Лекция тезистері 3 кредит



бет52/65
Дата07.02.2022
өлшемі311,82 Kb.
#96344
түріЛекция
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   65
Байланысты:
Педагогика және тәрбие жұм әд лекция

Іс-тәжірибе бағдарламасы төмендегілерді назарда ұстауы қажет:
– студенттердің жекелей тапсырмаларын орындау мерзімі мен мазмұнын;
– студенттердің ұжымдар, мекемелер, кәсіпорындардың жаңашыл және өнертапқыштық жұмысына қатысуын;
– экскурсия жүргізудің мерзімі мен болжалды мазмұны;
– студенттердің іс-тәжірибе бойынша есеп беруге дайындалу тәртібі және қорғау мерзімі;
– тәжірибеден өтетін студенттерге дәріс оқу және кеңес беру;
Кафедрада іс-тәжірибе бағдарламаларын, мамандық бағдарын, кәсіпорын сипатын, іс-тәжірибе обьектісі болып табылатын ұйымды ескере отырып жасайды және білім беру мекемесінің жетекшісімен бекітіледі.
Жоғары оқу орны студенттері кәсіби іс-тәжірибені өткізу үшін келісімді негізде ұжымды, кәсіпорынды, мектептерді іс-тәжірибенің базасы ретінде анықтап, олармен іс-тәжірибені өткізудің күнтізбелік кестесімен және бағдарламасымен келіседі. Келісімде жоғары оқу орнының, іс-тәжірибенің базасы мен білім алушылардың міндеттері белгіленеді. Келісім жасасқан шартқа сәйкес іс-тәжірибені өткізу мен ұйымдастыруды жоғары оқу орны мен іс-тәжірибе базасының жетекшілері жауапкершілігіне ала.
Іс-тәжірибеге оқу - әдістемелік басшылық жасауды, оқу жоспарының орындалуын, іс-тәжірибе бағдарламасы мен оның өткізілу сапасын жоғары оқу орнының тиісті кафедралары жетілдіреді.
Кәсіби білім берудің негізгі мақсаты сәйкес деңгейдегі мамандандырылған қызметкерлер дайындау, нарық майданында бәсекеге қабілетті, білікті, жауапкершілігі бар, өз мамандығын еркін меңгеретін, мамандығы бойынша дүниежүзілік стандарт деңгейіндегі тиімді жұмысқа қабілетті, ұдайы кәсіптік өсуге дайын мамандар даярлау.
Өндірістіктік іс-тәжірибені ұйымдастыру қағидаларының ұстанымдық негізі кафедра және кәсіпорын мүдделерінің балансы болып табылады: өндірістік іс-тәжірибенің пайдалы жағы кафедра үшін қандай болса, кәсіпорын үшін де дәл сондай екендігін анықтау қажет.
Әрине, кафедралар кәсіби іс - тәжірибе арқылы түлектің өзіндік жұмыс істеуге дайындық сапасының мәселелерін шешеді, сонымен бірге оның келешекте жұмысқа орналасу мәселесіне де септігін тигізеді. Ал, кәсіпорын анағұрлым дайындалған және келешегі бар мамандарды алдын-ала таңдау мүмкіндігіне ие бола алады.
Қазіргі уақытта біз, экономика жағдайына байланысты, кадрларды даярлаудың қалыптасқан жүйесі мен оларға қойылатын талаптардың арасында қарама-қайшылықтың өсіп отырғанын байқаймыз .
Индустриалдыдан ақпаратты-индустриалдыға, өзіне сәйкес инновациялық экономикамен, дүниежүзілік қауымдастық қозғалысы беталысымен салыстырғанда біздің мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси даму болашағын қарастыру жағдайында бұл фактор ерекше өзекті боп табылады. Біздің мемлекетіміздің ғылыми-техникалық әлеуетінің озық дамуын және қалыптастыруын қамтамасыз ететін , келешекте мемлекетіміздің оңды дамуы үшін, қабілетті мамандар даярлау арқылы техникалық және экономикалық негіз туғызу, бұл жағдайдағы инновациялық экономиканы қалыптастыруда басшылық рөлі жоғары мектепке тиісті екендігі даусыз .
Студенттердің іс тәжірибелік дайындығы талаптарының орындалуын жоғары оқу орнының барлық оқу және ғылыми бөлімшелері жүзеге асырады, мұндағы басты рөл түлек бітіртіп шығаратын кафедраға тиесілі. Бұл жағдайда студенттер семинар, іс-тәжірибелік және зертханалық сабақтарда, оқытудың белсенді әдістері (интерактивтік әдістер, іскер ойындар және т.б.), оқу-зерттеу және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында және т.б. дағдылануды игереді. Қоғамдық жұмыстарды орындау, оқу және кәсіптік іс-тәжірибенің барлық түрлерінен өту кезеңінде дағды қалыптасады.
Проблемалық-бағдарлық және жобалық ұйымдастырушылық технологияларды қолдану арқылы инновациялық білім беру студенттердің өндірістік және оқу іс-тәжірибесін жүргізу мен ұйымдастыруда ерекше назар аударуды талап етеді. Іс-тәжірибе жүргізу студенттердің анықталған дағдысы мен іскерлігін қалыптастыруды қамтамасыз ету керек, егер теориялық білім- ғылым арқылы білім беру үрдісі болса, онда іс-тәжірибелік жұмыс нәтижесі - өндіріс арқылы білім беру үрдісі.
Студенттердің оқу және кәсіптік іс-тәжірибесі мамандарды даярлау үрдісінің құрамдас бөлігі болып табылады.
Іс-тәжірибенің негізгі міндеті студенттердің іс-тәжірибені өтетін ұжымдар мен мекемелердің, кәсіпорындардың жұмысын терең оқып үйрену, сонымен бірге өндірістік дағды және әдістерін меңгеру, жоғары оқу орнында білім беру үрдісі негізінде алған білімдерін бекіту болып табылады.
Қазіргі жағдайда өзін-өзі анықтау мәселесін мамандықталған өзін-өзі анықтаусыз толық деп айту қиын. Өзін-өзі анықтау мәселесіндегі барлық сұрақтарішінде психологияда мамандықталған өзін-өзі анқтауда толық жауаптар берілген С.П.Крягже алғашқы этапта мамандықталған өзін-өзі анықтау екі түрге бөлінеді деп көрсетеді, яғни белгілі мамандық таңдау немесе мамандырылған мектеп таңдау.
С.Л.Рубинштейн бойынша өзіндік анықталу сыртқы себептің ішкі әсерге байланысты болып табылады. Сыртқы себептелу “сыртқы детерминация” әлеуметтік шарт, жеке тұлғаның әлеуметтік детерминациясын анықтайды. Бұл жағдайда жеке анықтама жеке детерминация болып табылады.
Сондай-ақ, Л.И.Божович жұмыстары да өзін-өзі анықтауға психологиялық анықтама береді. Біріншіден, өзін-өзі анықтау қажеттілігі онтогенез өзегінде яғни жасөспірім кезеңі мен жастық шақ кезеңінде пайда болады. Екіншіден, өзін-өзі анықтау қажеттілігі тұлғаның өзі және айналасы туралы түсінігін жүйелеу ретінде қарастырылады. Үшіншіден, өзін-өзі анықтау болашақта мамандық таңдауға байланысты. Осылайша, Л.И.Божович өзін-өзі анықтауда екі жақтылықты көрсетеді, бір жағынан ол мамандық таңдауда, болашағын жоспарлауда қажет болса, екінші жағынан өзінің өмір сүру мағынасын іздеу болып табылады 4.
Кәсіби бағдар жұмысының құрылымының негізіне концептуалды идеялар сипаты жатады. Соның бірі-мамандықты дұрыс таңдау үшін тұлғаны диагностикалық зерттеу, қызығушылығы мен қабілетінің ескеру идеясы. Бұл идея 30-шы жылдардыңортасынадейінтаралып, “диагностикалықконцепсия” депаталды. Мұнда тест кеңінненқолданылды. Осы тесттердің дұрыс қолданылмауы, дұрыс құрылмауы тағыда басқа себептер диагностикалық зерттеу идеясының “тәрбиелік концепсиясы” болып өзгеруіне әкелді. Алайда сол кездің өзінде-ақ диагностикада, тәрбиеде оқушыларды кәсіби бағдарлауда өзара байланысты және негізгі бағытта екендігі түсінікті болды. Қазіргі кезде диагностиканың маңызы мектеп реформасының қабылдауынан кейін өсе түсті, онда кәсіби бағдар орталықтарының ашылуы қарастырылған еді. Бұл орталықтардың негізгі функцияларының бірі - оқушылардың қабілеттілігі мен қызығушылығы диагностикасын ұйымдастыру жұмысы.
Дегенмен, адамның болашағы мамандықпен тығыз байланысты болғандықтан, кәсіби бағдар беру - адам болашағына көптен-көп пайдасын тигізеді деп ойлаймын. 
Кәсіби бағдар беру арқылы сол кәсіптің қыр-сырын, мақсатын, мәнін түсіндіріп, көрсетуге болады. Ол үшін мамандық таңдайтын жастардан қандай мамандыққа икемділігі мен қабілеті бар екендігін әр түрлі психологтардың әдістемелері мен тесттері арқылы анықтап,білуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет