Мотивация механизмдерiн зерттеу бихевиористiк мектепте орталық орын алған. Мотивация
мазмұнын анықтау үшiн бихевиоризм iлiмiнде “драйв” деген арнайы түсiнiк енгiзiледi, яғни ол- адамды
немесе жануарды белсендi болуға мәжбүр ететiн стимул немесе қозғаушы. Өзiнiң психологиялық
мазмұны бойынша, инстинкт түсiнiгiмен сай келедi. Осы проблеманы необихевиористер К.Халл,
Э.Толмен, Б.Скиннер және басқалары шешуге тырысады.
Олар ұсынған
S
—R
формуласының моделi
аралық элементтер қатарымен толықтырылған. Бүл жерде сана жүрiс-тұрысты итермелеушi және
реттеушi элемент ретiнде көрiнедi. Стимул
тек сыртқы қозғаушы ғана емес, сонымен қатар, iшкi
“қажеттiлiк” ретiнде қарастырылады.
Мотивациялық теориялардың дамуының келесi күрделi кезеңi- ХХғ. 30-шы жылдарынан
басталды. Бұл тек адам мотивациясының қозғаушы күшiн түсiндiруге
бағытталған мотивацияның
арнайы психологиялық теориялары. Бұл сол кездегi психология ғылымындағы негiзгi психологиялық
бағыттар немесе мектептердiң ғылыми зерттеу жұмыстарымен тiкелей байланыста дамыды.
Гештальт психологиясының өкiлi-К.Левиннiң “мотивацияның динамикасы
”
теориясы. К.Левин
мотивация динамикасын алғаш индивидуалды жүрiс-тұрыста, кейiннен коллективтi жүрiс-тұрыста
қарастырды. Өз теориясындағы “өрiс” ұғымын “психологиялық кеңiстiк” ұғымымен сәйкестендiрдi.
К.Левин концепциясы бойынша; адам жүрiс-тұрысының негiзгi қозғаушы күшi өмiрлiк психологиялық
кеңiстiктегi адамдардың мотивтерiнiң iшкi шиеленiсi. К.Левин және Э.Толмен
көзқарастары негiзiнде
жүрiс-тұрыс екi өзгермелiден: а) бiр нәрсенi күту; б) мотивтерге айналатын құндылықтар ретiнде
қарастырылады.
К.Левин бойынша, адам өз-өзiне берген тапсырмалар негiзiнде, “квази қажеттiлiктер” соны
орындауға деген қажеттiлiк пайда болады. Ол қойылған
мақсатқа жетуге бағытталған, iс-әрекетте
шынығатын, шиеленiстер жүйесiн шақырады. Ал, егер де жаңа тапсырма енгiзсе,
онда бұл iс-әрекет
тежеледi, шиеленiстiк қайта шынығуға әкелетiн, үзiлiп қалған iс-әрекетке қайта оралуына деген
ұмтылысты туғызады.
Психологиядағы мотивацияға байланысты күрделi теориялардың бiрi-
американдық психологтар
Д.Макклелланд, Д. Аткинсон және немiс психологы Хекхаузен ұсынған iс-әрекет түрлерiндегi
“
Достарыңызбен бөлісу: