Лекция тезистері Шымкент 2022 Дәріс №1 Пәнге кіріспе (2 сағат)


Дәріс № 13. Қазақстан – замануи әлем мойындаған ел



бет29/34
Дата24.03.2022
өлшемі359,36 Kb.
#136593
түріЛекция
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Байланысты:
лекция Қаз қаз зам тарихы.2
сабыржанова айзада ядро теор кіріспе, 628551.pptx, Қазақстанның қазіргі заман тарихы емтихан тест 2, эссе, Ботаника тест сұрақтары (1), ботан лаб2с (5), №3 лекция, Несіпбек Айтов — Уикипедия, Сөзжасам, м-гия оқытусиллабус, Тренингті ұйымдастыру принциптері, Жердің дамуына космостық процестердің әсері.Балауса
Дәріс № 13. Қазақстан – замануи әлем мойындаған ел
(2 сағат)
1.Әлемдік қауымдастықтың Қазақстанның егемендігін тануы, оны БҰҰ - на қабылдауы.
2.Қазақстанның сыртқы саясатының қалыптасуы және Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатының көпбағыттылығы.
3.Қазақстан Республикасының бітімгерлік миссиясы.
4.Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы және оның нәтижелері.
5. Экономикалық одақ құру туралы келісімі және Кедендік одағының құрылуы және қызметінің басталуы, оның маңызы.
6. Біртұтас экономикалық кеңістік құру идеясы және оны жүзеге асыру.
7. Н. Назарбаевтың «Әлем.ХХІ ғасыр» манифесінің негізгі қағидалары.
1. Қазақстанның дербес сыртқы саясатын жүргізу алғышарттары егемендіктің қалыптасуымен қатар жүрді. 1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР-нің Жоғарғы Кеңесі елді алғаш рет халықаралық құқықтың субьектісі деп анықтаған «Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияны» қабылдады. Бұл тарихи құжатта:«Қазақ КСР-нің халықаралыққатынастардың дербес субьектісі болуға, сыртқы саясатты өз мүдделеріне сай белгілеуге, дипломатиялық және консулдық өкілдіктер алмасуға, халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысуға құқығы бар», – деп жарияланды. Қысқа тарихи кезеңде, 1990 жылдардың басында Қазақстан сыртқы саясатта айшықты жетістіктерге жетті. Қазақстанның егемендігін әлемнің барлық елдері және халықаралық ұйымдар мойындады, көпвекторлы сыртқы саясат қалыптасты, әлемдік қауымдастықтағы беделі артты, екіжақты байланыстар дами бастады. Қазақстан Республикасының Президентінің бастамасымен ұсынылған ынтымақтастық жобалары үлкен резонанс тудырды, елдің халықаралық аренада қолайлы имидж қалыптастыруынажағдай жасалды. Алматы және ел ордасы Нұр-Сұлтанда 70-тен астам елшілік пен халықаралық ұйымдардың өкілдіктері тіркелді. Әлемнің 150-ден астам елінде Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері ашылды және 70 халықаралық ұйымның мүшесі атанды.Мемлекет басшылығы сыртқы саясат арқылы жетекші елдердің қолдауына сүйеніп, саяси-экономикалық, ивестициялық байланыстарын кеңейтуге жағдайлар жасады. Қауіпсіздік мәселесі маңызды орын алды. Президенттің өзін тәуелсіз елдің саяси көшбасшысы ретінде көрсеткен алғашқы мәселесі ядролық мұра туралы болды. Бұл ретте 1991 жылы 29 тамызда Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлық шығарылды, ал 1994 жылы 5 желтоқсанда Будапештте ЕҚЫК-ның кеңесінде Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың депозитарийлері – Ресей, АҚШ, Ұлыбритания тарапынан Қазақстанға қауіпсіздік кепілдігі туралы меморандумға қол қойылды. Қазақстан Президентінің «Қазақстан – 2030» Жолдауында атап көрсеткендей, «қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі басымдық біздің сыртқы саяси қызметке және Қазақстанның оның көршілермен, әлемнің жетекші елдерімен өзара тиімді берік қатынас орнатуына» бағытталды.
1991 жылдан бастап сыртқы саясат пен халықаралық қатынастар саласында көптеген шаралар іске асырылды. Қазақстан өзінің барлық көршілерімен, негізгі әріптес мемлекеттерімен байыпты және болжауға болатындай байсалды қарым-қатынастар орнатты. Сыртқы саясаттың негізгі діңгегі – көпвекторлық жол, яғни көп бағыттылық. Ол – еліміздің геосаяси жағынан орналасуына байланысты өмірдің өзі талап етіп отырған қалыпты жағдай. Өткен уақыт ішінде Қазақстан Республикасын дүние жүзінің 180-нен астам мемлекеті таныды. Қазақстан 120-дан астам елмен дипломатиялық қатынастар орнатты. Шет елдерде 40-тан астам дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашылды.
Қазақстан 1992 жылдың 2 наурызында БҰҰ мүшесі болды, ал сол жылдың 15 маусымында Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы тұрақты Өкілдігі құрылды. Қазақстан БҰҰ мүшесі болған 168-ші мемлекет. Қазіргі таңда ұйымның құрамынада 193 мемлекеттің бар екені белгілі. БҰҰ-мен және оның жүйесіндегі ұйымдармен ынтымақтастық жүргізу біздің мемлекетіміздің сыртқы саясатының басым бағыттарының біріне айналды.
Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылдануы жаһандану жағдайындағы халықаралық ынтымақтастық пен саяси, экономикалық, экологиялық, әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық сипаттағы халықаралық мәселелерді шешуге толыққанды қатыса алуына мүмкіндік берді. Қазіргі күнде елімізде көпшілігі аймақтық және субаймақтық мәртебеге ие БҰҰ жүйесінің арнайы мекемелері, қорлары мен бағдарламаларының 16 өкілдігі жұмыс істеуде. Қазақстан мемлекеттердің халықаралық қауымдастығында өзіндік орнын алды. БҰҰ Бас Ассамблеясының Қазақстанның бастамасы бойынша Семей полигонының жабылу күні – 29 тамызды Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні деп жариялауы мұның маңызды айғағы бола алады. Бұл қарусыздану және ядролық қаруды таратпау ісіндегі қазақстанның үлесін әділетті және жоғары бағалау. Қазақстан халықаралық қауымдастықтың жауапты мүшесі болды. Бұл 1992 ж. 2 наурызында тарихи мағынаға ие болған Қазақстанның БҰҰ-на кіруімен тікелей байланысты. 25 жылға жуық Қазақстан осы беделді және әмбебап ұйымның белсенді мүшесі болып келеді. Н.Ә. Назарбаев өзінің «Сындарлы он жыл» деген еңбегінде «халықаралық және ғаламдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сонымен алып державалардың саясаты мен әр түрлі халықаралық ұйымдардың қызметіне байланысты болып отыр, ал олардың ең бастылары – БҰҰ және және оның шешуші институттары ҚК, Бас Ассамблея, МАГАТЭ және басқалар» деп көрсеткен.


2.Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының тұжырымдамаларында (1995, 2000, 2005 жж. қабылданған) еліміздің сыртқы басымдықтары айқындалды. Қазақстан өзінің сыртқы саясатында үш мәселеге ерекше назар аударды: біріншіден, басқа елдермен, соның ішінде бұрынғы Одаққа кірген республикалармен, Азия, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы, Европа елдері және АҚШ-пен халықаралық байланысты өркендету; екіншіден, шет елдермен тек дипломатиялық байланыс орнатып қана қоймай, сонымен қатар олармен мәдени-экономикалық байланысты күшейту, сол арқылы алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу; үшіншіден, Қазақстанның қауіпсіздігін сақтау, дүниежүзілік соғысты, ядролық қаруды қолдануды болдырмау.Міне, осы бағытта 90-жылдардан бері еліміздің сыртқы саясат пен халықаралық қатынастар саласында көптеген шаралар іске асырылды.
Қазақстан бірқатар жағдайларға байланысты әлемдік қауымдастықтың қызығушылығын тудырады: біріншіден, құрылықтағы геосаяси орналасу ерекшелігі; екіншіден, ұлттық бірігу, толерантты этносаралық диалогтың үлгісі жүзеге асқан ел; үшіншіден, бай минералды ресурстарға ие мемлекет, мұнай, газ, көмір қоры бойынша әлемдегі көшбасшы елдің бірі, ірі астық экспорттаушы.
Ресей Федерациясы, ірі және тарихи шектескен мемлекет ретінде, іс жүзінде Қазақстан Республикасының сыртқы саясатында басты басымдық болып табылады. Елбасының пікірінше, көршілес екі елдің арасында ортақ келісім мен өзара мүддемізді есепке ала отырып шешілмейтін мәселе жоқ. Ресеймен Қазақстанның арасындағы ынтымақтастықтың тереңдеп дамуына 1998 жылдың 6-сы шілдесінде Мәскеуде қол қойылған «Мәңгілік достық пен ынтымақтастық туралы» Декларацияның тарихи маңызы зор. Оның негізінде екі мемлекет арасындағы қаржылық өзара келіспеушіліктер және Байқоңыр ғарыш айлағын бірлесіп пайдалану мәселелері шешілді.
2000 ж. Ресей мен Қазақстан қатынасы жаңа деңгейге көтерілді. Дәл осы кезеңде Ресейдегі Қазақстан жылы және Қазақстандағы Ресей жылы сәтті өтті. 2005 ж. қаңтарда Ресей мен Қазақстан арасындағы 7591 шақырымды құрайтын мемлекеттік шекара белгіленген тарихи маңызды құжатқа қол қойылды. 2007 ж. стратегиялық жұмыс жоспарына сай ғарышты бірлесіп игеру, әскери-техникалық ынтымақтастық, отын-энергетикалық кешені саласында бірлескен жұмыстар жалғасын тапты. 2009 жылдан бастап Қазақстан, Белоруссия және Ресей арасындағы Бірыңғай экономикалық кеңістіктің қалыптасуының заңнамалық мәселелері жетілдіре бастады. Үш мемлекеттің Кеден одағы Еуразиялық экономикалық қауымдастықтан бастау алды. Жалпы, Қазақстан мен Ресей кең ауқымды әріптестік пен одақтастықты қарқынды дамыту жолымен келе жатыр. Екі мемлекет тандемі еуразиялық кеңістіктегі тұрақтылық пен дамудың факторына айналды.
Қазақстанның Орталық Азия елдерімен қарым-қатынасы байланыс та көп қырлы сипатқа ие. Орталық Азия бес мемлекетін біріктіретін фактор олардың ортақ тарихы мен мәдениеті болып табылады. 1994 ж. Орталық Азия экономикалық қауымдастығы құрылды. 1998 жылы Тәжікстан Респуликасы қосылып, сол жылы шілде айында «төрттік» Орталық Азия экономикалық қауымдастықты құруға келісті. Орталық Азия мемлекеттері интеграцияланудың кең әлеуетіне және біріктіруші табиғи байлықтар мен адам ресурстарына, үлкен тұтыну нарығына ие. Бұл факторлар экономикалық және саяси өзара қатынастың тереңдеуі мен жандануына мүмкіндік туғызады.
Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы қарым-қатынас жемісті дамып келеді. Қазақстан – Қытай қатынастары нәтижесінде қол жеткізілген келісімдер жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестіктің ұзақ мерзімді әрі тұрақты дамуын «Тату көршілік, достық пен ынтымақтастық туралы шарт» (2002 ж.23 желтоқсан), Қауіптің алдын алу туралы келісім (2002), 2003-2008 жж. арналған «Ынтымақтастық бағдарламасы» (2003 ж. маусым), Трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім (2005) жанжжақты қамтамасыз етуде. Қазақстан мен Қытай Шанхай ынтымақтастығы ұйымы (ШЫҰ) шеңберінде байланысын күшейтті.2011 жылы Қазақстан мен Қытай ынтымақтастықтың жаңа сапалы кезеңі – жан-жақты стратегиялық әріптестікке өтті.
Қазақстанның сыртқы саясатында Еуропалық Одақтың алатын орны ерекше. Елімізбен Еуроодақ ынтымақтастығының негізі 1995 ж. қол қойылған «Әріптестік және ынтымақтастық туралы» Келісіммен анықталады. Ал, Қазақстан мен ЕО арасындағы қарым-қатынастың құқықтың негізі 1999 жылғы Әріптестік пен ынтымақтастық келісімі болып табылады. Осы кезеңнен бастап елімізде, ЕО -да маңызды саяси, экономикалық және әлеуметтік өзгерістерді өткерді, тараптар осы өзгерістерді көрсететін жаңа базалық келісімге келісті.Қазақстан ЕО-ның сенімді әрі жауапты энергетикалық әріптесі болып қала бермек. 2011 ж. Қазақстан мен ЕО елдері арасындағы сыртқы сауда айналымы 50 млрд. АҚШ долларын құрады. 1993 және 2011 жылдар аралығында ЕО елдерінен Қазақстан экономикасына салынған инвестицияның мөлшері 65,7 млрд. АҚШ долларына жетті. Негізгі инвесторлар: Нидерланды, Ұлыбритания, Италия және Франция.
Егемен Қазақстанның көп бағытты сыртқы саясатының тағы бір үлгісі Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы қарым-қатынас.1991 ж. 25 желтоқсанда АҚШ еліміздің тәуелсіздігін мойындады. Ал, 1992 ж. қыркүйекте АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі ашылды. Екіжақты қарым-қатынастың әрі қарай кеңеюіне Президент Н. Назарбаевтың АҚШ-қа 1994 ж. ақпандағы ресми сапары ықпал етті. Екі мемлекет арасында «Демократиялық әріптестік туралы хартияға» қол қойды. Хартия әлемнің жетекші державасымен әріптестік қатынастың орнағандығын бекітті.
Тәуелсіз Қазақстанның өзара қатынас жүйесінде Түркиямен екіжақты қарым-қатынас ерекше орын алады. 1994 ж. Қазақстан мен Түркия арасында Достық және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Екіжақты Қазақстан Түрік қатынастарының маңызы зор. 2009 ж. Президент Н.Ә. Назарбаевтың аймақтық құрылым бола алатын түркі тілдес елдердің ынтымақтастық кеңесін құру бастамасы үлкен еуразиялық мәнге ие. Сондай-ақ, Қазақстан Азия жәнееуропалық және американдық бағыттағы мемлекеттерменекіжақты саяси, экономикалық, мәдени ынтымақтастық туралы келісімге қол қойып, экономикалық, ынтымақтастық және Қазақстан экономикасын шетелдік инвестиция үшін алғышарттар туындады.


3. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде өткен бітімгерлік қызметті реформалау жөніндегі отырыста Қазақстан тарапы БҰҰ-ның бітімгершілік операцияларындағы өз үлесін арттыруға ниетті екендігін мәлімдеді. Оған қоса БҰҰ-ның бітімгерлік жүйесін бағалаудың инновациялық тәсілдері мен жаңа критерийлерін қолдану қажеттігі туралы ұсыныс білдірді. Сонымен қатар біздің делегация қақтығыстарды болдыр­мау мен оларды шешуде өңір­лік құрылымдар арасындағы ын­ты­мақ­тастықтың маңыздылығын атап өтіп, дауларды болдырмау мен олардың түбегейлі себеп­терін алдын ала ескеру бойынша Қазақстан ұсынған үшжақты стратегияны еске салды. Халықаралық саяси-әлеуметтік міндеттемелерін жауапкершілікпен орындайтын, небір күрмеуі қиын мәселелерге араласып, бітімгерлік, бейбітсүйгіштік қырынан көрінген біздің елімізге бұндай міндет­тің жүктелуі заңдылық еді. Қазақ­стан БҰҰ бітімгерлік әскеріне Орта­лық Азиядан әскер жіберуші жал­ғыз мемлекет. 
Бүгінде Қазақстан әлемдік қоғам­дас­тық алдында тың шешімдері, батыл қадам­дары, әрбір істегі жауапкершілігі ар­қылы қай істе де сенімді серіктес екен­дігін дәлелдеп шықты. 
Еліміз халықаралық деңгей­дегі дау-жанжалдардың, шиеленіс­тердің, қарулы қайшылықтар­дың тігісін жатқызып, тараптарды татуластырып, ағайындарға араша болып әлемдік қоғамдас­тық­та өз орнын айшықтап алды. Мем­лекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың араласуынан кейін бітіспес жауға айналған көршілер, ат құйры­ғын кесіскен мемлекеттер тоқтамға келіп, татуласып жатқан жағдай­лар аз емес. Бұл, әлбетте еліміздің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде қызмет етуіне өзіндік ық­па­лын тигізгені анық. 
Қазақ­стан әскерін бітімгерлік мис­­сия­­ларында тәжірибелі жасақ бол­­ды деп айтуға толық негіз бар. Тәжік-Ауған шекара­сын күзет­кен қазақстандық сар­баз­дардың есімдері ел жадынан шықпайды.
Қазақ сарбаздары 2003 жылдан бастап бес жылдай уақыт Иракта қақтығыстар өткен аумақтарды мина­дан тазарту, жергілікті тұр­ғын­­дарды саперлік жұмысқа үйре­ту, халыққа меди­циналық қыз­мет көрсету арқылы жұрт­шы­лықтың ықыласына бөленді. Бұл іс жүзінде абыройлы миссия болатын. Міне «ҚАЗБАТ» атағының дүр­кіреген кезі осы. Айтылған уәж дәйекті болуы үшін, сандарды сөйлетсек, Ирактағы миссия бары­сында қазақстандық сарбаздар 4 млн-нан аса жарылғыш заттың көзін жойды, 6718 текше метр суды тазартып шықты. Ирак әскери академиясының 572 кур­санты жарылғыш заттар­ды жою­ға оқытылды. Бұған қоса лаң­­кестік әрекеттердің кесірінен жара­­ланған 5 мыңнан аса азамат­қа меди­циналық көмек көрсетіл­ді. Олардың көбі әйелдер мен бала-шаға болатын.
Енді берідегі бітімгерлікке тоқ­талсақ, Иран Ислам Респуб­ли­ка­сы­ның ядролық бағдар­ламасы­­на шүйліккен әлемдік қоғам­дас­тық 2013 жылы іске Қазақ­стан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың араласуынан кейін кең тыныстай бастады. Сол жылы Алматыда бас қосқан Ресей, АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Франция, Германия мен Иран тараптары мәселені реттеуге келіскен-ді. Келіс­сөздердің нәтижелі болған­ды­ғын Еуропалық одақтың ара­ға екі жыл салып Қазақстан­­­нан тағы да араағайындық етуді сұра­­ған­­д­ы­ғынан да байқауға болады. Әрине біздің Президент­­тің халықаралық деңгейдегі беде­лі арқылы мүдделі тараптар келісімге келіп, Иранды көптеген жылдар бойы бас көтерт­пей отырған қысымдар бәсеңдеді. Ресей мен Түркия ара­сын­­дағы шиеленістерді шешу­дегі біздің мемлекеттің, Мемлекет бас­шы­сының рөлі аса маңызды болды. 
Жоғары деңгейдегі келіссөз­дер өткізу­дің зор жауапкершілігін арқа­лай алатын Қазақстан кеше­гі Сирия дағдарысында да тарап­тар­дың басын қосып, күн-түнге созылған құжаттардың қабылдану сатысына алаңдаған әлемдік қоғам­дастық ел ордаға көз тігіп отырды. 
Жалпылай алғанда, БҰҰ 1948 жылдан бері 69 бітімгерлік миссия ұйымдастырған. Қазірдің өзінде жер шарындағы 16 «қауіпті нүктеде» жүз мыңнан аса бітімгер қызмет етуде. 


4. Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы (ЕҚЫҰ) (ағылш. Organization for Security and Co-operation in Europe) -саясидиалогүшінарналғанхалықаралықұйым. Негізгімақсаты-жетілдірілгенбасқарумендемократиялықүрдіснегізіндегіаймақтықтыныштықпенқауіпсіздік. 3500 астамқызметкерлерініңбасымбөлігіжерлердегіістерменайналысып, алоның 10 %-ғажуығыбаспәтердеотырады.
ЕҚЫҰ, БіріккенҰлттарҰйымы астындағыұйым, алдыналаескерту, шиеленістердітоқтату, тоқырау-менеджментінежәнепост-конфликттікреабилитацияістерінеасаназараударады. 
Қазақстан бұлұйымға 1992 ж. қаңтардың 30-ымүшеболып Хелсинкидегі СоңғыАктіне шілденің 8-деқолқойды. 2009 жылы осы Ұйымды басқару үшін ниет еткен Қазақстан негізінен тек екі ел — АҚШ пен Құрама Патшалық қарсылығына тап болды. Осы елдердің ойынша Қазақстан адам құқығын, демократиялық құндылықтарды қорғау жөнінде әлі де көп еңбек ету керектігі айтылған. Қазақстан кандидатурысын ТМД елдерімен қатар Батыс Еуропа елдерінің көбісі (ГерманияИталия, Нидерланд және Франция) қолдауда. Қарашаның 29-30 Мадридте ЕҚЫҰ мүше-елдердің сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК) 15-ші отырысында компромисс ретінде Қазақстан ТМД елдерінің ішінде алғашқысы болып ЕҚЫҰ төрағалығына 2009-да емес, 2010 жылы ие болатындығы хақында шешім қабылданды.
Төрағалық жөніндегі шешім ЕҚЫҰ мүше мемлекеттерінің Қазақстанның әлемдік процестегі позитивті рөлі , оның құқықтық , демократиялық мемлекет құруға шынайы ұмтылыстарын ресми бағалауы болды. ЕҚЫҰ-ның тарихында бұл ұйымға мұсылман халқы басым түркі азиялық ел басшылық жасауда. ЕҚЫҰ-ның төрағасы ретінде Қазақстан күн тәртібіне мәдениеттер мен діндер арасындағы үндестікті жақсарту,шыдамдылықты нығайту мен дискриминацияның барлық түрлерімен күресу сияқты мәселелерді қосуда. Қазақстан ЕҚЫҰ-ның реформаларының басты субьектісіне айналды, өйткені ол – ЕҚЫҰ дағы батыстың да , шығыстың да елдерімен жақсы қарым – қатынастағы және ешқайсысымен қайшылығы немесе территориялық таластары жоқ жалғыз және ішкі саясаты ұлтаралық және конфессияаралық тұрақтылықпен сипатталатын бірден-бір мемлекет.Қазақстанның төрағалығы ЕҚЫҰ-на ең алдымен ұлтаралық,дінаралық,тіларалық келісімнің үздік үлгісін береді.Сонымен қатар,Орталық Азиядағы қауіпсіздік пен тұрақтылыққа да игі ықпал жасауда. ЕҚЫҰ ның төрағасы ретінде Қазақстанның алдында үш бағыттағы мәселелерді шешу міндеті тұр: әскери-саяси , экономика-экологиялық және гуманитарлық бағыт. 
Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалығы аталған халықаралық Ұйымға Шығыс Еуропа елдері мен ТМД мемлекеттерінің сенімін нығайтуды жоспарлауда. Қазақстан өзінің ЕҚЫҰ-ға төрағалығы кезеңінде, Ауғанстанды қоса алғанда, Орталық Азия проблемаларына назарды күшейтетінін және лаңкестікпен , ұйымдасқан қылмыспен , есірткі трафигімен , адам және қару – жарақ саудасымен күрес бағыттарында белсенді жұмыс жүргізу қажеттігін басты міндеттерінің бірі деп есептейді.Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы үндестікті сақтаушы ретінде Ұйымның рөлін нығайтуға талпынуда7
Қазіргі жаңа Қазақстан тарихындағы маңызды белестің бірі елдің 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) – Еуропада, Орталық Азияда және Солтүстік Америкада орналасқан 56 елдің басын біріктіретін ірі аймақтық ұйымға төрағалық етуі болды.
Қазақстан – бұрынғы кеңестік кеңістіктегі елдер арасынан бұл ұйымға ең алғаш төрағалық еткен мемлекет. Мүше мемлекеттердің тең құқықтылығы қағидатын және «Ванкуверден Владивостостокке дейінгі ортақ кеңістік» доктринасының пәрменділігін ЕҚЫҰ-ның сақтағанын көрсеткен бұл тарихи шешім республикамыздың халықаралық саясаттағы барған сайын артып келе жатқан рөлінің мойындалуының айғағына айналды.
Еліміздің ЕҚЫҰ-дағы төрағалығының ұраны латынның төрт «T» әрпі болды: сенім (trust), дәстүр (tradition), транспаренттілік (transparency) және төзімділік (tolerance). Сенім – халықаралық қатынастардағы басты ресурс. Елдер арасындағы өзара сенімге құрылған қарым-қатынас пен ұдайы үнқатысып отыру ұжымдық қауіпсіздіктің заманауи жүйесінің негізін құрайды. Дәстүр Қазақстанның ЕҚЫҰ-ның іргелі қағидаттары мен құндылықтарына адалдығын айшықтайды. Транспаренттілік мейлінше ашықтықты, «қосарланған стандарттың» және «жіктеу шектерінің» жоқтығын, сонымен қатар қауіпсіздік саласында басты назарды сындарлы ынтымақтастыққа бағыттауды аңдатады. Төзімділік – бұл мәдениеттер және өркениеттер арасындағы диалогтың барған сайын артып отырған маңызын түйсіну.
Төрағалықтың басты нәтижелі түйіні – ЕҚЫҰ-ның онжылдық үзілістен кейінгі 2010 жылғы 1-2 желтоқсанда өткен Астана Саммиті. Оған дейінгі жоғары деңгейдегі басқосу 1999 жылы Ыстамбұлда өткен болатын.
Саммитке ЕҚЫҰ-ға мүше 38 мемлекет және үкімет басшысы, жоғары лауазымды шенеуніктер, сонымен қатар басқа да халықаралық және өңірлік ұйымдардың өкілдері қатысты. Олардың қатарында ЕҚЫҰ Бас Хатшысы Марк Перрен де Бришамбо, БҰҰ Бас Хатшысы Пан Ги Мун, Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведев, АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон, Германия Федеральдық Канцлері Ангела Меркель, Италия Премьер-министрі Cильвио Берлускони, т.б бар.
Астана Саммиті ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының халықаралық саясатта алдын ала байқалған поляризация нышандарын еңсерудегі және Ұйымға қатысушы елдерінің өзара алыстау бағытына қатысты саяси жігерінің айқын көрінісі болды.Еуро-атлантикалық және Еуразиялық кеңістіктердегі тұрақты қауіпсіздік мәселелері, Ауғаныстан түйткілі, «тоңы жібімей келе жатқан» қақтығыстарды шешу жайы Саммиттің негізгі тақырыптары ретінде талқыланды.Форумға қатысушылар алдында сөйлеген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жаңа парадигмасына көшу, яғни ынтымақтастықтың төрт мұхит шекарасындағы – Атлант мұхитынан Тынық мұхитқа және Солтүстік Мұзды мұхитынан Үнді мұхитына дейінгі біртұтас кеңістіктігін қалыптастыру қажеттігі жөнінде мәлімдеді.
Кездесу соңында аса жоғары деңгейде Астана декларациясы қабылданды. Онда Саммитке қатысушылар ЕҚЫҰ-ның Хельсинки актісінде және Жаңа Еуропаға арналған Париж хартиясында, Ұйымның өзге де құжаттарында бекітілген міндеттемелерін, қағидаттары мен құндылықтарын қуаттады. Сонымен қатар, қатысушы елдер өкілдері ЕҚЫҰ-ның барлық үш өлшемі бойынша жұмысты жалғастыруға,  ұйымның жауапкершілігі аймағында орын алып отырған қақтығыстарды реттеуде күш-жігерді артыруға, адам құқықтарын қорғауға, заңның үстемдігін қамтамасыз етуге, жаңа қатерлерге лайықты түрде қарсы тұру мүддесі жолында Ұйым жұмысын жаңаша жолға қоюға міндеттенді.
Астанадағы Саммит делегациялар басшылары тарапынан жоғары бағаға ие болды. Мәселен, Ұйымның Бас Хатшысы Марк Перрен де Бришамбо Қазақстан елордасында қабылданған шешімдер ортақ қауіп-қатерлерге қарсы тұрудың біртұтас стратегиясын жасауға ықпал ететінін атап өтті. БҰҰ Бас Хатшысы Пан Ги Мун ЕҚЫҰ-дағы Қазақстан төрағалығының мейлінше табысты болғанын атады. Ал АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон ЕҚЫҰ Саммиті Қазақстанның халықаралық қоғамдастықта үлкен рөл атқаратынының дәлелі екенін атап айтты.
ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Саммиті «еуропалық ортақ үй» салуға қайтадан кірісуге нақты мүмкіндік берді. 


5. Еуразиялық экономикалық одақ, ЕЭО - ҚазақстанРесейБеларусь мемлекет басшылары арасында 2014 жылдың 29 мамырында қол қойылған келісім негізінде құрылған экономикалық одақ. Мүше елдердің парламенттері бекітіп, Одақ 2015 жылдың 1 қаңтарына бастап күшіне енді.
Еуропалық Одақ интегрцациясына сүйенген идея Ресейдің сол кездегі премьер-министрі Владимир Путин тарапынан 2011 жылдың қазан айында көпшіліктің назарына ұсынылған,[4][5] бірақ тұжырымдама ретінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев тарапынан 1994 жылы Мәскеу Мемлекеттік Университетінде тұңғыш таныстырылған болатын.
2011 жылдың 18 қарашасында Беларусь, Қазақстан, Ресей президенттері Еуразиялық Экономикалық Одақ 2015 жылға қарай құрылады деген келісімге қол қойған. Бұл келісім болашақ интеграцияның жол картасын қамти отырып, Еуразиялық Экономикалық Комиссияның және 2012 жылдың 1 қаңтарынан жұмыс істей бастаған Еуразиялық Экономикалық Кеңістік негізін қалады.
ЕЭО саяси блок емес, тек экономикалық одақ ретінде құрылады деп жоспарланған.
Ке­дендік одақ (ағыл. customs union; нeм. Zollunionf) - екі немесе бірнеше мем­лекеттердің өз араларындағы кедендік шекараларды жою және бірыңғай кедендік тариф құру жөніндегі келісімі.Кедендік одақ аумағында тауарлардың, жұмыс күшінің және капиталдың кеден баждары салынбай, еркін өткізілуіне рұқсат етіледі.
2010 жылдың 1 қаң­та­ры­нан бастап үш ел - РесейБе­ларусь Қазақстан үшін бір­ыңғай кедендік тариф күшіне ен­ді. 2011 жылдың 1 шілдесінен бас­тап бірыңғай кедендік кодекс ен­гізілетін болады. 2011 жыл­дың ортасынан бастап тауа­р­лар­дың кедендік бақылауы Беларусь Рес­публикасының, ал бір жылдан ке­йін Қазақстан Респуб­ли­ка­сының сыртқы шекарасына кө­ші­рілетін болады. Үкіметтегі білікті мамандар: «То­­лыққанды және толық ауқым­дағы Кедендік 2011 жылдан бас­тап енгізіледі және Ресей мен Қа­­зақстан шекарасындағы барлық рәсімдеу шаралары шекараның сыртқы жиегіне шығарылады, оның ішінде барлық тарифтік жә­не тарифтік емес: санитарлық, ветеринарлық, фитосанитарлық реттеулер бар. Бұлардың барлығы 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап өз­гертіледі» деп атап көрсетті.
Одаққа бірігудің негізгі мәні одақ­қа мүше мемлекеттер ішін­де­гі кедендік тосқауылдардың бол­мауында және кез келген сыртқы та­уарға, оның қай елге тасы­мал­данатынына және ортақ ше­карадан қай жерде өткеніне қара­мастан бірыңғай кедендік та­­лапты қалыптасуында. Ке­ле­шекте біртұтас көліктік, энер­гетикалық, ақпараттық ке­ңістік құрылуы тиіс, интег­ра­циялық процестер жеделдетіледі, то­лыққанды жалпы рынок қа­лыптасады, ұлттық экономикалар біртұтас кешенге бірігеді. Елдер әлеу­меттік-экономикалық да­мудың ортақ мақсаттарына ке­ліседі, уағдаласқан құрылымдық, ин­новациялық, сыртқы эко­но­микалық және әлеуметтік сая­сат­ты қалыптастырады.


6. 2003 жылғы 19 қыркүйекте Беларусь, Қазақстан, Ресей және Украина президенттері Біртұтас экономикалық кеңістікті құру туралы Келісімге келіп, оның Тұжырымдамасына қол қойды. Ол Достастық кеңістігінде экономикалық интеграцияның жаңа оңтайлы жолдары мен тәсілдерін қарастырудың нәтижесінде жүзеге асырылды. Осылайша Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (бұдан әрі – ТМД) елдері Жалпы ішкі өнімінің 90% үлесіне ие экономикалық дамыған 4 ТМД мемлекеті интеграцияның жаңа сапалы әрі жоғары деңгейіне көшу туралы шешім қабылдады.
Қол қойылған құжаттар тек экономикалық сипатқа ие. Олар инфрақұрылымдық жүктемені төмендетуге бағытталған. Ал бұл өз кезегінде ортақ кеңістікте тауар өндірушілердің өзара қарым-қатынасын жеңілдетіп, бәсекелестік қабілетін көтереді. Біртұтас экономикалық кеңістікті қалыптастыру туралы келісімде және Тұжырымдамасына енген интеграциялық үлгі әлемдік экономиканың қазіргі заманғы талабына жауап беріп, әлемдік шаруашылықтың ғаламдану үрдісіне енеді.
Біртұтас экономикалық кеңістікті (бұдан әрі – БЭК) қалыптастыру туралы келісім 2004 жылғы 20 мамырда заңдық күшіне енді.Президенттердің 2003 жылғы 23 ақпандағы мәлімдемелеріне сәйкес БЭК-ті құру бойынша Жоғары деңгейдегі топ құрылды (ЖДТ).
Жоғары деңгейдегі топтың міндетіне тауарлардың, капиталдың, қызмет көрсетудің және жұмыс күшінің еркін қозғалысын қамтамасыз етуге және экономиканың әртүрлі саладағы мемлекеттік Заңнамаларын үйлесімдендіруге бағытталған, құжаттарды, тетіктерді және институттарды дайындау кіреді.Осыған орай БЭК-ті қалыптастыру жөніндегі негізгі шаралар кешені (құжаттар 22 бөлім мен 116 шарадан тұрады), техникалық тапсырма, сонымен бірге жұмыс жоспары дайындалып бекітілген.Құжаттар өзара қарым-қатынастың негізгі бағыттарын - кедендік- тарифтік реттеуден жеке тұлғалардың қозғалыс еркіндігін қамтамасыз етуге дейінгі басты бағыттарды анықтайды.
2004 жылы 24 мамырда Ялтада БЭК-ке қатысушы мемлекеттер басшыларының саммиті болып өтті, онда «төрттік» басым бағыттағы келісімдерді дайындауға баса назар аударды. Әр тарап ұлттық экономикалық мүдделерді есепке ала отырып, бұдан әрі ынтымақтастық туралы пікірлерін айтты. Украина әр түрлі салада ортақ жобаларды жүзеге асыру (көлік, отын -энергетикалық кешендер) және ең алдымен еркін сауда аймағын құрайтын құжаттарды дайындауды ұсынды. Ресей, өз кезегінде, ағымдағы күрделі аспектілерді екіжақты түрде шешу және қызмет пен капитал нарығына қол жеткізу тәртібін ырықтандыруды ұсынды. Қазақстан кедендік және көлік одақтарын құруды ұсынды. Осыған байланысты президенттер ЖДТ-қа (жоғары деңгейдегі топ) бірінші кезектегі құжаттарды дайындауды тапсырды.
2004 жылы 15 қыркүйекте Астанада «төрттіктің» мемлекет басшылары БЭК құру туралы келісімді одан әрі дамытуға бағытталған шешім мен мәлімдеме қабылдады. Осылайша, бірінші кезекте қол қойылуға тиісті 29 халықаралық-құқықтық және т.б құжаттардың тізімі бекітілді. Сонымен бірге 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап тауарды өзара сатуда тағайындалған ел бойынша қосымша құн салығын салудың ортақ принциптеріне көшу туралы келісімге қол жеткізілді. БЭК мүше мемлекеттің ішкі шекаралары арқылы жеке тұлғалардың қозғалысын жеңілдету мәселесі бойынша ЖДТ-ға (жоғары деңгейдегі топ) сәйкес келісімдерді дайындау тапсырылған.
2005 жылғы 27 тамызда Қазанда БЭК-ке қатысушы мемлекеттер басшылары жаңа мәлімдемеге қол қойды. Онда ЖДТ-ға (жоғары деңгейдегі топ) 2005 жылдың 1 желтоқсанына дейін 29 келісімнен тұратын құжаттардың 1-ші пакетін қол қоюға дайындау және 2006 жылдың 1 наурызына дейін интеграциялық үрдістердің тереңдеуіне бағытталған 15 құжаттан тұратын 2- пакеттің дайындығы туралы баяндау тапсырылды. Сонымен бірге украиналық тарап өзінің ұйымға қатысу сатысын ДСҰ (Дүниежүзілік сауда ұйымы) нормалары мен ережелерін есепке ала отырып, әр түрлі деңгейлі және әр түрлі жылдамдықты интеграция принципіне сүйене отырып анықтайды делінген.
2006 жылғы 18 мамырда Минск қаласында өткен Біртұтас экономикалық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі Жоғары деңгейдегі тобының кезекті мәжілісі барысында 2005 жылдың 27 тамыздағы Қазан қаласындағы БЭК-ке қатысушы мемлекеттер басшыларының Мәлімдемесін іске асырудың мәселелері талқыланды.
Қазіргі уақытта БЭК-ке қатысушы мемлекеттердің шекаралары арқылы азаматтардың және көлік құралдарының қозғалысын бақылау рәсімін жеңілдету тәртібі туралы келісімнің жобасы Қазақстан Республикасының министрліктері мен ведомстволарына мемлекетішілік келісуден өтуде. Мемлекетішілік рәсімдер аяқталған соң Келісім жобасы белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізіледі.


7. 2016 жылы 31 - 1 сәуір аралығында Вашингтон қаласында өткен IV Ядролық қауіпсіздік саммитінде Елбасы Н. Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі жария етілді.ҚР Тұрақты Өкілдігінің Бас хатшысына үндеуі нәтижесінде Манифест БҰҰ Бас Ассамблеясының және Қауіпсіздік кеңесінің ресми құжаты мәртебесін алды.Саммитте сөз сөйлеген Елбасы Қазақстан ядролық нысандар мен материалдар қауіпсіздігінің деңгейі өте жоғары мемлекеттердің алғашқы жиырмалығының қатарына кіретінін айта келіп, Қазақстанның бүгінгі күні уран қоры және оның кенін өндіру жөнінен әлемдік көшбасшы болып, осы өнімді негізгі экспорттаушылардың бірі екенін атап өтті.Елбасының «мемлекеттердің азаматтық ядролық технологияларға қол жетімділігі тең болуын қолдайды» деуі адамзат санасындағы атомның күші мен құдіреті әуелде сол адамзатты қырып-жоюға бағытталған деген әуелгі сананы өзгерту керектігін меңзегендігі деп ұғынғанмыз абзал.Қазақстан Президенті адамзат баласының баршасына «ХХІ ҒАСЫР: СОҒЫССЫЗ ӘЛЕМ» атты кең ауқымды Бағдарлама қажет деген ой тастады. Сол ойын нақтылы етіп тұжырымдай отырып, Елбасы бұл Бағдарламада негізгі үш басты қағидатты, «қазіргі кездегі бірде-бір соғыста жеңімпаз болмайды және бола да алмайды, онда бәрі де жеңіледі», «жаңа соғыста жаппай қырып-жоятын қарулар – ядролық, химиялық, биологиялық және ғылым жетістігі негізінде ойлап табылуы ықтимал басқа да кез келген қару түрлерін қолданудан қашып құтылу мүмкін болмайды. Бұл бүкіл адамзаттың қырылуына алып келеді» және де «мемлекеттер арасындағы барлық талас-тартыстарды реттеу үшін негіз бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін теңдей жауапкершілік, өзара құрмет және ішкі іске араласпау қағидаттарына негізделген бейбіт үн қатысулар мен конструктивті келіссөздер болуы керек» дегенді алға тартты.
Н. Назарбаевтың "Әлем. ХХІ ғасыр" манифесі - Президенттің әлемнің барлық халықтары мен көшбасшыларына соғысқа қарсы жаһандық жолдауын дүние жүзі мойындады. Манифест БҰҰ-ның ресми құжатына айналды. Жаһандық қарусыздандыру мәселелері барлық адамзат үшін ерекше өзектілікке ие. Манифесттің Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүше болып сайлануының хабаршысы болуы ерекше мәнді. Біздің еліміз халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға жауапты 15 негізгі мемлекеттің қатарына кірді. 
Бұл анағұрлым жоғары деңгейдегі дүниежүзілік тұрақтылық пен қауіпсіздікке қатысты қолданылатын бірлескен әрекеттер алгоритмі. Елбасы манифестте жаһандық процесс іске қосатын шарттарды нақты көрсеткен - соғыссыз және халықаралық ядролық бақылаусыз бейбіт өмір. Еліміздің Президенті ядролық қаруды таратпау мәселесіндегі дара көшбасшы болып табылатыны сөзсіз. Осы мәнмәтінде Н. Назарбаев жаңа жаһандық бағдарламалық ұсыныстардың бас генераторына айналды. Бұл жаппай қырып-жою қаруының жаңа түрлерін жасау жөніндегі ғылыми жаңалықтарды бақылау және қаруды ғарышта, дүниежүзілік мұхиттың бейтарап суларында, Арктикада орналастыруға тыйым салу.
Елбасы дүниежүзілік қоғамды жалпы әлемдік проблемалар мен қауіп-қатерлерді шешуге барынша күш салуға шақырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет