Лекция тезистері


Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет6/6
Дата24.12.2019
өлшемі0,99 Mb.
#54677
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Білім беру
Этнопедагогика-ППМ-811, Этнопедагогика-ППМ-811, OSh SOCh Angl yaz 5kl angl, osh bzhb kazak-tili-men-adebiet t2 8-syn, osh bzhb kazak-tili-men-adebiet t2 8-syn

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі 

1.Ж.Б Қоянбаев, Р.М Қоянбаев. Педагогика. Алматы, 2003. 

2.Н.Хмель. Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процесс. Алматы, 2002 

3. Бастауыш білім берудің мемлекеттік стандарты. Алматы, 2002. 

4. А.Әбілқасымова. Қазіргі заманғы сабақ. Алматы, 2004. 

5. Ж.Дәулетбекова. Оқушылардың оқу мотивтері- сапалы білім негізі. Алматы, 2001. 

         

 

 

13-лекция. Тақырыбы: Инклюзивті білім беру міндеттері 



Жоспары: 1. Инклюзивті білім берудің мақсаты. 

                    2. Инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жүргізетін мектептердегі білім   

                        мазмұны. 

          3. Инклюзивті білім беру саясатының міндеттері.   



Лекция мақсаты: Инклюзивті білім беру мҽселелері туралы мазмұндау. 

Лекция  мәтіні  мазмұны.  Инклюзив -  сҿзі  латын  тілінен  аударғанда  «ҿзімді  қосқанда»  ал, 

ағылшын тілінен аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді. 



Инклюзивті  білім берудің  мақсаты: Даму  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды қалыпты  балалармен 

бірге білім беру. Яғни адамның жынысына , дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға 

ретінде  білім  беру  жүйесі  болып  табылады.  Инклюзивті  білім  беру-  мүмкіндігі  шектеулі 


 

 

балаларды  оқытып-үйретудің  бір  формасы.Бұл  арнаулы  білім  беу  жүйесінде  дҽстүрлі  түрде 



қалыптасқан жҽне даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды. Нағыз инклюзивті білім берудің 2 

жүйесін  жалпы  жҽне  арнаулы  жүйелерді  бір-біріне  жақындастырады.  Жалпы  білім  беретін 

мектепте  мүмкіндігі  шектеулі  оқушыларды  бірлесіп(  интеграциялы  түрде)  оқуын  ұйымдастыру  

боп  табылады.  Қазақстан  Республикасының  11.07.2002  жылғы  «Кемтар  балаларға  ҽлеуметтік-

медициналық-педагогикалық-психологиялық түзеу арқылы қолдау туралы» № 343 заңы бойынша 

ТДО  сыныптары  үйден  оқыту,  үйден  ҽлеуметтік  кҿмек  кҿрсету,  кҿмекші  бағдарлама,  арнайы 

(ПДТ) бағдарлама бойынша куҽлік беру ережелерін жҽне мүмкіндігі шектеулі балаларды қорғау, 

қамқорлау,  диагнозын  анықтау,  емдеу,  оңалту,  тҽрбиелеу,  оқыту,  қатарға  қосу  мҽселелері 

бойынша  жаңадан  шыққан  заң,  қаулы,  ереже  тҽртіптерінде  қаралған.  Инклюзивті  білім  беру  – 

ерекше  мұқтаждықтары  бар  балаларды  жалпы  білім  беретін   мектептердегі  оқыту  үрдісін 

сипаттауда  қолданылады.   Инклюзивті  оқыту-даму  мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  қалыпты 

дамыған балалармен бірге ҽлеуметтендіру жҽне 

интеграция  процестерін жеңілдету  мақсатындағы  жеңілдетілген  оқыту  жүйесі.Инклюзивті  оқыту 

біріктірілген (оқушы қалыпты балалар сыныбында  –тобында оқиды жҽне дефектолог мұғалімнің 

жүйелі кҿмегін алады) , жартылай ( жеке балалар күннің жарты бҿлігі арнайы топтарда, ал екінші 

бҿлігі)  қарапайым топтарда ҿткізіледі. Уақытша арнайы топтардағы бала бірлескен серуендерді, 

мерекелерді, сайыстарды, жеке істерді, ҿткізу үшін біріктіріледі.Толық дамуында ауытқулары бар 

балалар  балабақшаның,  сыныптың,  мектептің  қарапайым  топтарына  енгізіледі,  мамандардың 

бақылауы бойынша түзету кҿмегін ата-аналар кҿрсетеді.  Кемтар балалардың ата-аналары кҿмекші 

не  арнайы  мектептерге,  арнайы  интернаттарға  немесе  балабақшаға  баласын  бергісі  келмесе, 

жалпы  балалар  оқитын  мектептерге  ПМПК-ның  ұсыныс  бойынша  жеңілдетілген  бағдарлама 

бойынша  оқытуға  толық  құқылы.  Жалпы  білім  беретін  мектептер,  балалабақашалар  ПМПК-ның 

қорытындысы  бойынша  кҿрсетілген  баланың  деңгейіне  қарай  жеңіл  бағдарламамен  білім  беруге 

тҽрбиешілер  мен  мұғалімдер  инклюзивті  білім  беруге  дайын  болғаны  жҿн.  Инклюзивті  оқыту 

негізінде  балалардың  қандай  да  бір  дискриминациясын  жоққа  шығару,  барлық  адамдарға  деген 

теңдік  қатынасын  қамтамасыз  ету,  сонымен  қатар  оқытудың  ерекше  қажеттілігі  бар  балаларға 

арнайы  жағдай  қалыптастырудың  идеологиясы  жатыр.  Тҽжірибе  кҿрсеткендей,  қатаң  білім  беру 

жүйесінен  балалардың  бір  бҿлігі  шығып  қалып  жатады.  Мұндай  қалыптасқан  жүйе  баланың 

даралық  қажеттілігін  қанағатттандыра  алмайды.  Инклюзивті  бағыт  мұндай  балаларды  оқуда 

жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы ҿмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады.   

Сонымен,  инклюзивті  білім  беру  жағдайында  жұмыс  жүргізетін  мектептерде  білім 

мазмұнын  үш  түрлі  бағдарлама  бойынша  реттеген  абзал.  Атап  айтқанда:  жалпы  мектептерге 

арналған типтік оқу бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардың ақаулық типтеріне сҽйкес 

арнаулы  білім  беру  бағытындағы  оқу  бағдарламалары;  мүмкіндігі  шектеулі  балалардың 

психофизикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып ҽзірленетін оқытудың жеке бағдарламасы.  

 Біздің  елімізде  инклюзивті  білім  беру  жүйесінің  дамуы  туралы  ресми  дерек  «Қазақстан 

Республикасының Білім  беруді  дамытудың  2010-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  

бағдарламасында»  кҿрсетілді.  Осы  бағдарлама  тҿңірегінде  инклюзивті  білім  беруді  жетілдіру 

мҽселелері қарастырылып, 2015 жылға мына міндеттерді шешу кҿзделген: 

-мүмкіндіктері  шектеулі  балаларды  біріктіріп  оқытудың  модульдік  бағдарламалары 

жасалады; 

-  мүмкіндіктері  шектеулі  балаларды  жалпы  білім  беретін  ортада  біріктіріп  оқыту  ережесі 

ҽзірленеді; 

- түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады; 

-мүгедек 

балаларға 

қашықтықтан 

білім 


беруді 

ұйымдастыру 

қағидалары 

ҽзірленеді. Мемлекеттік  бағдарлама  негізінде  2020  жылға  қарай  мектептерде  мүгедек  балалар 

үшін  кҿтергіш  жабдықтар,  пандустар,  санитарлық  бҿлмелерде  арнайы  құралдар  орнату, 

тұтқалармен,  арнайы  парталармен,  үстелдермен  жҽне  басқа  да  арнайы  компенсаторлық 

құралдармен жабдықтау арқылы «кедергісіз аймақтар» құруы жоспарланған. Үйде білім алатын 

мүгедек  балалар  жеке  мүмкіндіктері  мен  қажеттіліктері  ескеріле  отырып,  компьютерлік 

техникамен 

қамтамасыз 

ету 

сияқты 


істері 

жүзеге 


асырылмақшы. 

Осылайша 

мемлекетіміз мүмкіндігі  шектеулі  жандарды  ҽлеуметтік  қорғау,  олардың  қоғамға  етене 

араласуына,  оларды  оңалту,  жұмысқа  орналастыру  жҽне  жаңа  жұмыс  орындарын  құру,  білім 

алу, оқыту, қайта мамандандыруда қолдан келгенше жағдай жасамақшы. 

Саламан Декларациясына сҽйкес инклюзивті білім беру саясатының міндеттері мынадай: 

-  Ҽрбір бала білім алуға құқылы жҽне оны алуға тиіс. 


 

 

-   Ҽрбір  баланың  дара  қабілеттері,  қызығушылықтары,  қажеттіліктері  жҽне  оқуға  деген 



мұқтаждықтары болады. 

-   Білім беру жүйесіне оң ҿзғерістер, яғни осы мұқтаждықтарды қанағаттандыру мақсатына 

орай ҿзгерту. 

Осыған  орай,  инклюзивті  білім  берудің  негізгі  8  принципі  туындайды.  Яғни  ол  мына 

принциптер: 

1.  Адам  құндылығы  оның  мүмкіндігіне  қарай  қабілеттілігімен,  жеткен  жетістіктерімен 

анықталады. 

2. Ҽрбір адам сезуге жҽне ойлауға қабілетті. 

3. Ҽрбір адам қарым-қатынасқа құқылы. 

4. Барлық адам бір-біріне қажет. 

5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады. 

6. Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді. 

 7.Ҽрбір  оқушы  үшін  жетістік  кежетуҿзінің  мүмкіндігіне  қарай  орындай  алатын  ҽрекетін 

жүзеге асыру. 

8. Жан- жақтылық адам ҿмірінің даму аясын кеңейтеді. 

Қорыта айтқанда, инклюзивті оқыту- оқушылардың тең құқығын анықтайды жҽне ұжым іс-

ҽрекетіне  қатысуға,  адамдармен  қарым-қатынасына  қажетті  қабілеттілікті  дамытуға  мүмкіндік 

береді.  Инклюзивті  оқыту  арқылы  барлық  балалардың  мұқтаждықтарын  ескеріп,  ерекше 

қажеттіліктері  бар  балалардың  білім  алуын  қамтамасыз  ететін  жалпы  білім  үрдісін  дамытуға 

болады.  Мұндай  оқыту  түрі  арнаулы  білім  беру  жүйесінде  дҽстүрлі  түрде  қалыптасқан  жҽне 

даму  үстіндегі  формаларды  ығыстырмайды,  қайта  жақындатады. Инклюзивті  бағыт  арқылы 

мүмкіндігі  шектеулі балаларды  оқуда  жетістікке  жетуге  ықпал  етіп,  жақсы  ҿмір  сүру 

мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы оқушыларды 

адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тҽрбиелей аламыз.  



Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта 

Лекция оқудың тәртібі, оқыту әдістері мен түрлері: баяндау, сұрақ-жауап, пікірталас 

Бақылау сұрақтары: 

1. Инклюзивті білім беру міндеттері. 

2. Біздің елімізде инклюзивті білім беруді жетілдіру мҽселелері. 

3. Инклюзивті білім берудің  негізгі  принциптері. 



Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі 

1. Сабыров Т. Оқыту теориясы. А., 2000. 

2. Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. 

Алматы, 2002. 

3

.  Борисова,  Н.  В.  Инклюзивное  образование:  ключевые  понятия.    Владимир:  «Транзит-ИКС», 



2007. 

4. Ж.Жанділдаева. Инклюзивті білім беру мазмұны // Қазақстан мектебі, 2011, №7. 



 

 

14-лекция. Тақырыбы:  Инклюзивті білім берудің халықаралық тҽжірибесі 

 

Лекция  мақсаты  Инклюзивті  білім  берудің  халықаралық  тҽжірибесі,  инклюзивті  білім  беруді 

дамыған елдерде ұйымдастыру ерекшеліктері туралы мазмұндау. 



Лекция мазмұны.  XX ғасырдың аяғында кҿптеген дамыған ҽлем елдерінде мүмкіндігі шектеулі 

балаларды оқытуды дамытуда алдыңғы орында тұрған инклюзивті білім беру болды. Жалпы білім 

беру  үрдісіне  енгізілген  балаларға  оқуды  жеңілдететін  қосымша  арнайы  жағдай,  кҿмек,  қолдау  

қарастырылады.  Ҽрбір  елде  интеграциялаудың  ҿзіндік  үлгісі  іске  асырылуда,  бұл  білім  беруде 

интеграциялаудың жан-жақты үлгісін құрудың мүмкін еместігін кҿрсетуде. 

Инклюзивті  білім  беруді  іске  асырып  жатқан  елдерде  айқындалған  басым  бағыт   жалпы 

мектептік білім беру саласында қарастырып отырған категориядағы балаларды жалпы білім беру 

үрдісіне міндетті түрде енгізуді кҿздейді. 

Арнайы  білім  беруді  Италияда  ұйымдастыру.  Ҿткен  ғасырдың  70  жылдарынан  бастап 

арнайы мектептердің сыныптарында оқитын оқушылардың кҿп бҿлігі жалпы білім беру жүйесіне 

енгізіле бастады. Бүгінгі күні арнайы қажеттілігі бар балалардың 99 пайызы жалпы білім беретін 

мектептерде оқиды. Қарапайым сыныпта мұғалімнен арнайы кҿмек алу үшін дамуында ауытқуы 

бар бала ретінде тіркелуі керек. Тіркеу тек ата- анасының келісімімен жҽне тек 1 жылға жасалады, 


 

 

мерзім біткеннен кейін арнайы кҿмекті ұзарту немесе бас тарту туралы шешім шығарылады. Бірақ, 



Италиядағы  арнайы  қажеттілігі  бар  оқушыларды  жалпы  білім  беру  ортасына  енгізуді  дамытуда 

бірнеше мҽселелерді шешуді қажет етеді. Кҿптеген мұғалімдер интеграцияны жоққа шығармайды, 

тек  сынып  ҿміріне  енгізуде  бірнеше  қиындықтар  кездесуде.  Олар  дамуында  ауытқуы  бар 

балаларды оқытуда жауапкершілікті қолдаушы мұғалімге артуды ұсынады. 

Италиядағы  білім  берудегі  интеграциялау  қиындықтары  бірнеше  себептерге  байланысты. 

Интеграциялау үрдісі аймақтың қажеттіліктеріне зерттеу жұмыстарынсыз, қажетті мамандар бар-

жоқтығы  анықталмастан  басталды.  Жалпы  білім  беретін  мектепте  мұғалімдерді  оқыту  шектеулі 

ғана болды. 1 ай ішінде арнайы сабақтар ұтымды нҽтижелер бермеді, кҿптеген мұғалімдер тіптен 

оқытылмады. Қолдаушы мұғалімдер мен сынып мұғалімдерінің бірлесуі қиындықтар туғызды. 

         Үлкен қиындықтар ойлау қабілетінің дамуында  ауытқуы бар балалардың жалпы білім беру 

үрдісіне  енгізілуінен  туындады.  Кҿптеген  мамандар  мұндай  балаларға  арнаулы  сыныптар  ашу 

керек  деп  санайды.  Алайда,  бұл  ұсыныс  Италияда  қаралмай  отыр,  ол  тағы  да  ҿзін  «тҿмендету» 

ретінде кҿрсеткен арнайы білім беру жүйесін құруға ҽкеледі деп қауіптенеді. 

Литва Германиядан сҽтті инклюзивтік білім беру моделін алды. Қауіпсіз бақылау негізінде 

негізгі  мектептерде  мүмкіндігі  шектеулі  балалар  оқытылатын  болады.  Литвада  1-4  сынып 

оқушылары  барлық  жерде  бҿлек  бастауыш  мектепте  оқытылады.  4  -сыныптан  кейін  барлық 

оқушылар келесі сатыға ҿтеді жҽне олар мектептің түрін таңдауға құқылы (гимназия жҽне жалпы). 

Іс-тҽжірибеде  кҿрсеткендей,  мұндай  мүмкіндігі  шектеулі балалардың ата-аналары  ҿз  еріктерімен 

1-сыныптан  кейін  балаларын  арнайы  коррекциялық  мектепке  ауыстырады,  ҿйткені  олардың 

балалары  басқа  балалар  сияқты  мектеп  бағдарламасын  толығымен  меңгере  алмайтындықтан 

коррекциялық  мектептерге  ауыстырады.  Мұндай  ой-ҿрісі  дамымаған  балалар  жалпы  орта 

мектепте  оқуға  құқылы,  бірақ  арнайы  сыныптарда.  Литвада  екі    түрлі  сынып  бар:  жеңіл  түрдегі 

ақыл-ойы  тежелген  балалар-«арнайы  сыныпта»,  ақыл-ойы  ауыр  түрде  тежелген  балалар-«даму 

сыныбында». 

      Арнайы  сынып  кҿмекші  мектеп  бағдарламасымен  оқиды,  ал  даму  сыныбы  мектеп 

бағдарламасымен  оқиды  жҽне  оларға  ҽлеуметтік  кҿмек  кҿрсетіледі.  Оқушылар  ата-аналарының 

қалауымен, мектепте күні бойы қалуға болады. 

Бастауыш сынып құрамында, жалпы білім алу сыныптарына бір логопед жҽне екі арнайы 

сыныпқа  бір  логопед.    Мүмкіншілігі  шектеулі  оқушылар  түзетуде    сурдопедагог,  тифлопедагог, 

қозғалыс  жҽне  т.б.  дамыту  мамандарының  қолдауын,    арнайы  кҿліктермен  барып,  ауданында 

оңалту орталықтарынан алады. Литва оқушыларды жан басына шаққандағы қаржыландыруға ҿтті. 

Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім беру «қоржыны» 2-3 есе ауырлау келеді, басқа оқушыларға 

қарағанда. 

Еуропалық  білім  20-ғасырдың  соңы  мен  21-ғасырдың  басында  инклюзивтік  қозғалысы 

даму  мүмкіндігі  шектеулі  оқушылар  ғана  емес,  сонымен  қатар  басқа  себептермен  оқыту 

қиындықтарға  тап  болған  оқушыларға  да  арналған.  Білім  беру  қажеттіліктері  бар  оқушылдарды 

оқу процесіне енгізу қамтылады: түрлі діни, этникалық, мҽдени, нҽсілдік жҽне басқа да топтардың 

балалары, түрлі сенсорлық, ұтқырлық жҽне байланыс қажеттіліктеріне, этиологиясы ҽртүрлі жҽне 

даму бұзылыстары бар балалар. Ең алдымен қолайлы жағдайлар жасау арқылы ҽрбір оқушының 

оқу  мақсаттарына  бағытталған.    Инклюзивті  білім  беру  тұжырымдамасы  барлық  оқушылардың 

қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. 

Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта 

Лекция оқудың тәртібі, оқыту әдістері мен түрлері: баяндау, сұрақ-жауап, пікірталас 

Бақылау сұрақтары: 

1. Европа елдеріндегі инклюзивті білім беру жағдайынан мысалдар келтіріңіз. 

2. Ресейдегі инклюзивті білім берудің қазіргі жағдайы. 

2. Қазақстанда инклюзивті білім беруді жетілдіру мҽселелері. 



Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі 

1. Сабыров Т. Оқыту теориясы. А., 2000. 

2. Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. 

Алматы, 2002. 

3

.  Борисова,  Н.  В.  Инклюзивное  образование:  ключевые  понятия.    Владимир:  «Транзит-ИКС», 



2007. 

4. Ж.Жанділдаева. Инклюзивті білім беру мазмұны // Қазақстан мектебі, 2011, №7. 



 

 



 

 

15-лекция. Тақырыбы:  Кемтар балаларды қамқорлаудың жаңа жолдары  



Жоспары:  1.  Кемтар  балаларды  ҽлеуметтiк  жҽне  медициналық-педагогикалық  түзеу  арқылы 

қолдау туралы  

                         ҚР 2002 жылғы 11 шілдедегі N 343 Заңы. 

         2. Кемтар балаларды ҽлеуметтiк, медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың  

             нысандары мен ҽдiстерi.           

Лекция мақсаты: Кемтар балаларды ҽлеуметтiк жҽне медициналық-педагогикалық түзеу арқылы 

қолдау туралы мемлекет тарапынан жасалып жатқан шаралар туралы мазмұндау. 



Лекция мазмұны. Кемтар балаларды ҽлеуметтiк жҽне медициналық-педагогикалық түзеу арқылы 

қолдау  туралы  Қазақстан  Республикасының  2002  жылғы  11  шілдедегі  N  343  Заңы  кемтар 

балаларды  ҽлеуметтiк,  медициналық-педагогикалық  түзеу  арқылы  қолдаудың  нысандары  мен 

ҽдiстерiн айқындайды, дамуында кемiстiгi бар балаларға кҿмек кҿрсетудiң тиiмдi жүйесiн жасауға, 

оларды  тҽрбиелеу,  оқыту,  еңбекке  жҽне  кҽсiби  даярлау  iсiмен  байланысты  проблемаларды 

шешуге, балалар мүгедектiгiнiң алдын алуға бағытталған. 



      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар 

      Осы Заңда мынадай негiзгi терминдер мен анықтамалар пайдаланылады: 

      1) кемтар балаларды ҽлеуметтiк жҽне медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау - 

кемтар балаларға тұрмыс-тiршiлiгiндегi шектелудi жою жҽне оның орнын толтыру үшiн жағдай 

жасауды қамтамасыз ететiн жҽне оларға басқа азаматтармен бiрдей қоғам ҿмiрiне қатысу 

мүмкiндiктерiн жасауға бағытталған арнаулы ҽлеуметтiк, медициналық жҽне бiлiм беру 

қызметтерiн кҿрсететiн бiлiм беру, халықты ҽлеуметтiк қорғау, денсаулық сақтау ұйымдарының 

қызметi; 

      2) кемтар бала (балалар) - белгiленген тҽртiппен расталған, туа бiткен, тұқым қуалаған, жүре 

пайда болған аурулардан немесе жарақаттардың салдарынан тiршiлiк етуi шектелген, дене жҽне 

(немесе) психикалық кемiстiгi бар он сегiз жасқа дейiнгi бала (балалар); 

      3) "қатер" тобындағы бала (балалар) - ерте қолға алынбағандықтан, ҽлеуметтiк жҽне 

медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау кҿрсетiлмегендiктен, дене жҽне (немесе) 

психикалық дамуында кенжелеп қалу ықтималдығы жоғары болатын үш жасқа дейiнгi бала 

(балалар); 

      4) дене кемiстiгi - ағзасы (ағзалары) дамуының жҽне (немесе) жұмыс iстеуiнiң ұзақ уақыт бойы 

ҽлеуметтiк, медициналық жҽне педагогикалық түзеу арқылы қолдауды қажет ететіндей созылмалы 

бұзылуы; 

      5) психикалық кемiстiк - адам психикасы дамуының жҽне (немесе) жұмыс iстеуiнiң уақытша 

немесе тұрақты кемiстiгi, соның iшiнде: сенсорлық бұзылыстардың салдары; сҿйлеу бұзылыстары; 

эмоциялық-еркi жағынан бұзылыстары; ми зақымдануының салдары; ақыл-ой дамуының 

бұзылыстары, соның iшiнде ақыл-ой жағынан кенжелеп қалу; психикалық дамуының тежелуi жҽне 

осыған байланысты оқып-үйренудегі ҿзiндік қиындықтар; 

      6) күрделi кемiстiк - психикалық жҽне дене кемiстiгiнiң кез келген ұштасуы; 

      7) ауыр кемiстiк - мемлекеттiк (оның iшiнде арнаулы) бiлiм беру стандарттарына сҽйкес бiлiм 

беру қолжетiмдi болмайтын жҽне оқыту мүмкiндiктерi ҿзiне-ҿзi қызмет кҿрсету дағдыларын, 

қоршаған дүние туралы қарапайым бiлiмдердi жҽне қарапайым еңбек дағдыларын, немесе аясы 

тар кҽсiби даярлықты меңгерумен шектелетiн дҽрежедегi психикалық жҽне (немесе) дене 

кемiстiгi; 

      8) ерте қолға алу (ерте қолдау) - психикалық-дене бұзылыстары скринингiн, медициналық 

психологиялық-педагогикалық диагностиканы, емдеудi, дамыта оқытуды қамтитын, сҽби жастағы 

(үш жасқа дейiнгi) балаларды ҽлеуметтiк жҽне медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау; 

      9) ҽлеуметтiк бейiмдеу - нысаналы ҽлеуметтiк жҽне медициналық-педагогикалық түзеу арқылы 

қолдау процесiнде кемтар балалардың қоғамда қабылданған құндылықтарды, мiнез-құлық 

ережелерi мен нормаларын игеруi мен қабылдауы жҽне еңбекке даярлануы жолымен ҽлеуметтiк 

орта жағдайларына белсендi түрде икемделуi; 

      10) ҽлеуметтiк жұмыс - жекелеген адамдарға, отбасыларына олардың толық мҽнді ҽлеуметтiк 

жұмыс істеуіне кедергі келтiретiн бұзылған немесе жойылған функцияларының орнын толтыра 

отырып ҽлеуметтiк құқықтары мен кепiлдiктерiн iске асыруда кҿмек кҿрсету жҿнiндегi қызмет; 

      11) скрининг - "қатер" тобындағы балаларды анықтау мақсатымен жаппай стандартталған 

тексеру; 

      12) медициналық жҽне психологиялық-педагогикалық диагностика - ҽр түрлi кемiстiктердi 

анықтау мен емдеудiң, оқыту мен тҽрбиелеудiң сайма-сай жағдайларын белгiлеу үшiн балалардың 


 

 

психикалық-дене дамуын кешендi салааралық бағалау; 



      13) медициналық оңалту - организмнiң бұзылған немесе семiп қалған функцияларын емдеуге, 

қалпына келтiруге бағытталған медициналық iс-шаралар кешенi; 

      14) арнаулы бiлiм беру бағдарламалары - кемтар балаларды оқытуға арналған бағдарламалар; 

      15) арнаулы бiлiм беру - кемтар балаларға арнайы жағдайлар жасай отырып бiлiм беру; 

      16) арнаулы бiлiм беру жағдайлары - техникалық жҽне ҿзге де кҿмекшi құралдарды, сондай-ақ 

медициналық, ҽлеуметтiк жҽне кемтар балалардың бiлiм беру бағдарламаларын игеруi онсыз 

мүмкiн болмайтын ҿзге де қызметтердi қоса алғанда, арнаулы бiлiм алу үшiн жасалатын 

жағдайлар; 

      17) арнаулы бiлiм беру ұйымдары - кемтар балалардың диагностикасы жҽне консультациялар 

алуы, оларды оқыту мен тҽрбиелеу үшiн құрылған ұйымдар: психологиялық-медициналық-

педагогикалық консультациялар, оңалту орталықтары, психологиялық-педагогикалық түзеу 

кабинеттерi, балалар бақшалары, мектептер жанындағы логопедтiк пункттер жҽне басқа да 

ұйымдар; 

      18) арнаулы түзеу ұйымдары - дамуында кемтар болып қалған:  

      есту қабiлетi бұзылған (естiмейтiн, нашар еститiн, кейiннен саңырау болып қалған);  

      кҿру қабiлетi бұзылған (кҿзi кҿрмейтiн, нашар кҿретiн, кейiннен соқыр болып қалған);  

      жүрiп-тұру мүшелерiнiң функциялары бұзылған;  

      сҿйлеу қабiлетi бұзылған;  

      ақыл-ойы кенжелеп қалған;  

      психикалық дамуы тежелген;  

      эмоциялық-еркi жағынан жҽне мiнез-құлқы бұзылған;  

      күрделi бұзылыстары бар, оның iшiнде соқыр-саңырау болып қалған балаларға арналған 

ұйымдар; 

      19) психологиялық тексеру - кемтар балалардың психикалық жағдайының ерекшелiктерi мен 

психикалық дамуындағы ҽлеуеттiк мүмкіндіктерін анықтау; 

      20) ҽлеуметтiк тексеру - тиiстi жастағы балаларға арналған жас нормативтерiн ескере отырып, 

дене кiрiптарлығына, жинақылығы, ҽдеттегi қызметпен айналысу қабiлетi, экономикалық 

дербестiгi мен қоғамға кiрiгу қабiлетi шектелуiне байланысты болуы мүмкiн ҽлеуметтiк 

кемiстiктер дҽрежесiн анықтау; 

      21) медициналық тексеру - балалардың тiршiлiк-ҽрекетiнiң шектелуiне себеп болатын 

жекелеген ағза немесе организм функциясының (функцияларының) бұзылу (болмау) түрiн, 

ауырлығын анықтау; 

      22) педагогикалық тексеру - тиiстi жастағы балаларға арналған жас нормативтерiн ескере 

отырып, балалардың ақыл-ой жағынан даму ерекшелiктерiн жҽне олардың ойын ойнауға, бiлiм алу 

мен қарым-қатынас жасауға ҽлеуеттiк мүмкiндiктерiн анықтау; 

      23) кҽсiби диагностика - бойындағы психикалық жҽне (немесе) дене кемiстiгiн ескере отырып 

балалардың еңбек қызметiнiң немесе кҽсiптiң дағдыларын меңгеру мен орындауға ҽлеуеттiк 

мүмкiндiктерiн анықтау; 

      24) кемтар баланы оңалтудың жеке бағдарламасы - баланың соматикалық жай-күйi деңгейiнiң 

болжамын, психикалық-дене тҿзiмдiлiгiн, отбасының ҽлеуметтiк мҽртебесi мен ҽлеуметтiк 

инфрақұрылым мүмкiндiктерiн ескере отырып, оның қажеттiлiктерiнiң құрылымына, ден қоятын 

мҽселелерiнiң шеңберiне, құштарлықтарының деңгейiне сҽйкес баланың тұрмыстық, қоғамдық, 

кҽсiби қызметке қабiлетiн қалпына келтiруге бағытталған медициналық, психологиялық, 

педагогикалық жҽне ҽлеуметтiк iс-шаралар тiзбесi; 

      25) уҽкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан ҽрi - уҽкiлеттi орган) - азаматтардың денсаулығын 

сақтау, бiлiм беру, халықты ҽлеуметтiк қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық 

атқарушы органдар. 

3-бап.  Кемтар  балаларды  әлеуметтiк  және медициналық-педагогикалық  түзеу  арқылы 

қолдау, оның мақсаттары, мiндеттерi мен принциптерi 

      1. Кемтар балаларды ҽлеуметтiк жҽне медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау 

баланың туғанынан басталып, ол кҽмелеттiк жасқа толғанға дейiн, жаппай кешендi медициналық, 

психологиялық, педагогикалық жҽне ҽлеуметтiк тексеру мен кҽсiби диагностика жүргiзу, 

оңалтудың жеке бағдарламасын ҽзiрлеу, медициналық, педагогикалық, психологиялық, ҽлеуметтiк 

қызметтер кҿрсету жҽне еңбекке баулу арқылы жүргiзiледi.  

      2. Ҽлеуметтiк жҽне медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың мақсаттары:  

      1) туа бiткен жҽне тұқым қуалайтын ауруларды, қалыпты дамудан ауытқушылықтарды ерте 



 

 

бастан (туған кезден) анықтау;  



      2) балалардың дамуындағы кенжелеп қалу мен бұзылыстардың алдын алу, мүгедектiктiң ауыр 

түрлерiнен сақтандыру;  

      3) балалар мүгедектiгiнiң деңгейiн тҿмендету;  

      4) кемтар балалардың дене, психика жҽне ҿзге де қабiлеттерiнiң орнын толтыру немесе оларды 

қалпына келтiру, олардың ҽлеуметтiк құқықтарын iске асыру, неғұрлым толық ҽлеуметтiк 

бейiмделуiне жҽрдемдесу болып табылады.  

      3. Ҽлеуметтiк жҽне медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың мiндеттерi:  

      1) кемтар балаларды анықтау мен оларды есепке алудың бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiн құру;  

      2) арнаулы бiлiм берудi жҽне арнаулы ҽлеуметтiк қызмет кҿрсетудi жүзуге асыратын ұйымдар 

желiсiн дамыту;  

      3) кемтар балаларды ҽлеуметтiк бейiмдеу;  

      4) кемтар балалары бар отбасыларын ҽлеуметтiк қолдау;  

      5) ҽлеуметтiк жҽне медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдауды жүзеге асыратын 

ұйымдарды кадр, ғылыми жҽне ұйымдастыру-ҽдiстемелiк жағынан қамтамасыз ету;  

      6) халықты ҽлеуметтiк қорғау, денсаулық сақтау, бiлiм беру ұйымдарының кемтар балаларды 

ҽлеуметтiк жҽне медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау мҽселелерi жҿнiндегi қызметiн 

сабақтастыру болып табылады.  

      4


Ҽлеуметтiк жҽне медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау мынадай принциптерге:  

      1) кемтар балалар мен олардың отбасыларына ҽлеуметтiк қолдау жҽне оңалту кҿмегiн кҿрсету 

кепiлдiгiне;  

      2) кемтар баласы бар отбасы мен ҽлеуметтiк жҽне медициналық-педагогикалық қолдауды 

жүзеге асыратын ұйымдар мамандарының ынтымақтастығына;  

      3) балалардың қабiлеттерiнiң шектелу дҽрежесiне, жасына, ҽлеуметтiк мҽртебесiне қарамастан, 

ерте қолдау мен бiлiм алуға қол жеткiзуiне жҽне тең құқықтылығына;  

      4) ҽрбiр балаға жеке тұрғыдан келiп, ҽлеуметтiк жҽне медициналық-педагогикалық түзеу 

арқылы қолдау кҿрсетудi саралауға негiзделедi. 



Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта 

Лекция оқудың тәртібі, оқыту әдістері мен түрлері: баяндау, сұрақ-жауап, пікірталас 

Бақылау сұрақтары: 

1.    Кемтар  балаларды  ҽлеуметтiк  жҽне  медициналық-педагогикалық  түзеу  арқылы  қолдау 

мақсаттары. 

2. Ҽлеуметтiк жҽне медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың мiндеттерiн атаңыз. 

3.    Ҽлеуметтiк жҽне  медициналық-педагогикалық  түзеу  арқылы  қолдау  қандай  принциптерге 

сүйенеді? 



Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі 

1. Сабыров Т. Оқыту теориясы. А., 2000. 

2. Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. 

Алматы,  

    2002. 

3

.  Борисова,  Н.  В.  Инклюзивное  образование:  ключевые  понятия.    Владимир:  «Транзит-ИКС», 



2007. 

4. Ж.Жанділдаева. Инклюзивті білім беру мазмұны // Қазақстан мектебі, 2011, №7. 



 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет