яғни шартталу механизмдерi интеллектуалдық мiнез-құлыққа тән емес.
Сондықтан, ойлау бұл жерде
үйрену, интеллектуалдық практикалық мiндеттi шешу дағдысын қалыптастыру болып табылады.
Адамның психикалық өмiрiнң әмбебап заңдылықтары ассоциация принципiмен байланысты.
Ассоциацияның негiзгi заңы: ассоциация жиi қайталанған сайын, дұрыс әрi берiк болады.
Ассоциациялардың төрт негiзгi түрi бар: ұқсастық бойынша, контраст бойынша, уақыттық немесе
кеңiстiктiк iргелестiк бойынша, қатынас бойынша.
Ассоциациялардың заңдылықтары Д. Гартли, Дж. Пристли, Дж. С. Милль, А. Бэн, Т. Цигень және
т.б. еңбектерiнде зерттелiндi. Бұл жерде ассоциация психикалықтың бiрлiгi және түсiндiрушi принципi
ретiнде қарастырылды. Ассоцианистер ойлау белсендiлiгiн түсiндiре алмай, оларды априорлы, яғни
ассоциацияларға тәуелсiз ақыл-ойдың туа бiткен қабiлетi деп бiлген. Бұларда рационалдық сезiмдiкке
баланып, субъекттiң iс-әрекет белсендiлiгi талдаудан тыс қалды. Бейне-елестердiң ырықсыз iлесуi кез-
келген ақыл-ой процесiнiң жүзеге асу типi ретiнде ұғынылды. Осылайша, ассоцианистердiң
пайымдауынша, ойлау – ассоциацияларды жинау процесi.
2. Вюрцбурлық мектеп.
Вюрцбурлық мектеп - сана психологиясын зерттеген бағыттардың бiрi.
Бұл мектептiң негiзiн салушылар – О. Кюльпе және К. Бюлер, ал өкiлдерiне жататындар – Н.Ах,
А.Марбе, О.Зельц және т.б.
Вюрцбурлық мектеппен зерттелiнген негiзгi мәселелер: а) ойлаушы субъекттiң белсендiлiгiн
анықтайтын ұғымдарды шығару; ә) ерекше психологиялық ақиқат ретiндегi
ойлаудың қасиеттерiн
сипаттау және мазмұнын анықтау; б) ойлау процесiнiң психологиялық механизмдерiн түсiндiру.
Вюрцбурлық мектептiң негiзгi идеялары О. Зельцтiң еңбектерiнде жалғасын тапты. Ол ойлауды
интеллектуалдық операциялардың қызмет етуi ретiнде анықтады. О.Зельц өз алдына ойлау iс-әрекетiнiң
қандай да бiр нәтижесiнiң жүзеге асуындағы интеллектуалдық iс-әрекеттiң әрбiр сатысының қызметiн
анықтау мақсатын қойды. Қатынастарды саналау әрекетi ретiндегi ойлауды түсiндiру үшiн оның
мiндеттi шешуде жүзеге асырылатын әрекет немесе операция ретiнде қарастыру керек.
О.Зельц мiндеттi шешу барысы мен тәсiлдерiн сипаттауда үш ұғымды енгiздi:
1)
Арнайы реакция, яғни берiлген жәйтта қойылған мақсатқа сәйкес
келетiн объективтi қажеттi
жауап.
2)
Операция – осындай жауапты анықтайтын амал.
3)
Әдiс, яғни субъектпен мiндеттi шешу тәсiлi ретiнде саналанатын және пайдаланылатын
операция.
О. Зельц репродуктивтiк және продуктивтiк ойлау түрлерiн эксперименттiк зерттеуде ойлау
процестерiнiң ерекше ңпроблемалық комплексң түрiндегi шешiлетiн мiндеттiң құрылымымыен
себептенетiнi жөнiнде тұжырымға келдi. Бұл ңПроблемалық комплекстiңң ерекшелiгi – онда
аяқталмағандық элементiнiң болуы. Осы аяқталмаған элементтi толтыру
берiлген мiндеттi шешу
нәтижесiн анықтайды. Мұның өзi негiзiнен антиципация схемасын жүзеге асыру, яғни әлi табылмаған
шешiмдi алдын ала болжау негiзiнде iске асады. Бұл кезде субъектпен мiндеттi шешуге қажеттi
интеллектуалдық операциялар жаңғыртылып, есептiң шешiмi табылады (комплекстi
толықтыру,
абстракция және ұқсастықтарды қайта келтiру әдiстерi арқылы).
Осындай, проблемалық жәйттiң құрылымының тұтастылығын қалпына келтiру идеясы кейiн
гештальтпсихология өкiлдерiнiң зерттеулерiнде, сондай-ақ басқа да, мысалы,
творчестволық ойлау
зерттеулерiнде басшылыққа алынды.
Достарыңызбен бөлісу: