Сыныпқа сипаттама: сынып активі, балалардың тәртібі, сабақ үлгерімі, қабілеттері, олардың ата- аналары, ұжым жайлы қысқаша сипаттама беріледі.
Өткен оқу жылына белгіленген тәрбиелік шаралардың нәтижесіне қысқаша талдау.
Жаңа оқу жылына белгіленген тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттері.
Сынып ұжымының мінездемесі, өткен оқу жылында атқарылған тәрбие жұмыстарының нәтижесі, жаңа оқу жылына арналған сол сыныптарға тәрбие жұмыстарының міндеттері негізінде оқушылармен , ата- аналармен, қоғамдық ұйымдар және пән мұғалімдерімен бірлесе атқарылатын іс - әрекеттердің түрімен әр тараптағы атқарылатын тәрбиелік шаралар мазмұны төмендегідей бөлімдерде көрсетілген:
Сынып ұжымын ұйымдастыру: сынып жиналысы, сынып сағаты, әңгімелер, саяси хабарлама, оқырмандар конференциясы, диспут, сұрақ жауап кеші, олимпиада, жарыс, еңбекке қатысты істер, спорттық және мәдени шаралар, кездесулер және т.б. бұқаралық іс- шаралар жатады.
Сынып жетекшісі өзінің тәрбиелік іс - әрекетінде оқушылардың өзін-өзі басқару органдарына арқа сүйеді. Сынып жетекшісі сынып жиналысының тақырыбын, олардың күн тәртібін белгілеу және жоспарын құруға көмектеседі, сонымен қатар, әртүрлі үйірмелер мен клубтар жұмыстарының тақырыбын өз жоспарына кіргізе отыра көмек көрсету, кеңес беру т.с.с. оларға өзінің тікелей қатынасын көрсетеді.
Сол сыныпта жұмыс істейтін барлық пән мұғалімдері мектеп ұйірмелерінің жетекшілерімен, мектептен тыс мекемелермен байланыс орнатып, оларды бала тәрбиесіне қатыстыруға арналған бұқаралық шаралар көрсетіледі.
Отбасы және жұртшылықпен жұмыс: оқушылардың үйіне бару, ата- аналарға кеңес беру, оқушылардың ата- аналарының жұмыс орындарымен байланыс орнату, ата-аналар комитетінің жоспарын ата- аналар жиналыстарының тақырыбын, мерзімін, олардың отырыстарын т.с.с. шараларды өзінің жоспарында көрсете отыра, олардың өзара байланысын қамтамасыз ету секілді жұмыстарды белгілейді.
Жеке оқушымен жұмыс. Бұл бөлімде сол сыныптағы кейбір оқушының сабақ үлгеріміне, тәртібіне, оның қабілетін шыңдауға сай жұмыстардың түрлері кіреді.