Лекция тезистері 3 кредит


Баланың өмір сүру, тіршілік ету және салауатты даму құқығын жариялай отырып



бет56/65
Дата07.02.2022
өлшемі311,82 Kb.
#96344
түріЛекция
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   65
Байланысты:
Педагогика және тәрбие жұм әд лекция

3. Баланың өмір сүру, тіршілік ету және салауатты даму құқығын жариялай отырып, Конвенция баланың жеке тұлғалық дамуында өзінің дербестігін, даралығын сақтау құқығына ерекше көңіл бөледі. Сондай-ақ баланың ата-анаға деген құқығы да ескеріледі. Ата-ана «баланың мақсат-мүддесі үшін қажетін» орындамаған жағдайда ғана өз құқықтарынан айырылады.
Осы Конвенцияға қол қойған мемлекеттер мына міндеттерді орындауы тиіс: ақысыз және бәріне міндетті бастауыш білім беруді енгізу, орта және кәсіби білім алуға жағдай жасау, жоғары білім алуға жол ашу. Конвенцияның 28 тарауында «мектептегі тәртіп баланың адами қадір-қасиетіне құрмет көрсететін әдістер арқылы жүргізілуі тиіс» деп, ерекше аталып кеткен.
Конвенция, сондай-ақ БҰҰ Бас Ассамблеясының 1959 жылдың 20 қарашасында қабылдаған «Бала құқығының декларациясы»; «Адам құқықтарының жалпы декларациясы» және басқа да көптеген халықаралық құжаттар ҚР Конституциясының ішкі жанұялық қатынастарды, баланың жанұя мен қоғамдағы тәрбйесі және ағартушылығы мәселелерін қамтитын тарауларына негіз болды. ҚР Конституциясының 27 тарауында былай делінген:
1. Неке мен жанұя, аналық, әкелік және балалық мемлекет қамқорлығының аясында.
2. Балаларды қорғау мен тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы және міндеті.
3. Кәмелетке толған және еңбекке жарамды балалар еңбекке жарамсыз ата-аналарына қамқорлық жасауы тиіс.
ҚР Консититуциясында бекітілген жанұя тәрбиесінің құқықтық принциптері «Неке және жанұя туралы» заңда (17. 12. 1998 ж.) нақтыланған. Онда қазіргі заманғы жанұя құқығының бір некелік, некеге тұрудың бостандығы мен еркіндігі, ажырасу еркіндігі, ерлі-зайыптылардың жанұя қатынасындағы тең құқығы сияқты негізгі принциптері жазылған. Бұл құқықтар жанұя өміріндегі, жанұя ұжымындағы өзара байланыстың терең демократияға жол ашады. 52 тарауда баланың жанұялық тәрбиесі, оның құқығын және мақсат-мүдделерін қорғаудың баптары келтірілген: «Баланың өз ата-анасы тарапынан тәрбиеленуіне, оның тілек-қалауларының орындалуына, жан-жақты дамуына, оның адами қадір-қасиетінің сыйлануына құқығы бар». Бала ата-ана билігіне тәуелді объект ретінде емес, өзіндік құқық субъектісі ретінде қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет