№4 Лекция
Тақырыбы: Психологиядағы тұлға мәселесі
Жоспары:
1.Тұлға жөнінде жалпы ұғым.
2.Тұлға теориялары
3.Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы
Қысқаша теориялық мәлімет:
1
. Психологиялық ғылымда “тұлға” категориясы іргелі ұғымдардың қатарына жатады. Бірақ
“тұлға” ұғымы тек психологияға тән емес, ол барлық қоғамдық ғылымдармен зерттеледі, оның ішінде
философиямен, әлеуметтанумен, педагогикамен, т.б. Сонда психологиялық ғылым шеңберінде
тұлғаны
зерттеу спецификасы неде және психологиялық тұрғыдан тұлға дегеніміз не?
Алдымен сұрақтың екінші бөлігіне жауап беруге тырысайық. Бұны жасау оңай емес, себебі тұлға
деген не деген сұраққа барлық психологтар түрліше жауап береді. Олардың жауаптары мен
ойларының әрқилы болуы тұлға феноменінің күрделі екендігін білдіреді. Осы орайда И.С.Кон былай
деп жазады: “ Бір жағынан, ол нақты индивидті әрекет субъектісі ретінде, оның барлық жеке бас
қасиеттерімен, әлеуметтік рольдерімен бірге белгілейді. Екінші жағынан, тұлға индивидтің әлеуметтік
қасиеттері ретінде, осы адамның басқа адамдармен тура немесе жанама өзара әрекеттесуі нәтижесінде
түзілген бойындағы әлеуметтік маңызы бар қасиеттердің жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Тұлғамен
қарым-қатынасқа түсетін адамдар
оны еңбек, таным және қарым-қатынас субъектісінде көреді.”
Ғылыми әдебиеттегі тұлға анықтамаларының әрқайсысы тәжірибелік зерттеулермен және
теориялық негіздеулермен бекітілген, сондықтан “тұлға” ұғымын қарастырғанда оларды ескеру керек.
Тұлға деп жиі әлеуметтік даму барысында бойына әлеуметтік және өмір үшін маңызды қасиеттерді
жинаған адамды түсінеді. Тұлға” ұғымының мазмұнына көбінесе басқа адамдарға қатысты маңызды
іс-әрекеттерді анықтайтын қасиеттерді де қосады.
Сонымен, тұлға дегеніміз ол тұрақты психологиялық сипатамалар жүйесінде алынған нақты
адам. Ондай сипаттамалар қоғамдық байланыс пен қатынастарда көрініс беріп, адамның өзі мен оны
қоршағандар үшін маңызды орын алады, оның адамгершілік қылықтарын айқындайды және оның
өзіне,ортасы үшін маңызды мәнге ие.
Ғылыми әдебиетте “тұлға” ұғымының мазмұнына кейде адам ұйымдасуының генетикалық және
физиологиялық деңгейлері қосылатынын айта кету керек.
Биологиялық түр болғандықтан әр адамның
туа біткен ерекшеліктері бар, мысалы, дене
құрылысы тік жүруге мүмкіндік береді, ми құрылымы интеллекттің дамуын қамтамасыз етеді, қол
құрылысы еңбек құралдарын пайдалануға мүмкіндік береді, т.с.с. Осы белгілер адам баласын хайуан
баласынан ажыратады. “
Индивид
” ұғымы адамды белгілі биологиялық қасиеттерді иеленуші ретінде
сипаттайды. Индивид ретінде туылған адам қоғамдық өзарақатынастар мен процестер жүйесіне
қосылады, нәтижесінде ерекше әлеуметтік сапаға иеленеді-
тұлға
болып қалыптасады. Бұлай болу
себебі, қоғамдық байланыстар жүйесіне қосылған адам -
субъект
, іс-әрекет процесінде қалыптасатын
және дамитын сананы иеленуші.
Өз кезегінде, осы үш деңгейдің даму ерекшеліктері нақты адамның қайталанбастығын сипаттап,
оның
жеке даралығын
анықтайды. Сонымен, “тұлға” ұғымы адамды әлеуметтік тіршілік иесі ретінде
сипаттау үшін керек. Мәскеулік және санкт-петербургтық психологиялық мектеп өкілдерінің
әдебиеттерінде адам ұйымдасуының иерархиясына әртүрлі көзқарас берілген. Мысалы, мәскеу
мектептерінің өкілдері “субъект” деңгейін бөлмей, адамның биологиялық және психикалық қасиеттерін
“индивид” ұғымына біріктіреді. Бірақ,
бұған қарамастан, “тұлға” ұғымы адамның әлеуметтік
ұйымдасуымен ұштасқан.
Тұлға құрылымын қарастырғанда оған қабілеттерді, темпераментті, мінезді, мотивацияны және
әлеуметтік нұсқауларды енгізеді.
Қабілеттер
дегеніміз бұл түрлі іс-әрекеттердегі табыстарын
анықтаушы адамның жеке басының тұрақты қасиеттері.
Темперамент
- адамның психикалық
процестерінің динамикалық сипаттамасы.
Мінезде
бір адамның басқа адамдарға қатынасын анықтайтын
қасиеттер бар.
Мотивация
дегеніміз әрекет етуге деген ынтаның жиынтығы болса, әлеуметтік
нұсқаулар- адамдардың наным-сенімдері.
2.
Тұлға психологиясы саласындағы зерттеулер бұрыннан жүргізіліп келеді, олардың өзіндік
тарихы бар. Тұлға психологиясы дамуының 3 кезеңі келесідей: философиялық-әдеби,
клиникалық және
тәжірибелік.
Зерттеулердің бірінші кезеңі көне ойшылдардың жұмысынан басталып, Х
Х ғ-ң басына дейін
жалғасқан. Бұл кезеңдегі тұлға психологиясының негізгі мәселелеріне адамның өнегелік және
әлеуметтік табиғаты жөніндегі сұрақтар жатады. Тұлға туралы алғашқы анықтамалар айтарлықтай
ауқымды. Ол анықтамаларға адамның бойындағы бар нәрсе, оның жеке басыныкі деп саналатынның
бәрі жатқызылған: биологиясы, психологиясы, мүлігі, мінез-құлқы, мәдениеті және т.б. Тұлға туралы
осындай түсінік кейінгі уақытқа дейін сақталыпты. Нақты мазмұнға толы, тұлғадан бөлек көптеген
басқа да түсініктер мен ғылыми категориялары бар психология үшін
мұндай анықтама өте кең
болып табылады.
Х
Х ғ-ң бірінші он жылдығында тұлға писхологиясының мәселелерімен философтармен қатар
дәрігер-психиатрлар да айналыса бастады. Олар ең бірінші рет клиника жағдайында науқасқа тұлға
ретінде жүйелі түрде байқаулар жүргізіп, оның жүріс-тұрысын, өзін өзі ұстауын жақсырақ түсіну
үшін өмір тарихын зерттей бастаған. Психикалық ауруларды диагностикалау және емдеумен
байланысты кәсіби қорытындылар ғана жасалып қоймай, адамзат тұлғасының табиғаты жөнінде
жалпы ғылыми қорытындылар да келтірілген. Философиялық-әдеби кезеңмен салыстарғанда
клиникалық кезеңде тұлға - ерекше құбылыс деген түсінік мағынасы таратылған. Психиатрлардың аса
мән бергені - әдетте науқас адамнан табылатын тұлғаның ерекшеліктері. Дәрігерлер тапқан
ерекшеліктер барлық дені сау адамдарға тән болғанымен, науқастарда олардың көріністері
гипертрофияланатыны (асыра білінетіні) анықталды. Мысалы, күйгелектік пен ригидтілік, тежелу мен
қозғыштық.
ХХ ғ-ң басына дейін тұлға философиялық-әдеби және клиникалық
тұрғыдан ғана зерттелсе,
кейін бұл іске таным процестері мен адамның күйін зерттеумен айналысқан психологтар кірісті.
Ғасыр басында психологияда тәжірибелік зерттеулер қарқынды дамып, гипотезаларды нақты
тексеру және айқындалған фактілерді алу мақсатымен психологтар зерттеулерге мәліметтерді
математикалық-статистикалық өңдеу әдістерін енгізуге тырысқан. Осыған байланысты психологтар
ұзақ жылдар бойы қалыпты тұлғаны сенімді және валидті тесттер арқылы зертеу тәсілдерін
жетілдіруді өз алдарына мақсат етіп қойған.
Ғылыми жұмыстар мен оқу құралдарында тұлға концепциялары мен теорияларының
әрқалай жіктелуі келтіріледі. Р.С.Немовтың ессебі бойынша 48 тұлға теориясы бар, олардың
әрқайсысы 5 параметр бойынша бағалануы мүмкін.
Мінез-құлықты түсіндіру жолдары бойынша
барлық тұлға теорияларын
психодинамикалық,
социодинамикалық және интеракционистік
деп бөлуге болады.
Психодинамикалық теориялар психологиялық, немесе ішкі, сипаттамаларына орай тұлғаны
сипаттайды, адамның жүріс-тұрысын түсіндіреді.
Ал
социодинамикалық
теориялар бойынша
тәрбие детерминациясындағы басты роль сыртқы жағдайларға беріледі.
Интеракционистік
теориялар сыртқы және ішкі факторлардың өзара әрекеттесу принципіне негізделген. Ондай өзара
әрекеттер адамның өзекті әрекеттерін басқарады.
Теорияларды типтерге бөлудің келесі негізі - тұлға туралы мәліметтер алу жолы. Осы
тұрғыдан барлық теорияларды
эксперименталды
және
эксперименталды емес
деп бөлуге болады.
Эксперименталды теорияларға
тәжірибе барысында жинақталған
мәліметтерді сараптау және
жалпылау арқылы құрастырылған теориялар жатқызылады. Э
ксперименталды емес
теориялардың
авторлары эксперимент жасамай-ақ өмірден алған байқауларға сүйеніп, теориялық талдап
қорытады.
Достарыңызбен бөлісу: