Лекция тезистері


Жалпы орта білімнің мазмұны



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата24.12.2019
өлшемі0,99 Mb.
#54677
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Білім беру


 

 Жалпы орта білімнің мазмұны.  Білімнің мазмұнын айқындауда оқулық, оқу құралы жҽне 

ҽдістемелік  ҽдебиеттермен  қатар  түрлі  құжаттардың  ішінде  оқу  жоспарының  атқаратын  қызметі 

ерекше.  Орта  оқу  орындарына  арналған  оқу  жоспарында  -  оқылута  тиісті  жеке  пҽндердің  жҽне 

оның  қай  жылы,  қандай  кҿлемде,  неше  сағат  оқылатындығына  орай  апталық  сағат  кҿлемі 

белгіленеді.  Мемлекеттік  ресми  мекемелер  оқу  орындарының  аймақтық  ерекшеліктеріне  жҽне 

оқытудың  бағдарына  байланысты  оқу  жоспарының  түрлі  варианттарын  жасайды.  Кеңестік  жүйе 

ыдырап  Қазақстан  егемендік  алғаннан  кейінгі  «Білім  туралы»  заңына  сҽйкес  оқу  жоспарының 

негізгі жҽне типтік түрлері жасалды. 

 

Жалпы білім беретін мектептердін базистік оқу жоспарындағы толық жүктеме тұрақты жҽне 



жылжымалы  екі  деңгейге  бҿлінеді.  Тұрақты  жүктеме  құрылымындағы  пҽндер  жалпы  орта  білім 

беретін мектептердің барлық типтерінде міндетті түрде оқытылады. Атап айтқанда гимназия, лицей 

бағдарлы мектеп, жеке мектеп т.б. кҿрсетілген пҽндердің тиісті кҿлемде оқытылуы шартты болып 

саналады.  Ал  жылжымалы  бҿлімде  оқытылатын  пҽндерде  оқушының  дербес  қабілетін  дамытуға, 

ықылас  ынтасы  мен  қызығушылығына  орай  тиісті  пҽндерді  терең  білуге  мүмкіндік  жасалады. 

Сондай-ақ  таңдамалы  пҽндер  мен  факультативтік  курстарды  ҿтуге  де  жағдай  туғызылады. 

Жылжымалы  бҿлімдер  үшін  таңдамалы  пҽндерге  бҿлінген  уақыт  тереңдете  оқылатын  пҽндерге 

беріледі. 

 

Қазақстан Республикасында жеке пҽндерді теориялық жҽне қолданбалы жағынан тереңдете 



оқытуға арналған типтік оқу жоспарының бірнеше түрі 1993-94 оқу жылынан бастап жасалды. Ал 

оны тереңдету оқу орнының материалдық-техникалық жағдайына, ұстанған бағдарына байланысты 

ҿріс алатыны белгілі болуға тиіс. 

 

Оқу бағдарламасы - жеке оқу пҽнінің мҽн-мазмұнын сипаттайтын құжат. Бағдарламада сол 



пҽн  бойынша  оқытылатын  тақырыптардың  деңгейі  мен  оның  мазмұны,  қандайлық  кҿлемде 

оқылатын  мазмұндық  кҿлем  мҿлшері  сипатталады.  Осы  пҽнді  оқу  барысында  оқушының  алатын 

білімі,  білігі,  дағды  деңгейі  қамтылады.  Сондай-ақ  оқылатын  пҽнге  байланысты  қолданылатын 

құралдар мен оған жасалатын бақылау жҽне ҽдістемелік кеңес пен нұсқаулар кҿрсетіледі. Бұл құжат 

мектептегі пҽн мұғалімінің басшылыққа алатын негізгі құжаты. 

 

Бағдарламаға  қатысты  материалдарды  орналастыруда  негізінен  үш  принцип  ұсталады:  1) 



Бірыңғай бірізділікке негізделген жүйе (линейный), 2) Концентристік, 3) Спиралдық жүйе. Бұларды 

педагогикалық тұрғыдан таратып айтқанда былай болып шығады: бірыңғай бірізділікте (линейный) 

оқылатын  материал  қайталанбай  бір  бағдарда  ұтылай  дамиды.  Ал  концентристік  жүйедегі 

бағдарламада  тиісті  материал  тақырып  арасына  үзіліс  салып,  жаңа  деректермен  толықтырылып, 

оқыту  барысында  қайталанып  отырады.  Ал  спиралдық  бағдарламада  бір  жүйелілік  сақталып 

бірыңғайлық  мҽнде  бір  ҽуенмен  жетілдіру  ескеріледі.  Демек,  шиыршықталған, спиралдық  жүйеде 

дамиды. 

 

Оқу пҽні - білімдік мақсатқа жету жолында дидактикалық тұрғыдан жан-жақты сұрыпталған 



белгілі  саладағы  ғылымның  негізі.  Мұндағы  басты  мақсат  тиісті  ғылым,  ҿнер,  іс-ҽрекет  туралы 

оқушыға тиянақты мағлұмат беріп, оның теориялық жҽне қолданбалы негіздерін танытып білгізу. 

 

Ҽрине, ғылымның топтаса тоғысқан салалары шартты түрде жаратылыстану — математика, 



гуманитарлық-қоғамдық,  кҿркем-ҿнер,  дене  тҽрбиесі,  ҿндірістік  еңбек  тҽрбиесі  деп  жіктеледі. 

Олардың ҽрқайсысының ҿзіне тҽн атқаратын қызметі, шұғылданатын мҽселелерінің ерекшеліктері 

бар.  Соған  орай  берілетін  білім,  білік,  түсінікті  жҽне  қойылсан  мақсатты  шешетін  оқу  пҽні 

болғандықтан  оқушыларға  оны  меңгеру  үшін  тиісті  сағат  мҿлшері  белгіленеді.  Оқылатын  пҽннің 

сағат саны оқу жоспарында айқындалады. 


 

 

 



Ал  тиісті  пҽнге  байланысты  берілетін  білімнің  мазмұны  мектепке  арналған  оқулықта 

кҿрсетіледі. Сондықтан - оқушы

 

меңгеруге тиісті білімнің мҽн-мағыналық негізіне саналады жҽне 



онда пҽнаралық байланысқа орай табиғат, адам, қоғам туралы ҽр жақты мағлұматтар алудың қайнар 

кҿзі  деп  саналады.  Оқулықтан  алған  білім  негіздері  бойынша  оқушы

 

ізденіп,  оны  тереңдетіп, 



ҿздігінен шұғылдануға мүмкіндік кеңейіп жол ашылады. 

 

Оқулық.  Оқушы  меңгеруге  тиісті  ғылым  негізін  білгізетін  құрал  -  оқулық.  Онда  тиісті 



ғылымның  мазмұны  туралы  жүйелі  де  жан-жақты  ақпараттық  мағлұмат  беріледі.  Оқулық  тек 

ақпараттық  мағлұмат  берумен  ғана  тынбайды,  оқу  құралы  болғандықтан  мұнда  тиісті  деңгейде 

мҽтін, сурет те, кестелік сызбалар да, фотографиялық кҿріністер де келтіріледі. 

Бҽрінен  де  бұрын  оқулық  оқушының  танымдық  іс-ҽрекетіне  бағдар  беріп,  басшылық  жасайды. 

Оқулықтар  мен  оқу  құралдарында  шҽкірт  тарапынан  атқарылуға  тиісті  жаттығу  тапсырма, 

кҿрсетілген сұрақтарға жауап беру жҽне жазба жұмыстарын орындау т.б. кҿрсетіледі. Оқулық - оқу 

үрдісін  ұйымдастырудағы  сценарий  ретінде  ғылымның  теориялық  мҽн-мазмұнын  игеруге 

мүмкіндік  беретін  ҽдістемелік  жолдарды  меңгеруге  жағдай  туғызатын  құрал.  Сондай-ақ  қазіргі 

окулықтар мен оқу құралдарында оқушының білімдік деңгейі, іс-ҽрекет саласында атқарған еңбегі 

барысында  қол  жеткен  табыстарын,  ҿздігінен  орындаған  жұмыстарының  нҽтижесін  бағалап,  оны 

сипаттау  жолдары  да  қамтылған.  Демек,  оқулықта  тиісті  пҽнді  оқудағы  мақсат,  оның  мазмұны, 

оқудьщ  формасы,  меңгеру  барысындағы  таным-түсінік  жҽне  оны  игергендігі  жҿнінде  бақылау 

жасай  білуде  кҿзделеді.  Бұл  қазіргі  заман,  уақыт  талабы.  Ҿйткені  техниканың  ҿсуі,  ақпараттық 

құралдардың  қарқынды  дамуы,  қоршаған  ортадағы  ҿзгеріс,  ҽлемдік  қарым-қатынастың  толассыз 

ҿркендеуіндегі ықпалды ҽсер ыждаһаттылықты талап етуден туындауда. 

Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта 

Лекция оқудың тәртібі, оқыту әдістері мен түрлері: баяндау, сұрақ-жауап, пікірталас 

Бақылау сұрақтары: 

1. 


Білім беру мазмұны дегеніміз не, немен байланысты анықталады? 

2. 


Оқыту процесінде оқу жоспары оқу бағдарламасының қызметі. 

3. 


Қазіргі кезеңде мектепте оқытудың мазмұнын қайта қараудың себептері. 

4. 


Білім мазмұнын анықтайтын мемлекеттік құжаттар 

5. 


Жалпы орта білім беретін мемлекеттік стандартқа талдау жасаңыз. 

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі 

1.  Ж.Б Қоянбаев, Р.М Қоянбаев. Педагогика. Алматы, 2003. 

2.  Н.Хмель. Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процесс. Алматы, 2002 

3.  Бастауыш білім берудің мемлекеттік стандарты. Алматы, 2002. 

4.  Бастауыш сынып пҽндерінің оқу бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 

жылғы  23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі, 

орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сҽйкес ҽзірленген. 

 

 

3-лекция. Тақырыбы: Білім беру – жүйе 

Жоспары:  1.  Білім беру жүйесі ұғымы. 

2.  Білім берудің қызметтері, мақсаттары жҽне міндеттері. 

3.  Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі  нормативтік құжаттарға сипаттама.  

4.  Қазақстандағы мектеп түрлері 



Лекция мақсаты: Білім берудің қызметтері, мақсаттары жҽне міндеттері, білім беру жүйесіндегі  

нормативтік құжаттар туралы түсінік қалыптастыру. 



Лекция  мазмұны.  Білім  беру  жүйесі  оқу  бағдарламасы  мен  мемлекеттік  стандарт  негізінде 

айқындалып,  оны  оқу  орындары  жүзеге  асырып,  тиісті  мекемелер  арқылы  басқарылады.  Білім 

берудің сипатын мемлекеттің ҽлеуметтік экономикасы, саяси құрылысы, тарихи-мҽдени жағдайы 

мен ұлттық ерекшеліктері айқындайды. 

 

Білім беру саласындағы қоғамның талабы мемлекеттің білім беру саясатындағы принциптер 



негізінде жүзеге асырылады. 

 

Қазақстан  Республикасының  Ата  заңы  -  конституциясы  бойынша  Қазақстан 



Республикасының  «Білім  туралы»  заңы  қабылданды.  Заң  білім  беру  саласындағы  мемлекеттік 

саясаттың негізгі қағидаларын орнатты: 

1.  Қазақстан Республикасы азаматтары білім алуға тең құқылы. 

2.  Ҽрбір  азамат  үшін  интеллектуалдық  дамуы  мен  психофизиологиялық  жҽне  жеке бастарының 

қажеттілігіне сҽйкес, білімнің саласының қол жетерлік болуы. 


 

 

3.  Білімнің зайырлығы. 



4.  Жеке тұлғаның білімінің жҽне дарынының дамуына жағдай жасау. 

5.  Оқыту мен тҽрбиелеудің бірлігі, білім алу жүйесінің үздіксіздігі. 

6.  Білім  беру  ұйымдарының  меншік  түріне,  оқыту  мен  тҽрбиелеу  түріне,  бағыттарына 

байланысты ҽр түрлі болуы. 

7.  Білім беру ұйымдарының ҿкілеттілігі жҽне оны басқарудың демократиялық бағытта болуы. 

8.  Білім беру ізгілікті, ҽрі дамыту бағытын ұстануы керек. 

9.  Білімнің ғылыммен, ҿндіріспен байланысы. 

10. Оқушыларды кҽсіптік бағытқа бейімдеу. 

11. Білім беру саласының информатикаландырылуы. 

 

Бұл принциптер білім беру саясатын айқындайтын басты да негізгі бағдар болып табылады, 



демек, еліміздегі оқу орындарының мҽн-мазмұндық бағдарын сипаттайтын қағидалық таным. 

Қазақстан Республикасында білім беруді ұйымдастыру жүйесі Білім жҿніндегі заңын басшылыққа 

алып,  онын  меншігіне,  типіне,  түріне  карамастан  оқу  бағдарламалары  мемлекеттік  білім  беру 

стандарты,  басқару  орындары  мен  оларға  бағынышты  ұйымдардың  негізінде  құрылады. 

Ұйымдастыруда  басшылыққа  алынатын  міндет  жеке  тұлғаның

 

білім  алуы,  дамуы,  кҽсіби 



қалыптасуы,  ұлттық  жҽне  азаматт  құндылықтарды  қабылдап,  ғылыми-техникалық  жетістіктерінің 

негіздерін игеруді қалыптастырып, қажет жағдайда оларды жасай алуы кҿзделеді. 

Білім беру мекемелерінің типтік жүйесінін жалпы сипаты: 

Мектепке дейінгі тҽрбие жүйесі; 

Жалпы білім беретін орта оқу орындары:  

бастауыш мектеп;  



орта оқу орындары: лицей, гимназия, жалпы орта мектеп, кҽсіптік орта мектеп; колледж 

т.б. 

• Жоғары мектептер: университет, академия, институт, консерватория. 



Қазақстан  Республикасында  мектепке  дейінгі,  мектептен  тыс,  арнайы  жҽне  ата-аналарының 

қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балаларға арналған білім беріп, тҽрбиелеу мекемелері 

бар. Сондай-ақ шетелдік ұйымдар мен қорларының қаржысымен ашылған оқу орындары жҽне діни 

бірлестіктерге қарасты медресе т.б. білім-тҽрбие беретін мекемелер ҿз істерін жалғастыруда. 

 

 

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі  нормативтік құжаттарға сипаттама.  



1. 

Жалпы білім беретін оқу орындарына қажетті норматитік құжаттар. 

2. 

Қазақстандағы мектеп түрлері, оларға қысқаша сипаттама. 



Негізгі  ұғымдар:  нормативтік  құжаттар,  білім  беру  стандарты,  базистік  оқу  жоспары,  ҽр  түрлі 

үлгідегі мектептер. 

Жалпы білім беретін оқу орындарына қажетті нормативтік құжаттар.   

ҚР Білім заңына сҽйкес елімізде білім стандарттары қабылданған.  

 

―Стандарт‖  сҿзі  латын  тілінен  алынған,  ―үлгі‖,  ―ҿлшемі‖  деген  мағынаны  білдіреді.  Білім 



стандарты  мағынасы  жағынан  білімділіктің  ҿлшемі  ретінде  қабылданып,  қоғамдық  мұратқа 

орайластырылған,  ҽрі  нақты  тұлға  мен  білім  жүйесінің  мүмкіндіктерін  ескерген  сол  мұратқа 

жетудің  негізгі  талаптар  жиынтығын  қамтиды.  Білім  саласындағы  стандарттаудың  негізгі 

нысандары-стандарт  құрылымы,  оқу  жүктемелерінің  мазмұны,  кҿлемі  жҽне  оқушыны  дайындау 

деңгейі. Стандарт бойынша белгіленген деңгей, дҽрежелер мен талаптар білім сапасын бағалау мен 

білімдену  процесінің  негізгі  қырларын  сараптауды  мызғымас  шек  (эталон)  сипатында 

қабылданады. 

 

Білімді  стандарттаудың  қажеттігі  қоғамдық  құбылыс  ретінде  танылған  білім  саласындағы 



түбегейлі ҿзгерістерге сҽйкес туындап отыр. Қазақстан Республикасының егеменді елдер қатарында 

демократияға,  нарықтық  қатынастарға,  тұлғаның  құқы  мен  еркіндігіне  бетбұрысы  білім 

аймағындағы саясатты қайта қарастырып, жаңа заман талабына сҽйкес түсінуді қажет етеді. Білім 

саласы  енді  ең  алдымен  жеке  тұлғаның  рухани  қасиеттерін  қамтамасыз  етуге  бет  бұрды.  Бұл  ҿз 

кезегінде  оқу  процесін  ұйымдастыру,  оқу-оқыту  формалары  мен  ҽдістерін  таңдау  жҽне  білім 

мазмұнын іріктеу істеріне кҿптеген ҿзгірістердің енуіне себепші болды. 

 

Стандарттау  сонымен  бірге  білім  саласындағы  кҿптеген  жаңашыл  қадамдарға  байланысты 



қажет болып отыр. Мҽселен, 

- мектептегі оқу процесінің жаңа еркін ұйымдастыру формаларына ҿтуі; 

- кҿптеген мектептердің құқықтық дҽрежесінің ҿзгеруі; 

- тың оқу жоспарларының енгізілуі; 

- мектептердің оқу пҽндері мен олардың игерілу кҿлемін ҿз қалауымен   


 

 

  таңдауы; 



  - баламалы оқулықтардың қосылуы; 

  - оқудың жаңа технологияларының жасалуы; кҿп деңгейлі жҽне жіктемелі оқуға ҿту. 

   

Мемлекеттік  міндетті  стандарттар  10  жылда  бір  рет  қайта  ҿңделіп,  қажетті  түзетулер 



енгізіліп, мемлекеттік заңмен бекиді. 

 

 Жалпы білім беруші мекемелердің білім стандарты үш бҿліктен: а) мемлекеттік, ҽ) ұлттық-



аймақтық, б) мектептік болып құралады. Стандарттың мемлекеттік бөлігі (инвариант) елдегі білім 

кеңістігінің біртұтастығы мен тұлғаның ҽлемдік мҽдениет жүйесіне енуін қамтамасыз етеді.  



 

Ұлттық-аймақтық  елді  мекеннің  ҿзіндік  ерекшелік,  талаптарына  (тілі  мен  ҽдебиетіне, 

мҽдениеті мен ҿнеріне жҽне т.б.) байланысты анықталады. 



 

Мектептік  білім  мазмұны  нақты  оқу  орнының  бағыт-бағдарына  сҽйкес  оқу  пҽндерінің 

енгізілуімен белгіленеді. 

 

Оқу жоспары –оқу орнында игерілетін оқу пҽндерінің құрамын, оларды меңгеру бірізділігі 



мен кезек тҽртібін, ҽр пҽн бойынша жылдық, апталық бҿлінген сағат санын, оқу жылындағы апта 

мен айларды анықтап беретін құжат.  

 

Оқу  жоспары  түбір  (типтік)  жҽне  нақты  оқу  мекемесі  тарапынан  жасалған  оқу  жоспары 



болып  бҿлінеді.  Түбірлі  оқу  жоспарында  мектеп  (ЖОО)  қабырғасында  оқу  жылдарына  сҽйкес 

жүргізілетін барлық оқу пҽндерінің тізімі беріледі. Игерілуі қажет пҽндер оқу жоспарында үш топқа 

бҿлінеді: 

а) міндетті (базалық-мемлекеттік бҿлік); 

ҽ) оқушылардың қалауы бойынша (аймақтық бҿлік); 

б) мектеп (ЖОО) кеңесінің бекітуімен ҿтілетін пҽндер (мектептік (ЖОО) бірлік). 

 

Жалпы білім беретін оқу орындарының базистік оқу жоспары негізгі нормативтік құжаттың 



бірі  болып  табылады  жҽне  ол  жұмыстық  оқу  жоспарларын  жасауға  негіз  болады.  Базистік  оқу 

жоспары тұрақты жҽне жылжымалы болып екіге бҿлінеді. Тұрақты жүктеме құрамындағы пҽндер 

жалпы орта білім беретін мектептердің барлық түрлерінде (бағдарлы мектеп, гимназия, лицей, жеке 

меншік мектеп) оқылып, оқушыларды жалпы мҽдени жҽне ұлттық мҽні бар құндылықтарға баулып, 

қоғамдық  мұраттарға  сҽйкес  келетін  жекебастық  қасиеттерді  қалыптастыруды  қамтамасыз  етеді.  

Жылжымалы  бҿлім  оқушылар  дамуының  жеке  сипатын  жетілдіретін,  олардың  жекебастық 

ерекшеліктерін, мүдделері мен бейімділіктерін дамытуға, бар ынтасымен қызығып оқитын пҽндерді 

жете  тереңдетіп  білуге  мүмкіндік  жасайды.  Ол  таңдамалы  пҽндер  мен  факультатив  курстарынан 

құралады. 

Оқу бағдарламалары түбірлі (типтік), оқу-жұмыс (рабочие) жҽне авторлық болып бҿлінеді.  



 

Түбір (типтік) бағдарламалары Мемлекеттік білім стандарты негізінде нақты пҽн бойынша 

құрастырылады. 



 

Оқу-жұмыс  бағдарламалары  түбір  жоспары  негізінде  түзіліп,  мектептің  педагогикалық 

кеңесінің (ЖОО-да жетекші кафедра) шешімімен бекиді. 

 

 Авторлық  оқу  бағдарламасында  білім  стандартының  талаптары  міндетті  түрде  сақталады, 



оқу  материалын  ұсынуда  оқып-зерттелетін  құбылыстар  мен  процестерде  автордың  тарапынан 

ҿзіндік кҿзқарасы болуы мүмкін. 

 

Оқу-ҽдістемелік  кешен  жүйесінің  ҽр  пҽн  бойынша  негізгі  құрамы  бағдарлама  болып 



табылады. Оқу бағдарламасы ҽр оқу пҽні бойынша меңгерілуге тиісті білім мазмұны мен мҿлшерін, 

білік  пен  дағдыларды  жаңа  оқу  жылы  бойынша  бҿлінген  бҿлімдермен  тақырыптардың  мазмұнын 

жҽне  мұғалімдер  мен  оқушылардың  іс-ҽрекетін  анықтайтын  нормативтік  құжат  болып  табылады. 

Бағдарлама  білім  мазмұны  арқылы  оқыту  мақсаттары  жүзеге  асырылатын  нормативтік  құжат 

белгісі түрінде жҽне сабақта мұғалімнің сол мазмұнды ашатын қызмет құралы. 

 

 Қазақстандағы мектеп түрлері, оларға қысқаша сипаттама. 



 Қазақстандағы жаңа типті мектеп түрлері: 1) жалпы білім беретін мектеп; 2) гимназия; 3) лицей; 

4) шағын жинақталған мектеп. 

 -  жалпы  білім  беретін  мектеп,  ол  негізгі  жҽне  қосымша  жалпы  білім  беретін  үш  сатылы 

(бастауыш, негізгі, жоғары) бағдарламаларды жүзеге асырады; жалпы білім беретін мектеп, шағын 

мектеп  болуы  мүмкін,  яғни  оқушылар  санының  аздығына  сҽйкес,  қосылған  сыныптар  жұмыс 

істейді; 

 -  гимназия  негізгі  жҽне  қосымша  оқыту  бағдарламасын  жүзеге  асырады,  оқушылардың  қабілеті 

мен икемділігіне байланысты арнайы, терең, кҽсіптік оқытуды кҿздейді; 

 -  лицей  кҽсіптік  бағытталған  оқушыларды  оқытуды  жүргізетін,  негізгі  жҽне  қосымша 

бағдарламаларды жүзеге асырады, бастауыш жҽне орта кҽсіптік оқыту. 



 

 

 -  шағын  жинақталған  мектеп  сынып  жинақтамалары  аралас  жҽне  оқу  сабақтарын 



ұйымдастырудың ҿзіндік нысаны бар, оқушылар саны шағын жалпы білім беретін мектеп. Шағын 

жинақталған  мектептің  ерекшелігі  мұғалімнің  қызметіндегі  кҿп  пҽнділік,  мектеп  басшыларының 

ҽкімшілік  міндттерді  қоса  атқаруы  болып  табылады.  Шағын  жинақталған  мектептердің  негізгі 

құрылымдық компоненті –бір ғана оқытушы басқаратын жинақталған сыныптар. 

 

Жаңа  типті  мектептердегі  оқу-тҽрбие  беру  жүйесінің  қызметін  ұйымдастыруда  ҽлемдік 



тҽжірибеге  сүйенеді.  Оқыту  процесіндегі  субьектілердің  (білім  беру  жүйесінің  қызметкерлері, 

оқушылар  мен  тҽрбиеленушілер  жҽне  олардың  ата-аналары)  ҽлеуметтік  кепілдері  мен  олардың 

құқықтары, міндеттері ескерілген. 

Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта 

Лекция оқудың тәртібі, оқыту әдістері мен түрлері: баяндау, сұрақ-жауап, пікірталас 

Бақылау сұрақтары: 

1.   Қазакстанның Ата заңындағы білім беруге байланысты принциптер.  

2  Білім берудің стратегиялық бағыттарын айқындайтын құжаттарды сипаттаңыз.  

3  Қазақстандағы мектеп түрлері, олардың ерекшеліктерін түсіндіріңіз.  



Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі 

1.Ж.Б Қоянбаев, Р.М Қоянбаев. Педагогика. Алматы, 2003. 

2. Н.Хмель. Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процесс. Алматы, 2002 

3. Бастауыш білім берудің мемлекеттік стандарты. Алматы, 2002. 

4.Бастауыш сынып пҽндерінің оқу бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 

жылғы  23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі, орта 

білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сҽйкес ҽзірленген. 

 

 



4-лекция. Тақырыбы: Дидактика педагогикалық ғылымдар жүйесінде 

Жоспары:  1.Дидактика туралы жалпы түсінік. 

                    2. Дидактиканың негізгі ұғымдары. 

3. Дидактиканың қалыптасуы мен дамуы. 

Лекция мақсаты: Оқытудың теориялық жҽне ҽдістемелік негіздері, дидактиканың педагогикалық 

ғылымдар  жүйесінде  алатын  орны,    негізгі  категориялары,  қалыптасуы  мен  дамуы  кезеңдерімен 

таныстыру. 

Лекция  мазмұны.      Дидактика  –  бұл  ежелгі  грек  сҿзі,  яғни  үйретуші,  мұғалім  деген  ұғымды 

білдіреді.  Дидактика-білім  беру  мен  оқытудың  теориялық  жҽне  ҽдістемелікнегіздерін  зерттейтін 

педагогика ғылымының саласы. 

Дидактика  білім  беру  мен  оқытудың    мазмұнын,  оқыту  принциптерін,  оқытуды 

ұйымдастыру ҽдістерін жҽне формаларын қарастырады. 

 

Дидактиканыың ғылыми негізін салған чех педагогы Ян Амос Коменский (1592  – 1670 ). 



Оның  «Ұлы  дидактика»  кітабында  оқытудың  мақсаты,  ҽдістері  мен  принциптері  жҽне  сынып-

сабақ  жүйесі  баяндалған.  Ол  бұл  еңбегінде  ҿзінің  алдында  оқытудың  жолын  жаңа  негізге  салу 

мақсатын  қойды.  Коменский  мектеп  үшін  жалпы  бағдарламалар,  оқулықтар,  оқыту  ҽдістерін 

жасап шығару ісін  ең негізгі міндет деп санады. 

 

ХVІІ  ғасырда    швейцар  педогогы  Иоганн  Генрих  Песталоцци  (1746  –  1827  )  дамытып 



оқыту принциптерінің жүйесін дҽлелдеді, бастауыш білім беру ҽдістерінің негізін жасады.  

Песталоцци  оқудың  негізін  оның  кҿрнекі  болуы  деп  санады.  Кҿрнекілікті  кең  түрде 

қолданған  жағдайда  ғана  айналадағы  дүние  туралы  дұрыс  білім  қалыптасады,  ойлау  жҽне  тіл 

дамиды деп кҿрсетті.  

Ҿзінің  жалпы  дидактикалық  пікірлеріне  сүйене  отырып,  Песталоцци  бастауыш  білім 

берудің  ҽдістемесінің негізін салды. 

ХІХ  ғ.  неміс  педагогы  Адольф  Дистервег  (1790  –  1866)  дамытып  оқыту  дидактикасын  

баяндады. Песталоцци сияқты Дистервег те оқытудың негізгі міндеті балалардың ақыл -ойын жҽне 

қабілетін  дамыту  деп  кҿрсетті.  Оқыту  арқылы  адамды  жан-жақты  дамытумен  қатар  балаға 

моральдық  тҽрбие  беру  қажет,  мектепте  оқытылатын  ҽрбір  пҽннің  білім  берумен  қоса  тҽрбиелік 

ҽсері болуға тиісті деп есептеді. 

Дистервег  бастауыш  мектепте  берілетін  білімнің  кеңейтілуін,  атап  айтқанда  жаратылыс, 

география, физика жҽне геометрия пҽндерінен қажетті білім берілуін қоштады. 

Дистервег ҽрі білім беретін, ҽрі тҽрбие беретін оқытудың дидактикасын жасады. 



 

 

Ол мұғалімдерді педагогтық дағдылар мен шеберлікке үйрету мҽселесіне зор кҿңіл бҿлді. 



Дистервег белгілеген оқыту дидактикасы, оның оқулықтары бастауыш мектептің дамуында үлкен 

роль атқарды. 

К.Д Ушинский Ресейде орыс дидактикасының дамуына игі ҽсерін тигізді. Дидактика жҽне 

методика мҽселелері оның «Адам тҽрбиесі», «Н.И Пироговтың шығармалары», «Ана тілін оқытуға 

басшылық»,  «Швейцарияға  педагогикалық  саяхат»  деген  педагогикалық  еңбектерінде  кең  түрде 

баяндалды. Кеңес ҿкіметі жылдарында дидактиканың дамуына Н.К Крупская, П.П Блонский, С.Т 

Шацкий т.б. үлкен үлес қосты.  

Белгілі  педагог  –  ғалымдардың  Б.П  Есипов,  М.А  Данилов,  Л.В  Занков,  М.Н  Скаткин,т.б. 

оқыту мҽселелері жҿніндегі еңбектері жарияланды. Олар оқыту принциптерінің жүйесін, оқытуды 

ұйымдастырудың ҽдістері мен формаларын дҽлелдеді. 

Қазақстанда  дидактиканың  дамуына  белгілі  педагог  –  ғалымдар,  ағарту  ісінің 

қайраткерлері Ы. Алтынсарин, М. Жұмабаев, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов ҿз үлестерін қосты. 

Ы.  Алтынсарин  (1841  –  1889)  қазақ  балаларын  оқыту,  оларға  білім  беру  жайлы  оқыту 

ҽдістері  мен  тҽсілдерін  зерттеді.  Ол  бірнеше  оқу  құралдарының,  мектептер  үшін  оқу 

жоспарларының,  оқу  пҽндер  бағдарламаларының  авторы.  Осы  оқулықтар  мен  оқу  құжаттарын 

мектептерде ұтымды қолдануды ұйымдастырған алғашқы қазақ педагогы. 

М. Жұмабаев (1893 – 1938)  - ұлы ақын, ағартушы. Оның «Педагогика» кітабы ең алғашқы 

рет    1922  жылы  Қызылжар  қаласында,  одан  кейін  1923  жылы  Ташкент  қаласында  шығарылды. 

Мұнда ол педагогиканың жалпы мҽселелерімен қатар, адамның жан дүниесінің ҽр түрлі жақтарын 

сипаттайды.  Оның ҽдістемелік еңбектері: «Жазылашақ оқу құралдары Һҽм мектебіміз» (1921) оқу 

құралдарын қалай етіп жазу қажеттігін баяндаса, 

«Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жолы» (1925), «Сауатты бол» (1926), 

ересектерге арналған «Ҽліппе» (1929) атты еңбектері ҽдістемелік мҽселелерді қозғайды. 

А.  Байтұрсынов  ұсынған  жаңа  емле  1913  жылдардан  бастап  мұсылман  медреселері  мен 

орыс – қазақ мектептерінде қолданыла бастады. Қоғам алдында ол қазақ даласында оқу  – ағарту 

ісі  дұрыс  жолға  қойылсын,  ол  үшін  ауыл  мектептерінде  балалар  қазақша  сауат  ашатын  болсын, 

оқу ана тілінде жүргізілсін деген талап қойды. Осы талаптарды жүзеге асыру үшін А. Байтұрсынов 

қазақша  Оқу  құралын,  тұңғыш  «Ҽліппе»  құралын  жазды.  1915  жылы  «Тіл  –  құрал»  атты  кітабы 

жарыққа шықты. Ол осы оқулыққа қазақ грамматикасына қатысты категориялардың ҽрқайсысына 

тұңғыш  қазақша  терминдерді  ұсынды,  фонетика,  морфология,  синтаксис  салаларының  қазақ 

тіліндегі негізін салды.  

А.Байтұрсынов  қазақ  тілін  оқыту  ҽдістемесінің  іргетасын  қалады.  «Баяншы»  атты 

ҽдістемелік еңбегінде (1920 жылы) мұғалімдерге «Ҽліппені»  пайдаланудың, сауат ашу ҽдістерінің 

жол – жобасын кҿрсетті. 

М. Дулатов (1885 – 1935 ) оқу – тҽрбие мҽселелерін ғылыми тұрғыдан қараған, ғылыми – 

дидактикалық қаағидаларға сҽйкес  сабақ жүргізуге ерекше мҽн берді. Оның «Есеп құралы»(1914) 

қазіргі  кездегі  математикадан  оқу  кітаптарын    құрастырушылар  үшін  теңдесі  жоқ  үлгі  деуге 

болады.  Мұнда  бастауыш  мектеп  оқушыларының  ұғымына  оралымды,  кҿкейіне  қонымды, 

күнделікті  қазақ  ҿмірінен  алынған,  қазақ  психологиясына  танымал  есептер,  тапсырмалар  мен 

жаттығулар берілген. 

Ж.  Аймауытов  (1889  -  1931)  педагогика,  психология  саласындағы  құнды  ғылыми 

еңбектерімен  қатар,  бірнеше  оқулықтар,  оқу  құралдарының  авторы  болған  ірі  тұлғалардың  бірі. 

Педагогикалық  еңбектері:  «Тҽрбиеге  жетекші»  (1924),  «Комплексті  оқыту  жолдары»  (1929),  оқу 

кітаптары. 

  Дидактиканың  дамуы  білім  беру  мен  оқыту  проблемаларын  терең  зерттеуге, 

педагогикалық озат тҽжірибені зерттеп жинақтауға жҽне оны оқыту мен тҽрбие процесіне енгізуге 

байланысты.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет