ассоциациялық теория . Аристотель
бiздiң
елестерiмiздiң
бiр-бiрiмен
байланысуына мүмкiндiк беретiн принциптердi табуға тырысқан. Артынан психологияда ассоциация
принципi деп аталған бұл принциптер мыналар:
1. Iргелес ассоциациялар . Қабылдау бейнелерi немесе қандай да бiр елестер бұрын солармен
бiрге немесе олардан соң бастан кешiрген елестердi туғызады. Мысалы, ''таң ату'' дегенде қораздың
дауысын, ''қоңырау'' дегенде сабақтың басталуын немесе аяқталуын есiмiзге аламыз.
2. Ұқсастық ассоциациялары. Қабылдау бейнелерi немесе белгiлi бiр елестер бiздiң санамызда
осыларға қандай да бiр белгiлерi бойынша ұқсас елестердi шақырады. Бұларға мысалды келтiретiн
болсақ, ''дөңгелек'' десек шарды және допты, ''асқар'' десек тауды, ''ақ'' дегенде ақ қарды немесе сүттi
еске түсiремiз. Мысалы бiз қандай да бiр затты көрсек ол бiр адамды немесе құбылысты еске түсiруi
мүмкiн.