Тұлға теориясындағы гуманистік бағыт: Тұлға теориясындағы гуманистік бағыт бойынша екіге
бағытталған. Біріншісі:ңклиникалықң американ психологы К.Роджерс көзқарасымен, екіншісі:
ңмотивациялықң өкілі Маслоу. Осы екі бағыттың арасындағы кейбір айырмашылыққа қарамастан
оларды көптеген ортақтақтар біріктіреді.Гуманистік бағыт бойынша адам өзінің табиғатында жақсы
және өзін-өзі жетілдіруге ұмтылады. Адамның туа берілген табиғаты онша тұрақты дамуға
творчествоға, өзін-өзі жетілдіруге, өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылады.
Маслоу психология ғылымының неғұрлым универсалды негізі ретінде психикалық ешқандай
ауытқуы жоқ, өзін-өзі өзектендіру адамды зерттеу керек дейді.Маслоу болжамы бойынша орташа адам
өз қажеттіліктерін мынадай ретке қанағаттандырады. Иерархия- бір-біріне бағынышты белгісі байынша
бір ретке орналастыру. Қажеттіліктердің осы барлық дәрежеде меңгерген адам, толық өзін-өзі
жетілдірген болып саналды. Иерархиядағы қажеттіліктерінің кезектесуі адам мотивациясы
ұйымдасқанның негізгі принципі болып табылады. Дәл осындай иерархия кейбір адамда сақталуы
мүмкін.
1. Физиологиялық қажеттілік: тамаққа, ауаға физиологиялық белсенділікке, сенсорлық
стимуляцияғ деген қажетіліктер.
2. Қорғанысқа деген қажеттілік: қорғанысқа, тұрақтылыққа, белгілі бір дәрежеде тәртіп пен
реттілікке белгілі бір жүйенің, заңның болуына деген қажеттіліктер.
3.Қарым-қатынас қажеттілік: белгілі бір әлеуметтік топқа жату, қарым-қатынас, достық, махаббат
деген қажеттілік. Достыққа, махаббатқа деген қажеттілікті екі топқа бөлінеді.
4.Өзін-өзі сыйлау қажеттілік- өзін-өзі сыйлау, басқалардың өзін сыйлауын қажетсіну.Бұған кіретін
жетістік, сенімділік,біліктілік, тәуелсіздік, еркіндік, түсініктер, өзін-өзі сыйлаудың қалыптары.
5.Өзін-өзі
өзектерндіру
деңгейіндегі
қажеттіліктер,
метақажеттіліктер
деп
аталады.
Метақажеттілікті сипаттайтын негізгі түсініктер.: тұрақтылық, тұрақты даму, бейсаналы жетілу,
қарапайымдыолық, эстетикалық, сезімдердің болуы.
Маслоу өзін-өзі өзектендіруші тұлғаға тән мынадай сипаттарды көрсетеді.
Реалдылықты неғұрлым эффективті қабылдау. Адамның өзін-өзі басқаларды жалпы табиғаты
солай, сол күйінде қабылдауы.Тәуелсіздік белгілі бір дәрежеде іс-әрекетті пікірлердің тәуелсіз болуы.