Лекция тезистері



Pdf көрінісі
бет123/124
Дата11.02.2022
өлшемі1,21 Mb.
#131432
түріЛекция
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   124
Байланысты:
2. Лекция (7)
575032.pptx (4), 575032.pptx (4), Tast 1 бопа, Tast 1 бопа, Композиция лек (1), тест емтихан, Ғалымдардың дінге көз қарасы, Паранаука основания, место и роль в современной культуре, stud.kz-116152
1. Жалпы; 2. Арнайы. 

Арнайы қабілеттер адамның іс- әрекетінің жеке арнайы салаларындағы жетістіктерін 
анықтайды. Ол арнайы қабілеттердің түрге жікелуінен көрінеді.(математика, музыка, әдебиет т.б.) 
Жалпы және арнайы қабілеттердің арақатынасын жалпы мен ерекшенің ара қатынасы ретінде 
қарастырады. Ғылымда олардың жіктелуінің белгілі әрекеттері бар. Бұл жіктелулердің көпшілігі 
алдымен табиғи немесе шынайы (өзінің биологиялық шарттастырылуы негізіндегі) қабілет және 
қоғамдық-тарихи шығу тегі бар арнайы адами қабілет деп өзгешеленеді. 
Өте көп қабілеттер бар. Ғылымда олардың жіктелуінің белгілі әрекеттері бар. Бұл жіктелулердің 
көпшілігі алдымен табиғи немесе шынайы (өзінің биологиялық шарттастырылуы негізіндегі) қабілет 
және қоғамдық-тарихи шығу тегі бар арнайы адами қабілеттер деп өзгешеленеді. 
Табиғи қабілетпен әсіресе жоғарғы, адамдар мен хайуанаттар үшін ортақ болып табылады деп
түсіндіріледі. Мысалы, мұндай қарапайым қабілет қабылдау, есте сақтау, қарапайым коммуникация 
қабілеті болып табылады. Ойлауды белгілі бір көзқараспен, адам үшін ғана емес, жоғары жануарлар 
үшін де сипатталған қабілет ретінде қарастыруға болады. Осы қабілет туа біткен бейімділікпен тікелей 
байланысты. Алайда адамның талаптылығы мен жануардың бейімділігі – бұл екі басқа нәрсе. Адамда 
бұл бейімділік негізінде қабілет қалыптасады. Бұл үйрету механизмі арқылы қарапайым өмірлік 
тәжірибеде өтеді. Адамның даму процесінде осы биологиялық қабілет арнайы адами қабілеттердің 
басқалар да қалыптасуға мүмкіндік туады.


Бұл арнайы адами қабілетті жалпы және арнайы жоғары интеллектуалды қабілет деп бөлу 
қабылданған. Өз кезегінде, олар теориялық және тәжірибелік, оқу және шығармашылық, пәндік және 
тұлғааралық т.б. бөлінеді. 
Жалпы қабілетке сан түрлі әрекеттер түрлерінде адамдардың табыстарын анықтайтындарды 
жатқызу қабылданған. Мысалы, аталмыш категорияға қол қозғалысындағы талғампаздық пен дәлшілдік, 
есте сақтау, сөйлеу және басқа да ойлау қабілеттіліктері енеді. Олай болса, жалпы қабілетпен көбінесе 
адамдарға тән дараланған қабілеттермен түсіндіріледі. Арнайы қабілет ерекше пайда болатын қажетті 
бейімділіктерді жүзеге асыруға және олардың дамуына арналған, адамдар табыстылығын арнайы 
әрекеттер түрлерінде анықтайтындармен жобаланып түсіндіріледі. Ондай қабілеттерге музыкалық, 
математикалық, лингвистикалық, техникалық, әдеби, көркем-шығармашылық, спорттық және т.б. 
жатқызуға болады. Адамдарда жалпы қабілеттің болуы олардың арнайы қабілеттің дамуын жоққа 
шығармайтынын ескеруіміз керек Қабілет мәселелерін зерттеушілердің көпшілігі жалпы және арнайы 
қабілеттер арасында кереғар ұғым болмайды, олар өзара бірін-бірі толықтырып және байытып отырады. 
Сонымен қатар, кейбір жағдайларда жалпы қабілеттің жоғары деңгейде дамуы белгілі бір әрекет 
түрлеріне қатысы бойынша арнайы қабілет ретінде бой көтере алады. Осыған ұқсас кейбір авторлардың 
өзара әрекеттері олардың көзқарасы бойынша жалпы қабілет арнайы қабілетті дамытуға арналған базасы 
болып табылады деп түсіндіреді. Басқа зерттеушілер жалпы және арнайы қабілеттің өзара байланысын 
түсіндіре отырып, қабілеттің жалпы және арнайы деп бөлінуі өте шартты екенін атап көрсетеді. 
Мысалы, шын мәнісінде әрбір адам оқу курсынан соң қоса, көбейте, бөле алады сондықтан 
математикалық қабілетті жалпы қабілет ретінде қарастыруға болады.
2.
Психологияда қабілеттің даму деңгейін жіктеудің төмендегідей түрлері жиі кездеседі: қабілет, 
дарындылық, талант, данышпандық. 
Кез келген қабілет өзінің даму процесінде өзінің дамуын алдағы деңгейде жеткілікті рәсімделуіне 
қажетті неғұрлым жоғары деңгейге көтеретін кейбір қабілеттер үшін бірқатар кезеңнен өтеді. Алайда 
қабілеттің дамуы үшін алдыменен атлаптылықты құрастыратын негіздемесі анықталатын болуы тиіс. 
Бейімділікпен қабілеттілік дамуының табиғи негізін қалыптастырушы, жүйке жүйесінің анатомия-
физиологиялық ерекшелігі түсіндіріледі. Мысалы, тума бейімділік ретінде алуан түрлі 
анализаторлардың даму ерекшелігі шыға келеді. Солай, музыкалық қабілетті дамытуға арналған негіз 
ретінде естуді қабылдаудың белгілі бір сипаттамалары бой көтере алады. Ал интеллектуалдық қабілет 
бейімділігі ең әуелі ми қызметінде - үлкен немесе кіші қозуы, жүйке үрдісінің жылжымалылығы, 
уақтылы байланыстарды құрастырудың жылдамдылығы және т.б. яғни, И.П.Павлов генотип – деп атаған 
жүйке жүйесінің тума ерекшеліктерімен айқындалынады. Бұл қасиеттерге мыналар жатады: 
- қоздыруға қатысы бойынша жүйке жүйесінің күші, яғни, қарқынды және жиі қайталанатын 
жүктемені, оның белгілі шекте тежеуді болдырмай, ұзақ мерзімге төзіп тұра алатын қабілеттілік; 
- тежеуге қатысы бойынша жүйке жүйесінің күші, яғни, ұзақ және жиі қайталанылатын тежеу 
әсеріне төзіп тұра алатын қабілет; 
- қоздыру және тежеу әсерінің жауабына жүйке жүйесінің біркелкі реактивтікте анықталынатын 
қоздыруға және тежеуге қатысы бойынша жүйке жүйесінің салмақтылығы; 
- қоздыру немесе тежеудің жүйке процесіндегі пайда болу мен тоқтатылудың жылдамдығы 
бойынша бағаланылатын жүйке жүйесінің тұрақсыздығы. 
Сонымен қоса арнайы қабілетке музыкалық, әдеби, сценалық және т.б. жатқызу қажет. Қабілет 
дамуының келесі деңгейі дарындылық болып табылады. Дарындылық адамды қандай да бір әрекетті 
табысты орындау мүмкіндігімен қамтамасыз ететін қабілеттің өзгеше сәйкестігі деп аталады. 
Дарынды адамдардың дербес ерекшелігі қызығушылығы бағыттылықта басты кейіпте білінеді. 
Мәселен, бір адамдар математикаға, келесісі – тарихқа, үшіншісі - қоғамдық жұмысқа тоқталып жатады. 
Қабілеттің ары қарай дамуы нақтылы әрекетке өтеді.
Қабілет құрылымында компененттерді екі топқа бөлуге болатынын атап өту жөн. бірі жетекшілік 
жағдаймен шұғылданса, келесісі көмекші болып табылады. Суретшілік қабілет құрылымында жетекші 
қасиет көруші анализатордың жоғары табиғи сезімталдығы- сызық, пропорция, формалар, сәуле мен 
көлеңке, колорит, ырғақты сезу, және де суретші қолының сенсомоторлық қасиеті, жоғары дамыған есте 
сақтау және т.б. болады. Көмекші қасиеттерге көркемдік елестету, эмоционалды көңіл күй, салытын 
суретіне эмоционалды қатысы және т.б. жатқызуға болады.
Қабілеттің жетекші және көмекші әрекеттің жетістігін қамтамасыз ететін бірлікті жасайды. 
Алайда қабілет құрылымы – бұл өте икемді құрылыс. Жетекші және көмекші қасиеттерін сәйкестігі әр 
түрлі адамдарда нақты қабілеттіліктері бірдей емес. Адамда қандай қасиеттің жетекші болатына 
байланысты әрекетті орындауға қажетті көмекші қасиеттердің қалыптасуына өтеді. Сонымен қоса, тіпті, 
қандай қызметтің шеңберінде де адамдар аталмыш әрекетті біркелкі табысты орындауға мүмкіндік 


беретін, Адам қабілеттілігі дамуының келесі деңгейі – талант. “Талант” сөзі бір жалқау құл өзінің 
қожасы жоқ кезде ұрлап алған күмісін, айналымға жібертіп пайда алудың орнына оны жерге көміп 
тастайтын (осыдан, “талантыңды жерге көм” –деген мақал шыққан) Библияда кездесетін шекті ұғым. 
Қазіргі кезде талант арнайы қабілеттіліктің (музыкалық, әдеби және т.б.) жоғары деңгейі болып 
түсіндіріледі. Қабілет сияқты талант та әрекет негізінде айқындалып, дамиды. Талантты адамның әрекеті 
тәсілдеменің сонылығымен, принципиалды жаңалылығымен ерекшеленеді. 
Талантты ояту қабілет сияқты жалпы қоғамды шарттастырылған. Онда аталмыш қоғамның 
алдында тұратын нақтылы міндеттерінің ерекшеліктері мен дәуір қажеттілігіне байланысты толыққанды 
даму үшін неғұрлым қолайлы жағдай қанадай дарындылық. 
Талант – бұл қабілеттің белгілі бір үйлесімділігі, олардың жиынтығы екенін атап өту қажет. 
Жекелеген айырушы қабілет, тіпті өте жоғары дамығаны да талант деп аталуы мүмкін емес. Мәселен, 
таланттылардың арасынан есте сақтауы жақсы да, жаман да адамдарды көптеп табуға болады. Адамның 
шығармашылық әрекетінің есте сақтауы бұл оның жетістігіне байланысты факторлардың бірі ғана. Бірақ 
нәтижелер терең қызығушылықсыз, күшті екпінсіз, бай қиялсыз, икемді ақылсыз жеткілікті болмайды.
Қабілет дамуының жоғары деңгейі данышпандық деп аталынады. Данышпандық туралы адамның 
шығармашылық жетістігі қоғамдық өмірде, мәдениет дамуында бүтін дәуірді құрастырғанда айтылады. 
Данышпан адамдар өте аз. Барлық бесмыңжылдық өркениет тарихында небәрі 400-ден астам ғана 
данышпан бар деп саналынады. Данышпандықты сипаттайтын дарындылықтың жоғары деңгейі 
әрекеттің әр түрлі салаларындағы сиректілігімен шарасыз байланысты. Лайықты әмбебептылыққа қол 
жеткізген данышпандар арасында Аристотель, Леонарда да Винчи, Р. Декарт, Г.В. Лейбниц, М.В. 
Ломоносовтарды атауға болады. Мысалы, М.В. Ломоносов білімнің әр түрлі салаларында: химия, 
астрономия, математика, сонымен қатар суретші, поэзияны күшті білген әдебиетші, тілші, жетістіктерге 
қол жеткізген. Алайда бұл данышпандардың барлық дербес қасиеттері бірдей дәрежеде дамыды деуге 
келмейді. Данышпандықтың өзіндік “профилі” болады, қандай да бір жақты онымен басым болса, кейбір 
қабілеттерде айқынырақ болып жатады. 
 3.
Кез келген бейімділік, ең әуелі қабілетке айналу үшін дамудың үлкен жолынан өтуі тиіс. 
Көптеген адам қабілеттері үшін бұл даму адамның туған кезінен басталады және егер ол қабілеттілігіне 
сәйкес дамитын әрекеттің сол түрімен шұығлдануын жалғастырса, өмірінің соңына дейін ол 
тоқталмайды. Қабілеттің дамуын шартты түрде бірнеше кезеңге бөлуге болады. Әрбір адам өзінің даму 
барысында қандай да бір әрекет түрін меңгеруге, сол немес басқа да ықпалға көтеріңкі сезімталдылық 
кезеңінен өтеді. Мысалы, баланың екі-үш жас шамасында сөйлеу тілі қарқынды дамиды, бес-жеті 
жасында ол оқуды меңгеруге дайынырақ болады. Мектепке дейінгі жастағы орта және аға буынды 
балалар рөлдік ойындарды ойнауға құмартады және рөлге жаттығып, түрленуі төтенше қабілетті жария 
етіп жатады. Ерте ме, кеш пе аяқталынатын арнайы әрекет түрлерін игеруге ерекше дайындық осы 
кезең екенін атап өту керек, және де қандай да бір қызмет қолайлы кезеңде өз дамуын иемдене алмаса, 
онда мұның салдарынан оның дамуында төтенше қиыншылықтар болады.
Кез келген қабілетті дамытудағы бірінші кезең ол үшін қажетті органикалық құрылымның 
жетілуімен немесе олардың негізінде қажетті функционалдық мүшелердің қалыптасуымен байланысты. 
Әдетте бұл туғаннан бастап алты жас аралығында өтеді. Барлық анализаторлар жұмысының 
жетілдіріліуі, ми қабығының жекелеген бөліктерінің функционалдық дифференциациясы және дамуы 
осы кезеңде өтеді. Бұл балада арнайы қабілеттердің келешекте дамуы үшін алғы шарт ретінде 
көрінетіндердің белгілі дейгейін, жалпы қабілеттілікті қалыптастыру мен дамытуды бастау үшін 
қолайлы жағдайлар туғызады.
Қабілетті дамыту елеулі көлемде бейімділіктерді іске асыруға мүмкіндік беретін шарттарға 
тәуелді екенін білесіздер. Сондай шарттардың бірі жанұялық тәрбиенің ерекшілігі болып табылады. 
Егер ата-аналар балаларының қабілеттілігінің дамуына қамқаорлық жасаса, онда балаларда өздерінің 
кішкентай кезінде өздігінен анықталынған кез келген қабілетінің жоғары дамуына мүмкіндік болады.
Қабілетті дамыту шарттарының басқа топтарын көбінесе макроорта анықтайды. Макроорта деп 
адамның туып-өскен қоғамының ерекшелігін есептейді. Макророртаның неғұрлым позитивті факторы 
қоғамның өз мүшелерінің қабілетін дамытуына қамқаорлық жасаған жағдайлары болып табылады. 
Қоғамның бұл қамқорлығы білім беру жүйесінің тұрақты жетілдірілуінде, сонымен қатар өскелең 
ұрпақтың кәсіби бағдарын дамыту жүйесінің дамуында көрініп отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   124




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет