Зерттеу әдісі. Зерттеу әдісі оқушылардың алдына жоғары дәрежедегі теориялық және практикалық зерттеу міндеттерін қояды. Оқушылардың әдеби материал жөнінде дерек жинау (тәжірибе, эксперимент, бақылау, кітаппен жұмыс, т.б.) және оны жүйелеу, жинақтау, теориялық талдауда қоданылады. Берілген білімнің ғылымилығын арттыру, қосымша материалдармен байыту оқушыларды іздендіру, өз беттерімен проблема шештіруде тиімді. Оқушылардың өздігінен ойлануы мен іскерлігін, өз бетінше қорытынды шығару дағдыларын жетілдіруде өте пайдалы.
Достарыңызбен бөлісу: |