Лекция тезистері



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата24.12.2019
өлшемі0,99 Mb.
#54677
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Білім беру


 

 

Ф-ӘД-001/046 



Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ 

ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ  

 БІЛІМ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ КАФЕДРАСЫ 

 

                                                                                                                                      

 

 

 



 

 

 



Мамандық аты, шифры: 5В010200 «Бастауыш оқыту педагогикасы мен ҽдістемесі» 

 

 



Пҽн оқытушысы:  Сахитжанова С. 

 

 



 

 

 



БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ  пәнінен 

 

ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ 

 

 

                                                       

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Түркістан 2015 



 

 

 



1-лекция. Тақырыбы: Үздіксіз білім беру жүйесінде білім беру бағдарламаларының бір-бірімен 

сабақтастығы 



Жоспары: 1. Білім беру – қоғамдық құбылыс жҽне педагогикалық феномен.  

                    2. Білім бағдарламасы.  



Лекция  мақсаты:  Білім  беру  мақсаты,  мазмұны,  білім  беру  бағдарламасы  жҽне  олардың 

сабақтастығы жҿнінде түсінік қалыптастыру. 



Лекция  мазмұны.  Педагогикалық  жүйені  айқындайтын  негізгі  компоненттердің  бірі  -  білім 

берудегі  мақсат.  Ол  қоғамның  қажеті  мен  талабына,  ҽлеуметтік  жағдайына,  үйлесімді  саясатына 

байланысты. Ал педагогикалық жүйені құрудың мақсатын белгілеу дидактикалық- психологиялық 

талаптар негізінде айқындалады. 

 

Дидактика  тарихын  зерттеуші  ғалымдардың  оқыту  мақсаты  жҿніндегі  пайымдауларын 



негізге  алғанда,  бұл  саладағы  пікірлерді  екі  топқа  бҿліп  қараған  жҿн.  Бірінші  топтағылар 

оқытудағы  мақсат  -  тұлғаның  ақыл-ойын,  есін,  қабілетін  дамыту  деген  түсінікті  ұстанады.  Сол 

себепті  педагогика  ғылымында  бұларды  «Формалдық  білім  берушілер»  деп  атайды.  Ал  екінші 

топтағылардың ұстанымы - білім берудің мақсаты ғылым негіздерін меңгертіп, ҿмір үшін кажетті 

де  нақты  түсінік  қалыптастыру  деп  түсіндіреді.  Осы  орайдан  бұларды  ―білім  берудегі 

материалистік‖ кҿзқарастағылар деп атайды. 

 

Қазіргі  дидактикада  тұлғаның  дамуы  білім  негіздерін  меңгеруге  тҽуелді  деген  ұстанымды 



тұтынады.  Сондықтан  да  білім  негіздерін  меңгеруде  жалпы  білімдік  мақсатты  айқындайтын 

міндеттерді былайша белгілейді: 

-  Оқушыға  жүйелі  түрде  білім  беруде  табиғат,  қоғам,  техника,  мҽдениет  туралы  білімдендіріп, 

шҽкірттің  алған  білімін  тиісті  деңгейде  ҿмірге  үйлесімді  ілгері  дамытуға  бейімдеуді  қамтамасыз 

ету; 

-  Оқушының  қызығушылығын,  қабілетін,  ақыл-ойын,  зейінін,  қиялын,  есін,  сезімін,  ерік 



қасиеттерін, таным-түсінігін жҽне практикалық іскерлігін дамыту; негізгі де басты бағдар орта оқу 

орнын  бітіруші  ҿзін-ҿзі  жетілдіріп,  білімдік  таным  қабілетін,  ойлана  білу  деңгейін  ҿрістетіп 

дамыту; 

-  Ғылыми  кҿзқарасын,  имандылық,  адамгершілік,  эстетикалық  т.б.  сапалық  қасиеттерін 

қалыптастыру; 

   -  Ҿзін-ҿзі  білімдендіру  қабілетін  қалыптастырумен  қатар,  ҿзін-ҿзі  үздіксіз  жетілдіруге  деген 

қажеттілікті  ҿрістете  түсу  керек,  ҿйткені  дамудағы  кҿз  ілеспейтін  жылдамдық,  заман  талабы 

тоқтаусыз ҿркендеуді қажет ететіндіктен ҽр тұлғаның үнемі оқып ізденуін талап етсе, оларды сол 

деңгейде болуға баулу негізгі шартқа айналғандығын ҽмісе ескеру; 

 -  Ҿндірістің  негізгі  түрлері  мен  ондағы  атқарылатын  еңбекті  ұйымдастырып,  басқару  жүйесі 

жҿнінде  білім  беру  жҽне  техникалық  құрылымдарды  пайдалана  алу  жолдары  туралы  тиянақты 

түсінік қалыптастыру жағын қадағалау керек. 

 

 Білімнің мазмұны. Білім берудегі мемлекеттік стандарт



Қазіргі  кезеңдегі  білімнің  мазмұнын  айқындауға  қойылатын  басты  бағдарлардың  бірі  - 

мемлекеттік  стандарт,  былайша  айтқанда,  мемлекеттік  жүйедегі  бірыңғай  норма  мен  талапты 

жүзеге асыру міндетін шешу. Кеңестік кезеңдегі орта мектептер біртекті, бірыңғай жүйеде болды 

да, жоғарыдан жасалған оқу жоспары мен пҽн бағдарламалары негізінде оқылатын. Онда аймақтық 

жергілікті ерекшеліктер мен оқушының тұлғалық ҿзгешеліктеріне мҽн берілмей эмпирикалық жүйе 

жүзеге  асырылатын.  ТМД  құрамында  болған  елдер  1996  жылдан  бастап  «Білім  беру  туралы»  заң 

жобаларын  қабылдап,  онда  мемлекеттік  стандарт  мҽселесін  жүзеге  асыру  міндеттері  белгіленді. 

Осы  орайдан  Қазақстан  Республикасында  жалпы  орта  білім  берудің  мемлекет  стандартында 

басшылыққа алынатын мынадай деңгейлер кҿрсетілген: 

1. 


Тұлғаға  берілетін  білімнің  ҽлемдік  мҽдениеттің  қол  жеткен  табыстарына 

үйлесімділік (интеграциялық) мҽнде болуы; 

2. 

Білім мазмұнының аймақтық, ұлттық танымға сҽйкестігі жҽне білімдендіруде елдің 



тілі мен ҽдебиеті, тарихы, жағрафиясы, ҿнері, дҽстүрлік салты ескерілетіндігі т.б. 

Берілетін білімді жүзеге асыратын оқу орнының ерекшеліктеріне сай тұлғаның мемлекет алдында, 

ал  мемлекеттің  тұлға  алдында  жауапкершілігі  қатаң  сақталып,  білімнін  терең  де  тиянақты  болуы 

жҽне  оқу  жүктемесінің  нормалық  талап  деңгейіне  сҽйкес  жүзеге  асырылуын  қамтамасыз  ету 

кҿрсетілген.  

 

 Білім  бағдарламасы.    Білім  бағдарламасы  дегеніміз  берілетін  білімнің  деңгейі  мен 



мазмұндық  бағдарын  айқындайтын  білімдік  жүйе.  Мұнда  ұстанатын  бағдар  оқушыға  берілетін 

 

 

жалпы  жҽне  кҽсіби  білімнің  құрылымына  кіретін  мектепке  дейінгі  дайындық,  бастауыш  мектеп, 



жалпы орта білім мен кҽсіби орта білім. 

 

Бастауыш  мектепте  білімдендірудің  міндеті  -  оқушыны  кітап  оқи  білуге,  жаза  білуге, 



есептей  алуға  жҽне  білім  ала  білу  жолдарына  үйрету,  ал  орталау  мектеп  болса  ғылымның  негізгі 

салалары  бойынша  білімдік  түсінік  қалыптастыру  болып  табылады.  Ал  толық  орта  дҽрежелі 

мектепте  болса,  ғылым  жүйесінің  базистік  негіздерін  меңгеруі  мен  олардың  бойына  жеке  бастың 

жҽне  этникалық  қарым-қатынастың  жоғары  мҽдениетін  қалыптастыру,  тұлғаның  ҿзін-ҿзі 

айқындауы  мен  кҽсіби  бағдарға  бейімдеу  болып  табылады.  Бұл  салада  ҽрбір  пҽннің  мазмұндық 

жүйесі базалық негізгі білім беру деңгейімен қиысады да тиісті ұғым-танымдық шеңберде аяқталып 

отырады.  Оқу  пҽндерін  таңдауы  бойынша  зерделеу  үшін  оқу  жоспарынын  вариативтік  бҿлігі 

кеңейтіледі.  Бейімдеу  алдындағы  даярлық  жүзеге  асырылады.  Қазақстан  Республикасының  2015 

жылға дейінгі білім берудің үшінші сатысы жаңа кҿзқарасқа құрылған. Мұнда оқытудың мазмұнын 

саралау,  ынталандыру,  кҽсібилендіру  жҽне  тұлғаның  ҿз  бетінше  білімін  кеңейтіп,  тереңдету 

кҿзделген. Сондай-ақ оқушының ҽлем, қоғам жҽне адам туралы жүйелі түсінікті меңгеруіне зейін 

қойылған. 

 

Техникалық  жҽне  кҽсіби  білім  беру  бағдарламасы  жеке  тұлғаның  жҽне  жеке  ҽлеуметтік 



топтардың  ҿзіндік  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  қоғам  мен  еңбек  рыногы  талабына  қызмет  ете 

алатындай  жоғары  білікті  жұмысшы  кадрлары  мен  мамандыққа  деген  қажеттілікті 

қанағаттандыруға бағытталады. 

Ал  орта  білімнен  кейін,  жоғары  білім  болып  саналмайтын  кҽсіби  білім  ЮНЕСКО-ның 

ұсынысына сҽйкес білікті маман даярлау бағдарламасы бойынша жүргізіледі. 

 Қазіргі  кезеңде  дидактика  педагогика  ғылымының  дамыған,  неғұрлым  қалыптасқан 

маңызды  да  күрделі  саласы  ретінде  қоғам  дамуының  белгілі  кезеңдерінде  мектеп  алдына 

қойылатын  жаңа  аса  жауапты  міндеттерді  ойдағыдай  шешу  барысында  үнемі  дамып  отыратын 

ғылым. Орта білім беру жүйесінде  дидактика білім беру мен оқытудың мазмұнын, құрылымын, 

оқыту  заңдылықтары  мен  ұстанымдарын,  ерекшеліктерін,  талаптарын,  шарттарын,  оны 

ұйымдастару  ҽдістері  мен  формаларын  жҽне  технологиясын,  оқыту  нҽтижелілігін  зерттейтін 

педагогиканың маңызды саласы болып табылады. 

Дидактиканың  тарихи  тамырларын  зерттеу  –  бүгінгі  таңда  орта  жалпы  білім  беретін 

мектептегі  пҽндерді  оқыту  заңдылықтары  мен  ұстанымдарын  жүйелеу,  білім  құрылымы  мен 

мазмұнын жетілдіру, жаңа сапалы білімге қол жеткізу үшін аса  құнды.  

Дидактиканың  негізін  салған  педагог  Я.А.Коменский  ҿзінің  «Ұлы  дидактика»  атты 

еңбегінде дидактика ұғымына анықтама беріп, оның зерттеу нысандарын, ұстанымдарын анықтап, 

оны ғылыми жүйе ретінде негіздейді, оқытудың ҽдіс-тҽсілдерін ұсынады. 

Ресей 


педагог-дидактары 

М.Н.Скаткин, 

Б.П.Есипов, 

М.А.Данилов, 

Л.В.Занков, 

В.В.Краевский,  И.Я.Лернер,  Ю.К.Бабанский,  В.С.Леднев,  Б.Гершунский    оқыту  ұстанымдары, 

оған  қойылатын  дидактикалық  талаптар,  білім  мазмұны  мен  құрылымы,  оқытуды 

ұйымдастырудың ҽдістері мен формалары, мектеп оқушыларының меңгеруге тиісті білім кҿлемі, 

оқу  ҽрекеттері,  пҽннің  мазмұнына  қойылатын  талаптар,  жаңа  оқыту  технологияларын  ғылыми 

тұрғыдан  пайымдайды.  Олардың  еңбектерінде:  «Білім  –  адам,  қоғам,  табиғат,  заттар  мен 

құбылыстар  жайлы  ғылымда  жинақталған  білім  жүйесі;  адамзаттың  жинақтаған  мол  тҽжірибесі; 

ұғымдардың,  заңдылықтардың,  тұжырымдардың,  қағидалардың,  деректердің,  пайымдардың 

жиынтығы т.б;  Білім беру – қоғамдық, ҽлеуметтік, мҽдени құбылыс; қоғам мен мемлекеттің ҿзінің 

азаматына  қатысты  функциясы;  тұлғаның  мҽдениеті,  мҽдени  құндылық;  білім,  білік,  дағды-

машықтардың  жҽне  ойлау  құралының  жүйесі;  ғылыми  кҿзқарастар,  шығармашылық  қабілеттер 

мен мүмкіндіктерді дамыту үдерісі; терең сапалы білім негізінде жеке тұлғаның еркін бағдарлай 

білу, ҿзін-ҿзі іске асыру, ҿзін-ҿзі дамыту үдерісі; білім, білік, дағды мен іс-ҽрекеттердің жиынтығы 

жҽне  оны  жүзеге  асырудағы  адамның  іс-тҽжірибесі;  білім  берудің  тұтастығы,  нҽтижелілігі  т.б. 



Білім  берудің  мазмұны  –  дидактиканың  негізгі  нысанасы;  ғылыми  білім  мен  білік,  оқу 

дағдыларының  қалыптасу  жүйесі;  ҿзіндік  шығармашылық,  ізденушілік  ҽрекет  тҽжірибесі;  жеке 

тұлғаның  жан-жақты  дамуының  сапалық  мазмұны  мен  сипаты.  Оқыту  –  дидактиканың  маңызды 

категорияларының  бірі;  оқытушы  мен  оқушының  ҿзара  түсіністік,  ынтымақтастық  қарым-

қатынасы,  іс-ҽрекеті;  білім  беру,  біліктері  мен  дағдылары,  іс-ҽрекеттерді  меңгерту  процесі; 

белсенді  шығармашылық  ҽрекетті  басқарудың  негізгі  жолы;  сапалы  білім  беру,  тҽрбие,  дамыту 

мқсаттарына сай оқушылардың шығармашылығын дамытуға бағытталған арнайы ұйымдасқан іс-

ҽрекеті т.б. Оқыту үдерісі – мұғалім мен оқушылардың мақсаттылыққа бағытталған үйлесімді іс-

ҽрекетінің  нҽтижесінде  жеке  тұлғаның  толық,  терең,  сапалы  білім  меңгеруі,  танымдық  жҽне 


 

 

ҿзіндік  шығармашылық  қабілеттерінің  дамуы;  біліктер  мен  дағдыларды  қалыптастыру 



тҽжірибесінің кҿзі» деп қарастырылды. 

Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта 

Лекция оқудың тәртібі, оқыту әдістері мен түрлері: баяндау, сұрақ-жауап, пікірталас 

Бақылау сұрақтары: 

1.  Оқыту мақсаты туралы пікірлер. 

2.  Білім негіздерін меңгеруде жалпы білімдік мақсатты айқындайтын міндеттер. 

3.  Білім бағдарламасы ұғымын түсіндіріңіз. 

4.  Бастауыш мектепте білімдендірудің міндетін сипаттаңыз. 

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі 

1.  Ж.Б Қоянбаев, Р.М Қоянбаев. Педагогика. Алматы, 2003. 

2.  Н.Хмель. Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процесс. Алматы, 2002 

3.  Бастауыш білім берудің мемлекеттік стандарты. Алматы, 2002. 

 

 

 



2-лекция. Тақырыбы: Білім беру мазмұны. Білім беру мазмұнын жобалау теориялары 

Жоспары: 1. Білім мазмұнын анықтау шарттары. 

                    2. Оқу пҽнін құрастыру мҽселесі. 

                    3. Жалпы орта білімнің мазмұны.   

Лекция мақсаты: Білім беру мазмұны, білім беру мазмұнын жобалау теориялары туралы түсінік 

қалыптастыру. 



Лекция  мазмұны.  Педагогика  ғылымында  білім  мазмұны  теориясы  (М.Н.Скаткин, 

В.П.Беспалько,  В.В.Краевский,  И.Я.Лернер,  В.С.  Леднев,  Л.Я.  Зорина,  А.В.  Усова  жҽне  т.б.), 

жалпы  орта  жҽне  кҽсіптік-техникалық  білім  мазмұны,  сондай-ақ  жалпы  білім  беретін  мектептің 

оқу пҽнін құрастыру теориясы жасалынған. Педагогика ғылымының зерттеушілері оқу пҽндеріне 

материал  іріктеу  ұстанымдарына  байланысты  барлық  идеяларды  талқылап  отырды.  Бұл  идеялар 

ХХ ғасырдың 80-жылдарындағы оқу бағдарламаларын жетілдіруде кҿрініс тауып отыр.  

Білім мазмұнын құру мҽселесімен айналысатын ғалымдар, ғылымның, білім жүйесі ретінде 

білім  мазмұнының  құрамына  жҽне  құрылымына  ҽсер  ету  үдерісін  зерттеп,  ғылымның  білім 

мазмұнының  барлық  құрама  бҿлшектерінде  кҿрінетінін  байқаған.  Олар  білімнің  үш  аясын  бҿліп 

кҿрсетеді:  жеке  пҽн  бҿлімдері,  танымның  арнайы  ҽдістері  жҿніндегі  бҿлімдер  жҽне  тарихи-

ғылыми  бҿлімдер.  Білім  мазмұнының  білім  секілді  құрама  бҿлшектерінде  ғылымның  барлық 

құрылымдық бҿлшектері кҿрінеді, алайда оқу пҽнінің басты қызметіне байланысты олар ҽртүрлі 

болады.  Пҽндік  ғылыми  білімдер  ғылым  негіздері  (физика,  химия,  биология,  астрономия,  тарих, 

география)  жетекші  бҿлік  болып  табылатын  оқу  пҽндерінде  ғылымның  барлық  құрылымдық 

бҿліктері-ұғымынан бастап теорияға дейін кҿрініс табады (С.И. Архангельский жҽне т.б.). 

Зерттеушілер  білім  мазмұнын  анықтау  үшін  негізгі  үш  шартты:  біріншіден:  ғылымның 

дамушы салаларын түсінуге жҽне меңгеруге, сондай-ақ, соған сҽйкес дағдылар мен іскерліктерді 

игеруге  қажетті,  жеткілікті  деңгейде  тұрақты  іргелі  жҽне  қолданбалы  білімдердің  кейбір 

кҿлемдерін анықтау; екіншіден, ғылым мен техниканың сҽйкес салаларының негізгі бағыттарын, 

идеяларын жҽне қарқынын айқындауүшіншіден, студенттердің жалпы жҽне ғылыми дамуының 

деңгейіне, олардың дүниетанымына жҽне кҿзқарастарына қойылатын нақты талаптарды ұсынуды 

қарастырады.  

Ғалымдар  анықтаған  ғылыми  пҽннің  белгілерін  жүйелей  жҽне  қорытындылай  отырып, 

ғылыми пҽнді құрастыру қағидаларын ұсынды:  

–  пҽн – білім жүйесінің талабына сҽйкес оқытуға бейімделген ғылыми 

білімдер, процедуралар, ҽдістер тобы жҽне мазмұны; 

–  ғылыми пҽннің жеке зерттеу пҽнінің болуы; 

–  зерттеу мен оқытуда пайдаланатын ҽдістер; 

–  теорияны құрастырудың арнайы тҽсілдер; 

–  ҽдіснамалық бағдар; 

–  ғылыми пҽннің басқа пҽндермен ҿзара байланыстары;  

–  басқа пҽндер үшін теориялық жҽне ҽдіснамалық мҽнділігі;  

–  ҽлеуметтік маңыздылығы: ғылыми мектептер, зерттеуші топтар 

жҽне т.б. 

–  пҽнді қоғамның мойындау дҽрежесі;  


 

 

–  зерттеу нҽтижелерінің практикаға қосқан үлестерінің 



мүмкіндіктері; 

–  зерттеу міндеттерін шешудің құндылықты мақсаттары мен үлгілері. 

          Бұл  ережеде  ғылымның  пҽндік  моделін  бағалау  үшін  жеткіліксіз  болып  табылады. 

Зерттеушілердің пайымдауынша, ғылым оқыту үрдісінде белгілі бір бағыт-бағдар бергенмен, бұл 

оның басты қызметі емес. Оқу пҽні ғылымды толығымен қамтымайды, оның негізін ғана білдіреді, 

себебі  оқитын  адамның  дайындығы  мен  жасы,  оқыту  міндеті  ескеріледі,  оның  негізгі  қызметі  – 

оқыту.  Пҽн  ғылым  жүйесінің  нақты  кҿшірмесі  болуы  міндетті  емес.  Пҽн  құрылымын  анықтауда 

біліммен  қаруландыру  міндет  бірінші  орынға  шығарылады.  Оқулықты  құрастырғанда  ғылым 

мҽліметтерінің  жаңа  кҿшірмесі  жасалмайды,  ғылым  жүйеленіп,  ұғымдар  нақтыланып,  тереңдей 

түседі.  Оқулық  ҿзінің  негізгі  оқыту  қызметін  атқара  отырып,  белгілі  бір  жүйеде  құрылады.  Кей 

жағдайда  оны  құрастырудың  осы  жүйесі  ғылымның  ҿзіне  де  оң  ықпалын  тигізеді.  Оқу  пҽні 

ғылымдағы  тиімділерін  ҿзіне  кіріктіре  отырып,  ғылыми  нҽтижелерді  тексеруге  қызмет  етеді. 

Ғылыми  ұғымдар,  оқу  пҽнінде  шығармашылықпен  қайта  ҿңделгеннен  кейін,  ғылымда 

нақтыланып, ҿзгерген түрде пайдаланылуы мүмкін. 

Бұл  тұрғыда  оқу  пҽндері  ҽлеуметтік  шындықтың  кҿптеген  аймақтарымен  байланысқан 

тарихи дамуда болатын педагогикалық практиканың аясында қалыптасады жҽне қызмет етеді. 

Оқу пҽнін құрастыру мҽселесі белгілі бір дҽрежеде білімді іріктеу жҽне сол білім түрлерінің 

ҿзі  қалыптасқан  мҽдени  қордан  алынуының,  оқу-тҽрбие  үрдісіне  сҽйкес  іріктелген  білім 

жиынтығын  ретке  келтірудің,  білім  компоненттері  мен  сол  білім  түрлерінің  ҿзін  ажыратудың, 

білімді  сұрыптау  жҽне  жіктеудің  ҿлшемдерінің  мҽселелері  болып  табылады.  Қазіргі 

педагогикалық  ҽдебиетте  оқу  пҽні  бірнеше  компоненттерден  тұратын  құрылымы  ретінде 

кҿрсетіледі: идеялық-теориялық түйін; базалық (негізгі) мазмұны; қызметтік (қосымша) мазмұны 

жҽне факультативтік бҿлігі. 

Осы  тұрғыда,  оқу  пҽнінің  жобасын  құрастыру  үшін  тҿмендегідей  тапсырмалардың 

мағынасы зор екендігі дҽлелденді. Ол тапсырмалар: 

1.  Құрастырылатын оқу-танымдық ҽрекетінің пҽндік аймағын анықтау: 

танымдық қызметке кіретін объектілер шеңберін сызып кҿрсету; 



кҿрсетілген нысандарды зерттеп-үйрету үшін қажетті ұғымдар

мҽселелер мен ҽдістер тізбегін бағыттап кҿрсету. 

2. Оқу пҽні шегінде игерілетін заңдылықтарды тұжырымдау.    

Оқу пҽні заңдардың, ұғымдар мен ғылыми ҽдістерінің қарапайым жиынтығы  емес, басқа да 

маңызды компоненттерден тұрады, бұл тұрғыда оны оқыту мен тҽрбиелеу үшін арнайы жасалған 

«ерекше  білім»  деп  қарастыруға  болады.  Ертеректе,  оқу  пҽнін  ғылым  негіздерінің  синонимі  деп 

қарастырады,  бұл  оның  тар  мағынасы  еді,  шындығында  оқу  пҽнінің  құрамына  түрлі  мазмұнды 

игеру үшін қолданылатын тҽсілдер енгізілген. 

Оқу  пҽні-оқыту  үдерісінде  оқушыны  жеке  тұлға  ретінде  тҽрбиелеу  мен  дамытуға 

бағытталған жалпы орта білім мазмұнын жүзеге асыратын құрал. 

Білім  мазмұны  мен  оқыту  пҽні  бір-бірімен  мақсат  жҽне  құрал  ретінде  байланыста  болады. 

Оқу  пҽні  мен  ғылым  негіздері  –  біртұтас  ұғым,  ал  оның  құрамдас  бҿлігі  болып  табылатын  «оқу 

пҽні» құрамы жҽне жүйесі жағынан мазмұны мен үдерістен құрылған. Оқу пҽні 2 блоктан тұрады: 

негізгісі – мазмұн мен құралдар блогы, немесе, үдеріс блогы. 

Оқу пҽндері мазмұнындағы жетекші компоненттік рҿл атқаратын блоктар: 

1.  Мазмұндық  блок:  пҽндік  ғылыми  білім,  ҽрекет  тҽсілдері;  шығармашылық  ҽрекеттегі 

тҽжірибе; құндылық қатынастардағы тҽжірибе. 

2. Үдерістік блок:  қосымша білім кешені; ҽрекет тҽсілдері; үрдісті ұйымдастыру түрлері. 

Егер,  білім  мазмұнын  білім  мекемесіне  берілетін  ҽлеуметтік  тапсырыстың  педагогикалық 

түсіндірмесі  десек,  оқу  пәні  –  білім  мазмұнының  бҿлігі  ретінде,  ол  да  ҽлеуметтік  тапсырысқа 

жатады,  сонымен  қатар  білім  алушының  жалпы  танымдық  ҽрекет  заңдылықтары  мен  оқыту 

жағдаяттарына  сҽйкес  оқыту  барысында  білім  мазмұнын  жүзеге  асырады.  Оқу  пҽні  –  игеруіне 

тиісті білім мазмұны мен оны білім алушылар игеретін тҽсілдерді, олардың тҽрбиесі мен дамуын 

жүзеге  асыратын  негізгі  құрал.  Яғни,  оқу  пҽні  –  білім  маззмұнын  беруге  арналған  арнайы 

педагогикалық  үйлесім,  бұл  жағынан  ол  біртұтас,  соған  қарамастан  екі  бҿлімнен  тұрады: 

мазмұндық жҽне үдерістік. 

  Білім  мазмұнының  тҿрт  компоненттік  құрамы  оқу  пҽндерінің  белгілі  бір  топтарын  құрайды. 

Оқу  пҽндеріндегі  жетекші  компоненттер:  ғылыми  білімдер  жиынтығы,  ҽрекеттің  белгілі  бір 


 

 

тҽсілдері, шығармашылық ҽрекет тҽжірибесі, құндылықтар, қатынас тҽжрибесі, ҽлемнің бейнелік 



кҿрінісі. 

«Кіріктірілген  пҽн»  деген  ұғым  пҽндерді  жай  қосу  емес,  оқу  материалындағы  ҽрекет  кірігуі, 

оның мҽні мен ҿзара байланысы жҽне жинақтылығына қарағанда ҽлдеқайда тереңде жатыр. 

  Оқу пәнін құрастыру мҽселелеріне байланысты туындайтын заңдылықтар анықталды: 

- кез  келген  оқу  пҽні  кҿрсетілген  типтердің  біреуіне  жатады  жҽне  ол  ҿзінің  дидактикалық 

моделіне сҽйкес құрастырылуы тиіс; 

- оқу пҽнінің ҽр типінің ҿзіне сҽйкес мазмұнын жеткізу, оны игеруді ұйымдастырудың ҿзіндік 

жүйесі бар.   

 Егер  пҽнінің  жетекші  қызметі  оқушыларды  нақты  ғылым  негізін,  оның  маңызды  ұғымдары 

мен  заңдары  жүйесін  таныстыру  болса,  онда  оқу  материалының  құрылымы  мен  жүйесі  ғылыми 

ұғымдардың даму заңдылықтарын білім алушы санасына сҽйкестендіріп жасалуы тиіс. Ал, пҽннің 

жетекші қызметі белгілі бір ҽрекет тҽсілдерін қалыптастыру болса (білік жҽне дағды), онда пҽннің 

мазмұндық,  логикалық  желісі  практикалық  қызметті  игеру  ерекшілігіне  сҽйкестенуі  тиіс:  оқу 

пҽндерінің  типтері  бір-бірінен  қызметі  мен  мазмұндық  жетекші  компоненттері  бойынша 

ажыратылатын  болғандықтан,  сол  компонентті  жеткізу  барысында  пайдаланылатын  оқыту 

ҽдістері  де  сол  пҽннің  типі  үшін  жетекші  ұстанымда  болуы  тиіс;  оқу  пҽнінің  мазмұны  оның 

жетекші  компонентінің  ерекшелігіне  байланысты  жүзеге  асыру  тҽсілдеріне  сҽйкес  болып 

табылады; оқу пҽнінің ҽртүрлі типтерінің ерекшеліктері оқыту ҽдістерін тануда шектеулік сипатта 

болады, сондықтан оқыту тҽсілдерін іріктеуде пҽннің жетекшілік қызметін ескеру керек. 



Оқулық  –  білім  мазмұнын  оқу  материалы  деңгейінде  нақтылы  түрде  кҿрсетудің  негізгі 

формасы.  

Г.И.  Щукина  мен  оның  ҽріптестерінің  еңбектеріне  ерекше  кҿңіл  бҿлінген  жҿн,  онда  оқу 

ҽрекетінің  мотивтері  ретіндегі  танымдық  қызығушылықтардың  қалыптасуына  педагогикалық 

ықпал  етудің  факторлары  неғұрлым  толық  жҽне  жүйелі  түрде  зерттелген.  Сонымен  бірге, 

қарапайым  жалпымен  қабылданған  жүйенің  жағдайларындағы  оқушылардың  мотивациясы 

зерттелді. 

Оқушылардың  танымдық  қызығушылығының  қалыптастыру  мҽселесі      В.Н.Максимова, 

А.С.Роботова,  Г.И.Щукинаның  дидактикалық  зерттеулерінде  қарастырылған.  Г.И.Щукина 

танымдық қызығушылық мҽселесін тұтастық тұғырымен талдай келе, «танымдық қызығушылық – 

тұлғаның  таңдаулы  бағыттылығы,  таным  саласына  жолдауы,  тіршілігіне,  белгілі  ҽлеуметтік 

жағдайларда  қалыптасқан  тұлғаның  маңызды  білімді  меңгеруі»  деп  анықтаған.  Ғалым  сабақты 

танымдық қызығушылықты оқушының тұрақты танымына айналдыратын сабақтан тыс уақыттың 

орнын ерекше бағалап, оған мҽн береді. 

 60-жылдардың ортасынан бастап дидактиканың даму барысына жасалған талдау педагогика 

ғылымының  бұл  саласында  едҽуір  алға  жылжушылық  үдерісін  байқатты.  Бұл  ең  алдымен  оқу-

тҽрбие үдерісін зерделеуге тұтастық тұғырын қолданудан, оның қозғаушы күштерін анықтауымен, 

оқушыларды  оқыту  мен  үйретудің  заңдылықтарын  ашуға  ұмтылудан  кҿрінеді.  Осы  негізде 

оқушылардың  танымдық  ҽрекетін  белсендіру  мҽселелеріне  кҿңіл  аудару  күшейе  түсті  жҽне  бұл 

үдерістің  мазмұнын  ашып  кҿрсетуде  белгілі  бір  жетістіктерге  қол  жетті.  Педагогикалық 

құбылыстарды  терең  ойластыру  үшін  психологиялық  зерттеулер  нҽтижелері  кеңінен  тартылды, 

негізгі  дидактикалық  ұғымдар  педагогикалық  тұрғыдан  терең  зерделене  бастады.  Педагогика 

ғылымының  педагогикалық  практикаға  қатысты  оза  отыру  рҿлі  теориялық  жағынан  негізделді 

жҽне іске аса бастады.  

Дидактика  тарихын  зерттеушілер жүйелілік  тұғырын  зерттеу  нысанына  кҿшіре  отырып,  ол 

нысанды ұғымдардың жиынтығы (оқыту мақсаты, оқыту ұстанымдары, оқыту ҽдістері, оқытудың 

ұйымдастырушылық  формалары,  оқушылар  білімін  тексеру)  деп  қарастырды.  Сондай-ақ,  олар 

ҿздерінің жасалымдарының мектептің даму кезеңдерінде оқытудың жетекші міндеттерін шешуге 

қалай  кҿмектесетін  анықтады.  Жетекші  міндеттер  ретінде  20-жылдары  оқушыларда  белсенділік 

пен жеке жұмыс істеу қабілетін тҽрбиелеу, 30-50-жылдары оқушылардың білім сапасын арттыру, 

60-70-жж.  оқытуды  тұтастық  тұғырынан  қарастыра  отырып,  оқушылардың  танымдық 

белсенділігін жҽне шығармашылық ойлауын қалыптастыру ерекше бҿлініп кҿрсетілді. 

Бұл  мҽселелерді  ашып кҿрсету  тек  танымдық  маңызға  ие емес.  Олар қазіргі дидактиканың 

теориялық жҽне қолданбалы мҽселелерін зерттеуде де аса мҽнді. Сондай-ақ жалпы білім беретін 

мектепте оқу үдерісін жетілдіруге септігін тигізді.  

70-жылдардың екінші жартысынан бастап, жалпы орта білім беру мазмұны теорясын жасау 

саласында жаңа зерттеулерге талпыныстар басталды. 


 

 

Білім  беру  мазмұны  мҽселесін  терең  зерттеу  «білім  беру  мазмұны»  түсінігін  нақтылауды 



талап етті. Бұл мҽселені шешуде И.Я.Лернер маңызды үлес қосты. Оның жасаған тұжырымдамасы 

бойынша,  білім  мазмұны  ҽлеуметтік  тҽжірибеге  сҽйкес  жҽне  білімдер,  дағдылардан  басқа 

шығармашылық  ҽрекет  тҽжірибесін жҽне сезімдік  ҿмір  тҽжірибесін  қамтиды.  Білім  мазмұнының 

аталмыш  бҿліктерінің  арақатынасы  тарихи  сипатта  жҽне  қоғам  дамуының  талаптарына  орай 

ҿзгеріп отырады. 

Бұл тұжырымдама ПҒА-ның В.В.Краевский жҽне И.Я.Лернер жетекшілік еткен топ даярлаған 

білім беру мазмұны теорясының негізіне алынды. Зерттеулерге сүйене отырып, ғалымдар жалпы 

орта  білім  беру  мазмұнын  қалыптастырудың  ұстанымдарын  түзді.  Біріншіден,  жалпы  орта  білім 

беру  мазмұнының  барлық  бҿліктермен  жҽне  барлық  деңгейлерде  қоғам  талаптарына  сҽйкес 

ұстанымы.  Екіншіден,  оқытудың  мазмұндық  жҽне  үдерістік  жақтарының  бірлігін  есепке  алу 

ұстанымы:  үшіншіден,  білім  беру  мазмұнының  қалыптастыру  деңгейлерінде,  оқыту  үдерісінде 

іске асуының нақты қалыптарына жылжуда да құрылымдық бірлігінің сақталу ұстанымы.  




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет