Лекция тезистері 3 кредит


-апта Оқушылардың ата-аналарымен педагогикалық өзара іс-әрекет технологиялары



бет54/65
Дата07.02.2022
өлшемі311,82 Kb.
#96344
түріЛекция
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   65
Байланысты:
Педагогика және тәрбие жұм әд лекция

12-апта
Оқушылардың ата-аналарымен педагогикалық өзара іс-әрекет технологиялары
Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының қызметі мен формалары. Тәрбие жұмысының тиімділігі мен нәтижесінің диагностикасы. Тәрбие процесін әдістемелік жағынан қамтамасыз ету.
Жанұя – тәрбие факторы. Жанұя, барлық уақытта да, өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешуде үлкен мүмкіндіктерге ие болған. Қазіргі заманғы жанұяның өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешудегі ерекшелігі – ата-ананың білім және жалпы мәдени деңгейінің жоғарлауы.
Балалардың жанұядағы тәрбиесі оның белгілі бір тұрақты әлеуметтік институт ретінде анықталады, ол жанұя мүшелері арасындағы өзара қатынастардың қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін адамдардың жақындығы, туыстық қатынастар, өзара үйелмендік, тұрмыстық өмір. Жанұя тәрбиесінің артықшылығы да осы қатынастарда, оны тәрбиенің ешқандай да
түрі алмастыра алмайды. Жанұя тәрбиесі адам өміріне қажетті негізгі қызметтерді атқарыды:
1. Репродуктивті – баланың туылуы.
2. Тәрбиелілік – жанұяның әрбір мүшесінің жеке тұлға болып қалыптасуына, тәрбиелік жағдай жасауы.
3. Тұрмыстық-экономикалык – жалпы тұрмысты, бюджетті басқару.
4. Коммуникативті – жанұялык қатынасты, басқа адамдармен қатынасты ұйымдастыру.
5. Рекреативті – іс-әрекет ұйымдастыру.
Жанұя – болашақ азаматтың әлеуметтену жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын бастапқы адым. Ол балаға моралдық қалпы туралы алғашқы түсініктер береді, оны еңбекке баулып, өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастырады. Ата-ананың іс-әрекеті мен мінез-кұлқы, өмір сүру салты арқылы балаға дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтік-саяси құндылықтар беріледі.
Жанұя тәрбиесінің қоғамдық және мемлекеттік тәрбиеге қарағанда артықшылығы басым. Алайда, қазіргі қоғамдық өмірде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық және демографиялық өзгерістер жанұяға белгілі бір қиыншылықтар туғызады.
Нарық қатынастарының дамуы нәтижесінде жанұяда айтарлықтай адамгершілік тұрғыдан ересектердің де, балалардың да жаңа құндылык бағыттарын қалыптастырып, жанұя өміріне елеулі өзгерістер әкелді. Ата-ана мен мұғалімдердің міндеті -қоғамдық қатынастардың жаңа жүйесі ұсынып отырған әлеуметтік мүмкіншілікті дұрыс пайдалану. Мектеп пен жанұя балаларды тауар мен ақша қатынастарының мәдениетіне үйрету жұмыстарын ойластыру қажет, сондай-ақ алып-сату пайда табу немесе пайдақорлық емес, ол жалпы игілік үшін және өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құқықтық екі жақты қызмет көрсету екенін түсіндіру. Ата-ананын манызды міндеті балаларымен біріккен коммерциялық қызмет-әрекетке қатысып, оны бақылау, оларды баланың адалдығын, адамгершілігін, ұқыптылығын дамытатын қызмет көрсетудің әртүрін орындауға үйрету. Нарық жанұя мүшелерінің алатын орнына жанама әсер етеді, олардың өміріне жаңа әлеуметтік бағдарлар енгізеді. Қоғамдық және мемлекеттік тәрбие беделінің төмендеуі жанұя өмірінің тәрбиесіне «өзінше» қиындық әкелді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет