Лекция тезистері


Оқытудың техникалық құралдары



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата24.12.2019
өлшемі0,99 Mb.
#54677
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Білім беру
Этнопедагогика-ППМ-811, Этнопедагогика-ППМ-811, OSh SOCh Angl yaz 5kl angl, osh bzhb kazak-tili-men-adebiet t2 8-syn, osh bzhb kazak-tili-men-adebiet t2 8-syn

Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта 

Лекция оқудың тәртібі, оқыту әдістері мен түрлері: баяндау, сұрақ-жауап, пікірталас 

Бақылау сұрақтары: 

1. Дидактика нені зерттейді? 

2. Оқыту процесінің қозғаушы күштері. 

3. Дидактиканың дамуына үлес қосқан педагогтар. 

4. Бастауыш білім беруге арналған алғашқы оқулықтарды сипаттаңыз. 

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі 

1.Ж.Б Қоянбаев, Р.М Қоянбаев. Педагогика. Алматы, 2003. 



 

 

2.Н.Хмель. Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процесс. Алматы, 2002 



3. Бастауыш білім берудің мемлекеттік стандарты. Алматы, 2002. 

4. А.Әбілқасымова. Қазіргі заманғы сабақ. Алматы, 2004. 

 

 

 



5-лекция. Тақырыбы: Оқыту процесі – тұтас жүйе 

Жоспары: 1. Оқыту процесінің мҽні, оның функциялары. 

                    2. Оқытудың түрлері. 

                    3.Оқыту процесінің құрылымы. 

Лекция  мақсаты:  Оқыту  процесінің  тұтас  педагогикалық  процестің  бір  бҿлігі  ретінде 

сипаттамасы, негізгі функциялары, оқыту мотивтері, түрлері жҽне құрылымы туралы түсінік беру. 



Лекция  мазмұны.          Оқыту  процесі  терең,  берік  жҽне  дҽл  білім  алу  таным  жолындағы 

оқушылардың  ҽрекетіне  байланысты.  Оқыту  процесі-бұл  мұғалім  мен  оқушылардың  мақсатқа 

бағытталған  ҿзара  ҽрекеттесуінің  барысында  шҽкірттерге  білім  беру  міндеттерін  шешу.  Оқыту 

процесі- тұтас педагогикалық процестің бір бҿлігі. 

       Оқыту  процесінде  оқушылардың  ақыл-ойы  дамиды,танымы,  практикалық  іскерлігі  жҽне 

дағдысы қалыптасады. Оқыту процесін басқару үшін оның жүйесін, құрылымын, бҿліктерін жҽне 

заңдылықтарын,  олардың  ҿзара  байланысын  жете  білу  керек.  Оқыту  процесі  жүйе  ретінде 

қарастырылады, ол ҿзінің белгілі құрылымы жҽне бҿліктерімен сипатталады. Олар:  

1. 

Ғылыми білімнің, іскерліктің жҽне дағдының жүйесі (білім беру мазмұны). 



2. 

Мұғалім, оның ҿмірге, ғылымға кҿзқарасы, оқушылармен қарым-қатынасы (сабақ беру). 

3. 

Оқушылар, сынып ұжымы (оқу іс ҽрекеті) . 



4. 

Оқыту ҽдістері. 

5. 

Оқытудың материалдық құралдары: дидактикалық жҽне оқытудың  



           техникалық құралдары. 

6.        Оқыту нҽтижелері. 

Білім-адамзаттың  жинақтаған  тҽжірибесі,  заттар  мен  құбылыстарды,  табиғат  пен  қоғам 

заңдарын тану нҽтижесі. Білімді жеке адамның игілігіне айналдыру үшін оны ойлау операциясы-

талдау  синтездеу,  салыстыру,  жіктеу  жҽне  жинақтау  арқылы  терең  ұғыну  қажет.  Оқушы  ойлау 

операциясына  сүйеніп,  ҿз  білімін  шындыққа  айналдырады.  Бұл  дамытып  оқытудың  негізгі 

ережесі, яғни оқушылардың таным іс-ҽрекетін дамыту, оларды ҿз бетімен ізденуге, зерттей білуге 

жҽне жаңа білімді еркін игеруге үйрету. 

Іскерлік-алған  білім  негізінде  оқушылардың  практикалық  ҽрекеті  іске  асырылады. 

Білімсіз  қандай  болса  да  іскерлік  мүмкін  емес.  Мысалы  сауатты  жазу  үшін  грамматикалық  

ережелерді білу керек.  

Дағды-бұл қайта-қайта орындалатын практикалық ҽрекетке машықтандыру. Мысалы тез 

оқу дағдысы-жүйелі түрде жаттығу нҽтижесі.  

Сонымен, оқу процесінде білімнің, іскерліктің жҽне дағдының ҿзара байланысы, бірлігі 

оқушылардың  таным  қабілетінің  (зейін,  байқағыштық,  ес,  қиял,  ойлау)  дамуына  мүмкіндік 

туғызады.  

Оқыту екі жақты процесс, онда мұғалім мен оқушылардың ынтымақтастық іс-ҽрекеттері 

жүзеге асырылады. Мұғалім оқушыларды білім алу мен оқудың ҽдістері мен тҽсілдеріне үйретеді. 

Бұл  сабақ  беру  процесі.  Оқушылар  сабақта  түрлі  іс-ҽрекеттерінің  барысында  дамиды,  олардың 

ғылыми  кҿзқарастары  қалыптасады.  Бұл  оқу  процесі.  Оқу-  бұл  оқушылар  іс-ҽрекеттерінің,  яғни 

объективтік ҽлемді танудың ерекше формасы. 

Оқыту  процесінің  қозғаушы  күштері  оқытудың  барысында  қойылатын  таным  жҽне 

практикалық  міндеттер  мен  оқушылардың    нақты  білімі  мен  іскерлік  дҽрежесі  жҽне  ақыл-ой 

дамуының  арасындағы  қайшылық.  Егер  қойылған  міндеттерді  шешуге  оқушылардың  шамасы 

келмесе,  онда  қайшылық  оқытудың  жҽне  дамудың  қозғаушы  күштері  бола  алмайды.  Қайшылық 

қозғаушы  күштері  ретінде  пайда  болу  үшін  қажетті  шарт,  ол  оқушылардың  ықтимал 

мүмкіндіктеріне сҽйкес келуі қажет.  

Оқыту  процесінің  ҿзіне  тҽн  функциялары  бар.  Олар  оқытудың  білім  беру,  оқытудың 

тҽрбиелік, оқытудың дамыту функциялары.  

Оқытудың білім беру функциясы бұл адам баласын білім байлығымен қаруландыру, оны 

ҿз бетімен білім алуға, іскерлік пен дағдыны игеруге даярлау.  


 

 

Сонымен,  оқытудың  білім  беру  функциясы  қазіргі  кезде  ғылым  негіздерін,  іскерлікті, 



дағдыны  игерген  жоғары  білімді  адамды  дайындауда  ҽлеуметтік  міндетті  шешуге  бағытталуы 

қажет. 


Оқытудың  тҽрбиелік  функциясы-  оқытудың  тҽрбиелік  ықпалы  жайындағы  идея 

Я.А.Коменскийдің, И.Ф.Гербарттың, Ф.А.Дистервегтің, Н.И.Пироговтың жҽне К.Д. Ушинскийдің 

еңбектерінде мазмұндалған. 

Тҽрбиелей  отырып  оқыту  ғылыми-теориялар  мен  ережелердің  оқушылардың 

дүниетанымы мен сеніміне айналуын сипаттайды, моральдық нормаларды, мінез-құлықты игеруін 

қамтамасыз  етуге  ҽсер  етеді.  Оқыта  отырып  тҽрбиелеу  оқушыларды  ҿмірге,  білім  алуға 

тҽрбиелейді, ақыл-ой қабілетін дамытады, адамгершілік қасиетін қалыптастырады. 

Сонымен,  оқыту  оқушыларды  терең  біліммен  қаруландырады,  ғылыми  кҿзқарастарын 

дамытады жҽне тҽрбиелейді. 

Оқытудың  дамыту  функциясы.  Белгілі  психологтар  Л.С.  Выготский  мен  С.Л. 

Рубинштейн  ұсынған  тұжырымдамасы  бойынша  жеке  адамның  дамуы  тҽрбие  мен  оқыту 

процесінде жетіледі. Тҽрбие мен оқыту дамуда артына салып отырады.  

Оқыту дамыта жҽне тҽрбиелей отырып, жеке адамның таным-қабілетін мақсатқа сҽйкес 

жетілдіреді. Оқытудың осындай басты міндеттерінің бірі-шҽкірттердің таным-қабілетін дамыту. 

Дамытып  оқыту-бұл  оқушылардың  таным  іс-ҽрекетін  барынша  дамыту,  яғни  олардың 

ой-ҿрісін дамыту, ҿз бетімен жаңа білімді іздеп табуға жҽне оны еркін игеруге үйрету. 

Оқыту  –  жеке  адамның  білімін,  танымдық  жҽне  шығармашылық  қабілетін  дамытудың 

маңызды құралы. Оқытудың бірнеше түрлері бар: түсіндірмелі-иллюстративті оқыту, проблемалы 

оқыту, бағдарламалап оқыту т.б. 

Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта 

Лекция оқудың тәртібі, оқыту әдістері мен түрлері: баяндау, сұрақ-жауап, пікірталас 

Бақылау сұрақтары: 

1. Оқыту процесі дегеніміз не? 

2. Оқытудың негізгі функцияларының мҽні. 

3. Оқытудың түрлерін түсіндіріңіз. 



Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі 

1.Ж.Б Қоянбаев, Р.М Қоянбаев. Педагогика. Алматы, 2003. 

2.Н.Хмель. Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процесс. Алматы, 2002 

3. Бастауыш білім берудің мемлекеттік стандарты. Алматы, 2002. 

4. А.Әбілқасымова. Қазіргі заманғы сабақ. Алматы, 2004. 

 

 



 

6-лекция. Тақырыбы: Оқыту процесінің заңдылықтары және принциптері 

Жоспары: 1. Оқыту процесінің заңдылықтары жҽне принциптері жҿнінде жалпы түсінік. 

                   2. Оқыту принциптеріне сипаттама. 

                   3. Бастауыш мектепте оқыту принциптерін қолдану. 

Лекция  мақсаты:  Оқыту  процесінің  ҿзіне  тҽн  ерекшеліктері,  негізгі  заңдылықтары  жҽне 

принциптері туралы мағлұмат беру. 



Лекция  мазмұны.    Білім  беру  саласында  оқыту  процесінің  мҽні  ҿте  зор.  Оқыту  процесін 

ұйымдастыру  барысында  оқушы  жҽне  оқушылар  ұжымы  бір  жағынан  оқыту  объектісі,  екінші 

жағынан  оқыту  субъектісі  болады.  Оқытудың  субъектілері  мен  объектілері  арасында  ҽртүрлі 

байланыстар  пайда  болады.  Мысалы  оқушылар  мен  мұғалімдер  арасындағы  қарым-қатынас 

арқылы  ақпарат  алмасуы,  ынтымақтастық  немесе  бірлестік  іс-ҽрекеті  т.б.  Мұндай  байланыстар 

оқыту процесінің табысты болуына игі ҽсер етеді. 

Оқыту  процесінің  ҿзіне  тҽн  ерекшеліктері  бар.  Оқыту  процесі  тҽрбие  процесіне 

қарағанда анағұрлым оңай басқарылатын, тез іске асырылатын, нҽтижесі тез тексерілетін процесс. 

Мысалы  ҽрбір  сабақ  үстінде  бақылау,  жаттығу  жұмыстары  жҽне  сұрақ-жауап  арқылы 

оқушылардың білімін, іскерлігін, дағдысын тексеріп, тез қорытынды шығаруға болады. 

Тҽрбие процесінде ойлаған мақсаттарды, белгіленген тҽрбие шараларын тез іске асыру, 

тексеру  жҽне  нҽтижесін  анықтау  мүмкін  емес.  Сонымен  бірге  тҽрбие  жұмысын  ҿткізуге  сыртқы 

факторлар зиянды ҽсер етеді. 

Педагогикада  диалектиканың  барлық  заңдары  кҿрсетілген.  Сондықтан  педагогиканы 

А.С.  Макаренко диалектикалық ғылым деп санады. Оқыту жҽне тҽрбие процесінің диалектиасы 


 

 

оның ҿзара байланысында, үздіксіз дамуында, жылжымалылығында жҽне қарама-қайшылығында 



ашылады. 

Құбылыстар  мен  процестер  арасындағы  дамуды  сипаттайтын  мҽнді  байланыс 

философияда заңдылық деп аталады. Мұндай заңдылықтардың бірнеше түрлері бар. 

-Оқытудың  қоғамның  мұқтаждығына  жҽне  жағдайына  байланысты  заңдылығы.  Бұл 

заңдылықты  іске  асыру  еліміздің  ҽлеуметтік-экономикалық  дамуына  байланысты.  Неғұрлым 

қоғамның  экономикалық  мүмкіншілігі  ғылыми-техникалық  үдеуге  сҽйкес  дамып  отырса, 

соғұрлым  мектептің  оқу-материалдық  жағдайы  жақсарады,  педагогикалық  процесс  тиімді 

ұйымдастырылып, жеке адамның дамуына игі ҽсер етеді. 

-Оқытудың,  білім  берудің  жҽне  дамудың  ҿзара  байланыс  заңдылығы.  Оқыту  процесі 

білім  беру,  тҽрбие  жҽне  даму  процестерімен  байланысты.  Сондықтан  оқыту  жеке  адамның  жан-

жақты  дамуына  кҿмектесе  отырып,  білім беру,  тҽрбие жҽне даму  функцияларының  бірлікте іске 

асуына  мүмкіндік  туғызады.  Оқыту  процесінде  баланың  таным  белсенділігі  кеңиді,  тереңдейді, 

ақыл-ой  қабілеті,  білімді  ҿз  бетімен    меңгеру  белсенділігі  дамиды,  заттың  мҽнін,  ғылыми 

ұғымдарды терең түсінеді, іздену нҽтижесінде пайда болған сұрақтардың жауаптарын табады.  

-  Оқыту  процесінде  оқушылардың  жас,  дербес  ерекшеліктерін  есепке  алу.  Жас 

ерекшеліктері мындай жағдайда еске алынады: 

а) оқу жоспарларын, оқу бағдарламаларын, оқулықтарын, оқу құралдарын т.б. жасағанда; 

ҽ) организмнің дене жҽне психикалық дамуына байланысты

б) оқу, тҽрбие процесінде. 

Жеке адамның  дербес ерекшеліктері; 

а) темперамент, оның типтері; 

ҽ) қабілет, оның түрлері; жалпы жҽне арнайы қабілеттер. 

Қабілет – адамның түрлі іс-ҽрекеттеріндегі мүмкіншілігі. 

-  Оқыту  процесінің    міндеттерінің,  мазмұнының, формаларының  жҽне  ҽдістерінің ҿзара 

байланыс  заңдылығы.  Оқыту  процесінің  барлық  элементтерінің  мақсаттары  мен  міндеттерін, 

мұғалімнің  жҽне  тҽрбиеленушілердің  жұмыстарының  мазмұнын,  формаларын  жҽне  ҽдістерін 

анықтайды. 

Бұл заңдылықтар: 

а)  оқыту  мазмұны  қоғамның  мақсаттары  жҽне  қажеттілігін  бейнелейтін  міндеттерге 

байланысты; 

ҽ)  оқыту  формалары  оларды  ұйымдастырып,  ҿткізудің  міндеттеріне,  мазмұнына  жҽне 

ҽдістеріне байланысты; 

б) оқыту ҽдістері, олардың мақсаттарымен анықталады. 

Оқыту  процесінің  заңдылықтары  оның  принциптерінде  бейнеленеді.  Принцип  –  латын 

сҿзі – негізгі, бастапқы деген ұғымды білдіреді.  

Оқытуға  қойылатын  талаптардың  бастапқы  белгілі  жүйесін  оқыту  процесінің 

принциптері деп аталады.  Оқыту процесінің бірнеше принциптері бар. 

-  Оқыту  процесінің  мақсаттылық  принципі.  Ҽрбір  сабаққа  дайындалу  үшін  ең  алдымен 

оның  мақсатын  айқындайды.  Мақсатсыз  сабақ  жақсы  нҽтиже  бермейді.  Оқыту  мен  тҽрбие 

жұмыстарын мақсатпен ұйымдастыру мұғалім мен оқушылардың іс-ҽрекеттерінің үнемі жоспарлы 

түрде ҿтуіне ҽсер етеді. 

-Оқытудың  ғылымилық  принципі.  Бұл  принцип  табиғат,  қоғам,  мҽдениет,  ойлау 

дамуының  заңдылықтарын  білуді  талап  етеді.  Ғылымилық  принцип  оқу  бағдарламалары, 

оқулықтарды жасағанда еске алынып, оқыту процесінде жүзеге асырылады. Ғылымилық принцип 

оқушылардың  таным  қабілетінің  дамуына,  дүниеге  кҿзқарасының  жҽне  жоғары  адамгершілік 

қасиеттерінің қалыптасуына ҽсер етеді.  

-Түсініктілік  принципі.  Бұл  принцип  оқытуды  оқушылардың  дайындық  деңгейіне  сай 

ұйымдастыруды талап етеді.  

-Жүйелілік  жҽне  бірізділік  принципі.  Оқыту  процесінде  оқу  бағдарламалары  мен 

тақырыптық жоспарда кҿрсетілген тақырыптар бойынша теориялық жҽне практикалық мҽселелер 

бірізділікпен белгіленеді. Жүйелілік жҽне бірізділік принципі оқыту процесінде балаларды үнемі 

ҿз бетімен жұмыс істеуге, сонымен бірге балалардың білімін жүйелі түрде тексеріп, есебін алып 

отыруда, оларды күнделікті сабаққа дайындықпен келуді де үйретеді. 

-Саналылық  пен  белсенділік  принципі.  Саналылық  пен  белсенділік  дегеніміз  білімді 

саналылықпен белсене қабылдап, оның ҿмір жҽне практикамен байланысын тереңдету, оқылатын 

фактілер мен құбылыстардың мҽніне түсіну болады.  



 

 

-Кҿрнекілік  принципі.  К.Д.  Ушинский  кҿрнекілік  жайындағы  ілімді  дамыта  келіп, 



кҿрнекілік-балалардың  психологиялық  ерекшеліктеріне  жауап  береді,балалар  заттардың  пішіні, 

дыбысы, бояуы арқылы ойлайды дейді.  

Оқыту процесінде сҿз бен іс, теория мен практика ҿзара байланыста болады. Кҿрнекілік 

принципінің оқыту материалдарын, ҽсіресе теориялық ережелерді терең оқуда, берік есте сақтауда 

алатын орны ерекше.  

-Педагогикалық процестің бағыттылық принципі. Бұл принцип жеке адамның ҽр жақты 

дамуына, оқыту мен тҽрбие үйлесімдігіне ықпал жасайды. 

Ақыл-ой,  адамгершілік  жҽне  еңбек  тҽрбиесін  тығыз  бірлікте  қамтамасыз  ету 

педагогикалық процестің бағыттылық принципінің негізін құрайды.  

Педагогикалық  процестің  басты  идеясы-оқыту  жҽне  тҽрбие  жұмысында  мақсаттың, 

міндеттердің,  принциптердің,  заңдылықтардың  мазмұнының,  ҽдістер  мен  формалардың  бірлігі, 

тұтастығы жҽне ҿзара байланыстылығы.  

Оқыту мен тҽрбие процесінде моральдық-психологиялық жағдайдың да мҽні зор. Сабақ 

үстінде, тҽрбиелік шараларды ҿткізу процесінде тҽрбиешілер мен оқушылар арасындағы бір-біріне 

тілектестік,  жанашырлық,  қамқорлық  жҽне  қиын  жағдайда  ҿзара  кҿмек  іс-ҽрекетінің  сапасына 

тиімді ықпал жасайды.  

Сонымен, тұтас педагогикалық процесте кешенді ықпал жасау-бұл ҽртүрлі іс-ҽрекеттерін 

нақты жоспарлау, ҽр түрлі жұмыстарда ( саяси-идеялық, қоғамдық пайдалы жҽне ҿнімді еңбек т.б.) 

табиғи бірлікте жүзеге асыру.  

Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта 

Лекция оқудың тәртібі, оқыту әдістері мен түрлері: баяндау, сұрақ-жауап, пікірталас 

Бақылау сұрақтары: 

1.Оқыту процесінің ҿзіне тҽн қандай ерекшеліктері бар? 

2. Оқытудың заңдылықтары дегенді қалай түсінесіз? 

3. Оқытудың негізгі прициптерін сипаттаңыз. 

4 Бастауыш сыныптарда тиімді оқыту принциптерін кҿрсетіңіз. 

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі 

1.Ж.Б Қоянбаев, Р.М Қоянбаев. Педагогика. Алматы, 2003. 

2.Н.Хмель. Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процесс. Алматы, 2002 

3. Бастауыш білім берудің мемлекеттік стандарты. Алматы, 2002. 

4. А.Әбілқасымова. Қазіргі заманғы сабақ. Алматы, 2004. 

 

     



 

7-лекция. Тақырыбы: Қазіргі білім берудің мазмұны 

Жоспары: 1. Білім мазмұны жҽне оның ғылыми негіздері.   

 

       2. Білім беру мазмұны құрамаларына сипаттама. 



 

       3.  Білім  мазмұнын  анықтайтын  құжаттар  сипаттамасы:  оқу  жоспары,  оқу 

бағдарламалары, оқулықтар.  

Лекция мақсаты:  Білім мазмұны, оған қойылатын негізгі критерийлер,жалпы, политехникалық, 

кҽсіптік  білімнің  ҿзара  байланысы,  білім  мазмұнын  анықтайтын  негізгі  құжаттар  туралы 

сипаттама беру. 

Лекция мазмұны.   Білім мазмұны – оқыту процесі компоненттерінің бірі. Бұл ғылыми білімнің, 

іскерліктің  жҽне  дағдының  жүйесі.  Осы  жүйенің  негізінде  оқушылардың  ақыл-ойы,  қабілеті 

дамиды, ғылыми-материалистік кҿзқарасы, мінезі қалыптасады. Білімнің мазмұны тұлғаның жан-

жақты үйлесімді дамуына бағытталуы тиіс.     

Мектепте білім мазмұнын анықтау мына мҽселелерді қамтамасыз етуі тиіс:  

табиғат, қоғам, техника, мҽдениет, адам жайындағы білімді қалыптастыру;  



диалектикалық-материалістік кҿзқарасты қалыптастыру;  

адамды жан-жақты дамыту міндеттерін шешу;  



жастарды ҿмірге, еңбекке, мамандық таңдауға даярлау.  

 

Білім беру мазмұны кҿптеген нормативті құжаттарда анықталған.  



 

Білім  мазмұнын  жаңарту,  білім  беру  жүйесін  дамыту  ҿмір  талабының  объективті 

заңдылығы.  Ҽр  халықтың  тарихи  мҽдени  жҽне  ҽлеуметтік-экономикалық  ерекшелігі 

диалектикалық бірлікте қарастырылып, мектептегі білім мазмұнын жаңартудың негізгі кҿзі болуы 

тиіс.  


 

 

         Жалпы, политехникалық жҽне кҽсіптік білім.  



           Жалпы білім – оқушылардың ғылым негіздерін игеру процесі жҽне нҽтижесі. Жалпы білім 

мазмұнына оқылатын пҽндердің негізгі үш циклі кіреді: ғылыми-жаратылыс, гуманитарлық, еңбек 

жҽне дене дайындығы.  

 

Ғылыми-жаратылыс  пҽндері  (физика,  математика,  химия,  биология  т.б.)  табиғат 



заңдылықтары  жайында оқушыларға  терең  білім  береді,  олардың  ойлау  қабілеттерін  дамытудың 

негізгі  құралы  болады.  Гуманитарлық  пҽндер  (тарих,  ҽдебиет,  экономикалық  география,  түрлі 

тілдер)оқушыларды  қоғамның  даму  заңдарымен  таныстырады.  Ҽр  түрлі  тілдерде  қоршаған 

шындықты танудың, ойлау аппаратын дамытуда қарым-қатынас жасаудың құралы. Гуманитарлық 

білім беруде тарих, ҽдебиет, музыка, ҽн, бейнелеу ҿнері үлкен роль атқарады. Олар оқушылардың 

эстетикалық  талғамын,  адамгершілік  сезімін  қалыптастырады,  оларды  дүние  тарихымен, 

мҽдениетімен, рухани байлықтарымен таныстырады.   

 

Жалпы  білім,  политехникалық  жҽне  кҽсіптік  білімнің  негізі  жҽне  олармен  ҿзара  тығыс 



байланысты.  Политехникалық  білім  берудің  мҽні  ҿндірістің  барлық  процестерінің  негізгі 

принциптерімен таныстыру.  

Политехникалық  білім  оқытудың  ҽр  түрлі  мектеп  сатысында,  яғни,  еңбек  сабақтарының 

процесінде қарастырылады.   

 

Бастауыш  мектеп  оқушыларды  еңбекке  даярлаудың  түрлі  мҽселелерімен  таныстырады. 



Олар:  

   а) түрлі материалдарды пайдаланып, қолмен жұмыс істеудің қарапайым тҽсілдерін меңгеру;  

   ҽ) ауылшаруашылық ҿсімдіктерін мектеп жанындағы тҽжірибе учаскісінде ҿсіру;   

   б) түрлі оқу-кҿрнекі құралдарын жҿндеу, жаңарту, толықтыру;  

   в) балаларға таныс кейбір мамандықтар жайында кҽсіптік бағдар беру жұмысын ҿткізу т.б.   

 

Біздің  елімізде кҽсіптік  білім  берудің  екі  сатысы  бар:  олар  мамандар  даярлайтын  арнайы 



оқу орындарын (ҽр түрлі техникумдар, училищелер), жоғары мамандар даярлайтын оқу орындары 

(институттар, университеттер, академиялар жҽне жоғары кҽсіптік-техникалық училищелер) .   

 

Арнайы орта жҽне жоғары оқу орындарында кҽсіптік білім беру мазмұны бір-бірімен ҿзара 



байланысты үш бағытта құрастырылады.  

   а) мамандыққа байланысты теориялық білім беретін арнайы пҽндер;  

   ҽ) практикалық білім-кҽсіптік шеберлікті меңгеру;  

   б) жаратылыс-математикалық жҽне гуманитарлық ғылымдардың негіздерін меңгеру.     

 

Жалпы білім беретін оқу орындары үшін арнайы нормативті құжаттар, яғни, оқу жоспары, 



оқу бағдарламалары, оқулықтар жҽне оқу құралдары жасалады.   

 

Оқу жоспары – бұл оқу пҽндерінің құрамын ҽрбір класс жҽне пҽн бойынша апталық сағат 



санын анықтайтын мемлекеттік құжат.  

 

Оқу  бағдарламаларында  білім  мазмұны  сипатталады,  пҽндер  бойынша  ҽр  жылға  жҽне 



оқылатын  курс  тараулары  мен  тақырыптарына  бҿлінетін  сағаттар  саны  белгіленеді.  Ҽр  пҽн 

бойынша  түсінік  хат  жазылады.  Онда  пҽндерді  оқыту  жайындағы  негізгі  міндеттер  кҿрсетіліп, 

мұғалімдерге ҽдістемелік нұсқаулар ұсынылады.  

 

Оқулықтар  оқу  бағдарламаларының  негізінде  жасалады.  Олар  оқушыларға  білім  берудің 



негізгі кҿзі. Ҽрбір оқулыққа қойылатын талаптар:  

 - Оқу материалдарының жоғары идеялық жҽне ғылыми деңгейінде түсінікті болып баяндалуы;  

 - ой ҽрекетінің негізгі тҽсілдерін қалыптастыру;  

 - пҽнаралық жҽне пҽнішілік байланысты жетілдіру;     

 - оқу материалдарының жас ерекшеліктеріне сҽйкестігі; 

 -  жалпы  орта  білім  мазмұнында  табиғат,  қоғам,  техника,  мҽдениет  жҽне  адам  жайындағы 

ғылымдардың барлық негізгі бағыттарын тұтас бейнелеу

 - біздің елімізде жҽне басқа дамушы елдерде салыстырмалы бағалау ҽдістерінің кҿмегімен жалпы 

білім мазмұнын таңдап алу жайындағы халықаралық тҽжірибені ескеру.  

 

Оқу  пҽндері  бойынша  білім  мазмұнына  осындай  критерийлерді  енгізу  үдемелі  ғылыми-



техникалық жҽне елімізде қоғамдық ҿмірді қайта құру қажеттігіне мүмкіншілік туғызады. 

Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта 

Лекция оқудың тәртібі, оқыту әдістері мен түрлері: баяндау, сұрақ-жауап, пікірталас 

Бақылау сұрақтары: 

1.Білім мазмұны дегеніміз не? 

2. Жалпы білім беру мазмұнына енетін пҽндер циклі. 

3. Кҽсіптік білім беру мазмұнының негізгі бағыттары. 



 

 

4.Білім мазмұнын анықтайтын негізгі құжаттарға сипаттама беріңіз. 



Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі 

1.Ж.Б Қоянбаев, Р.М Қоянбаев. Педагогика. Алматы, 2003. 

2.Н.Хмель. Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процесс. Алматы, 2002 

3. Бастауыш білім берудің мемлекеттік стандарты. Алматы, 2002. 

4. А.Әбілқасымова. Қазіргі заманғы сабақ. Алматы, 2004. 

5.Бастауыш сынып пҽндерінің оқу бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы  

23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі, орта білім 

беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сҽйкес ҽзірленген. 

 

 

8-лекция. Тақырыбы: Қазіргі кезеңдегі оқытудың әдістері мен құралдары 



Жоспары: 1. Оқытудың ҽдістері, тҽсілдері жҽне құралдары туралы ұғым. 

                   2. Оқыту ҽдістері жҽне оларды жіктеу проблемасы. 

                   3. Оқыту ҽдістерін таңдау жҽне қолайлы етіп пайдалану. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет