем мен,

Жас шығарды көзімнен / пияз /

Іші жұмсақ, сырты қатты,

Еті қызыл, сүті тәтті. / қарбыз/

Әрі қызыл, әрі тәтті,

Татқан жанды таңырқатты.  / алма /

Тәтті жемістердің бірі,

Қауақтың кішкентай түрі.

Ай бұтаққа ілінді,

Айтыңдаршы, кім біледі.  / алмұрт /

Дәмі де жоқ, түсі жоқ,

Пайдаланбас кісі жоқ. / су/

  Дидактикалық ойын: « Егер де..-не болар еді? »

-Егер де күн болмаса не болар еді?

-Үнемі қараңғы, қорқыныш болар еді.

-Егер де су болмаса не болар еді?

-Шөптер құрғайды, шөлдейміз.

-Егер де ауа болмаса не болар еді?

- Дем ала алмаймыз.

-Ендеше бізге балалар күн, ауа, су өте қажет екен.

--Балалар , дүнеиде ең басты нәрсе, ең басты байлық не екен?

-Денсаулық



1 оқушы:

Шыныққан шымыр денеміз,

Күн сайын өсіп келеміз.

Денсаулық- 5 сабақ -5

Деп рапорт береміз!

2 оқушы:

Суық қардан онша қорқа қоймасаң,

Шынығасың таза ауада ойнасаң.

 Осы кезде спортпен шұғылданып,

Сұлулық пен денсаулықты ойлайсың.

3 оқушы: Дені сау адам ақжарқын, көңілді және іскер болады. Оның жұмысы алға, өнері биікке көтеріліп, отбасында тыныштық орнайды.

4 оқушы:  Денсаулық-адамға табиғаттың берген құндылығы. Денсаулықты әртүрлі тәсілмен сақтап, нығайтуға болады.

5 оқушы:

Спорт біздің досымыз,

Күш қайрат сыналған.

Спорт біздің досымыз,

Бала кезден шыңдалған

6 оқушы:

Денсаулық ол күлуің,

Көңіл күйің жадырай.

Денсаулық-ол жүруің,

Ешбір жерің ауырмай.

7 оқушы:

Басты байлық-денсаулық-

Бабаң айтқан даналық.

Сақта жолын сен тауып,

Осы шақтан балалық.

8 оқушы:

Денсаулық –ол шыныққан

Барлық денең мүшесі

Денсаулық –ол тыныққан

Жүйке-тамыр жүйесі.

9 оқушы: Салауатты өмір салтын қолдайық,

Әдеттен жаман әманда аулақ болайық,

Өз өмірің өз қолыңда, ей , балалар,

Су ішпеген гүлдей болып қалмайық,

  10 оқушы:

Біз өмірді таңдаймйз,

Біз өмірді қолдаймыз. 

Әрқашан бар ынтамен,

Салауатты қолдаймыз.

Аян: Денсаулық табиғаттың адамға берген ең үлкен байлығы.



11 оқушы:

Денсаулықты сақтайық.

Шынығайық баптайық

 Қорытындылау:

Салауатты өмір салты біздің болашағымыз тақырыбында газет шығару,екі топты мадақтау. Денсаулығымыз мықты болу  үшін аурудан алдын-ала сақтану керектігін, спорт шұғылдану, сонымен қатар қоршаған ортамен біздің денсаулығымызға берері көп екенін білдік

 

 



Күні:12.06.2015ж

Тақырыбы: Туған жер- тал бесігім
Мақсаты: Оқушыларға туған өлке, оның байлығы, алуан түрлі табиғаты туралы түсінік беру. Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Табиғатты қорғай білуге, оны аялауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: АҚТ Слайдтар.
Жүрісі:

Мұғалім: Қадірменді оқушылар! «Туған жер-тал бесігім!» тақырыбында өткелі отырған шараға қош келдіңіздер! Иә, осынау кең-байтақ еліміздің шалқар көлдері мен асқар таулары, алтын дәнді даласы, ақ күмістей қаласы, кенге толы өңірі мен малға толы өрісі бар, сендер секілді болашақ ұрпағы бар мәңгілік ел, туған жеріміз –Қазақстан деп аталады. Бүгін сіздердің туған ел, туған жер туралы білетіндеріңізді ортаға саламыз.

Жүргізуші:
Батыстан толқындаған Каспий теңізі мен Жайық, Еділ жағалауынан шығыстағы Алтай тауларына дейін, солтүстікте Орал тауларынан тәңірлі тау атанған Тянь - Шань тауларына дейін Ұланғайыр жерді алып жатқан тұнып тұрған табиғаты бар Қазақстан Республикасы.
1 - оқушы:
Қазақстан - туған өлкем.
Жер көппе сендей көркем.
Көрсін деп күллі әлемге
Жалауыңды желге желпем.
2 - оқушы:
Көз алдыңда көгілдір тау мұнартып,
Аспанымда аққудың әні қалғып.
Құшақтап бір өзіңді туған далам.
Жатамын көк шалғында жаным балқып.
3 - оқушы:
Тасып жатқан өзендер жағасынан.
Сары белде сағымдар арасынан.
Тарайды дән жұпары бар әлемге.
Қазақтың қасиетті даласынан.
Жүргізуші: Туған жер, өскен ел, жүрекке жылы сөздердің бәрі де табиғат деген таңғажайып ұғыммен бірігіп жатады. Қазақстан – көз тартар аса көркем, бар сұлулықты өн бойына жинап алған өлке.
4 - оқушы:

Кең дала көремісің сонау жатқан,
Жібектей жасыл шөппен бетін басқан.
Асқар тау, айдын шалқар көл мен өзен,
Әне, сол анам еді мені тапқан.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет