1. Мiнез анықтамасы қандай және оны қандай дәлелдермен түсiндiрер едiңiз?
2. Мiнез қалыптасуына ықпал етушi факторлар түрi қандай?
3. Мiнез бiтiстерi
және олардың темперамент, сезiм, сана қасиеттерiмен арақатынасын қалай
түсiндiресiз?
4. Мiнез түрлерiнiң ажыралуына себепшi факторларды қалай сипаттар едiңiз?
5. Жалпыланған мiнез типтерi қандай?
№15 Лекция
Тақырыбы: Қабілеттер
Жоспары:
1. Қабілеттер туралы жалпы ұғым
2. Қабілеттер деңгейлері
3. Оқушылар қабілеттерінің дамуы
Қысқаша теориялық мәлімет:
1.
Біз жеке немесе жекелеген жағдайларда қалатын адамдардың неге әр түрлі
табыстарға қол
жеткізетінін түсіндіруге талаптанған кезде, көбінесе, қабілет ұғымын негізге аламыз, адамдар
табысының әр тектілігін тек осымен ғана түсіндіруге болатына тоқталамыз. Бұл ұғым біреулердің
дағдылар мен іскерлікті тез игеру немесе білімді жылдам қабылдап алуының немесе басқалардың ұзақ,
тіптен қиналып үйренуінің себептерін зерттеген кезде пайдаланады. Қабілет дегеніміз не?
Тәжірибеде «қабілет» сөзінің алуан түрлі салада кең қолданыста қолданылатын
сөз екенін атап
өтуіміз керек. Әдетте, қабілетпен қандайда бір немесе бірнеше іс-әрекеттің табысты орындалу шарттары
болып табылатын дербес ерекшеліктер түсіндіріледі. Алайда, “қабілет” термині психологияда оның
бұрыннан және кеңінен қолданғанына қарамастан, көптеген авторлар бірнеше мәнде түсіндіреді. Егер
қазіргі кездегі қабілетті зерттеу барлық мүмкін нұсқаларды жинақтаса, онда оларды үш негізгі типке
бөлуге болады. Бірінші жағдайда қабілетпен барлық мүмкін психикалық процестер мен жағдайлардың
жиынтығын түсіндіріледі. Бұл “қабілет” терминінің неғұрлым кеңірек және ең көне түсіндірмесі.
Екіншіден қабілетпен іс-әрекеттің сан алуан түрлерін адамдардың табысты орындауын қамтамасыз
ететін іскерлік пен дағдылар, жалпы және арнайы білімнің дамуының жоғары деңгейі түсіндіріледі.
Аталмыш анықтама XVІІІ-XІX ғасырдың психологиясында пайда болып,
қабылданған және де қазіргі
кезде де жеткілікті дәрежеде жиі кездеседі. Үшінші бұл – біліммен, іскерлікпен және дағдымен сәйкес
келмейтін, тек қана олардың тәжірибеде тиімді пайдалануына негізделген .
Отандық психологияда қабілетті тәжірибелік зерттеу көбінесе соңғы ықпал негізінде құрылуда.
Оның дамуына елеулі үлес қосқан отандық белгілі ғалым Б.М.Теплов. Ол “қабілеттің” төмендегідей
негізгі үш түрін бөліп көрсетті.
Біріншіден, қабілетпен бір адамның келесісінен өзгешеленетін дербес-психологиялық
ерекшеліктер түсіндіріледі; барлық адамдар бірдей болатын қатынаста қасиеттілік туралы сөз болған
жерде қабілеттілік туралы ешкім сөз етпейді.
Екіншіден, қабілет деп қандайда бір немесе көптеген әрекеттердің орындалуының табыстылығына
қатысы бар жалпы алғанда дербес ерекшеліктерді атайды.
Үшіншіден, “қабілет” түсінігі аталмыш адамда қалыптастырылған дағдылармен немесе
іскерлікпен, сол білімділікпен сәйкес келмейді.
Қабілеттің онтогенезде даму мәселесі бойынша профессор С.М. Джакупов өзінің еңбектерінде
көрсетеді: Қабілеттердің нышандар негізінде қалыптасуы туралы мәселе әлі күнге
дейін шешілген
жоқ. Іс- әрекет барысында нышан қабілетке айналады дегентұжырымның өзі де әлі дәлелденбеген.
Өйткені қабілетке айналуы үшін нышандар іс- әрекетте қандай орын алатынын көрсету керек.
Қабілеттің генезис мәселесінің мәні, оны тек шешу арқылы қабілеттің даму механизмін түсіну
нәтижесінде олардың мақсатты қалыптасуы мен диагностикасын жасауға мүмкіндік береді. Бұл
мәселені шешудегі ерекше жетістіктер С.Л.Рубинштейннің еңбектерінде көрінеді.Ол адамды
жануарлардан бөлетін қабілеттер оның табиғатын құрайды деген.Бірақ адам табиғаты – тарихи өнім
болып табылады. Сондықтан да адам табиғатының қалыптасуы мен өзгеруі тарихи процесс негізінде
жүреді.(адамның еңбек іс- әрекеті нәтижесінде қалыптасады) Бірақ Рубинштейн осы мәселені
нақтылағысы келгенмен, сол мәселенің шешімінен алшақтайды.”
Нышандар- қабілеттің алғышарты,-
дейді С.Л. Рубинштейн. Қабілет нышандар негізіндн дамымағанмен, кабілет бәрі бір нышанның
функциясы болып табылмайды, керісінше нышандар алғышарт негізінде дамудың функциясы болып
табылады. Ол индивидтің даму негізіне кіріп, олар өздері дамиды, яғни ауысып және өзгеріп отырады.
Қабілеттегі нышанның қайта құрылу механизмін түсіну үшін қабілеттерді біріккен іс-әрекет
тұрғысында және субъект – объект қатынасында қарастыру қажет.
Мәселені тарихи аспектте
қарастырғанда, еңбек іс-әрекетін жүйелейтін қасиеттердің бірі болып табылатыын, оның бірлескен
мінездемесін еске түсіру жеткілікті. Бастапқы кезеңде адам іс-әрекетіне потенциалды алғышарт
(нышандар комплексі) ретінде тек еңбек іс-әрекетінде өзі мәтіндермен біріксе ғана өзекті алғышарт
(қабілеттер комплексі) бола алады. Бұл процестің гипотетикалық нақтылауларын қалдырып, қорытынды
жасайтын болсақ - адамның органикалық нышанның алғышартын функционалды активті жүйеге қайта
құрылуының шарты- нышандардың бірлескен еңбек іс-әрекетіне енуі болып табылады.
Субъект – объект қатынасында қабілеттің онтогенезі анығырақ түсіндіріледі. Жаңа туған
нәресте адамның қарым-қатынас жүйесіне енгенде ғана қабілетке белсендіріліп өзгере алатын, анатомо-
физиологиялықтұрғыда нышандар жүйесі мен адамдық потенциалды мүмкіндіктер болып табылады. Іс
жүзінде адам баласы өзінің алғашқы күндерінен – ақ міндетті түрде үлкендермен бірлескен іс-әрекетке
енеді. Бұл жағдайда псевдо бірлескен іс-әрекет туралы айтылады. Мұнда
қажеттілікте мотивациялық
компоненттер болады, ал оны іске асыру ересек адамда шоғырланған. Тек кейін ғана белсенділік үлкен
адамның позициясынан баланың позициясына ауысады. Бірлескен іс-әрекеттің индивидуалды іс-
әрекетке интериоризациясы өтеді. Осы қабілеттің құрылымы болып табылады. Осыдан мынадай
тұжырымға келеміз. Нышанның қабілетке өзгеруінің негізгі шарты олардың бірлескен іс-әрекетке енуі
болып табылады. Бірақ бұл ңенуң қалай өтеді? Бұл процестің психологиялық мазмұны қандай?
Б.М.Теплов қабілет дамудың үздіксіз үрдісінсіз болуы мүмкін емес деп санаған. Адамдар
тәжірибесіндегі қолданыстан шыққан дамымайтын қабілет уақыты келе жоғалып кетеді. Біз өзімізде бар
қабілетті жүйелі сабақпен байланысты мынадай күрделі адамзат әрекеттерінің түрлері музыка,
техникалық және көркемдік шығармашылық, математика, спорт және т.б. тек қана тұрақты жаттығудың
арқасында қолдай және дамыта аламыз.
Кез келген әрекеттің орындалуының табыстылығы қандай да, болмасын әр түрлі қабілетке
байланысты болады, және де сол бір нәтижені беретін бұл байланыстыру әр түрлі
тәсілдермен
қамтамасыз етілген болуы мүмкін. Бірдей қабілеттерді дамытуға қажетті талаптың болмауы олардың
тапшылығы басқаларының неғұрлым жоғары дамуының салдарынан толықтырылуы мүмкін. “Адам
психикасының маңызды ерекшеліктерінің бірі қандай да бір қабілеттің салыстырмалы әлсіздігі
салдарынан басқаларының бірдей қасиеттері тетенше кеңінен орнын өтеу мүмкіндігі болып табылады,
тіпті осы қабілетпен неғұрлым тығыз байланысты әрекетті табысты орындау мүмкіндігі ескерілмейді.
Жетілдірілмеген қабілет сол адамның жоғары дамығанын өте кең шекте басқалармен орын толытыруы-
деп жазды Б.М.Теплов”. Жалпы алғанда психология ғылымының көптеген мәселелерінің ішінде ең
маңызды орынды қабілеттер мәселесі алады. Мүмкін бұл ғылыми зерттеуге қиындық келтіруші
мәселенің әрқашан да қызығушылығын жоғалтпауы оның практикалық маңыздылығында болар. 50-60
жылдары, Ананьев Б.Г., Ковалев А.Г., Крутецский В.А., Леонтьев А.Н., Платонов К.К., Рубинштейн
С.Л., Дружинин В.Н. және тағы басқа Кеңестік зерттеушілердің еңбектерінің
арқасында қабілет
мәселесінің барлық басты аспектілерін ғылыми тұрғыда түсінуге маңызды қадам жасалды. Рубинштейн
С.Л. 30- шы жылдары қабілетке байланысты өз көзқарасын айта бастайды. Оның алғашқы жұмысының
мазмұны кейінірек „жалпы психология негіздері” оқулығында баяндалды. Онда автор осы мәселеге
деген көзқарасын айта отырып, қабілетті дамытудың алғышарттарын негізге ала отырып, жалпы
дарындылық пен арнайы қабілеттер сұрақтарын қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: