Лекция тезистері



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата24.12.2019
өлшемі0,99 Mb.
#54677
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Білім беру


Лекция мақсаты: Оқытудың ҽдістері, тҽсілдері, құралдары, оқыту ҽдістерін жіктеу проблемалары 

жҽне оларды қолайлы етіп пайдалану туралы мағлұмат беру. 



Лекция  мазмұны.  Ҽдіс  –  (методос  деген  грек  сҿзінен  –  зерттеу  немесе  таным  жолы)  тҽсілдер 

жиынтығы. Ҽдіс педогогикалық ҽдебиеттерде тҽсіл деп түсіндіріледі. 

 

Педагогикалық  энциклопедия  «оқытудың  ҽдістері»  -  мұғалім  мен  оқушылар  жұмысының 



тҽсілдері,  солардың  кҿмегімен  білімді,  іскерлікті  жҽне  дағдыны  игереді,  оқушылардың 

дүниетанымы қалыптасады, қабілеттер дамиды, - деп түсіндіреді.  

Демек, оқыту ҽдістері бұл мұғалім мен оқушылардың оқу- тҽрбие жұмысының міндеттерін 

ойдағыдай  шешуге  бағытталған  ҿзара  байланысты  іс-ҽрекетінің  тҽсілдері.  Ҽдіс  дҽл  жалпы 

мағынасында мақсатқа жету іс-ҽрекетін нақты ретке келтіру тҽсілдері. 

 

Сонымен  оқыту  ҽдістері  оқушылардың  танымдық  қабілеттерінің  дамуына  мүмкіндік 



туғызу тиіс, яғни оқушылардың ойын дамытады, ҿз бетінше ізденіп, жаңа білімді игеруге ықпал 

жасайды.    

Оқыту  ҽдісі  мақсатқа  жетудің  саналы  түрде  қолданылатын  тҽсілі,  ал  мақсатқа  жету 

мұғалімнің шеберлігіне, оның оқыту процесін тиімді ұйымдастыра білуіне, оқушылардың даярлық 

дҽрежесіне,  мұғалім  мен  оқушылардың  белсенділік  педагогикалық  ынтымақтастығына 

байланысты. 

«Оқыту  ҽдісі»  жҽне  «ҽдістемелік  тҽсіл»  ұғымдары  бір-бірімен  тікелей  байланысты. 

Ҽдістемелік тҽсіл оқыту ҽдісінің элементі.  

      Ҽдіс  пен  тҽсілдің  шекарасы  ҿте  жылжымалы,  құбылмалы,  сондықтан  олардың  шекарасын 

анықтау ҿте қиын. Ҿйткені ҽдіс кейде тҽсілге, ал ҽдістемелік тҽсіл оқыту ҽдісіне айналады.  

          Оқыту ҽдістерінің ҿзіне тҽн тарихы бар. 

 

ХХ  ғасырдың  20  жылдарында  белгілі  педагог  –  ғалымдар  Б.Е  Райков,  К.П  Ягодовский, 

М.М Пистрак оқытудың  түсіндірме, практикалық, еңбек, эвристикалық, зерттеу, лабораториялық   

ҽдістерін  жасады. 

           30-жылдары  М.М.Пистрак,П.Н.Шимбирев,  И.Т.Огогродников  оқытудың  жаңа  ҽдістерінҒ 

ҽңгіме,  ҽңгімелеу,  кҿрсету,  демонстрация,  лекция,  кітаппен  жұмыс,  лабораториялық  жұмыс 

ҽдістерін ұсынды..  

50-жылдардан  бастап  оқыту  ҽдістерінің  жіктеу  проблемасына  айрықша  кҿңіл  бҿлінді. 

Грузин педогогы Д.О Лордкипанидзе оқыту ҽдістерін үшке бҿледі: сҿздік ҽдістер, кітаппен жұмыс 

істеу ҽдістері, оқыту – практикалық сабақтар ҽдістері. 

50-ж. аяғы 60-ж.  басында орыс ғалымдары Е. Я Голант, С.Г Шаповаленко, Н.М Верзилин 

білім кҿзін негізге алып, оқыту ҽдістерінің жаңа жіктеуін үш топқа бҿлді:  

1.  Сҿздік ҽдістер тобы: ҽңгімелеу, ҽңгіме, түсіндіру, лекция, кітаппен жұмыс. 

2.  Кҿрнекілік ҽдістер тобы: демонстрация, иллюстрация, бақылау ҽдістері жатады. 

3.  Практикалық  ҽдістер  тобы:  лабораториялық,  практикалық,  графикалық  жұмыстар, 

ҽртүрлі жаттығулар. 

Сҿздік,  кҿрнекілік  жҽне  практикалық  ҽдістер  оқыту  процесін  ұйымдастыруда  зор  роль 

атқарады. Оқу ҽдістерін жіктеудің басқа да тҽсілдері бар. М.Н Скаткин мен И. Я Лернер жасаған 

оқыту ҽдістері жіктеуінен кейбір ерекшеліктерді байқауға  болады. Олар оқушылардың танымдық 

немесе ойлағыштық іс-ҽрекетін ҽдістерді топтастырудың негізі деп қарастырады.   И.Я Лернердің 



 

 

дҽлелдеуі бойынша мұғалім сабақ үстінде оқушыларға кҿп түсіндіреді, ал жаңа проблеманы шешу 



процесінде білімді шығармашылықпен пайдалануға аз кҿңіл бҿлінеді. Осы ерекшеліктерді ескеріп, 

М.Н Скаткин мен И.Я Лернер оқытудың мынадай ҽдістерін ұсынады: 

1. 

Түсіндірмелі – иллюстративті ҽдіс. 



2. 

Репродуктивті ҽдіс. 

3. 

Проблемалы баяндау ҽдісі. 



4. 

Ішінара іздену немесе эвристикалық ҽдіс. 

5. 

Зерттеу ҽдісі. 



Ю.К  Бабанский  Ресей  ғалымдарының  оқу  ҽдістері  жіктеуіне  сүйеніп,  оларды  үш  топқа 

бҿлуді ұсынды. 

      1.Оқу- танымдық  іс-ҽрекетін ұйымдастыру жҽне іске асыру ҽдістері: сҿздік ҽдістері, кҿрнекілік 

ҽдістері,  практикалық  ҽдістер,  индуктивті  жҽне  дедуктивті  ҽдістер;  репродуктивті,  проблемалы, 

ішінара іздену ҽдістері, ҿз бетінше жұмыс істеу ҽдістері. 

      2.Оқу-  танымдық  іс-ҽрекетін  ынталандыру  ҽдістері:  оқушылардың  танымдық  ықыласын 

қалыптастыру  ҽдістері,  оқудағы  жауапкершілікті  қалыптастыру  ҽдістері,  оқудағы  жауапкершілік 

пен міндетті ынталандыру ҽдістері, оқудың қоғамдық маңыздылығын түсіндіру, оқыту талаптарын 

қою, мадақтау, ұялту.  

      3.Оқу-  танымдық  іс-ҽрекетінің  тиімділігін  бақылау  жҽне  ҿзін-ҿзі  бақылау  ҽдістері:  ауызша 

бақылау  ҽдістері;    жазбаша  бақылау  ҽдістері,  лабораториялық  бақылау  ҽдістері;  машиналы 

бақылау ҽдістері, ҿзін ҿзі бақылау  ҽдістері. 

Оқыту    ҽдістерін    жіктеуде    мына    мҽселелерді    ескеру    қажет:  а)ҽрбір    ҽдіс    оқыту  

процесінде  дидактикалық  міндетті  шешеді; 

ҽ)  мұғалім  мен  оқушылардың  ҿзара  байланыс  іс-ҽрекеті,  таным  қабілетін  дамытудың  негізгі 

құралы; 


б) ҽрбір автордың пікірін ескеріп, оқыту процесін тиімді ұйымдастыру. 

 

Оқыту  жұмысының  нҽтижелі  болуы  оқыту  ҽдістерін  үйлесімді  таңдап  ала  білуге 



байланысты. Оқыту ҽдістерін таңдап алу үшін тҿмендегі критерийлерді басшылыққа алған жҿн:  

1.  Ҽдістердің оқыту заңдылықтары мен принциптеріне сҽйкестігі. 

2.  Ҽдістердің дидактикалық мақсаттар мен міндеттерге сҽйкестігі. 

3.  Оқыту ҽдістерінің тақырып мазмұнына  сҽйкестігі. 

4.  Оқыту  ҽдістерінің  оқушылардың  оқу  мүмкіндіктеріне  (жас,  жҽне  дербес 

ерекшеліктеріне) сҽйкестігі. 

5.  Ҽдістердің мұғалімдердің мүмкіншіліктеріне сҽйкестігі (тҽжірибесі, білімі, қабілеті 

жалпы білімдарлығы т.б.) 

6.  Оқыту ҽдістерінің мектептің материалдық жҽне техникалық базасына сҽйкестігі. 

7.  Ҽдістердің сыртқы жағдайлардың ерекшеліктеріне сҽйкестігі.  



Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта 

Лекция оқудың тәртібі, оқыту әдістері мен түрлері: баяндау, сұрақ-жауап, пікірталас 

Бақылау сұрақтары: 

1.Оқыту ҽдістері, тҽсілдері жҽне құралдары ұғымдарын сипаттаңыз. 

2.Мектепте кҿбірек қолданылатын ҽдістер тобы. 

3.Оқыту ҽдістерін тиімді пайдалануда қандай критерийлер ескерілуі қажет? 



Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі 

1.Ж.Б Қоянбаев, Р.М Қоянбаев. Педагогика. Алматы, 2003. 

2.Н.Хмель. Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процесс. Алматы, 2002 

3. Бастауыш білім берудің мемлекеттік стандарты. Алматы, 2002. 

4. А.Әбілқасымова. Қазіргі заманғы сабақ. Алматы, 2004. 

 

 



9-лекция. Тақырыбы: Қазіргі оқытуды ұйымдастыру    формалары 

Жоспары: 1. Оқытуды ұйымдастырудың  формалары. 

                   2. Сабақ – оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы. 

                  3.  Сабақтың типтері жҽне құрылымы. 

Лекция мақсаты: Оқытуды ұйымдастырудың формалары, олардың даму тарихы, сабақ, оның 

типтері жҽне қазіргі сабаққа қойылатын талаптар туралы түсінік беру. 



Лекция  мазмұны.  Оқыту  формалары  –  оқушылардың  белгілі  бір  оқу  ҽрекетін  ұйымдастыру. 

Оқыту  формалары  ҿзгермейтін  дүние  емес.  Мектептің  дамуына,  оқытудың  міндеттері  мен 



 

 

мазмұнының  ҿзгеруіне  қарай  оқытуды  ұйымдастырудың  формасы  да  ҿзгереді.  Оқытудың  кейбір 



формалары,  мысалы  сабақ  адамзатқа  ұзақ  та  сенімді  қызмет  етіп  келеді.  Мұның  ҿзі  оқытудың 

формасы  ретінде  сабақ  ғасырлар  бойы  ҿзгермеді  деген  сҿз  емес.  Алғашқыда  балаларды  оқыту 

негізінен жеке – дара жолмен жүзеге асырылды. Бірақ мұндай жолмен оқушылардың шағын ғана 

мҿлшерін оқытуға болатын еді. Қоғамның дамуы барған сайын сауатты адамдарды кҿп мҿлшерде 

керек етті, осы қажеттің кҿрінісі ретінде оқытудың сынып – сабақ жүйесі келіп туады. 

Мұның  сыныптық  деп  аталатыны  мұғалім  белгілі  бір  жастағы  мықты  құрамы  бар,  сынып 

делінетін оқшылар тобымен сабақ жүргізеді. Сабақ делінетні – оқу процесі қатаң белгілі бір уақыт 

шегінде  –  сабақта  ҿткізіледі.  Ҽрбір  сабақтан  соң  үзіліс  жасалады.  Сынып  –  сабақ  жүйесінің 

теориялық тұжырымын тұңғыш рет Я.А.Коменский берді. Ол оқытуды жыл бойынша шектеуді, ҽр 

жылға  ҿз  бағдарламасын  беруді,  жастарына  қарай  оқушыларды  сыныптарға  бҿлуді,  бір  күннің 

шебінде оқытуды сағатпен жүргізуді ұсынды. 

Мектептердің даму тарихында оқытуды ұйымдастырудың басқа да формалары болды. 

ХVІІІ ғ аяғында ХІХ ғ басында Англияда оқытудың белл-ланкастер жүйесі пайда болды. Бұл 

жүйені  жасаған  дін  қызметкері  А.Белль  жҽне  мұғалім  Д.Ланкастер.  бұл  жүйе  бойынша  мұғалім 

оқуды  300-ден  астам  оқушымен  үлкен  залда  ҿткізеді.  Содан  кейін  оқушыларды  топтарға бҿледі. 

Ҽрбір топтағы оқушылармен оқуды мониторлар – топ басқарушылары жүргізеді.  

ХХ  ғ  20  ж аяғында  совет  мектептерінде  оқу  жұмысының бригадалық  –  лабораториялық ҽдіс 

деп  аталатын  формасын  енгізе  ҽрекет  жасалды.  Бұл  форманың  мҽні:  оқу  тапсырмалары  жеке 

оқушыға емес, бригадаға  немесе  звеноға  беріледі.  Тапсырма  беруге дейін мұғалім  оқушылармен 

кіріспе  сабақ  ҿткізеді.  Тапсырманың  орындалуы  туралы  бригадир  немесе  звено  жеекшісі  есеп 

берді 

ХІХ  ғ  аяғында  Америка  мектебінде  оқушылардың  толық  дербестігіне  есептелген  оқыту 



формасы  қолданыла  бастады.  Бұл  формалар  ҽуел  баста  бір  мұғалім  бірнеше  кластармен  жұмыс 

істеген шағын село мектептерінде туды. Бұдан кейін бұларды белгілі жүйеде Дальтон қаласының 

қалалық  мектептерінің  біріндегі  мұғалім  Елена  Паркхерст  қолданады.  Дальтон  –  планның  мҽні: 

оқушы ҿз бетімен жұмыс істейді, тапсырманы орындайды, сынақ тапсырады, келесі тапсырманы 

дайындайды.  Дальтон  планның  негізгі  мақсаты  –  ұжымнан  жекеленетін  адамдардың 

психологиясын тҽрбиелеу. 

Оқытудың  бұл  формаларының  осал  жақтары:  оқу  жұмысында  ұйымдастырылу  нақтылығы 

болмады.  Мұғалім  оқушыларды  тҽрбиешісі  ретінде  ҿзінің  негізгі  функциясынан  айырылды,  ол 

консультантқа,  бақылаушыға  айналып  кетті.  Оқытудың  мұғалімдік  жҽне  тҽрбиелік  маңызы  күрт 

кеміді,  сондықтан  да  оқытудың  бұл  формалары  қатаң  сынға  алынды.  1930  жылдан    бастап 

мектептерде оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы – сабақ болды. 

Сабақ  –  мақсатқа  бағытталған  мұғалім  мен  оқушылардың  ұжымдық  шығармашылық  еңбегі. 

Сабақта оқыту мен тҽрбиенің мақсаттары, міндеттері жүзеге асырылады. Сабақтың шын мақсаты – 

тұлғаны оның қабілеті мен дарындылығына сүйеніп дамыту.  

Сабақтың  міндеттері  білім,  даму  жҽне  тҽрбие  мақсаттарымен  анықталады.  Осы  тұрғыдан 

сабаққа қойылатын кейбір талаптар: 

1.  Сабақтың  дидактикалық  мақсатының  айқындығы.  Ҽрбір  сабақта  оқыту  жҽне  тҽрбие 

мақсаты  дҽл  қойылуы  тиіс.  Оқыту  мақсаты  дегеніміз  жаңа  білімді  меңгеру,  іскерліктің, 

дағдының қалыптасуы, тҽрбие мақсаты – жеке адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру. 

2.  Оқу  материалдарының  кҿлемін  анықтау.  Балалардың  білім  деңгейін,  жас  жҽне  дербес 

ерекшелігін еске алып, сабақтың ҽрбір құрылым бҿлігіне оқу материалын таңдап алу. 

3.  Оқыту мен тҽрбиенің бірлігі. Оқыта отырып, тҽрбиелеудің мҽні – тұлғаның ҿмірге, білімге 

қатынасын, қабілетін, адамгершілік қасиетін қалыптастыру. 

4.  Оқытудың  ұтымды  ҽдістерін  таңдап  алуды  сабақ  типтеріне,  сабақтың  ҽрбір  кезеңіндегі 

оқу материалының мазмұнына сҽйкетігі. 

5.  Сҿз бен кҿрнекілікті үйлестіру. 

6.  Оқушылардың  білімді  терең  ұғуын,  сонымен  бірге  сабақта  олардың  зейінін,  есін, 

байқағыштығын үнемі бақылап, есепке алу. 

7.  Сабақты  ұйымдастыруды  ширақ,  дер  кезінде  батап,  сабақ  уақытын  тиімді,  нҽтижелі 

пайдалану. 

Сабақ  құрылымдағы  басты  элементтердің  бірі  –  жалпы  дидактикалық  мақсат.  Оны  үшке 

бҿлуге болады: 

а) білім жүйесін (білім, іскерлік, дағды) қалыптастыру; 


 

 

ҽ)  даму  –  оқушылардың  ҿз  бетімен  танымын  ынталандыру,  олардың  дидактикалық  ойлауын, 



шығармашылық қабілетін дамыту; 

б) тҽрбие – ғылыми дүниетанымын, құнды құлықтық қасиеттерін, кҿзқарасын қалыптастыру. 

 

Сонымен  сабақ  оқушыларды  білім  жүйесімен  қаруландырып  қана  қоймайды,  ол 



тҽрбиелеуші міндеттерін де атқарады. 

 

Сабақ құрылымы – сабақ тұтастығын қамтамасыз ететін оның элементтерінің жиынтығы. 



Ҽрбір  сабақтың  құрылымы  оның  мақсатына,  оқыталатын  материалдың  мазмұнына,  оқытудың 

ҽдістеріне, тҽсілдеріне, оқушылардың дайындық деңгейіне тҽуелді болады. 

 

Қазіргі  кезде  мектеп  тҽжірибесінде  қолданылып  жүрген  сабақ  түрлері  сан  алуан.  Бірақ 



солардың  бҽрі  белгілі  бір  сипаты  бойынша  топқа  біріктіріледі.  Мысалы:  сабақтың 

ұйымдастыруына,  мазмұны  мен  ҿткізу  ҽдісіне,  оқу  процесінің  кезеңдеріне  немесе  сабақта 

атқарылатын міндеттеріне орай. Осыған байланысты сабақ түрлері 5 типке бҿлінеді: 

1.  Жаңа оқу материалын ҿту сабақтары. 

2.  Білімді, іскерлікті жҽне дағдыны жетілдіру сабақтары. 

3.  Жинақтау жҽне жүйелеу сабақтары. 

4.  Аралас сабақтар. 

5.  Бақылау мен кемшіліктерін түзеп беру сабақтары. 

Сабақты ғылыми-ҽдістемелік деңгейде ҿткізу үшін мұғалім ҿз жұмысын жоспарлауы тиіс. 

Оқыту жұмысы тақырыптық жҽне сабақ жоспары бойынша жүргізіледі. Тақырыптық жоспар оқу 

бағдарламасы, оқулық, оқу құралдары негізінде жарты немесе толық оқу жылына жасалады. Сабақ 

жоспраы ҽр сабаққа жасалады, ол оқу жұмысын жоспарлаудың негізгі формасы. 

 

Келесі сабаққа дайындау үшін бүгінгі ҿткен сабақты талдау қажет. Мына мҽселелерді еске 



алған жҿн: 

тақырып мазмұнын оқушылар қалай игереді; 



сабақта қолданылатын оқыту ҽдістерінің тиімділігі; 

сабақтың дидактикалық жҽне тҽрбиелік міндеттері қалай шешіледі; 



сабақтың жақсы жақтары мен кемшіліктері; 

сабақ процесінде болған кемшіліктерді келесі сабақтрада болдырмау жолдары. 



Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта 

Лекция оқудың тәртібі, оқыту әдістері мен түрлері: баяндау, сұрақ-жауап, пікірталас 

Бақылау сұрақтары: 

1.Мектептің даму тарихында оқытуды ұйымдастырудың қандай түрлері болды? 

2.Сынып-сабақ жүйесінің қандай артықшылықтары бар? 

3. Сабақтың типтері. 

4. Қазіргі сабаққа қойылатын талаптар. 

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі 

1.Ж.Б Қоянбаев, Р.М Қоянбаев. Педагогика. Алматы, 2003. 

2.Н.Хмель. Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процесс. Алматы, 2002 

3. Бастауыш білім берудің мемлекеттік стандарты. Алматы, 2002. 

4. А.Әбілқасымова. Қазіргі заманғы сабақ. Алматы, 2004. 

 

 



 

10-лекция. Тақырыбы: Оқыту процесінің сапасын педагогикалық бақылау 

Жоспары: 1.Оқушылардың білім, білік, дағдыларын тексеру мен бағалау жҿнінде жалпы түсінік.  

            2. Білімді тексеруге қойылатын психологиялық-педагогикалық талаптар. 

     3.Білім, білік, дағдыларды бағалаудың критерийлері.           

Лекция мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының білім, білік, дағдыларын бағалау жҽне есепке 

алу, бағалауға қойылатын психологиялық-педагогикалық талаптар туралы түсінік беру. 



Лекция  мазмұны.  Оқыту  процесінің  маңызды компоненттерінің  бірі  – бақылау,  баға  қою жҽне 

есепке алу. Бұл ұғымдардың ҽрқайсысының ҿзінше мҽні жҽне ерекшелігі бар.  

Бақылау  –  бұл  педагогикалық  басшылықтың  жҽне  оқушылардың  танымдық  іс-ҽрекетін 

меңгерудің    функциясы.  Бақылаусыз  жеке  адамның  дамуы  мен  қалыптасуын  басқаруға 

болмайды.  Бақылаудың  психологиялық-педагогикалық  мҽні  –  оқушыларға  дер  кезінде  кҿмек 

кҿрсету,  олардың  шығармашылық  күшіне,  қабілетіне  сенім  білдіру,  оқушыларды  оқу 

тапсырмасын нҽтижелі етіп орындау үшін ынталандыру жҽне іске жұмылдыру.  


 

 

Бақылаудың  бірнеше  түрлерін  атауға  болады:  тақырыптық  бақылау,  тараулар  бойынша 



оқтын-оқтын бақылау, қорытынды бақылау.  

Тақырыптық  бақылау  оқу  бағдарламасындағы  белгілі  тақырыптар  бойынша  ҿткізіледі. 

Сабақтың  тақырыбы  жҽне  ҽрбір  кезеңдері  негізінде  оқушылардың  білімді,  іскерлікті,  дағдыны 

игеруі тексеріледі.  

Тараулар  бойынша  оқтын-оқтын  бақылау  ҽрбір  тоқсанның  аяғында  оқу  бағдарламасының 

белгілі  тарауын  оқып  болғаннан  кейін  ҿткізіледі.  Бақылаудың  мақсаты  оқу  бағдарламасы 

негізінде ҽрбір тоқсанның аяғында пҽндер бойынша оқушылардың алған білімінің кҿлемін жҽне 

сапасын, іскерлігін, дағдысын анықтау.  

Қорытынды бақылау барлық пҽндер бойынша жыл аяғында ҿткізіледі. Оқушылардың жыл 

бойында алған теориялық жҽне практикалық білімдері анықталады.  

Бақылаудың  тиімділігі  оны  оқыту  процесінде  дұрыс  ұйымдастыруға  байланысты.  Оқыту 

процесінде бақылаудың жаппай, топтық жҽне дербес формаларын атауға болады.  

Жаппай бақылауда барлық оқушыларға бірдей тапсырма беріледі.  

Топтық бақылауда белгілі оқушылар тобы сабақта тапсырмалар алып орындайды.  

Бақылаудың дербес формасы ҽрбір оқушының білімін, іскерлігін жҽне дағдысын терең, жан-

жақты анықтауға мүмкіндік береді.  

Оқушылардың  үлгерімін  бақылау  нҽтижесі  бағалау  арқылы  кҿрсетіледі.  Бағалау  деп 

тапсырманы орындау нҽтижесі, білімнің, іскерліктің жҽне дағдының сапасын анықтауды айтады.  

Бастауыш  сыныптарда  балалардан  жеке-дара  сұрау  анағұрлым  кеңінен  пайдаланылады. 

Ауызша  сұрауда  мұғалім  басты  назарын  фактілердің  жай  қайталап  айтуға  ғана  емес,  сондай-ақ 

оларды  түсіндіріп,  дҽлелдеуге  аударады.  Ауызша  сұрау  барысында  есептерді  шығаруда, 

сҿйлемдерді  грамматикалық  талдауда,  ҿлшеулер  жүргізуде  алған  білімдерін  оқушылардың 

практикада пайдалана білуі тексеріледі.  

Ауызша  сұрау  үнемі  жүргізіліп  тұруға  тиіс.  Тек  осындай  жағдайда  ғана  ол  оқушыларды 

оқытып, тҽрбиеленудің маңызды факторына айналады. Егерде оқушыны тоқсан бойында екі-үш 

рет қана сұраса, онда мұғалімнің оны бірдемеге үйрете алатындығына есеп жасау қиынға соғады.  

Бастауыш  мектепте  жаңа  материалды  оқып  үйренумен  бірге  жүргізілетін  жаппай  тексеру 

сабақтағы  жұмыстың  дербес  түрі  ретінде  қолданылады.  Міндетті  түрде  еске  сақтауға  жҽне 

ережелерді,  кҿбейту  таблицасын  игеруге  тиісті  білімдерді  бақылау  үшін  жаппай  тексеру  жиі 

пайдаланылады.  

Алайда  жаппай  сұрау  тексерудің  негізгі  түрі  бола  алмайды.  Мұның  барысында 

тапсырманың  орындалу  фактісі  тексеріледі,  бірақ  игерудің  толықтығы  мен  тереңдігін  анықтау 

қиынға түседі.  

Білімдерді  тексерудің  маңызды  түрі:  бақылау  жұмыстары,  диктант,  тексті  айтып  шығу, 

шығарма, есептерді шешіп, құрастыру болып табылады.  

Үлгерімді  бағалаудың  білім  беру  жҽне  тҽрбиелік  маңызы    бар.  Білім  берудің  мағынасы 

оқушылар  объективті  білім  алады,  ой-ҿрісі  кеңиді,  ғылыми  кҿзқарасы  қалыптасады,  іскерлікті, 

дағдыны  игереді.  Тҽрбиелік  мағынасы  жағынан  объективті  бағалау  жеке  адамның  болымды 

қасиеттерін қалыптастыру құралы.  

Мұғалім оқушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны игеру сапасын тексеріп қана қоймайды, 

ол оларды ойлау тҽсілдеріне, практикалық жұмысқа үйретеді.  

Оқушылардың білімін бағалау үшін мынадай жағдайларды ескеру қажет:  

а) оқушы білімінің жақсы жақтарын жҽне кемшіліктерін дҽлелдеу;  

ҽ)  баға  ҽділетті  болуы  қажет,  оқушының  бағасын ҽдейі  тҿмендетуге,  оған ҿте  жеңіл-желпі 

қарауға жҽне ымырашылдыққа салынуға болмайды;  

б)  ҽрбір  баға  –  бұл  тек  қана  білімді  есепке  алу  емес,  ал  шын  тҽрбиелік  құрал.  Сондықтан 

оқушы білімін бағалауда немқұрайлыққа салынуға болмайды;  

в) оқушылардың кейбір теріс қылықтары үшін бағаны жазалау құралы есебінде қарастыруға 

болмайды;  

г) оқушылар білімін тексеруді жҽне бағалауды сабақтың ҽрбір кезеңінде іске асыру керек.  

Оқушылардың  білімдерін  тексеру  процесінде  оларға  тек  қана  баға  қоюмен  шектелуге 

болмайды. Мұғалім оқушы  оқу  материалын  қалай  ұқты, білімі    қаншалықты   берік,  терең, дҽл, 

анық, міне осы жағына баса кҿңіл аударуы керек. Мұғалім тексерудің барысында оқушылардың 

үлгерім  динамикасын, білімдерін тексеруде олардың ынтасын зерттейді, тексерудің үнемі жүйелі 

түрде болып отыруын қамтамасыз етеді.  


 

 

Оқушылар  білімдерінің,  іскерліктері  мен  дағдыларының  баға  критерийі  ҽрбір  пҽн  үшін 



оның  ерекшеліктеріне    сүйене  отырып  жасалады.  Ҽрбір  бағаны  мұғалім  оқушының  жауабын 

қысқа,  анық  талдаумен  қосарлап  отырады.  «Сен  бүгін  ҿте  жақсы  жауап  бердің,  ережені  ҿте 

сауатты,  жақсы  білесің,  саған  «5»  қоямын»;  «Материалды  жақсы  білесің,  ҽңгімені  сауатты  да 

дҽйекті құрғансың, бірақ анықтамаңда дҽлсіздік жібердің. Алдағы уақытта ұқыптырақ болғайсың, 

саған «4» қоямын».  

Оқушылардың  білімін  бағалағанда  олардың  жеке-дара  бабын  табу  қажет.  Сонда  ғана  баға 

ұжымды  ұйымдастырудың  маңызды  құралы  болады  жҽне  мақсат  кҿздеушілікті,  еңбек 

сүйгіштікті, адалдықты, сондай-ақ зейінділікті дамыту ісін ынталандырады.  

Оқыту  ісі  оқушыларды  білім,  іскерлік  пен  дағдылар  жүйесімен  қаруландыруға,  олардың 

санасы  мен  мінез-құлықтарын  қалыптастыруға,  оқушылардың  таным-білім  қабілеттерін 

дамытуға бағытталған.  

Оқытудың  осы  түсінігіне  сүйене  отырып,  нҽтижелі  оқыту  барлық  оқушыларды  белсенді 

таным-білім  ҽрекетіне  тартуды  қамтамасыз  ететін  оқу  процесін  мұғалімнің  ұйымдастыруын 

кҿздейді.  Бұл  іс-ҽрекеттің  барысында  білімді  игеруде  оқушыларды  жан-жақты  дамытып, 

тҽрбиелеуде максимальды нҽтижеге жетуге болады.  

Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта 

Лекция оқудың тәртібі, оқыту әдістері мен түрлері: баяндау, сұрақ-жауап, пікірталас 

Бақылау сұрақтары: 

1.  Бақылау жҽне оның түрлері. 

2.  Білім, білік, дағдыны бағалауға қойылатын негізгі талаптар. 

3.  Бағалаудың функциялары. 

4.  1-сынып оқушысын бағалау ерекшеліктері.. 

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі 

1.Ж.Б Қоянбаев, Р.М Қоянбаев. Педагогика. Алматы, 2003. 

2.Н.Хмель. Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процесс. Алматы, 2002 

3. Бастауыш білім берудің мемлекеттік стандарты. Алматы, 2002. 

4. А.Әбілқасымова. Қазіргі заманғы сабақ. Алматы, 2004. 

5. Ж.Дәулетбекова. Оқушылардың оқу мотивтері- сапалы білім негізі. Алматы, 2001. 

 

 

11-лекция. Тақырыбы: Оқушылардың оқуын мотивациялау 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет