Лекция тезистері


Қысқаша теориялық мәлімет



Pdf көрінісі
бет114/124
Дата11.02.2022
өлшемі1,21 Mb.
#131432
түріЛекция
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   124
Байланысты:
2. Лекция (7)
575032.pptx (4), 575032.pptx (4), Tast 1 бопа, Tast 1 бопа, Композиция лек (1), тест емтихан, Ғалымдардың дінге көз қарасы, Паранаука основания, место и роль в современной культуре, stud.kz-116152
Қысқаша теориялық мәлімет:
Жалпы ерiк проблемасы XVIII−XIX ғасырларда психологиялық зерттеулерде негiзгi мәселелердiң 
бiрi болып табылатын. Алайда XX ғ. психологиядағы жалпы дағдарысқа байланысты ерiктi зерттеу 
екiншi орынға ығыстырылып қалды. Зерттеулер жүргiзiлгенiмен, тар көлемде болды. Қазiргi 
психологияның ұғымдық жүйесiн талдай келе, психология тарихшысы М.Г. Ярошевский ерiк ұғымы ХХ 
ғ.-дағы психологияның негiзгi ұғымдары қатарына кiрмейтiнiн атап өттi. Ал АҚШ психологиясында 
“ерiк” терминi iс жүзiнде қолданылмайды екен.
В.А. Иванниковтың көзқарасы бойынша, ерiк психологиясы саласындағы зерттеулерге деген 
қызығудың төмендеуiне үш себеп бар көрiнедi: 1) әдiснамалық қиындықтар; 2) ерiктi теориялық 
түсiнудегi қиындықтар; 3) зерттеудiң әдiстемелiк қиындықтары. Сонымен, ерiк туралы түсiнiктiң 
дамуында қандай тұрғылар мен бетбағыттар бар, соған келейiк. 
Ерiк ұғымына антикалық ғылымда неғұрлым айқын әрi дәл мағына берген Аристотель. Оның 
айтуынша, ерiк ұғымы адамның тiлек, қалауына негiзделмеген, керiсiнше адамның қаламаған, бiрақ 
қажеттi және ақыл-парасатқа, саналы түрде қабылдаған шешiмдерiне сүйенiп iстелiнетiн әрекеттерiн 
түсiндiруге арналады. Аристотель тұңғыш рет психологиялық ұғымдар жүйесiне енген әрi өзiн түсiндiру 
үшiн ерiк ұғымын қажет ететiн ақиқат болмысты сипаттаған. Ондай болмыстар қатарына жататындар: 
әрекеттi таңдау, оны тудыратын күш және өзiн меңгеру. Сонымен, ерiк ұғымы психологияға әуел 
бастан-ақ түсiндiрушi ұғым ретiнде, теориялық конструкт (құрылым) ретiнде енгiзiлген екен. 
Сөйтiп, шеңберiнде ерiк проблемасы арнайы қойылған бiрiншi парадигма немесе реалдық
адамның өзiнен туындайтын әрекеттiң пайда болуы. Оны шартты түрде ерiкке 
мотивациялық тұрғыдан 
келу 
деп те атайды. Ол кейiн ерiктi өзiн-өзi детерминдеу проблемасы ретiнде зерттеудiң мықты бiр 
бағытына айналады. Мұның басында Аристотель тұрғанын айта кеткен жөн. Қазiргi уақытта 
мотивациялық тұрғы аясында ерiк табиғаты жайлы үш дербес нұсқаны бөлiп көрсетуге болады. Бiрiншi 
нұсқада ерiк әрекет мотивациясының бастапқы сәтiне келiп саяды (тiлек, талпыныс, аффект). Екiншi 
нұсқада ерiк дербес психикалық не психикалық емес табиғаты бар және өзге ештеңеге саймайтын әрi 
басқа психикалық процестердi анықтайтын жеке дербес күш ретiнде бөлiнiп көрсетiледi. Ал үшiншi 
нұсқада ерiк мотивациямен тығыз байланысты, бiрақ онымен тура дәл келмейтiн, кедергiлердi жеңуден 
тұратын әрекетке қозғаушы қабiлеттiлiк ретiнде қарастырылады. 
Ерiктiң мотивациялық бағытына В.Вундттың эмоциялық ерiк теориясын жатқызуға болады. 
В.Вундт бойынша, қарапайым ерiк процесi қатарына эмоциялық процестiң бiрi елiгудi (құмартып 


зауықтануды) жатқызуға болады. Оның айтуынша, нақ эмоция мотивтiң мәнiн құрайды. Вундт 
қарапайым ерiктiк процесте екi жайды бөлiп көрсетедi: аффект және одан шығатын әрекет. 
Ерiктiң қозғаушы функциясын әдейi iстелген әрекетке түрткi болатын механизм ретiндегi 
квазиқажеттiлiктiң қалыптасуымен теңестiрген К.Левин зерттеулерi батыс психологиясын ерiк мен 
мотивацияны ажыратпай теңдестiруге әкеп сайды. 
Кеңес психологиясында мотивациялық тұрғы шеңберiнде ерiктi саналы түрде кедергiнi жеңу 
қабiлетi ретiнде түсiну басым болды. Д.Н.Узнадзе, Ш.Н.×хартишвили, С.Л.Рубинштейн, Л.И. Божович 
еңбектерiнде ерiктi әрекетке қозғаушы қабiлеттiлiк ретiнде түсiнетiн мотивациялық тұрғы көрнiс 
табады. 
Ерiктi зерттеудегi екiншi тұрғы 
“ерiктi таңдау” тұрғысынан келу
. Бұл бағыт шеңберiнде ерiк 
мотивтердi, мақсаттар мен әрекеттердi таңдау функциясына ие. “Ерiктi таңдау” тұрғысы шеңберiнде ерiк 
туралы көзқарастың екi нұсқасын бөлiп көрсетуге болады. Бiрiншi нұсқада ерiк жеке дербес күш ретiнде 
қарастырылады (теорияның волюнтаристiк типi), ал екiншi нұсқада ерiк танымдық процестердiң қызмет 
етуiне келiп тiреледi (интеллектуалистiк теориялар).
Ерiктi зерттеудегi үшiншi тұрғыны шартты түрде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   124




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет