Лекция тезистері



Pdf көрінісі
бет116/124
Дата11.02.2022
өлшемі1,21 Mb.
#131432
түріЛекция
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   124
Байланысты:
2. Лекция (7)
575032.pptx (4), 575032.pptx (4), Tast 1 бопа, Tast 1 бопа, Композиция лек (1), тест емтихан, Ғалымдардың дінге көз қарасы, Паранаука основания, место и роль в современной культуре, stud.kz-116152
Мақсатты ұғыну. 
Адам мiнез-құлқының стимулдары сан алуан. Мұндайлар: ашығу, шөлiркеу 
сияқты физиологиялық қажеттiлiктер, ауа жұту, дем алу, ұйықтау қажеттiлiктерi, басқа адамдармен 
араласу, бiлiмге, көңiл көтеруге құмарлық тәрiздi әлеуметтiк қажеттiлiктер бола алады. Қажеттiлiктердi 
саналы ұғыну дәрежесiне байланысты 
елiгу
және 
тiлек
деп бөледi. 
Туа бiткен қажеттiлiк адам санасында күңгiрт, бұлыңғыр зауықтану,елiгу түрiнде бейнеленедi. 
Оның күңгiрт болатыны оған қажеттiлiк аз, оның сигналдары мида айқын бейнеленбейдi. Адам өзiне 
әйтеуiр бiрдеңе қажет сияқты сезiнедi, бiрақ оның нақты не екенiн анық бiлмейдi. Елiгудi әдетте өтпелi 
күй ретiнде қарастырады. Ал тiлек дегенiмiз – мұрат түрiнде өмiр сүретiн (адам миында) қажеттiлiк 
мазмұны. 
Тiлек әрекетте 
мотив
болуы мүмкiн. Iс-әрекеттiң мотивi ретiнде тiлек қажеттiлiктi айқын ұғыну
жете түсiнумен сипатталады. Ал тiлеу дегенiмiз - тiлектi қанағаттандыру үшiн әрекет жасау болып 
табылмайды. Тiлекте қажеттiлiк мазмұны бейнеленгенiмен, онда әрекет белсендi элемент жоқ.
Жоспарлау. 
Күрделi ерiк әрекетiнде шешiм қабылдаудан соң қойылған мiндетке жету жолдарын 
Жоспарлау басталады. Рас, кейде шешiмдердi жүзеге асыру тәсiлдерi мақсаттың қалыптасуы барысында 
содан туындап, жалпы түрде белгiленедi. Бiрақ, бұлай болған жағдайдың өзiнде ол тiкелей практикалық 
әрекет алдында мұқия талқылаудан өтедi.
Орындау. 
Амал-тәсiлдер белгiленген соң адам қабылдаған шешiмдердi жүзеге асыруға кiрiседi. 
Көптеген психологтар ерiктiң мәнiн нақ осы 
қабылданған шешiмдi орындауд
ан көредi. Ерiктiк әрекеттiң 
орындау сатысының күрделi құрылымы бар. Қабылданған шешiмдi орындау ең алдымен белгiлi бiр 
уақыт мерзiммен байланысты. Егер шешiмдi орындау ұзақ уақытқа дейiн ысырылса, онда оны орындау 
ниетi
деп айту қабылданған. Ниет өзiнiң мәнi бойынша кейiнге қалдырылған әрекетке iштей әзiрлiк 
және шешiммен бекiтiлген мақсатты жүзеге асыру бағыттылығы боп табылады. Алайда тек бiр ғана ниет 
жеткiлiсiз. Алдын ала Жоспарланған әрекеттi жүзеге асыру үшiн саналы түрде 
ерiктiк күш салу
керек.
Сонымен, ерiктiк әрекеттер құрылымы жағынан өте күрделi процесс боп шықты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   124




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет