Лекция тезистері



Pdf көрінісі
бет69/124
Дата11.02.2022
өлшемі1,21 Mb.
#131432
түріЛекция
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   124
Байланысты:
2. Лекция (7)

үйреншiктi зейiн"
атауымен баламаланған (Қ. Жарықбаев, А. 
Алдамұратов). Қай iс-әрекет болмасын алғашқы кезде оны игеру қаншама маңдай тер төккiзiп, 
қиналысқа түсiрiп, зорлануға душар ететiнi белгiлi, ал кейiн үйрене келе, дағдыланудан әрекеттiң 
нәтижесi ғана емес, оның өзi де адамды өзiнен өзi баурап, әдемi орын-далуынан көңiлдi қуаныш сезiмге 
бөлейдi. Әрекет ендi әдейi қайталап, еске түсiрiп тұруды, ерiк күшiн қосуды қажет ете бермейдi, өзiнен 
өзi орындалып жатқандай болып көрiнедi.
3.
Адам психикасының жоғары деңгейде дамығандығының арқасында көптеген нәрселердi 
орындай,жасай алады. Бiздiң қоршаған ортадан алған әсерлерiмiз есiмiзде белгiлi iз қалдырады. Ол iздер 
жеткiлiктi ұзақ уақытқа сақталады және қажет жағдайда қайта жаңғырады. Сонымен, бұрын 


қабылданған түрлi әсерлердi, бейнелердi, көңiл-күйлердi, әрекеттердi және бiлiмдердi есте қалдыру, есте 
сақтауды, қажет кезiнде қайта жаңғыртуды немесе ұмытуды ес деп айтамыз.
Адам естiң арқасында бұрынғы бiлiмдерi мен бiлiктерiн жоғалтпай ақпаратты жинақтай алады. 
Осылайша, ес бiр-бiрiмен байланысты жеке процестерден тұратын күрделi психикалық процесс. Ес 
адамға қажет, ол жеке өмiр тәжiрибесiн жинақтап, сақтап оны пайдалануға мүмкiндiк бередi.Оны түрлi 
зерттеулерден бiлуге болады. Мысалы, гипнозға еңген адам есiне барлығын түсiре алады (феноменалды 
ес). Бұл феноменнiң себебiн ес зерттеушiлерi В.С.Ротенберг және Дж.Грезельер гипнозда бейнелеу есi 
басым болуының себебi мидың үлкен шарларының оң жартысының бақылаудан босатылуымен деп 
түсiндiредi. Канадалық нейрохирург Уайлдер Пенфилд миға операция жасаған кезiнде тоқпен мидың
түрлi орталықтарын қоздырған. Сол кезде, арнайы аппарат арқылы, пациент наркозда болса да, бұрын 
естiген және ұмытылып кеткен әңгiмелер мен әндердi жаңғырта алғанын анықтаған. Сонымен, адамның 
есте сақтау қабiлетi өте мол. Адам есiнiң көлемi – 10 миллионнан астам белгiлердi сақтай алады, бiрақ 
қайта жаңғыртудың әр түрлi қиыншылықтарынан және бұл көлемнiң бәрiн саналы кезiнде қолдана 
бермегендiктен, көп нәрсенi еске түсiре алмаймыз. 
Естiң жүйке жүйелiк жағынан физиологиялық негiздерi, ол ми үлкен жарты шарлар қыртысымен 
күрделi әрекетпен байланысты болады. Сыртқы тiтiркендiргiштер мида өзiндiк ''iздер'' қалдырып 
отырады. Бұны ашқан И.П.Павлов болды, ол естiң негiздерiн шартты рефлекстермен түсiндiрген. 
Мысалы,итке тамақ беру алдында шартты қоздырғыш ретiнде жарықпен әсер етудi қолдансақ,осындай 
бiрнеше қайталанудан иттiң аузынан сiлекей аға бастайды, яғни шартты рефлекс қалыптасады. Осы 
жағдайда иттiң миында екi жүйке орталығы, бiрi - көру, екiншiсi – тамақ орталығы қозу жағдайында 
болып, бұл екеуiнiң арасында уақытша жүйке бекiп, бiр қалыпқа түсүi мүмкiн. Бұл механизм адамдада 
мидағы жүйке байланыстары арқылы қалыптасып отырады. Егер адамның желкесiне зақым келетiн 
болса, ол бұрын қөрген нәрсенi тани алмайды. Егер самайына зақым келсе – адам естiгенiн екiншi рет 
естiгенде түсiне алмайды. Осылай естiң миының үлкен жарты шарлары қыртысының әрекетiмен 
байланысты екендiгiн бiлуге болады. 
Ес барлық тiршiлiк иелерiнде болады, бiрақ ес адамда ғана жоғары даму деңгейiне жеткен. 
Адамда кездесетiн мнемикалық мүмкiндiктер жер бетiндегi ешқандай жануарда кездеспейдi. Адамға 
дейiнгi жануарларда екi түрлi ес болады: генетикалық және механикалық ес. Алғашқысында, өмiр 
сүруге қажеттi биологиялық, психологиялық және мiнез-құлықтық қасиеттердi ұрпақтан-ұрпаққа 
генетикалық жолмен берiледi. Екiншiсi, үйренуге, өмiр тәжiрибесiн игеруге қабiлеттiлiк формасында 
көрiнедi. Жануарлардың есте сақтау қабiлеттерi шектеулi.Олар шартты-рефлекторлық, оперативтi 
үйрену әдiстерi арқылы меңгерiлген нәрселердi ғана есте сақтап, қайта жаңғырта алады. 
4. 
Ес туралы көптеген теориялар бар. Олар ес құбылысын әр түрлi жағынан қарастырған әрi 
түсiндiрген. Солардың iшiнде алғашқы рет Аристотель үсынған, бiрақ өзiнiң көкейтестiлiгiн осы күнге 
дейiн әлi де жоғалтпаған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   124




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет