Екiншi сигналдық байланыстар негiзiнде адам мiнез-құлқының барлық саналы және мақсатты
реттелуi жүзеге асады, алынған ақпараттың орнын, мезгiлiн, сипатын, тәсiлiн, қарқынын т.б. анықтау
атқарылады. екiншi сигнал жүйесiнiң тiтiркендiргiштерi адам мiнез-құлқының қимыл-қозғалыстық
бөлiгiнiң ғана белсендiлiгiн арттырып қоймай, ой, қиял, ес тәрiздi көптеген психикалық процестердiң
басталуының сигналы болады, зейiндi реттейдi, сезiмдi туғызады. Екiншi сигналдар (сөздер) көмегiмен
адамның бүкiл саналы әрекетi жүзеге асып реттелiнедi. Екiншi сигналдық байланыстар қимыл
әрекеттердi бөгеу, ерiктi тежеу қызметiнде шешушi рөл атқарады.
Сонымен, екiншi сигналдық байланыстар ақпараттың талдағыштан қозғалыс бөлiгiне жылжудың
бағытын өзгертедi. Бұл ақпарат өте күрделi жолдан өтедi. И.П.Павлов қимыл-қозғалыстың ырықты
болуы бүкiл ми қыртысының жалпы жұмысының нәтижесi деп түсiндiредi. Ал сананың реттегiш жағы
ретiнде ерiк шартты рефлекстiк табиғатқа ие. Уақытша жүйкелiк байланыстар негiзiнде сан алуан
ассоциациялар мен олардың жүйелерi қалыптасып нығаяды да бұлардың өздерi мақсатты мiнез-құлыққа
жағдайлар жасайды.
Тәжiрибе ерiктi реттеуде ми қыртысының маңдай бөлiгiнiң айырықша маңызы бар екенiн көрсетiп
отыр. Әр сәт сайын жүзеге асып жатқан нәтиже мен алдын ала жасалынған мақсат бағдарламасының
салыстырылуы тап осы жерде өтедi. Маңдай бөлiмiне зақым келу қимыл-қозғалысты, әрекеттi ырықты
реттеудiң бұзылуынан көрiнетiн
апраксияға
әкеп соғады. Мұндай адам қандай-бiр әрекеттi орындауды
бастап, кез-келген кездейсоқ әсердiң нәтижесiнде оны бiрден тоқтатады не өзгертедi, яғни ерiктiк
актыны жүзеге асыру мүмкiн емес. Ми патологиясы негiзiнде iс-әрекетке түрткiнiң болмауынан, шешiм
қабылдауға, қажеттi әрекеттi жүзеге асыруға қабiлетсiздiктен көрiнетiн
абулия
(ерiктiң әлсiреуi) пайда
болуы мүмкiн. Абулия ми қыртысының патологиялық тежелуiнен туындайды.
3.
Адамның еркi алдын ала қойылған мақсатқа сай орындалатын әрекет, қылықтардан көрiнiп
отырады. Ерiктiк әрекеттер құрылымы жағынан өте күрделi процесс болып табылады. Ерiктiк әрекеттер
мақсаттың және сол сияқты оларды орындау барысында кездесетiн кедергiлердiң, қиындықтардың
болуымен, оларды орындау кезiнде бастан кешетiн тебiренiс,толғаныстардың болуымен сиптталады.
Ерiктiк әрекеттердi
қарапайым
және
күрделi
деп бөледi. Қарапайымы, әдетте,
мақсат қою
және
орындау
сияқты екi буыннан тұрады. Күрделi ерiктiк әрекетте
мақсатты ұғыну
,
Жоспарлау
және
орындау
деген үш буын айқын бөлiнедi.
Адам еркiнiң психологиялық мәнiн түсiну үшiн күрделi ерiктiк әрекеттi қарастырып көрейiк.
Достарыңызбен бөлісу: