Лекция топтамасы «5В011400 Тарих»


Лекция №3 Қазақ халқының этникалық тарихы



бет4/18
Дата08.02.2022
өлшемі1,56 Mb.
#98812
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
ҚАЗАҚСТАН ТАР ӨЗЕК МӘСЕЛЕ ЛЕК
ҚАЗАҚСТАН ТАР ӨЗЕК МӘСЕЛЕ ЛЕК, ҚМЖ Бернулли формуласы, American journalism, About my dream Тolegenova.B docx (копия), Қaтaң дaуыccыз дыбыстap сессия, Тарих Экзамен жауаптары по билетам
Лекция №3 Қазақ халқының этникалық тарихы.
Жоспар:

  1. Қазақ халқының этникалық ерекшеліктері.

  2. Тарихи заңдылықтары



Қазақ халқының қалыптасуы. Қазақ жерінде халық болып құрылу процесі алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, одан кейін қола дәуірі (б.д.д.2-1 мыңжылдықтар) мен темір дәуірі (б.д.д. 7-4ғғ.) кезеңдерінен басталады. Олар негізінен Қазақстанның жерін мекендеген (байырғы) тайпалардан құралған. 
Этнос - (халық, тайпа, жұрт, ұлт) жалпыға ортақ, сыртқы кескін-кейпІ ғана емес, едәуір тұрақтанған ерекше мәдениеті (тілін қоса) мінез-құлқы бар, сол сияқты өзінің бірыңғай екенін және басқа этникалық топтардан бөлектігін түсінетін сана-сезімі бар, оның бұл қасиеті өз атымен (этноним) бекітілген адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты бір тұтастығы. Сондай-ақ территориясы да бірыңғай болуы тиіс.
Орта Азия мен Қазақстанның ерте дәуірдегі кезеңдерін зерттеп жүрген ғалымдардың пікірлеріне қарағанда, біздің жерімізде қола дәуірі (Андрон, Бегазы-Дәндібай мәдениеттері) мен темір дәуірінде өмір сүрген тайпалардың (сақ, сармат) иран тілдес болғандығы айтылады. Бұл кездегі тайпалар антропологиялық жағынан монголоидтық белгілері бар европеидтық нәсілдерге жатты. Қазақ халқының бастауына сақтар, үйсіндер, қаңлылар да кіреді.
Қазақ халқының шығу тегі туралы аспектілерге лингвистикалық және антропологиялық мәселелер жатады. Орта Азия мен Қазақстан өңірінде осы екі процестің екеуі де қатар дамып отырған. Қазақстанның ертедегі тарихын екі аумақты кезеңге: үндіевропалық және түріктік кезеңге бөлуге болады. Атап айтқанда, лингвистика жағынан қарғанда - ежелгі европалық- үндіирандық- прототүркілік-түркілік- қазақ. Түркі тілі Алтай тіл семьясына (монгол-манчжұр-танғыс) жатады. Алтай қауымдастығы мезолит дәуірінде Орта Азия мен Байкал бойында пайда болды. Түркі тіліне ғұн, оғыз, қыпшақ, үйсін, хазар. Тұнғыс-маньчжұр тобына - нанай, эвенкі, манчжұр.Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобының батыс тармағына жатады. Оған қарақалпақ, қарашай-балқар, башқұрт, қырым татары, қырғыз тілдері кіреді.Ал антропологиялық тұрғыдан қарағанда - европалық-европа-монголдық- монголдық-европалық. Бірінші кезеңде лингвистикалық тіл жағынан Қазақстан тұрғындары үндіевропалық топтың ежелгі иран тобына кіреді. Бұл кез б.з.д. 3-1 мыңжылдықтарды қамтиды.
Екінші кезеңде Қазақстанға шығыс жақтан көшпелі тайпалардың, ғұндардың Батысқа қарай қоныс аударуына байланысты, сақ және сармат тайпаларының жалғасы - үйсін мен қаңлылар ғұн тайпаларымен араласып, ассимиляцияға түскен.
Б.з.б. 1 ғасырда Солтүстік ғұндардың құрамына кірген көптеген түркі тілдес тайпалар Орталық Азиядан Тянь-Шань арқылы өтіп, Қаңлы тайпалық бірлестігімен көрші-қолаң отырды. Ғұнжардың Қазақстанға өтуінің екінші толқыны б.з. 2 ғ. 1 жартысында орын алды. Бұл кезде солтүстік ғұндардың тайпалары Шығыс Қазақстан мен Жетісуға қоныс аударып, 6 ғасырға дейін өмір сүрген Юэбань мемлекетін құрды. Ғүндардың біріктіруші ролінің арқасында сырттан келген тайпалармен байырғы тұрғындардың этникалық жақындасуы іске асты. Мұның өзі тайпалардың жаңа этникалық қауымдастығының қалыптасуына әкелді және сол этникалық процестердің бағыт-бағдарын айқындап отырды. Этномәдениеттік жағдайда түркі тілінің одан әрі дамып жайылған аймақтарда сол сияқты моңғол түрінің белгілі әсері де көбейді. Сөйтіп, үйсіндер мен қаңлылардың монголоидтік нәсілге өтуі басталды. Бұл процесс тарихи деректерге қарағанда б.з. 1-5 ғғ. қамтиды, мұның өзі жергілікті жұрттың кескін-кейпіне, оның тіліне әсер еткені даусыз. Б.з. 6 ғасырынан бастап үйсін, қаңлы және басқа тайпалар тарих сахнасынан көрінбейді, аттары аталмайды. Оған себеп, бұл кезде Қазақстан жерінде , оңтүстік аймақта шығыстан Алтай, Сібір жақтан келген түркі тайпаларының басымдығынан болса керек. Олар негізінен байырқу, Бұлақ, қарлұқ, кимек, қыпшақ тайпалары еді. 6 ғасырда Қазақстан жері Түркі қағанаты құрамына енді. Осы қағанаттар құрамында 30-дан астам түркі тілдес ру-тайпалар болды. Үйсіндер мен қаңлылар оларға сіңісіп кеткен. 702 жылы Батыс түркі қағанаты тарағаннан кейін оның орнына Түргеш қағанаты (704-756), Қарлұқ қағанаты (756-940), Оғыздар (9 ғ. соңы 11 ғ. басы), Кимек қағанаты) 893-11 ғ. б.), Қыпшақтар (11-1219 ж.), Қарахандар (942-1212 ж.) өмір сүрді. Осы мемлекеттердің ішінде қазақтардың халық болып қалыптасуына, әсіресе екі мемлекеттің тарихи ролі күшті болды. Оның біріншісі Қыпшақ хандығы. Ертіс пен Еділ арасын мекендеді.
Қазақ халқының қалыптасуына ықпал еткен тағы бір мемлекет - ол оңтүстік, оңтүстік шығыс Қазақстанда өмір сүрген Қарахан феодалдық мемлекеті. Бұл мемлекетте қарлұқтардың ықпалы күшті болды. Шығыстан монғол тектес көшпелі халықтар жасаған шапқыншылық оңтүстік және оңтүстік -шығыс Қазақстанның қалыптасқан этникалық жайына соншалықты өзгеріс жасаған жоқ. Алтай жақтан ығыса келіп, өздерінің мемлекеттік бірлестігін құрған наймандар мен керейттер Қарахан мемлекетінің этникалық құрамына елеулі әсерін тигізді. Бірақ осы бір сапырылыс кезінде шығыстан қидандардың (қарақытайлықтардың) шапқыншылығы болып, Қарахан мемлекетінің жағдайы нашарлайды. 13 ғ. басында Қарахан мемлекеті қайта көтеріліп келе жатқанда мронғол шапқыншылығы басталды. Сондай-ақ орталық, солтүстік, шығыс, батыс Қазақстан жеріндегі Қыпшақ мемлекеті де сондай жағдайға душар болды. Монғолдар екі мемлекеті де қиратты. Сөйтіп, халық болып қалыптасуы процесі 15 ғасырға дейін кешікті.
Монғол шапқыншылығы салдарынан тұтас Ұлыстар орнағанмен, Қазақстан жеріндегі ру-тайпалардың арасындағы байланыстар бұзылғанын, Алаш халқының әртүрлі аймақтарға (Жошы ұлысы, Шағатай ұлысы, Үгедей ұлысы, Алтын Орда, Ноғай Ордасы, Көк Орда, Ақ Орда) қарағанын да мойындау керек. Ірі ру-тайпалардың бірсыпырасы қоныс аударды. Мәселен, қыпшақтардың бір бөлігі солтүстік Қазақстан мен Батыс Сібірге көшті. Дегенмен тіл бірлігі жойылмады. Себебі бұл халық монғол шапқыншылығынан бұрын-ақ мәдени қалыптасып қалған еді. Қайта монғолдар түркіленіп кетті. Бірақ бұл кезде бұрынғы екі үлкен нәсілдің байырғы европеидтік және кейін қосылған монғолоидтік нәсілдердің күрделі араласуы нәтижесінде қазіргі қазақ халқы құрамының (антропологиялық, этникалық, лингвистикалық негізде) бірыңғай тұтас қосындысы келіп шығады. Алайда, Қазақстан жерінде өмір сүрген ру-тайпалар түркі тілінде сөйлегенімен территориялық бөлінуге ұшырап Моғол, Әбілхайыр, Ноғай, Көшім хандықтарының қол астында өмір сүріп жатты. Атақты "92 баулы қыпшақ" атты шежіреде көрсетілген бұл ру-тайпалардың барлығы кейіннен қазақтардың құрамына кірді.
14-15 ғғ. феодалдық қатынастардың нығаюы негізінде Моғолстан, Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасында болып жатқан түрлі соғыстарға қарамастан, халықтар арасында өзара бірігу, топтасуға ұмтылу пооцестері барған сайын белең алды. Қазақстанның ежелгі тайпалары өз мекендерінің тарихи-географиялық, экономикалық және саяси оқшаулануының тарихи қалыптасқан жағдайларына байланысты этникалық жағынан біртұтастық пен бүтіндікке ұмтылды. Нәтижесінде үш этникалық-шаруашылық топқа бөлінді. Үш жүз осылай пайда болды. Олар: Ұлы, Орта және Кіші жүз. Ұлы жүз Жетісу, оңтүстік қазақстанды, Орта жүз Орталық, солтүстік Қазақстан, Кіші жүз Батыс Қазақстан да болды.
Ұлы Жүз Сырдариядан бастап Жетісу жерін түгел жайлады. Оның құрамына үйсін, қаңлы, дулат, шанышқылы, ысты және т.б. Орта жүз Орталық Қазақстан мен солтүстік-шығыс Қазақстанның бір бөлігін қоныс етті. Оның құрамында қыпшақ, арғын, найман, қоңырат, керей, уақ т.б. Кіші жүздің мекені - Сырдың төменгі жағы, Арал теңізінің жағалауы, Каспий ойпатының теріскей жағы. Оның құрамындағы тайпалар одағы -Әлімұлы (Қарасақал, қаркесек, кете, төртқара, шөмекей, шекті. Беріш; Байұлы - адай, алшын, жаппас, алаша, байбақты, беріш, есентемір, қызылқұрт, шеркеш; Жетіру (табын, тама, кердері, жағалбайлы). Жүздердің ұйымдасқан уақыты, қалай құрылғаны туралы түрлі пікірлер бар.
Осы арада қазақтың үш жүзіндегі тайпалардың бірыңғай болмағанын айту керек. Мәселен, арғын, қыпшақ, алшын сондай-ақ басқа руларға да жататындар үш жүздің қай-қайсысында да кездеседі. 
Қазақ этнонимінің туу тарихы ұзақ уақыт бойы зерттеушілердің қызу айтыстарына айналды. Кейбір деректерде бұл термин әлеуметтік мәнінде қолданылған "қазақлық" "қашақ" деген атаудан шықты дейді. Немесе "қазақ" атауы Жәнібек пен Керей бастап Жетісуға көшіп кеткендерді "өзбек-қазақ" , кейін "қазақ" түрінде пайдаланылған деп санайды. "Қазақ" термині 1245 жылы Мамлюк мемлекетіндегі қыпшақтардың ортасында жазылған ерте қыпшақ жазба ескерткіштерінде (түрік-араб) сөздігінде кездеседі. Мұнда "қазақ" деген сөз басы бос кезбе деген мағына береді. Бұл семантикалық ұғым бойынша "қазақ" терминіне әлеуметтік мағына беріледі, яғни еншісі бөлек, үлкен ұлдардың ата шаңырақтан бөлініп уақытша ру, тайпалардан кетіп, күнкөріс үшін әскери жорықтарға қатысуын санаған.
Кейде бұл термин ертедегі екі тайпалық (каспий және сақ) одақтардың атынан шыққан деп жорамалдайды. Ал кейбір тарихшылар "хас" нағыз және "сақ" деген сөзден құралған деп болжам жасайды. Қазақстан тарихының 2 томында "...қазақ атауы 9-10 ғғ. Шығыс Дешті Қыпшақ қыпшақтарының қоғамында әлеуметтік, ал 11-12 ғғ. этникалық-әлеуметтік топтарға қолданылған. Және осы ғасырларда қыпшақ тайпаларының топтасуы қазақ қауымдастығы қалыптасуының да маңызды кезеңі болды" деп жазылған. Яғни бұл процесс түрлі кезеңде де тоқтамай, әмбебап мағынада қолданылып келген. Нәтижесінде қыпшақ тайпасы өзегі болған 14 ғ. басында құрылған Ақ Орда халқының құрамы қазақтар болған. 15 ғ. 2 ж. қазақ халқы құрылып болғаннан кейін, халықтың этногенез процесінің күрделі ерекшелігінің бірі болып табылатын "қазақ" атауы, этникалық маңызға ие болды.
Зерттеушілер екі жүз жылға жуық уақыт бойы «қазақ» терминінің шығуын түсіндіруге және оның семантикасын ашуға әрекет жасап келеді. Айтылған көзқарастар ауқымы өте кең, мейлінше иланымды ғылыми болжамдардан қиыннан қиыстырылып шығарылған этимологияларға дейін бар. Алайда, қазақ сөзін түсіндіретін түпкілікті пікірді, тегінде, әзірше ешкім айта алған жоқ. Қазақстанның өз тәуелсіздігін алуына байланысты соңғы уақытта жалпы қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне және атап айтқанда қазақ терминіне ден қою едәуір арта түсті. Ғылыми басылымдар мен газет-журналдардың беттерінде қазақ терминіне қатысы бар жарияланымдар пайда болды. Бірен-сарандарында ғана болмаса, оларда баяндалған пікірлер өткен кездерде айтылған көзқарастарға негізделген.
Қазақ атауының шығу тегі туралы мәселені шешкен кезде зерттеушілердің едәуір бөлігі тайпа атауына терминологиялық сәйкестікті іздестіру жолына түсті. Алдын ала атап өткен жөн, бұл әдістемелік тәсіл, зерттеушілік практиканың көрсетіп отырғанындай, салғастырылатын ұғымдардың жақындық дәрежесі туралы неғұрлым айқын тұжырымдар жасау үшін әлі де көп жеткіліксіз. Қазақ сөзіне үндес терминдерді ғалымдардың Қазақстан аумағынан едәуір алыс жерлерден тапқаны аз кездеспейді. Бұл орайда олардыңэтникалық байланыстарының терендігін көрсете алатын тарихи-мәдени сипаттағы жүйелі сәйкестіктерді анықтау қажетінен айналып өтілді. Тарихнамада қабылданған ұқсастыру жөнінде мынадай негізгі болжамдар бар. Н. М. Карамзин мен А.Вамберидің ізімен зерттеушілер көбінесе Византия императоры Константин Багрянородныйдың (X ғасырдыңорта шені) Кавказдың солтүстік-батысында жатқан «Казахия елі» деп айтқан мәліметтерін келтіреді. Айтылуының үндестігі негізінде авторлар «Казахия» терминінде қазақ этнонимі көрініс тапқан деп санайды. Сөйтіп осы негізде қазақ халқы X ғасырдан бастап белгілі болған деген тұжырым жасалады. «Казахия» деп оқудың дұрыстығына қатысты біз түзету жасауға тиіспіз, ол мынадай: түпнұсқада (грекше) екінші сөзде «дзета» (з) емес, қайта «сигма» (с) берілген. Демек елдің атауы Касахия деп оқылуға тиіс. Константин Багрянородныйдың хабарын түсіндіре келіп, В.Минорский Касахия деп касогтар айтылып отырғанын әбден айқын көрсеткен. Казахия және қазақ халқы атауын ұқсастыру тарихшылардың қосымша материалдар, атап айтқанда, мұсылмандар дүниесінің жазбаша деректемелерінен алынған материалдар тарту мүмкіндігін кеңейтті.
Мәселен, араб тарихшысы әрі географы әл-Масудидің (X ғ.) «Китаб ат-танбих ва-ль-ишраф» деген шығармасында Кубань өзені ауданындағы кавказ халықтары мен тайпаларының атаулары арасында кашак этникалық қауымы - әл-касакия атап өтіледі. Көрнекті неміс шығыстанушысы И.Маркварт бұл екі терминнің бір ғана этнос-касогтардың атауын беретіндігін көрсетті. Кім жазғаны белгісіз парсы тілді «Худуд әл-алам» деген географиялық еңбектің (Хғ.) аландар өлкесі туралы хабарлары да қарастырылып отырған тақырып аясына жатады, онда Қара теңіз жағалауында орналасқан Касаг қаласы, әдебиетте жазылып жүргеніндей, этникалық қауым емес, нақ қала туралы деректер келтіріледі. Касогтар туралы орыс жылнамаларында да айтылады. «Повесть временных лет»шығармасын да Кубань өзенінің оңтүстігінде орыс княздары Святослав (965 ж.) пен Мстиславтың (1022 ж.) касогтармен жүргізген соғыстары туралы ақпарат бар. Касог термині бірінші рет VIII ғасырдың аяғы - IX ғасырдың басында монах Епифанийдің шығармасында ауызға алынады. Бұл ақпардан касах, касахия, касак, кашак, касог атаулары алдыңғы орта ғасырлардағы белгілі бір шағын кавказ тайпасын білдірудің әр алуан түрлері болып табылады деген тұжырым шығады. Кавказтанушылар касогтарды (ертедегі грузин ескерткіштерінде кашаг түрінде белгілі) Кіші Азияның хет-то-несит дәуіріндегі каска/кашка этнонимімен көптен бері жақындастырып жүр. Осыдан касогтардың қазақтарға қосылысы туралы көзқарас қаншалықты ақталған және дәлелденген деген заңды сұрақ туады. Қазақ этнонимінің касог, касахия атауымен байланысы туралы пікір - мейлінше декларативтік сипаттағы пікір, олардың арасыңда ешқандай тарихи сәйкестік болмаса да, ол пікір сөздердің үндестігінен туындайтын болжамға негізделген. Касогтар автохтондық кавказ тілдерінің біреуінде сөйлейтін абхаз-адыгей тобының ерекше кіші тобына кірген. Тілі, шыққан тегі, тұрмыс жағдайы және дене тұрпатының ерекшеліктері жағынан олардың қазақтардан және олардың түркі тілдес ата-бабаларынан айырмашылығы күшті. Касогтардың этникалық бөліну процестері және соларға байланысты Кавказдан орта ғасырлар дәуірінде Қазақстан аумағына көшуі байқалған жоқ. Касогтардың көршілері Балқанға барып қоныс теуіп, оған қазіргі Болгария атағын берген ертедегі түркі тілдес бұлғарлардың тарихи аренада атқарғаны сияқты рөл оларға берілмеді.
Сондықтан касогтардың қазақтармен байланысы туралы пікір ешқандай сын көтермейді. Әдебиетте қазақ сөзін араб тарихшысы Ибн Асам әл-Куфи айтады-мыс деген 3. В. Тоганға сілтеме жасайтын көзқарас та бар. Біз денқойып отырған термин Арран мен Дағыстанда хазарларға қарсы соғыс жүргізген араб қолбасшысы Марванға арналған «Китаб әл- футух» тарихи шығармасында (IX ғасырдың аяғы - X ғасырдың басы) айтылады. Еңбектің түпнұсқасында былай деп жазылған: «736 жылы Марван Касак деп аталатын жерде қыстап шықты, Кура өзенінен өтіп, Шаки қаласына беттеді». Контекстен әл- Куфидің туындысында қазақ термині болмағаны, бірақ Үлкен Кавказдың таулы ауданында, Азербайжанның батысында орналасқан Касак деген жердің аталатыны көрінеді. Касак және қазақ терминдерін VIII ғасырдағы хронологиялық проблемаларға байланысты ғана емес, сонымен бірге бір-бірінен алшақ жатқан тарихи, географиялық және шаруашылық-мәдени өлшемдер кешені бойынша да салғастыруға болмайды. Фин алтайшысы Г. И. Рамстедке барып тірелетін тағы бір пайымдауды көрсете кетуге болады, ол қазақ терминін монғолдың «хасаг-терген» деген сөз тіркесінен шығарады. «Қасиетті жылнамада» (XIII ғ.) айтылатын бұл қос сөзді ұғым арбаны білдірген. Иранист А. А. Семенов қолдаған бұл көзқа-растың еш дәлелі жоқ. Оның иланымды болмайтын себебі - синхрондық тұрғыдан алғанда да, тарихи перспективасы тұрғысынан алғанда да «хасаг-терген» термині Қазақстанды мекендеген түркі тілділер арасында арбаның атауы ретінде көрініс таппаған. Енисейден табылған VIII ғасырдағы ертедегі түрік ескерткішінен В. В. Радлов «қазғақым оғлым» (менің асырап алған ұлдарым) деген тіркесті оқыған.
Сыртқы ұқсастығы жағынан ғана емес, сонымен қатар «қазғақ» және «қазақ» терминдері мәндерінің жақындығы негізінде В.П.Юдин бұл сөздерді салыстыруға болады деген. Зерттеушінің пікірінше, «қазғақым» ұғымындағы «ғ» дыбысының VII—VIII ғасырларда түріктердің ауызекі сөзінде қолданылуы әбден мүмкін, ал кейініректе түсіп қалып, бұл сөздің қазақ түріне ие болуы ықтимал. Ол «қазғақ» түріндегі «қазақ» терминін кейіннен этникалық мағынаға ие болған саяси мәні жағынан алып қараған. Бұл көзқарас түркі тілдерінің тарихи фонетикасының зандылықтарымен үйлеспейтіндігі себепті ол бұдан кейін мамандар тобынан қолдау таппады. Сонымен бірге нарративтік деректемелердің басқа материалдары негізінде Қазақстан аумағы шегінде шоғырланған бірнеше салыстырулар жасалды. Олардың бірі үш қарлұқ тайпасының «хасактар» (хаски) деп оқылуы жөнінде И. Маркварт айтқан пікір болып табылады, зерттеушілер соңғыларын қазақтармен салыстырды. Бірқатар авторлар қазіргі кезде де осы көзқарасты ұстанғанымен, оны дәлелденген деп санауға болмайды. Тоғыз қарлұқ тайпасының атауларын XIII ғасырдағы парсы тілдес әдебиетші Ауфидің «Джавами әл-хикаят ва лавами ар-риваят» антологиясының көрінеу бұрмаланған мәтіні бойынша Маркварт ұсынғандай оқу алдын ала, сындарлы емес сипатта болды. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда мекендеген қарлұқ конфедерациясы туралы қарастырылып отырған мәліметтер ІХ-Х ғасырларға жатады. Неғұрлым ертеректегі жазбаша ескерткіштерден, атап айтқанда, әл-Марвазидің арабша географиялық еңбегінен алынған материалдарға В.Минорскийдің текстологиялық және салыстырмалы-тарихи талдау жолымен қарлұқтардың тайпалық Құрамы жөніндегі контекстің оқылуына елеулі түзетулер енгізді. Бұл ретте, «хасактардың» орнына «баскиль» деген негізделген коньюнктура енгізілді.
Фирдоусидің (935—1020) «Шахнамасында» қазақ халқы және қазақ хандары туралы айтылғаны жөнінде А.Левшиннің пайымдауы негізінде кейбір ғалымдар қазақ халқының құрылуын X ғасырға жатқызады. Солай бола тұрса да, ғылыми әдебиетте шығыстанушылар парсы авторының тарихи дастанында «қазақ» термині туралы ешқандай ақпарат жоқ екенін талай рет көрсетті. Бұл түсініспеушілікті түсіндіруге болады және оған қайран қалуға болмайды, өйткені А.Левшин өз білімі қаншалықты мол болғанымен, қазақтар мен олардың ортасының тарихшысы, алайда ол парсы және араб тілдерің білмеген. Сонымен, ұсынылатын болжамдардың көп жағдайларында салыстыруға келмейтін атаулар салыстырылды. Сонан соң, этнонимдер нақты-тарихи көзқарастардың бүкіл жиынтығында емес, қайта оқшау алып қарастырылды. Соның ішінде этникалық процестердің өзі - этностағы уақыт жағынан өзгерістер ескерілмеді. Әдетте, деректемелерде этнонимнің пайда болуы халықтың құрылу уақытымен сәйкес келе бермейді. Зерттеу жұмыстарында этноним мен этностың нақты-тарихи жағдайлардағы арақатынасы проблемаларын талдап шешу қажеттігін түсіну әсте де барлық уақытта бірдей бола бермейді. Ал белгілі бір этноним этностың (тайпаның, тайпалар одағының, халықтың, ұлттың) әр түрлі жай-күйін білдіре алады. Мәселен, бәз-баяғы бір этноним (қыпшақ) жағдайында III ғасырдан XIII ғасырға дейін қыпшақ этносы этникалық дамудың әр түрлі бес жағдайында - Ішкі Азиядағы тайпадан Қазақстан аумағында қыпшақ халқы қалыптасуының аяқталу кезеңіне дейінгі жағдайда болды. XIII ғасырдағы монғол шапқыншылығы қыпшақ халқының белгіленіп қалған құрылу процесін үзіп тастады. Монғолдарға дейінгі кезеңнен айырмашылығы, одан кейін қыпшақ қоғамындағы тарихи процестің дамуы олардың өзінің этникалық қалыптасуы бойынша жүрмей, олардың бөлшектенуі, ең алдымен қазақ халқының, сондай-ақ толып жатқан өзге де түркі тілдес халықтардың құрылуына қатысу арнасына түсті. Бұл кезеңде қыпшақтар этникалық дамудың енді басқа бір таксономикалық деңгейінде болды. Сөйтіп қыпшақтардың тарихи құрылған этникалық қауымдары қыпшақтардың белгілі бір этнонимі жағдайындағы серпінділігі мен өзгеруі кезінде қалыптасты. Бір этнонимді басқаларымен салыстыру жай ғана декларациялауды емес, қайта асқан дәл зерттеулер жүргізуді сөзсіз қажет етеді. «Қазақ» сөзінің өзі қыпшақтар мекендейтін аймақта пайда болған деп санауға барлық негіздер бар. Бір қатар түркологтардың пікірі бойынша, «қазақ» терминінің бастапқы таралған жері Шығыс Дешті Қыпшақпен байланысты болған. 
Қыпшақ тіліне тән осы фонетикалық ресімделуінде «қазақ» сөзінің пайда болуынА.Н.Самойлович уақыты жағынан ерте дегенде XI ғасырға жатқызған. Жазбаша әдебиетте «қазақ» термині 1245 жылы мамлекеттік Египет мемлекетінің қыпшақтары ортасында жасалған араб-қыпшақ сөздігінде жазбаша деректемелер ішінде бірінші рет қолданылған деп саналып жүр. Онда «қазақ» сөзіне «еркін, кезбе» деген мән беріледі. Бұл семантика «қазақ» терминіне әлеуметтік мағына берілген және өз руынан, тайпасынан, мемлекетінен бөлініп шығып, тіршілік құралдарын соғыс істеріне қатысу арқылы тапқан индивидтерді, адамдарды білдірген деп санауға мүмкіндік берді және ол қазақшыландыру институтымен байланыстырылды. «Қазақ» ұғымының пайда болуы уақыты жағынан XIII ғасырдан неғұрлым ертерек кезге жатады деп санауға да болады, алайда жазбаша Ескерткіштерде хронологияны нақтылайтын ешқандай да тікелей деректер жоқ. Айта кетелік, бұл жөнінде жанама мәліметтер бар. Қазаққа айналу институтының сипаттамасы мен жұмыс істеу уақытын сипаттау үшін X ғасырдағы араб географы Ибн әл-Факихтің шығармасында мейлінше қызықты мәліметтер бар, бұл шығармасында ол оғыз ханзадасы Балқиқ ибн Жабғудың мынадай мазмұндағы әңгімесін келтіреді: «Менің аталарымның бірі,- дейді Балқиқ, сол кезде патша болған әкесіне ашуланып, одан бөлініп кетіпті. Ол өзіне келгендерді, жасақтарды және талап-тонауды ұнататын басқа да адамдарды серік етіп алыпты. Ол елдің шығысы жағына бет алып, адамдарға шабуыл жасап, өзінің және өз серіктерінің жолында кездескендерін қолға түсірген». Бәрінен де IX ғасырға жататын қазаққа айналудың осы, тегінде, классикалық суреттеуінде Ибн әл-Факих «қазақ» терминінің синонимі ретінде арабтың «су'луқ» сөзін алса керек. «Салақа» деген атпен әрекет жасайтындар бәдәуилерде тайпада өзіне орын таба алмаған, сондықтан топтар құрып, талап-тонау арқылы бақытын іздеуге аттанған кедей және алғыр адамдарды білдірген. Терминдегі айырмашылықтарына қарамастан, екі түрлі көшпелі қоғамдардағы қазаққа айналу институтының мазмұны жағынан сәйкес келуі айқын аңғарылады. Балқиқ ибн Жабғу ханзаданың суреттелген әңгімесі, сірә, Сырдариядағы оғыз билеушілері жабғулардың тарихи арқауы, орта есеппен алғандағы көрсеткіштер бойынша, IX ғасыр деп белгіленетін оқиғаларымен байланысты болса керек.
Өкінішке орай, Ибн әл-Факих арабтың «су'луқ» терминінің оғыз синонимін келтірмейді. Айта кетейік, оғыздарда мұндай ұғым сол кездің өзінде-ақ қыпшақгар ортасы қабылдап алған «қазақ» термині болуы мүмкін. Мұндай сілтеме оғыздар мен қыпшақтардың сан ғасырларға созылған аса тығыз этникалық-саяси және этникалық-мәдени өзара байланыстарының сайып келгенде генетикалық, тілдік, әлеуметтік және шаруашылық-мәдени жақындығын қалыптастырған объективті мән-жайларынан ғана туындамайды, сонымен қатар ол жазбаша деректемелердің қосымша материалдарына да негізделген. Мәселен, XIII ғасырда хорасан түрікмендері арасында антропоним құрамында «қазақ» термині ұшырасады. «Данишкеде-и Маққул у Манқул» кітапханасы қолжазбасы бірінің колофондағы белгіде былай деп айқын қолтаңбамен жазылған: «Бұл қолжазбаны Біләл ибн Жабрайыл бин Мұхаммед Әли ат-Туркмани әл-Қазақи сатып алған, хижраның 660 жылы» (яғни біздің заманымыздағы 1262 ж.). Бұл тікелей жеке есімдегі әл-қазақи сөзін, сірә, этникалықтегін (түрікменнің) көрсететін басқа нисбамен қосарластырыла ұштастырылған нисба ретінде қабылдаған жөн. Әл-қазақ терминінің түрікмен этнонимімен ұштастырылуы бұл ұғымның әдеттегідей әлеуметтік сипаты болмай, қайта этникалық сарыны болған деп санауға мүмкіндік береді. Қарастырылып отырған есімнің өзінде, 3. В. Тоганның пікірінше, хора-сан түрікмендері қоғамындағы қыпшақ қазақтарының өкілі айтылып отыр. Одан кейінгі уақытта Рашид ад-Дин Раб-и-Рашидидің хорезм-хорасан жазбасына жататын «Вақфнаме» деген жазбаша құжатында сөзсіз этникалық сипаты бар «қазахлу», «қазахлар» атауының кездесуіне қарағанда, бұл аймақта қазақтар айтарлықтай топ болған. Ол кезде «қазақ» түрі қыпшақтардың тіл нормаларына сәйкес келсе, түрікмен-оғыз ортасына «қазақ» деп жазылған терминнің занды болғаны атап өтерлік. Баяндалған материал ІХ-Х ғасырларда Шығыс Дешті Қыпшақ қыпшақтарының қоғамында «қазақ» атауымен әлеуметтік, ал XI-ХІІ ғасырларда этникалық әлеуметтік топтардың болғаны туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Алайда бұдан монғолдардан бұрынғы уақытта қазақ этносының қалыптасуы туралы, оның бер жағында қазақ халқының құрылуы туралы тұжырым жасамаған жөн. Оның бер жағында басқасы да айқын XI-XII ғасырларда қыпшақтайпаларының топтасуы қазақ қауымдастығы қалыптасуының маңызды кезеңі болды. ХІ-ХІІ ғасырларда Қыпшақ хандығында этникалық процестердің даму барысында қазақ халқының этникалық ұйытқысы қалыптасады. Монғолдардың жаулап алуы қыпшақ тайпаларының едәуір топтары Дешті Қыпшақ шегінен бытыратып жіберді. Қыпшақтардың орын ауыстыруы қазақ терминінің орын алуына және оның әмбебап мәнге ие болуына себепші болды. «Қазақ» сөзі тұтас алғанда алуан түрлі еріктілерді айту үшін қолданылды. 
Ол кезде этникалық және мемлекеттік кедергілерге қарамай қазаққа айналып, қазақ бола берді. Мұсылман деректемелерінде түрік халықтарында қазаққа айналу — қазақлық институтының кең таралғаны атап өтілген. XIV ғасырдың басында байырғы дәстүрлер жаңғыру барысында қыпшақ тайпасы ұйытқы болған жергілікті этникалық негізде алғашқы ірі мемлекет Ақ Орда құрылды. Ақ Орда этникалық құрамы жағынан қазақ халқы болса да, оның атауы деректемелерде кейінірек жазылып, анықталды. Дәлірек айтқанда, XV ғасырдың екінші жартысында қазақ халқы құрылғаннан соң, халықтың этногенез процесінің күрделі ерекшелігінің бірі болып табылатын «қазақ» атауы этникалық маңызға ие болды.
Қазақ этнонимын шығу тегі туралы ғылыми болжамдар.
Қазақ этнонимының туу тарихы ұзақ уақыт бойы зерттеушілердің қызу айтыстарына айналды. Түсіндіретін түпкілікті пікір алайда қалыптасқан жоқ. Қазақ сөзіне үндес терминдер Қазақстаннан шалғай аймақтардан да кездеседі.
Сақ болжамы. Кейде бұл термин ертедегі екі тайпалық (каспий және сақ) одақтардың атынан шыққан деп жорамалдайды. Ал кейбір тарихшылар «хас» (нағыз) және «сақ» деген сөзден құралған деп болжам жасайды.
Кавказ болжамы. Кейбір ғалымдар (Н. М. Карамзин, А. Вамбери т.б.) Шығыс Ромей империясының императоры Константин «Қызылтуған» (10 ғ. орта шені) берген мәліметтер бойынша Казахия елін Кавказдың солтүстік-батысында орналастырады (Қырым хандығы мезгілінде Қарачу немесе Қарачай деп белгілі аймақ). В. Минорский Константин хабарында Казахия деп касогтар айтылатынын дәлелдейді. Араб тарихшысы Әбу-л-Хасан Әли әл-Масуди «Өсиет және қайта қарау кітабі» шығармасында Құбан өзенінің төңірегіндегі тайпалар арасында әл-касакия тайпасын көрсетеді. Неміс шығыстанушысы И. Маркварт бұл екі сөз бір ғана этнос — касогтардың атауын береді деді. Парсы тілді «Худуд әл-алам» жоғрапия туралы кітапта Қара теңіз жағалауында Касаг қаласының орналасуын деректейді. Көне Русьтегі жазылған «Повѣсти временныхъ лѣтъ» жылнамасында Святослав (965) пен Мстислав (1022) князьдері касогтармен соғыс жасайды. Ал касог терминін, алғаш рет 8 ғ. аяғы — 9 ғ. басында монах Епифаний келтірілген. жоғарыдағы мәліметтерге қарағанда касах, казахия, касак, кашак, касог алдыңғы орта ғасырларда Кавказдағы шағын тайпа, немесе тайпалар бірлестігін білдіретін алуан түрлері болғаны байқалады. Қазақ этнонимінің жоғарыда көрсеткен касог, т.б. атауларымен барлық жағынынан байланысы әлі де зерттеу борышы боп тұр.
Моңғол болжамы. Фин алтайшысы Г. И. Рамстедт және А. А. Семёнов қазақ терминін «Қасиетті жылнамада» (13 ғ.) моңғолша: хасаг-терген арба ұғымы бар сөз тіркесінен шығарады. Ал Қазақстанды қоныстаған түркі тайпалар осы қоссөзді пайдаланғанына ешбір тарихи мағлұмат табылмаған.
Енесай болжамы. Әйгілі түркітанушы В. В. Радлов Енесай өзенінің төңірегіндегі көнетүркі мұраларынан көнетүркіше: қазғақым оғлым — «менің асырап алған ұлдарым» деген тіркесті тапқан. Қазғақ және қазақ сөздерінің дыбыс және мағына ұқстастығына сүйеніп, В. П. Юдин ғ дыбысы соңыра түсіп қалып, қазақ терминіне айналды деп болжам шығарған. Бұл көзқарас түркі тілдерінің тарихи фонетикалық заңдылықтарымен үйлеспейтідіктен, мамандар тарапынан қолдау табылмады.
Қарлық болжамы. И. Маркварт шығыс мәтіндерден үш қарлық тайпасын хасактар (хаски) деп оқыған. Бірақ, В. Минорский басқа мұсылман деректерімен салыстырып, қарлықтардың тайпалық атауының мәтін аралық оқылуына елеулі түзету жасады. Бұл ретте, хасактардың орнына баскил деген конъюнктура енгізілді. Араб саяхатшы Әбу Дулаф «Рисалас» («Жазба») шығармасындағы харлұқ сөзін хазлақ деп оқып Н. Н. Пантусов та қателікке ұшырады.
Парсы болжамы. Парсы-тәжік әйгілі Фирдоусидің Шахнама дастанында қазақ халқы және қазақ хандары туралы айтылған екен. Кейбір ғалымдар, А. Левшиннен бастап, нағыз қазақ халқының құрылуын 10 ғ. жатқызады. Дастанда қазақ терминіне қатысты ешқандай маңызды ақпар жоқ екендігін көптеген шығыстанушылар (С. Г. Кляшторный, Т. И. Сұлтанов т.б.) атап көрсетті.
Оғыз болжамы. Халықтың шығу тегін ежелгі Оғыз тайпаларымен және токуз-окуз, сегиз-окуз, уч-окуз атауларымен байланыстарады. Қазақ деген сөздің өзі «ғуз-ағ» деп түсіндіріледі.
Қыпшақ әлеуметтік болжамы. Кейбір деректерде бұл термин әлеуметтік мәнінде қолданылған «қазақлық» «қашақ» деген атаудан шықты дейді. «Қазақ» термині 1245 жылы Мамлюк мемлекетіндегі қыпшақтардың ортасында жазылған ерте қыпшақ жазба ескерткіштерінде (түрік-араб) сөздігінде кездеседі. Мұнда «қазақ» деген сөз басы бос кезбе деген мағына береді. Бұл семантикалық ұғым бойынша «қазақ» терминіне әлеуметтік мағына беріледі, яғни еншісі бөлек, үлкен ұлдардың ата шаңырақтан бөлініп уақытша ру, тайпалардан кетіп, күнкөріс үшін әскери жорықтарға қатысуын санаған.
Қазақстан тарихының 2 томынан: «…қазақ атауы 9-10 ғғ. Шығыс Дешті Қыпшақ қыпшақтарының қоғамында әлеуметтік, ал 11-12 ғғ. этникалық-әлеуметтік топтарға қолданылған. Және осы ғасырларда қыпшақ тайпаларының топтасуы қазақ қауымдастығы қалыптасуының да маңызды кезеңі болды»
Яғни бұл процесс түрлі кезеңде де тоқтамай, әмбебап мағынада қолданылып келген. Нәтижесінде қыпшақ тайпасы өзегі болған 14 ғ. басында құрылған Ақ Орда халқының құрамы қазақтар болған. 15 ғ. 2 ж. қазақ халқы құрылып болғаннан кейін, халықтың этногенез процесінің күрделі ерекшелігінің бірі болып табылатын «қазақ» атауы, этникалық маңызға ие болды. Немесе «қазақ» атауы Жәнібек пен Керей бастап Жетісуға көшіп кеткендерді «өзбек-қазақ», кейін «қазақ» түрінде пайдаланылған деп санайды. Жәнібек-Керейдің Қазақ аталған Орданы құруы арқылы бұл көшпелі халықтың бұрынғы «Өзбек» атауын толықтай ығыстырып шығарды да халықтың атауы болып кетті.
Жер шарын мекендеген халықтардың тарихын жазғанда, олардың ежелден өрбиген жері мен жасаған жағырафиялық орталығын негізге алу басты мәселелердің бірі. Қазақстан тарихын жазғанда да бұл екі мәселені есте сақтап отырған жөн түрік әлемнің ежелгі отаны ның автохтондық екеніне тоқталайық.
Барлық өмірін түріктердің тарихын зерттеуге жұмсаған, белгілі шығыстанушы Л.Н.Гумилевтің сөзін сол күйінде еске түсірейік: « Хош, сонымен көне түріктердің адамзат тарихындағы маңызы орасан зор, бірақ бұл халықтың тарихы әлі күнге дейін жазылмаған. Ол жол – жөнекей, үстірт баяндалып келген, бұл бастаутану, ономастикалық, этнонимдік, топонимикалық сипаттағы қиындықтарды айналып өтуге жағдай жасады. Бұл қиындықтың көптігі сондай, осынау жұмыс оған тіл ғалымы тұрғысынан түсінік беруден именеді».
Ғұламаның бұл пікірін қолдамауға болмайды. Өйткені, осы күнге дейін түріктердің тарихы туралы кездесетін ғылыми еңбектер бұрмаланып жазылған. Сол себепті шынайы түрік халықтарының тарихы әлі жазылмағандығына толық қосылуға болады. Түріктердің тарихымен айналысқан тарихшылардың көпшілігі сурапталық орайласқан (центризм) пікірге сүйеніп, барлық түсініктерді көшпенді деген тұжырымға әкеліп, кездескен деректерді соған бұрмалап пайдаланып, бұл халықтардың тарихын бөлшектеп, бұзып жазып келген. Керек десеңіз, түріктерді Орталық Азияға басқа жақтан келген етіп жазған. Нәтижеде, Орталық Азия түріктердің Отаны екеніне күмән келтірген. Белгілі қазақ тарихшысы, этнограф және археолог У.Х. Шәлекенов өзінің «Түріктердің отырықшы өркениеті» атты енбегінде Орталық Азия түрік халықтарының ортақ тарихи Отаны екені ғылыми тұрғыдан дәлелдеп берді. Қазақтың ақыны М.Жұмабаев өзінің «Түркістан» атты шығармасында былай деп жазады:

«Түркістан – екі дүние есігі ғой,


Түркістан – ер түріктің бесігі ғой,
Тамаша Түркістандай жерде туған
Түріктің тәңір берген несібі ғой.
Осы келтірген үзіндіде жалпы түріктердің ежелгі отаны Түран екендігі, оны мекендеген түріктердің ешбір халықтардан кем еместігін М. Жұмабаев ашық айтқан. Сол Тұран жерінен кейінгі кездерде археологтар түріктердің қоныстарын, қалаларын, молаларын ( бейттерін) ашқанын тарихта белгілі. Түріктер Алтай жақтан келген емес, олар өз жерінде түрік қағанатын құрған. Шығыс және Батыс қағанаттары түгел Орталық Азияда орналасқан. Ол түрік әлемінің ежелгі отаны деп қарауымыз керек.
VI ғасырда Қазақстан территориясында аса күрделі саяси оқиғалар болды. Мемлекет басшысы түрік тайпасының ашина руының ұрпақтарынан шықты. Түрік этнонимінің алғаш рет аталуы, қытай жылнамаларында кездеседі және ол 542 жылға жатады. «Түрік» деген сөз «күшті», «айбынды», «ержүрек» деген мағынаны білдіреді. Түріктердің пірі – көкбөрі. Діні ( исламға дейнгі) – көк Тәңірісі, аспандағы алтын күн. Сондықтан да түріктердің арғы аталары гүндерді – «күн елі», «күн халқы» деген.
Түріқағаны Бумынь 552 жылы көктемде аварлар ордасына шабуыл жасап, оларды күйрете жеңіліске ұшыратты. Осы кезден бастап түрік билеушілері қағандар атағын алды, сөйтіп аварлардың бұрынғы күш қуатына да, олардың барлық иеліктеріне де өзін мұрагер ретінде орнықтырған. Бумынь түрік руларының тұңғыш қағаны болды. Отырықшы аудандардың байлығын иеленуге ұмтылу түріктердің Батыстағы, Орта Азиядағы онан арғы саясатының негізі болды. Жаңадан құрылған түріктердің алып мемлекетін қаған басқарды. Қағанның билігі шексіз мұрагерлік түрде болса одан кейінгі билік қаған сайлаған ұлықтардың қолында болды. Оларға ябғу шад, елтебер атақтары берілген. Сот істерін бұйрықтар мен тархандир атқарған жергілікті жерлерде қағанның негізгі тіректері бектер болған қара жұмыс істейтін қаналушы халық түркі тілінде қара будындар деп аталған. Тат деген әлеуметтік правосыз бір тап болған. Тат түрікше - құл деген мағынаны білдіреді. Сонымен түріктердің әлеуметтік тұрғыдан мынандай 3 топқа бөлінгендігін білеміз. 1) Бектер; 2) Қара будындар (бұхара халық), 3) Тат (құлдар)қағанатының ішкі сыртқы жағдайларының шиеленісуінің салдарынан 603 жылы түрік қағанаты батыс, шығыс, болып екіге бөлінді.
Қағандықтың халқының этникалық құрамы Он оқ будын тайпалары болған. Батыс Түрік қағанаты ежелгі усун жерлеріне ірге тепті, демек оның аумағы ендік бағытта Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі желерді алып жатты. Шу өзенінің шығыс жағын дулулардың 5 тайпасы, ал батыс жағында нушибилердің 5 тайпасы мекендеген. Батыс Түрік ордасы Суяб қаласы болды. Қырғыздың (Тоқмақ қаласының маңы) жазба деректерде қағанаттың тарих сахынасына көтерілген уақыты жегу қаған (610-618 ж.ж.) мен Тон қағанның қағандық құрған кездері. Тон Жабғу қағанның баласы Тарду Шадтың Тохорстан мен Канису Ауған жерлеріне жүргізген жорықтарының нәтижелі аяқталуы қағандықтың оңтүстіктегі шекарасын Индияға дейін кеңейткен.
Батыс түрік қағандығында билік сатылы түрде жүргізілген. Қаған билігі шексіз мұрагерлік түрде жүргізілсе одан кейін билік қаған сайлаған ұлықтың қолында болған. Үшінші билік Қаған руының үстем тап өкілдерінің қолында болған - оларға берілген. Сот функцияларын бұйрықтар мен тархандар орындады.
Қағанат негізгі қара жұмыс істейтін халқы түркі тілінде "қара бұдындар"- деп аталған. Бұл сөз қазақ халқының "Қалың бұхараң" немесе "Қара халық" деген сөздердің мағынасына сәйкес келеді. Алым-салық төлейтін барлық ауыртпалықтың ауыр жүгін көтеретін осы "Қара будындар" болған.
Түрік қағанатында қанмен төлейтін салықтың да түрі болған. Ол әскери міндеткерлік қызмет атқару. Олар майдан шебінің алдында жүрген. Мұндай қызметті көбінесе тәуелді тайпалардың адамдары атқарған.
Батыс түрік қағанатында әлеуметтік-экономикалық және саяси қатынастардың ала-құла, үстемдік ету мен бағыну түрлерінің алуан түрлі болуына қарамастан батыс-түрік қағанатында таптардың құрылу жәнн ертедегі феодалдық қоғамдық қатынастардың біршама тез қалыптасу үрдісінің жүргені анық. Қағандық үшін дулу мен нушиби тайпаларының арасында талас басталды да өкімет үшін болған он алты жылға созылған (640-657) ұзақ соғыс қағандықты мүлде әлсіретеді. Қағандық Іле өзеніне дейінгі аралықта екі үлкен тайпаның қол астында екіге бөлініп кетеді. Батыс-түрік қағанатын үштен әлсірегенін білген Тан империясы оның жеріне басып кірді, түрік тайпалары, әсіресе түргештердің саяси белсенділігінің арқасында ұзаққа созылған соғыс нәтижесінде өз тәуелсіздігін жеңіп алды.
704 жылы батыс-түрік қағандығы құлап оның орнына түркеш қағанаты пайда болды (704-705 ж.ж.)
Түркештердің алғашқы қағаны Үшлік, өзінің негізгі тайпаларын екі ордаға бөліп басты орталығын Суяб қаласы Ұлы Орда деп атаса, Іле аңғарындағы Күңгірт қаласын өзінің кіші ордасы еткен. Батыс-түрік қағандығының құрамында болған басқа да түрік тілдес тайпалар да түркештердің қарамағына енген. Саяси әкімшілік билік қағандықтың оң жоғарғы атағы Басқағанның қолында болған. Қағанат әкімшілік аймақтарға бөлінген. Әрбір аймақты тархандар басқарған. Аймақтар жеті жүз мыңнан әскерлер жинаған. Үшлік қаған өлген соң оның орнына баласы Сақал (706-711 жылдары) қаған болды.
Осы кезде қаған билігі үшін сары және қара түркеш тайпаларының арасында талас-тартыс басталды. Мұны шығыс түрік қағандығының қағаны Қапаған пайдалануға тырысқан. Екі тайпаның арасында тартыста Қара түргештер жеңіске жетіп, оның ішінде шапыш тайпасының тарханы Сұлу қаған болады (715-738 ж.ж.). Ол өзінің 715 жылы Қаған деп жариялады. Ордасы Талас (Тараз) қаласында болды. Сұлу қаған болған кезде қағандықтың ішкі-сыртқы жағдайы шиеленісіп кетті. Біріншіден Азиядан арабтар шапқыншылығы күшейіп тұрған болса, екіншіден Оңтүстік шығыс жағынан Қытайдың қаупі төніп тұрды. Сөйтіп Сулу қаған екі жаумен күресуге тура келді.
Сулу қаған Орта Азиядағымя халықтардың күресін пайдаланып оларды қолдап арабтарға қарсы күресті. 723 жылы Ферғана, Самарқанд, Бухара халықтарының арабтарға қарсы күрестеріне көмектесіп қалалардан арабтарды қуып шықты.
Халықаралық жағдайлардың түргеш қағандығының пайдасы үшін шешілуіне саяси белсенділік көрсетіп жүрген Сұлу қаған Жетісуға оралған кезде 738 жылы өзінің бақталастарының бірі Баға-Тарханның қолынан қаза тапты. Сұлу қаған өлгеннен кейін "қара" және "сары" түргештер арасы ушығып талас-тартыс күшейіп билік үшін екі тайпа арасындағы күрес 20 жылға созылып қағандықтың саяси және экономикалық жағдайы мүлде әлсіреп, 756 жылы түргештердің құлауына әкеп соғады.
Қарлұқтар Алтай, Тарбағатай тауларының баурайында өмір сүрген. Қарлық қағанатының алып жатқан жері батыс-түрік қағанатының орны немесе қара жэне сары түргештердің жері. Қағандықтың халқының этникалық құрамы түрік тілдес тайпалар. Қарлұқтардың ақ сүйектері саяси әкімшілік жағынан басты ролъ атқарған. VII ғасырда қарлұқтар Жетісуға қоныс аударды. Ал онда саяси жағдай тым күрделі болатын өзара қырқысқан күресте түргеш қағандары өздерінің бұрынғы күш-құдіретінен айырылды.
Соның салдарынан бытырап кеткен түргеш тайпалары қарлұқтарға айтарлықтай қарсылық көрсете алмады. 766 жылы түргештердің екі қағанының ордалары Тараз және Суябпен қоса бүкіл Жетісу жерлері қарлұқтар жабғуының қолына көшті. Саяси және әлеуметтік бөліктердің қарлұқ көсемдерінің қолына көшу Жетісуда Қарлұқ мемлекетінің біржолата қалыптасуына жеткізді. Қарлұқтар өздеріне бағынышты жерлердің шекарасын одан әрі кеңейте берді. 766-775 жылдары қарлұқтардың бір тармағы Қашғарияны басып алды, ал VIII ғасырдың соңында олардың басқа бір тобы Ферғанаға өз ықпалын таратты. 791 жылы ұйғырлар Бесбалақ түбінде Қарлұқтармен тибеттіктердің әскерлерін талқандады. Қарлұқтарды қуа отырып ұйғыр қағаны Ферғана мен Орталық Азияға қайтып кетті. Сөйтіп олар 812 жылы қарлұқтар жабғуы Оңтүстік Қазақстан маңайында Мауараннахрдың солтүстігіндегі жерлерді басып алу жөнінде белсенді саясат жүргізген арабтарға қарсы күресті басқарды.
Арабтарға қарсы әр түрлі аттаныстарды қарлұқтар талай рет белсене қолдады. 840 жылы ұйғырлардың қырғыздардан жеңілуінен кейін қарлұқтар ұйғырлар үстемдігінен азат етілді. Қарлұқтардың көсемі Білге Құл-Қадырхан Исиджап билеушісі болып өзінің бұрынғы атағы - Жабғуды тастап. Қаған атағын алып, билікті өзінің алуға құқылы екенін ашықтан-ашық жариялады.
Алайда Қарлұқтардың билігі берік болмады. Бұл кезде Саманилер әулеті де, өз билігін нығайтуға, мемлекет пен Ислам шекарасын кеңейтуге ұмтылды. 840 жылы саменилердің Самарқандтағы билеушісі "қасиетті соғыс" жариялап Испиджабты басып алды. Сөйтіп Саменидтер мен Қарлұқ қағанының арасында, әсіресе Оңтүстік Қазақстан жері үшін ұзақ жылдарға созылған соғыстар басталды. Алайда қарлұқтар саменидтер мен арабтардың біріккен күштерінен жеңіліс тауын кері оралған. Олар Оңтүстік Қазақстан жерінде өздерінің ықпалын күшейтіп мұсылман дінін енгізе бастады. X ғасыр басында Қарлұқ қағанатының жағдайы қиындап, олардың аумағында бытыраңқылық күшейді. Мұндай жағдайды Шығыс Түркістандағы Қашғардың түрік билеушілері пайдаланып Оңтүстік Шығыс Қазақстан жеріне жылжыды. 940 жылы олар Баласағұнды басып алды да Қарлұқ мемлекетін құлатып Қараханидтер әулетінің үстемдігін орнатады.
Оғыз мемлекетіғгің тарихы Қазақстан территориясымен тығыз байланысты. Оның мемлекеті Сырдарияның ортасы мен төменгі ағысында ІХ-Х ғасырда өмір сүрді. Оғыздардың құрамында Сырдарияның түрік тұқымдас тайпалары, сол сияқты Жетісу, Сібірдің көшпелі, жартылай көшпелі тайпалары болды. IX ғасырдағы ұзаққа созылған қақтығыстан соң оғыз көсемдері Арал маңына, Батыс Қазақстан территориясына үстем болды.
Осы жерге орналасқан түрік тайпасы Печенектерге соққы берді. Оғыз мемлекеті әр түрлі рулардан құралды да, мемлкет өмір сүріп тұрған кезінде халық болып қалыптаса алмады. Оғыз мемлекетінің басшысы Жабғу деп аталды. Ол үкімет билігін мирасқорлықпен балаларына беріп отырды. Жабғулар сайланды, бірақ ол сайлауда бірінші кезекте жабғудың балалары сайланатын болды.
Оғыз мемлекетінде рулық құрылыс ыдырап феодалдық патриархалдық - құрылыс үстем болды. Оғыз мемлекеті өзінің сипаты жағынан ежелгі феодалдық мемлекет болды. Үкімет салық системасын енгізіп арнаулы салық жинаушылар байланыстар жасады. 965 жылы Оғыз Жабғуы Киев князі Святославпен хазарларға қарсы әскери одақ құрды. Соның нәтижесінде хазар қағанаты күйреді. X ғасырдың соңында бұл екі мемлекет бірігіп отырып, Еділ бағарларына соққы берді. Алайда ұзақ жжылдарға созылған соғыс, соғыс үшін алынған алым-салықтар Оғыз тайпаларының наразылығын тудырды. Осындай ішкі қайшылықтардың салдарынан Әли ханның басқару кезінде оғыз мемлекетінің жағдайы нашарлайды. Осындай жағдайда пайдаланып салжұқтар Жент қаласын басып алады. Бірақ қала халқы салжұқтарды көп ұзатпай қаладан қуып шығады.
Оғыз мемлекеті Әлиханның мұрагері Шахмәліктің тұсында қайта көтеріліс бастайды. Ол 1041 жылы Хорезмді жаулап алған болатын, бірақ Шахмәлік көп ұзамай Оғыздарға қарсы қайта көтерілген салжұқтардың қолынан Хорезм түбінде қаза болды. Оғыз мемлекеті өз ішіндегі талас-тартыстардан әсірей бастады. Көрші жатқан қыпшақтарда оларға жиі-жиі шабуыл жасап отырған. XI ғасырдың II жартысында күшейе бастаған қышпақтар Оғыздарды Сырдария, Арал бойынан біржолата ығыстырды. Қыпшақтардың қысымына шыдамаған Оғыздардың бір бөлігі Европаның шығысына, Кіші Азияға қарай жылжыса, кейбір бөліктері Қарахан әулетінің қарамағында қалды, біраз бөлігі Хорасан салжүктерінің қол астына кірсе, қалғандары қыпшақтардың қарамағында қалып олармен сіңісіп кетеді де, Оғыз мемлекетінің құлауына әкеп соғады.
Қимақтардың мекені Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстан қимақ-қыпшақ тайпалары бірлестігінде феодалдық қатынастар біртіндеп дамыған. Қимақтардың пайда болуы этникалық құрамы және жеке тайпа болып құрыла бастауы, тарих сахнасына көтерілуі Батыс түркі қағанатының шығыс бөлігінің 656 жылы ыдырай бастағанына байланысты болды. Қимақтар туралы алғашқы деректер б.з.д. қытай жылнамаларында кездеседі. Қытай тарихнамасының негізін қалаушы Сыма Цян Солтүстік Монғолия жерін мекендеген тайпалардың ішінде, қимақтардың құрамына кірген қыпшақ тайнасы туралы жазады. Кейбір зерттеулер бұл пікірдің негізсіз еместігін растайды.
Қимақтар туралы басты хабарлар ІХ-ХІ ғ.ғ. бірінші жартысындағы өмір сүрген араб тарихшысы Абул Валид Мумаммед Әл-Азаракидің Мекке қаласының жылнамасы атты еңбегі. Бұл еңбекте Отырар аймағындағы қарлұқ жабғуының қимақ еліне қарай қуып жіберілгендігі хабарланған. Бұл хабардан Отырар аймағына арабтардың келе бастағандығы байқалса, екіншіден қимақ елінің ҮІІІ ғ. өзінде белгілі бола бастағанын білдіреді.
Қимақтар IX ғасырдан бастап өз алдына жеке мемлекет болып өмір сүрген. Кейбір мәліметтер бойынша Қимақ мемлекетінің орталығы Имақия қаласы. Жазба деректердің хабарына қарағанда қимақтардың екінші орталығы Ақкөлдің шығыс жағындағы Қарантия қаласы болған. Қимақ сөзінің этимологиясы туралы ғылымда белгілі тиянақты пікір қалыптаспаған.
Бірақ та оның түрік сөзі екендігіне ешбір күмән жоқ. Сөздің түпнұсқасы түрікше Құм деген ұғымды білдіретін сияқты. Деректерде қимақ, имақ (имек) болып әр қалай кездеседі. Атақты түрік тілінің маманы М.Қашғаридің еңбектерінде де имақтар деп жазылған. IX ғ. Ертіс пен Жоңғар Алатауының арасында 12 қимақ тайпаларының бірлестігінен қимақ мемлекеті құрылған. Мемлекеттің жоғары билігі ханның қолында болды. Ол мұрагерлікке қалып отырған.
Қимақ қағанаты солтүстік, шығыс және Орталық Қазақстанда құрылды. Ол өз мемлекетінің шегінде билеушілері тағайындады. Қимақ ақсүйектерінің билігі де балаларына мұрагерлік жолмен беріліп отырған. Қимақтардың малынан айрылған көшпелілерінің (ятуқ, жатақ) отырықшылыққа көшуге мәжбүр болғаны тарихта айтылады. Оғыздардың жерін басып алғаннан кейін қыпшақ хандары, күшейіп алып, қимақтар мекендеген жерлерде үстемдік құрды. Осындай саяси жағдай барысында қимақтар үстемдігінен айрылып қана қоймай қыпшақтарға тәуелді болып қалды. Сөйтіп тарихта қыпшақтар мемлекетінің орнын басты.
X ғасырдың бас кезінен бастап Қазақстанда феодалдық қатынастар дами бастады. Қазақстанның территориясында феодалдық қатынастардың дамуы барлық аймақтарда, аудандарда біркелкі болмады. Халықтың өмір сүруіне қолайлы егіншілік пен отырықшылық ерте қалыптасқан сауда жолы басып өтетін Орта Азиямен көптен бері экономикалық байланыста болған оңтүстік ауданда феодалдық қатынастар тез дамыды.
Басқа аудандарда көшпелі мал шаруашылығы үстем болды. X ғасырдың орта шенінде Жетісу мен Қашғардың (Шығыс Түркістан) бір бөлігін қамтыған Қарахан мемлекеті пайда болды. Қарахан деген сөзден шыққан қарахан халқы түрік тұқымдас халық. Қарахан мемлекеті 942 жылы орнады.
Қарахан билеушілері Исламды мемлекеттік дін деп жариялады. Мұсылман діні, түрік тұқымдас халықтары біріктіруде едәуір роль атқарды.
Қараханның астанасы Қашғар. Қарахан ханы Тараз бен Баласағұн қалаларының да билеушісі деп есептелді. ХІ ғасырдың басында Қарахан мемлекеті Саманидтер қарамағындағы Орта Азияның Испиджаб, Бұхара, Самарқанд сияқты қалаларын басып алып, едәуір күшейе түсті. Сөйтіп бүкіл Сырдария өңірі Қарахандардың қолына өтті.
Қарахандар тұсында түріктердің шаруашылығының негізгі түрі Оңтүстік аудандарда егіндік, Батыс, Солтүстік, Шығыс аудандарда мал шаруашылығы болды. Аң аулау көшпелі және жартылай көшпелі халықтың тіршілік ету негізінің бірі болды. Өзендерден балық аулау кәсібі халық өмірінде елеулі орын алды. Егіншілік аудандарының халқы отырықшы болды. Қарахан мемлекеті жер иелену саласындағы феодалдық қатынастарды дамыта отырып саяси-әлеуметтік жаңа жүйе енгізді. Хандар өздерінің туыстарына халықтан мемлекеттің пайдасына алынатын сияқты тарту етті.
Бұл "Иқта" деп аталды. Иқтаның бірнеше түрі болды. Иқта арқылы оны иеленуші жер иеленуге ерікті болды. Әскери иқта салықтың ең көп тараған түрінің бірі. Ихта иегері тек салыққа ғана емес, салық төлейтін адамға оның жеріне де ие бола бастады. Ихта иелері алған жерлерін өмір бойына иеленуге мұрагерлік иелікке айналдыруға ерікті болды. Сөйтіп ихта иелері жер иеленушілерге айналып, ихта феодалдық жер меншігінің бір түріне айналды. Феодалдардың шаруаларды қанатын (отырықшы аудандарға) ең кең тараған формаларының бірі үлескерлік болды.
Мемлекеттің немесе феодалдың меншігіндегі жерлер шаруаларға жалға берілді. Ол жердің түсімінің көпшілігін үлескер жер иесіне беруге міндетті болды. Үлескерлерге өз меншігінде жері жоқтар немесе отырықшыққа айналған көшпелілер еді. Жерлерді қамқорлыққа беру деген феодалдық жер иеленудің түрі болды. Ұсақ жер иелері өз жерін бай немесе ықпалды жер иелерінің қамқорлығына берді. Ол ұсақ жер иеленушінің мүддесін қорғауға міндетті болды. Бұл аухатты феолдалдардың қолына жер меншігінің топтасуына әкеп соқты. Малшыларға өздерінің баласын барымтадағы т.б. зорлық-зомбылықтардан қорғау үшін, бай-феодалдардың баю әдісінің бір түрі еді. Қарахан мемлекетінде үкіметті хан басқарды. Оның кеңесшісі және көмекшісі уәзір болды. Қарахан мемлекеті бұрынғы феодалдық мемлекеттердің жәй ғана жалғасы болып қана қоймай феодалдық мемлекеттердің дамыған жалғасы болып табылды.
Қыпшақтардың аты тарихта VII ғасырдан бастап белгілі бола бастады. Ол кезде қыпшақтар қазіргі Шығыс Қазақстан территориясын мекендеген. X ғасырда олар Қазақстанның батыс, солтүстік өлкелеріне дейін тараған. VІІІ-Х ғасырларда олар қимақтар мемлекетінің құрамында болған. Алайда ұзамай қимақтардың әлсіреуіне байланысты билік қыпшақтардың қолына көше бастаған. Олар Сырдария, Арал, Каспий өлкесін басып алып Хорезмнің солтүстігіне тақап келеді. Хорезмдіктер олармен сауда жасап оларды әскер қызметке тартты. XI ғасырда Қыпшақтар ертістен Волгаға дейінгі ұлан байтақ жерді мекендеді. XI ғасырдың орта шенінде қыпшақтардың алды оңтүстік орыс далаларына дейін барып онда половецтар деп аталды. Қазақстан территориясында қалған қыпшақтар Дешті қыпшақ деп аталды. Қыпшақтардың құрамына Қазақстан территориясын өздерінен бұрын мекендеген халықтар кірді. Бұлардың барлығы дерлік түрік тілдестер. Қазақ халқының қалыптасуына Шығыс қыпшақ үлкен роль атқарды.
Қыпшақтардың негізгі кәсібі мал шаруашылығы болды. Қыпшақтар көшіп қонып жүрді.
Мал шаруашылығы үшін зор жайылым қажет болды. Қыпшақтардың көш-қонысы белгілі бір маршрут бойынша жүзеге асырылды. Олар қыста Арал, Сырдария бойын қыстады да жазда Оралға көшетін болды.
Қыпшақтардың біразы жартылай көшпелі отырықшы болып егін шаруашылығымен айналысты. Егістік жерлер Сырдария, Сарсу, Есіл өзендерінің бойында болды. Олардың бір бөлігі суармалды егіншілікпен де айналысты.
Мұны Ұлытау, Торғай өлкесіндегі суару жүйесінің, тоғандардың қалдығы дәлелдейді. Олар аң суарумен де шұғылданды. Балық та аулаған. Қыпшақтар феодалдық қатынастарда болды. Қыпшақтар ел деп аталатын бірлестіктерге бірікті. Мал жеке меншікте болды. Осы меншікке қол сұғу қатал жазаланып отырды.
Қыпшақ мемлекеті Русь, Калия балгарларымен, Орта Азия халықтарымен экономикалық қарым-қатынас жасап отырды. Олар мал мен шаруашылық өнімдерін Европа, Орта Азия елдерінің қолөнер бұйымдарына айырбастап отырды. Қыпшақ бірлестігі феодалдана бастаған мемлекет болады, Бұл мемлекетті хан басқарды. Хан үкіметі мұрагерлік арқылы жалғасып отырды. Қыпшақтар Сырдария өлкесі үшін Хорезм шахпен күресті. Хорезм шах қыпшақ жеріне дүркін-дүркін шабуыл жасап оның кейбір өлкесін, қаласын жаулап алып отырды. Монғол шапқыншылығы төніп келген кезде Хорезм шах пен қышпақ арасындағы алаауыздық олардың моңғол шапқыншылығына жем болуына әкеп соқты. Қыпшақтар түрік тілдес халық, қазақтың ата-бабасы. Қазақ халқы қалыптасуының алдында ғана Қазақстан жерін мекендеген қыпшақтар қазақтың халық болып қалыптасуының ұйтқысы болды.
XII ғасырдың басында ішкі тайталастан Қарахан мемлекеті әлсірей берді. Оның орнына Орта Азияда Хорезм мемлекеті дәуірлей бастады. Осы кезде қытай моңғол жерлерінде қидандардың қуатты мемлекеті құрылды. Қидандар енді Қазақ жерлеріне көз тіге бастады. 1010 жылы қидандар Жетісуға басып кіріп, 1014 жылы Орта Азия (Бұхараға) қауіп төндірді. Бірақ қидандар Бұхара әкімшілігінен қатты соққы жеді. Осы кезде қидандардың тегеурінінен Қазақстан территориясында мекендеген түркі тілдес халықтардың батысқа қарай миграциясы басталды. Осындай ұрымтал жағдайды пайдаланып, ендігі жерде Қидандар Оңтүстік Қазақстанда орын тебе бастады. Қазақстанның оңтүстігінде мекендеп, үстемдік еткен қидандар жергілікті халықтың ықпалымен жергілікті халыққа сіңісіп қарақытай атанып кетті. Сөйтіп XII ғасырдың 30-40 жылдарында қазіргі Оңтүстік Қазақстан мен мауараннахр аймағының территориялары қарақытайлардың иелігіне өтті. Қидандардың тегі әлі зерттелмеген. Жалпы ғылымда моңғол тектес тайпалардан шыққан деген болжам айтылып жүр. Қарақытай қидандардың бір бөлігі. Оның құрамында түркі тілдестер болған деген пікірлер де бар.
Қарақытайлар жергілікті басқару орындарын, қалалар мен егіншілікті қаратқан жоқ. Оларды өз мүддесі үшін пайдаланды. Олардың арасында егіншілердің болуы бұған әсер етті.
Бірақ қарақытай шонжарлары жергілікті халықтан алым-салық алды. Әсіресе әскери салық халыққа өте ауыр тиді. Қарақытай мемлеткетінің жоғары билеушісін Гурхан деп атады. Алайда жоғары билікті мұраға қалдыру жүйесі өзіндік сипат алды: Гурханға әдетте бұл да Гурхан деп аталатын әйел мұрагер болды. Бұл жергілікті мұсылман халықтарының наразылығын туғызды. Мұның себебі гурхандар екіші бір гурханның қызына үйленді. Сондықтан Гурхан қызы да таққа отыруға праволы деп есептелді.
Қарақытайлар кезінде әскер басшыларының беделі күшейді. Мұның өзін қарақытай армиясындағы өзгерістердің мысалынан айқын көрінді. Армияны әскери бөліністерге бөле отырып, Елюй Даши Қатұн-Балықтың өзінде-ақ әрбір отрядтың санын 500 адамнан белгіледі. Бірақ Жетісуда Тұрхан бұл тәртіпті күрт өзгертті. Бір әскери басшының қол астында жүзден аспайтын жауынгер болуға тиіс болдьт. Осындай жолмен армияны басқару ішінара бөлшектенді. Жергілікті тайпалардың шекараларды қорғау жөніндегі қызметі сақталып қалды. Дегенімен әскери басшылардың беделі күшті болды. Олар нағыз бай феодалдарға айналып келе-келе Гурханға бағынатын болды. Қидандар жергілікті халықтарды қатты қанады. Бұндай жағдай жергілікті халықтың қарсылығын күшейтті. Бұл күресті хорезм шахы бастап, Бұхара, Самархандтан қарақытайларды қуу басталып, 1210 жылы қарақытайлардың үстемдігі Қазақстан мен Орта Азия территориясында құлады.
Біздің э.д. II ғасырдың орта шенінде Жібек жолы елшіліктің және сауда саттықтың алғашқы бастамасы ретінде қызмет атқара бастады.
ХІ-ХІІ ғ.ғ. Қытайдан шыққан Ұлы Жібек жолы Оңтүстік Қазақстан арқылы Батысқа қарай өтетін ең негізгі жолға айналған болатын. Себебі Жетісу өңірінде бірнеше хан ордаларын жалғастырып жатқан Жібек жолы XIV ғасырға дейінгі аралықта тек қана сауда керуен жолдары болып қана қоймай сонымен қатар елшілік да болып саналған. Сан ғасырлар бойы жол үнемі өзгеріп отырған оның бір бөлігі бір кездерде айрықша маңыз алып көркейіп жатса, екінші бір бөліктерінде ондаған қалалар мен сауда бекеттері қаңырап бос қалып артқа кетушілік жағдайдары болып жатқан.
Мәселен ҮІ-УІІІ ғ.ғ. негізгі күре жол! Сирия-Иран-Орталық Азия-Оңтүстік Қазақстан-Талас-Шу-Ыстық көл-Шыңжаң (Шығыс Түркістан) бағытында болған.
Ұлы Жібек жолы Қытай жібегін Батыс елдерге шығаруға қызмет етті. Жібек жолымен ертеректе Византия, Үндістан, Араб халифатынан, ал кейініректе Европа мен Русътен осы елдерде өндірілетін товарлар тасылды. Атап айтқанда жасмин суы, мускант жаңғағы, өміртамыр (женьшень) айдаһардың еті, (питон), кілемдер меіт маталар, бояулар, минералдық шикізат, алмас пен яшма, янтарь мен маржандар, піл сүйегі мен құйма күміс пен сом алтын, аң терілері мен теңгелер садақтар мен жебелер, семсерлер мен найзалар т.б. көптеген заттар тасылып сатылған.
Сондай-ақ Жібек жолы арқылы Асыл тұқымды аттар Ферғанадан, Қазақстаннан арғымақтар, түйелер мен пілдер, мүйіз тұмсықтар мен арыстандар, киік пен қаршығалар, сұңқарлар мен тотықұстар түйеқұстар алып жүрілді.
Мәдени өсімдіктер: жүзім, шабдалы, қауын, тәтті тағамдар мен қант. Жемістер мен көкөністер де Жібек жолы арқылы тарады. Алайда сауда жасалатын негізгі зат жібек болып қала берді. Жібек Алтынмен бірге халықаралық валютаға айналды. Жібектер патшаларға, елшілерге сыйға тартылды. Мәселен Иранның шахиншахы Хосроу 1 Анушован қытай императорынан қытайдың жібек киімі "УШАРИн"-ді сыйға алған. Қытай, Орта Азия, Шығыс Түркістан билеушілсрі сарай шаһарының қызметкерлері мен шонжарлары киген жібек киімдерге ерекше қымбат бұйымдар мен әшекейлермен көмектесетін болған.
Әмір-Темір заманындағы құрылыстардағы салынып жатқан әшекейлер мен ерекшеленетін көк түспен боялған керамикадағы бейнелер, суреттер Жібек жолымен таралды деген пікір бар. Бұндай бағалы заттар ХІП-ХІУ ғ.ғ. Қытай империясының шеберханаларында пайда болып, Иран, Түркия, Орта Азияда кең таралған. Кобальтпен әшекейленіен керамика табақтар, вазалардың бірнеше түрі дүние жүзінің музейлерінде сақталуда.
Қожа Ахмет Яссауи түркі әлемінде ислам дінінің, оның сопылық ағымының өкілі. Ел аузында сақталған аңыздарға және жазба деректерге қарағанда ақынның туған жері Испиджап (Сайрам) қаласы. Бұл қалада оның әке-шешесінің күмбезі бар. Ибрагимде әулие адам болса керек. Аңыз бойынша: Баласы Ахметтің жас кезінен әулиелік қасиеттерін байқаған әкесі "екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды, сен басқа қалаға кет"- депті. Сонда Ахмет Яссауи қазіргі Түркістан қаласына келіп, тұрақтаған көрінеді. Қалада Ақсақ Темірдің оған арнап салған күмбезі бар. Кейбір деректерда қала Яссауи (Яссы) деп аталады.
Ахмет Яссауи ислам дінінің көрнекті өкілдері Арыстан бап пен Жүсіп Хамаданиден оқып білім алады. Ахмет Яссауи ел арасында өзінің сопылық сарында жазылған "Даналық кітабы" ("Диуани Хикмет") арқылы атағы шықты. Кітап түркі тілінде араб алфавитімен жазылған. Бұл еңбекте адамдардың даналыққа, кішіпейілділікке, білімділікке, имандылыққа шақырады. Ол өз заманының әділетсіздігін, жағымпаздарды, тоғышарларды, жылпостарды, қараниеттерді ақын қатты сынға алып олардың іс-әрекеттерінен халықты жиіркендіреді. Қожа Ахмет Яссауидің мына бір даналық шумағы бүгінгі заманда өз маңызын жойған жоқ.
Білгір заман ақыр залым болды,
Жағымпаз жан алғыштар ғалым болды.
Сойқанды елге ашық айта алмаудан
Ішіме менің дертті жалын толды
деп залымдар меи жағымпаздардың ғылым жолында да әділетсіздікке орып беріп отырғанын күйіне жырлайды. Бүгінгі таңдағы тәуелсіздікке ие болып отырғанда өткен өмірдегі даналарымыздың алтынға бергісіз сөздерін оқып үйренудің онымен жастарды тәрбиелеудің маңызы зор. Бұдан былай Қожа Ахмет Яссауи мұраларын зерттеп оны халықтың игілігіне айналдыру басты және өте құнды мәселелердің бірі болып отыр.
Рухани мәдениеттің негізгі өзегі адам баласының ойлау қабілеті болып табылады. Рухани мәдениеттің дамуына тіл, жазу, ауыз әдебиеті шығармашылығы, ғылым, дін және мәдениет үлкен міндет атқарады. Х-ХІІ ғасырлардағы түркі тілдес тайпалардың ішінде Қазақстанда ауыз әдебиеті, ақындық традициясы жақсы дамыды. Эпикалық мәдениет жақсы дамыды. Оның ішінде әйгілі көне эпостарды: "Қорқыт Ата" және "Оғыз-нама" сияқтыларын ерекше атап өтуге болады.
Бұл дәуірдің ерекше шығармаларының бірден бірі болып табылатын. "Құтадғу білік" (Құтты білік) еңбегін сол кездің көрнекті ғалымдарының бірі Жүсіп Хас Хажиб Баласағұн жазып қалдырған. Жүсіп Баласағұн 1015-1016 жылдар шамасында дүниеге келген өзінің жазуына қарағанда атақты дастанын Баласағұн қаласында бастап, Қарахан мемлекетінің Шығыс бөлігінің астанасы Қашқарияда аяқтаған. Ол көптеген түркі тектес халықтардың тілін білген, сондай-ақ парсы, араб және Қытай тілін меңгерді. Ол ғылымның әр саласын атап айтқанда тарихты, астрономияны, геометрияны тағы басқа ғылым салаларын жақсы игеріп жұмыс істеді. Осы дәуірдің тарихта түркілер әлемінде аты әйгілі болған ислам дінінің өкілі, сопылық-мистикалық ағымының басты кейіпкері Қожа Ахмет Яссауи. Ол өзінің Дивани Хикмет (Даналық кітабы) мен белгілі болды
Ахмет Яссауидің жолын қуған сопылық-мистикалық сарындағы шәкірттерінің басты бір өкілі ғұлама ақын ел ішінде һәм аты аталған Бақырғани Сүлеймен. Ол 1104 жылы Яссы қаласында туды. Ол өзінің нақыл сөздерін қара сөзбен де жазған. Ол өзінің Ақыр заман атты кітабымен танымал болған. Ахмет Иүгінеки шын аты Әдіп Ахмет Махмудұлы Иүгінеки XII ғасырда Яссы қаласының маңындағы Жүйнек деген жерде туған деген мәлімет бар. Нақты туған жылы белгісіз. Оның атын бізге жеткізген атақты еңбегі Ақиқат сыйы (Хибату-Хақайың) дастан Қарахан халқына түсінікті түркі тілінде жазылды. Бұл еңбек халықты инабатты болуға, адал өмір сүруге, арамдықтан аулақ болуға, имандылыққа, білімділікке, әдепті болуға шақырды. Түркілер арасында атақты ғалым Әл-Фарабидің көптеген ғылыми еңбектері араб тілінде жазылған. Әбу Насыр Әл-Фараби Отырар қаласында 870 жылы дүниеге келген. Ол Отырар қаласында қыпшақ тілінде білім алған. Араб тілін Исфахан, Бағдат, Дамаск қалаларында игерген. Әл-Фараби білімін өздігінен көтерген ғалым. Аристотельден кейінгі шығыстың екінші ұстазы, философ, музыкант, математик, тағы басқа ғылым салаларында айтарлықтай артында өшпес мәңгі еңбек қалдырған жан-жақты энциклопедист. Оған Орта Азияның атақты Орта ғасыр ғалымдары өте жоғары баға беріп, өздері мойындаған.
XI ғасырдағы түркі халықтарының аса көрнекті ғалымдарының бірі Махмуд Қашқари. Махмуд Қашқар Ыстықкөл жағасында дүниеге келген. Ол өзінің өмірінің көп уақытысын Қашқарияның Барысхан қаласында өткізді. Осы жерде өмір сүріп тұрған уақытысында. Диуани лұғат ат-түрік еңбегін жазып қалдырған. Бұл еңбек өзінің зеректілігі жағыан баға жетттес болса, ол ғылыми құндылығын бүгінде жойған жоқ. Еңбектегі жинастырылған түркі тайпаларының ерекшеліктерін, ауыз әдебиеттерінің үлгілері, әдет-ғұрып, салт-сана дәстүрлерін бүгінгі түркі тілдес халықтарының рухани мәдениетін зерттеуден баға жетпес дерек. Бұл еңбектің тарихи құндылығы өте жоғары.
Түрік халықтарының тарихы мен этнографиясын зерттеген Шараф аз – замана Тахира әл – Марвази. Ол өзінің «Табаи ал – Хайван» атты еңбегінде түріктердің дәстүрлі шаруашылығын, орналасуын, тұрмысын баяндайды. Мысалы, ол былай деп жазады: «Түріктер – ұлы халық, олар бірнеше тайпаларға және руларға бөлінеді. Оның еңбегінде түріктердің заттай және рухани мәдениеттері баяндалады.
ХІІ ғ Түран жерінде Абу Абд Аллах Мухаммад ибн Идрис өмір сурді. Барлық түріктер жылқының етімен көректенеді; Шарапты аз ішеді деп жазады. Ол сонымен қатар түріктердің этнотайпалық құрамын атап өтеді. Оның құрамына : тибетіктер, қимақтар, қарлықтар, қыпшақтар және тағы басқалары жатады деп жазады.
Белгілі шығыстанушы – ғалым Ә. Дербісәлі өзінің «Қазақ даласының жұлдыздары» атты еңбегінде хронологиялық тәртіппен ортағасырлық ғулама – ғалымдардың өмірі мен қызметін баяндайды. Монографияда 51 ғалыдардың есімдерін келтіреді, сонын ішінен ІХ – ХІІІ ғ 34 ті осы кезеңдерде өмір сүріп еңбек еткен, ал қалған 17 - сі ХІҮ - ХҮІІ ғғ. өмір сүріп еңбектерін жазып қалдырған. Қорыта айтқанда, ІХ – ХІІІ ғасырлар Түрік өркениетінің гүлдеген кезі екендігі мәлім болады.
Қожа Ахмет Яссауи түркі әлемінде ислам дінінің, оның сопылық ағымының өкілі. Ел аузында сақталған аңыздарға және жазба деректерге қарағанда ақынның туған жері Испиджап (Сайрам) қаласы. Бұл қалада оның әке-шешесінің күмбезі бар. Ибрагимде әулие адам болса керек. Аңыз бойынша: Баласы Ахметтің жас кезінен әулиелік қасиеттерін байқаған әкесі "екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды, сен басқа қалаға кет"- депті. Сонда Ахмет Яссауи қазіргі Түркістан қаласына келіп, тұрақтаған көрінеді. Қалада Ақсақ Темірдің оған арнап салған күмбезі бар. Кейбір деректерда қала Яссауи (Яссы) деп аталады.
Ахмет Яссауи ислам дінінің көрнекті өкілдері Арыстан бап пен Жүсіп Хамаданиден оқып білім алады. Ахмет Яссауи ел арасында өзінің сопылық сарында жазылған "Даналық кітабы" ("Диуани Хикмет") арқылы атағы шықты. Кітап түркі тілінде араб алфавитімен жазылған. Бұл еңбекте адамдардың даналыққа, кішіпейілділікке, білімділікке, имандылыққа шақырады. Ол өз заманының әділетсіздігін, жағымпаздарды, тоғышарларды, жылпостарды, қараниеттерді ақын қатты сынға алып олардың іс-әрекеттерінен халықты жиіркендіреді. Қожа Ахмет Яссауидің мына бір даналық шумағы бүгінгі заманда өз маңызын жойған жоқ.
Білгір заман ақыр залым болды,
Жағымпаз жан алғыштар ғалым болды.
Сойқанды елге ашық айта алмаудан
Ішіме менің дертті жалын толды.
деп залымдар меи жағымпаздардың ғылым жолында да әділетсіздікке орып беріп отырғанын күйіне жырлайды. Бүгінгі таңдағы тәуелсіздікке ие болып отырғанда өткен өмірдегі даналарымыздың алтынға бергісіз сөздерін оқып үйренудің онымен жастарды тәрбиелеудің маңызы зор. Бұдан былай Қожа Ахмет Яссауи мұраларын зерттеп оны халықтың игілігіне айналдыру басты және өте құнды мәселелердің бірі болып отыр.
Рухани мәдениеттің негізгі өзегі адам баласының ойлау қабілеті болып табылады. Рухани мәдениеттің дамуына тіл, жазу, ауыз әдебиеті шығармашылығы, ғылым, дін және мәдениет үлкен міндет атқарады. Х-ХІІ ғасырлардағы түркі тілдес тайпалардың ішінде Қазақстанда ауыз әдебиеті, ақындық традициясы жақсы дамыды. Эпикалық мәдениет жақсы дамыды. Оның ішінде әйгілі көне эпостарды: "Қорқыт Ата" және "Оғыз-нама" сияқтыларын ерекше атап өтуге болады.
Бұл дәуірдің ерекше шығармаларының бірден бірі болып табылатын. "Құтадғу білік" (Құтты білік) еңбегін сол кездің көрнекті ғалымдарының бірі Жүсіп Хас Хажиб Баласағұн жазып қалдырған. Жүсіп Баласағұн 1015-1016 жылдар шамасында дүниеге келген өзінің жазуына қарағанда атақты дастанын Баласағұн қаласында бастап, Қарахан мемлекетінің Шығыс бөлігінің астанасы Қашқарияда аяқтаған. Ол көптеген түркі тектес халықтардың тілін білген, сондай-ақ парсы, араб және Қытай тілін меңгерді. Ол ғылымның әр саласын атап айтқанда тарихты, астрономияны, геометрияны тағы басқа ғылым салаларын жақсы игеріп жұмыс істеді. Осы дәуірдің тарихта түркілер әлемінде аты әйгілі болған ислам дінінің өкілі, сопылық-мистикалық ағымының басты кейіпкері Қожа Ахмет Яссауи. Ол өзінің Дивани Хикмет (Даналық кітабы) мен белгілі болды
Ахмет Яссауидің жолын қуған сопылық-мистикалық сарындағы шәкірттерінің басты бір өкілі ғұлама ақын ел ішінде һәм аты аталған Бақырғани Сүлеймен. Ол 1104 жылы Яссы қаласында туды. Ол өзінің нақыл сөздерін қара сөзбен де жазған. Ол өзінің Ақыр заман атты кітабымен танымал болған. Ахмет Иүгінеки шын аты Әдіп Ахмет Махмудұлы Иүгінеки XII ғасырда Яссы қаласының маңындағы Жүйнек деген жерде туған деген мәлімет бар. Нақты туған жылы белгісіз. Оның атын бізге жеткізген атақты еңбегі Ақиқат сыйы (Хибату-Хақайың) дастан Қарахан халқына түсінікті түркі тілінде жазылды. Бұл еңбек халықты инабатты болуға, адал өмір сүруге, арамдықтан аулақ болуға, имандылыққа, білімділікке, әдепті болуға шақырды. Түркілер арасында атақты ғалым.
Әл-Фарабидің көптеген ғылыми еңбектері араб тілінде жазылған. Әбу Насыр Әл-Фараби Отырар қаласында 870 жылы дүниеге келген. Ол Отырар қаласында қыпшақ тілінде білім алған. Араб тілін Исфахан, Бағдат, Дамаск қалаларында игерген. Әл-Фараби білімін өздігінен көтерген ғалым. Аристотельден кейінгі шығыстың екінші ұстазы, философ, музыкант, математик, тағы басқа ғылым салаларында айтарлықтай артында өшпес мәңгі еңбек қалдырған жан-жақты энциклопедист. Оған Орта Азияның атақты Орта ғасыр ғалымдары өте жоғары баға беріп, өздері мойындаған.
XI ғасырдағы түркі халықтарының аса көрнекті ғалымдарының бірі Махмуд Қашқари. Махмуд Қашқар Ыстықкөл жағасында дүниеге келген. Ол өзінің өмірінің көп уақытысын Қашқарияның Барысхан қаласында өткізді. Осы жерде өмір сүріп тұрған уақытысында. Диуани лұғат ат-түрік еңбегін жазып қалдырған. Бұл еңбек өзінің зеректілігі жағьгнан баға жетттес болса, ол ғылыми құндылығын бүгінде жойған жоқ. Еңбектегі жинастырылған түркі тайпаларының ерекшеліктерін, ауыз әдебиеттерінің үлгілері, әдет-ғұрып, салт-сана дәстүрлерін бүгінгі түркі тілдес халықтарының рухани мәдениетін зерттеуден баға жетпес дерек. Бұл еңбектің тарихи құндылығы өте жоғары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет