Лекция тезистері



Pdf көрінісі
бет13/124
Дата11.02.2022
өлшемі1,21 Mb.
#131432
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   124
Байланысты:
2. Лекция (7)

 Заң психологиясы
хұқыққа қатысты мәселелерді реттеу және оларды тәжірибе жүзінде 
қолданудың психологиялық мәселелерін зерттейді. Бұл сала сот психологиясы, қылмыс психологиясы, 
еңбекпен түзету психологиясы деп аталатын тармақтардан құралады. Сот психологиясы сот
айыпталушылар, куәлар, сот тергеуін жүргізу, олардан жауап алу тәрізді т.б. жайттардың психологиялық 
астарларын қарастырады.
4. 
Ғылым - ең алдымен зерттеу iсi. Сондықтан, ғылым сипаттамасы тек оның пәнiн анықтау-мен 
шектелмей, әдiстер аймағын тануды да қамтиды. Әдiстер дегенiмiз ғылымның пәндiк мазмұнын 
анықтаудың жолдары, тәсiлдерi. Ғылым әдiстерi жаңа заңдылықтарды аша отырып, сол ғылымның 
негiзгi заңдылықтарына иек артады. Осыдан зерттеу әдiстерi ғылымның өзiмен бiрге дамып, өзгерiстерге 
келiп отырады. 
Субъективті әдістер сыналушылардың өз-өзін бағалауына немесе олардың өзінше есептеріне
сондай-ақ кейбір құбылыстарға сыналушылардың айтқан пікіріне немесе алынған ақпараттарға 
негізделеді. Психология дербес ғылым саласына айналғаннан бері субъективті әдістер бірінше кезекте 
дами бастады және қазірде жетілу үстінде. Бақылау, өз-өзін бақылау және сауалнама психологиялық
құбылыстарды зерттеудің алғашқы әдістері еді. 


Бақылау әдісі
 
психологиядағы ескі және бір қарағанда өте қарапайым әдіс секілді. Бақылау – ол 
барлық адамдардың пайдаланатын әдісі. Ал қарапайым адамдардың бақылауы мен ғылыми бақылаудың 
айырмашылығы өте көп. Ғылыми бақылау жүйелілігімен сипатталып, объективті шындықты алу үшін 
белгілі бір Жоспарға негізделе отырып, жүргізіледі. Бақылау әр түрлі нұсқаларда жүре алады. Мысалы, 
кеңінен қолданылатын әдіс 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   124




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет