Лекция№1. Археология ғылымы және оның қалыптасуы Археология ғылымының ерекшеліктері



бет2/10
Дата25.04.2022
өлшемі474,5 Kb.
#140726
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Археология лекция жинақтары
Теминология науки (2), №14 лекция, 5 сынып КТЖ матема 5сагат 2022-2023, 348801, 348800, ҚОРЫТЫНДЫ МОНИТОРИНГ, 10-апта Жоғары мектеп педагогикасы
Дәстүрлі – жаяу немесе көлікпен жүру арқылы барлау.
Күрделі техникалық барлауға жататындар: электрлі – жер астына тоқ жіберу арқылы барлау; магнитті- жер астындағы магнит желісінің ауытқуларын тексеру арқылы қазбай зерттеу әдісі; ұшақпен және су асты техникасымен барлау.
Барлауға Археология институтының Дала комитеті беретін ашық парақ арқылы рұқсат етіледі.
Барлаудың жаңа әдістері. ХХ ғасырдың 20 жылдарынан бастап қалыптасты. ХХ ғасырдың ортасынан бастап электрлі және магнитті барлау жақсы дамыды. Бұл барлау салалары жер астындағы құрылыстардың орналасу өлшемдерін белгілеуге және белгілі бір затты дәл табуға мүмкіндік береді.
2. Қазба жұмыстарына рұқсат. Археологиялық жұмыстарға рұқсатты жергілікті оқу орны немесе ғылыми мекеменің өтініші бойынша республикадағы яғни Археология институты береді. Археология институтында дала комитеті жұмыс істейді. Ол түскен өтініштерді қарастырып, сол бойынша шешім шығарады. Рұқсат арнайы білімі бар,археологиялық экспедицияларға қатысқан, далалық жұмыс түрлерімен жақсы таныс адамдарға беріледі. Рұқсатсыз өз бетімен қазба жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады және ол заңсыз деп танылады.
Археологиялық барлау және қазба жұмыстарына рұқсаттың төрт түрі қалыптасқан:
№1 ашық парақ - толық көлемді қазба жұмыстарын жүргізуге рұқсат.
№2 ашық парақ - шектеулі жер жұмыстарына рұқсат.
№3 ашық парақ – археологиялық барлау жұмыстарына рұқсат.
№4 ашық парақ – кезек күттірмейтін немесе авариялық жағдайдағы, бүліну қаупіндегі ескерткішті зерттеу үшін рұқсат.
Соңғы жылдары Білім және ғылым министрліінің жеке зерттеушілерге берілетін лицензиялары арқылы рұқсат беріліп жүр.
Жұмыстар аяқталған кезде Археология институтына толық есеп беріледі.
Қазба жұмыстарына дайындық. Дайындық бірнеше сатылы:

  1. Теориялық білім алу. Ғылыми әдебиеттерді меңгеру.

  2. Археология кабинеттеріндегі, мұражайдағы экспонаттармен танысу.

  3. Зерттелетін кезең бойынша жарияланбаған зерттеулер, қолжазбалармен танысу.

  4. Қазба жұмыстарына қажет жабдықтарды дайындау.азба жұмыстарын жүргізудің жоспарын жасау.
    Барлауға қарағанда дайындық жұмыстары едәуір ауқымды.

Ғылыми қызметкердің міндеттері. Әрбір жасақ немесе экспедиция құрамында арнайы дайындықтан өткен ғылыми қызметкер немесе бірнеше мамандар еңбек етеді. Қазба басшысы және ғылыми қызметкердің басты міндеттері:

  1. Қазба орындарын белгілеу.

  2. Қазушыларды орналастыру, еңбек тәртібі мен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

  3. Жұмыс кезеңдерін белгілеп отыру.

  4. Қазу, тазалау, табылған заттарды орап салу жұмыстарын қадағалау.

  5. Далалық құжатнаманы дұрыс жүргізу, күнделік, жоспар–сызбаларды сапалы жасау.

Негізгі жұмыс құжаты – дала күнделігі. Онда қазу кезеңдері сипатталады. Ескерткішті зерттеу кезінде түрлі жоспар-сызбалар, тілік сызбалары, табылған заттардың масштабтағы суреттері, ескерткіш деңгейлерінің өлшемдері, табылу орнының тіркемелері, басқа да өлшеулер, фото, видео материалдар жасалынады. Осының бәрі өз кезегінде, дәл уақытында тіркемеленуі тиіс.
Қазбаны белгілеу. Ескерткіштің болжаулы көлемі шөптен тазартылады, тамыры терең өсімдіктер жұлқып алынбайды. Шөп күрекпен көлденең қиылады. Тазартылған жерде қазба көлемі дәлірек айқындалады.
Қазылатын қорған болса, қазбаның орта тұсы анықталады. Орталық қазық үстіне буссоль немесе компас қойылады да, оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс бағыттары белгіленеді. Анықталған бағыттарға орталық қазықтан жіп тартылып, әр метрге қазықтар қағылады, бұрыш дәлдігі 90° сәйкес келуі керек. Дәлдік геометриялық әдіспен, Мысыр үшбұрышы теоремасымен тексеріледі (үшбұрыш катеттер квадраттарының қосындысы гипотенуза квадратына тең). Шаршылар торы жасалып, оның рет саны жоспарда көрсетілгені жөн.
Қиындыны, яғни прфильді қадағалап отыру үшін: солтүстік-оңтүстік, батыс- шығыс бағыттарымен орталық жал (орысша - бровка) қалдырылады. Оның ені 50-60 см болуы мүмкін, кейін қырланып, ені сәл кемиді. Қазылатын қоныс болса, төртбұрышты қазба орындарда қиындылар қоныс қабырғалары арқылы тексеріледі. Қазба көлемі тым үлкен болса, белгілі қашықтықта қазбада алынбаған топырақ бағаналары қалдырылады.
Қоныстарды қазғанда қазба көлемі едәуір үлкен, әдетте, 100-400 м2 келеді. Тым көлемді болса, қатпарлардың қиындыларын белгілеу қиынға соғады. Мәдени қабатты табу үшін қоныстарда шурф салынады, оның көлемі шаршыға ұқсас келуі керек. Ол бір бағытты траншеяға, ал траншеялар қазба алаңына ұласуы мүмкін. Қоныстағы шаршылар 2х2 м болып белгіленеді.
Археология үшін басты бағыт – солтүстік. Жоспарларда ол үшкір бағдаршамен беріледі.
Қазу және тазалау әдістері. Ескерткіштер біртіндеп көлденең қатпарлар бойынша қазылады. Қатпарды қию үшін- тік күрек, топырақты алу үшін – қалақ күрек қолданылады. Қатты топырақты ою үшін - сүңгі (лом) қолданылуы мүмкін.
Топырақ жіңішке, сәл қиғаштау қиылады, алынған топырақ үгіледі, тексеруден өтеді. Қазушының бірі топырақты қиюмен, екіншісі- алумен, үшіншісі- тазалаумен шұғылданады. Мәдени қабаттағы топырақ аса мұқият тексеріледі. Әрбір тазаланған қатпардың жоспары салынады. Мәдени қабатты бірден тұтас алуға болмайды. Қазу кезінде табылған заттар толық тазаланғанша орнында қалуы тиіс. Қазу кезінде құрылыстар бүлінбеуі керек. Тереңдегенде қабырғалар құлап кетпеу үшін тіреулер қою қажет. Ең маңыздысы – бұзбау, тек жоспары салынған соң қажетінше тереңдеу. Сөйтіп, құрылыс қатпарлары тексеріледі. Қазба баспаналаларды ашу үшін ғана емес, олардың арасындағы жерлерді тексеруге де ұйымдастырылады. Кейбір жағдайларда қоныстың стратиграфиясы құрылыстар арқылы анықталады.
Қазақстандағы қорымдардың көбі – қорғандар, ал қорғандар тізбек түрінде кездеседі. Қола ғасырының қорғандары көбінесе орталық құрылыс төңірегіне топтала орналасады. Аралас конструкциямен салынған қорғандар жер қорғандарына қарағанда көп. Тасты және қиыршық тасты, малта тасты үйінділерден тұрғызылғандары да кездеседі.
Қорғандар, әдетте, секторлар бойынша қазылады, бұл әдіс жер қорғандарын зерттеу үшін аса тиімді. Қорғандардың көлемі үлкен болса, шеңберлеп қазу әдісі қолданылуы мүмкін. Мұндайда қазу шеткі шеңберден басталады. Төрт сектормен қазып шығу әдісі көптеген жағдайда ескерткіш ерекшеліктерін жақсы анықтауға мүкіндік береді.
3. Мәдени қабат туралы түсінік. Мәдени қабат – адамның тұрмыс-тіршілігінің белгілері сақталған жер қыртысы.
Археологияда мәдени қабатты зерттеу үлкен орын алады. Мәдени қабатта байырғы адамдардың заттары, сүйек, құрылыс қалдықтары және өзге де археологиялық белгілер сақталған.
Жер бетіндегі топырақ, өсімдік ерекшеліктері және табиғи-климаттық жағдай оның қалыптасуына әсер етеді. Мәселен, жер ылғалды немесе сортаң келсе заттардың сақталуы қиындайды. Шөлейт және қуаң аймақта, тастақ жерлерде мәдени қабат қалыптаспауы мүмкін. Аса ылғалды аймақтарда заттар тез ыдырап, олардың ұзақ сақталуына жағдай қолайсыз келеді.
Егіншілік және отырықшы тірліктегі тайпалар мекендеген жерлерде мәдени қабат табылуы неғұрлым ықтимал. Себебі, олар бір жерде ұзақ уақыт өмірлерін өткізген. Тұрғындардың тығыздығы, өзен алқаптарындағы табиғаттың қолайлылығы мәдени қабаттың қатпарлануына тиісті жағдай туғызады. Мәдени қатпарлардың қалыңдығы өсе түседі. Мысалы, Шығыс Европадағы орыс қалаларының орнында мәдени қабаттың қуаттылығы немесе қалыңдығы 7-8 метрге дейін жетеді. Орталық Азияның кейбір оазистерінде өткен тұрақты өмір 15-20 метрлік мәдени қабатты құрайды. Сол сияқты, ерте тастың кейбір үңгірлерінде қуатты мәдени қабат табылуы мүмкін. Көшпелілер мәдениеттерінде жылжымалы шаруашылықтың кең тарауына байланысты, мәдени қабатты табу қиын.
Бұрынырақта, мәдени қабатты зерттеу қалыптаспаған болатын, есепке ірі, бағалы заттар алынып, ұсақтарына мән берілмеді, кейіннен сынық-қалдықтардың өзі мол тарихи түсінік беретіні анықталды. Сол арқылы уақытнамалық анықтаулар жасалынып, табылған комплекстер бір мәдениет аясына біріктіріледі.
ХХ ғасыр археологиясында қалыптасқан әдістер мәдени қабатты тұтас археологиялық ескерткіш ретінде қарастырады. Бір жерде бір немесе бірнеше мәдени қабат болуы мүмкін. Бұзылмаған бөліктерде мәдени қабаттар көлденең, жердің бұдырын қайталаған ретпен орналасады. Арасында таза немесе стерильді белдеулер болуы мүмкін. Қатпарлар жоғарыдан төмен қарай зерттелуі керек. Аса көлемді болса, шурф немесе траншея салынады.
Құрылыс топырақтың орналасу ретін бұзатыны белгілі, яғни түрлі құрылыстар салу кезінде мәдени қыртыс бүлінеді, мұндайда уақытнамалық анықтама жасауға құрылыс көкжиегі есепке алынады. Құрылыс көкжиегі жоғарыдан төменге қарай рет санымен көрсетіледі.
Мәдени қабат әлсіз және қуатты болуы мүмкін. Неғұрлым қуатты мәдени қабат қалалардың орындарында қалыптасады. Ол біртіндеп қалыңдайды. Бірнеше ғасырар бойғы мекеннің мәдени қабаты айқын көрінеді.
Мәдени қабаттың қалыңдауына немесе жойылып кетуіне табиғат факторлары барынша әсер етеді.
Ертетас заманындағы ескерткіштерде мәдени қабат көп кездеспейді, өйткені тұрақтардың көпшілігі- қысқа мерзімді. Қазақстанда мәдени қабаты жақсы қалыптасқан ертетас ескерткішінің бірі – Қаратау аймағындағы Қарасу (Ш. Уәлиханов атындағы тұрақ).
Мола ескерткіштердің кейбірінде мәдени қабат болуы мүмкін. Мәселен, қорған үйінділеріндегі құрбандық іздері, мал сүйектері, күл.
Мәдени қабатты зерттеу қиындығы – жер жұмыстарының ауқымдылығында. Байырғы ірі мекендердің мәдени қабаттары толық зерттеліп шығуы үшін ұзақ уақыт қажет. Мәселен, антик заманының әйгілі Помпей қаласы 18 ғ-дан бастап қазылуда, жер жұмыстары әлі аяқталмаған. Қазақстанның орта ғасырлардағы Отырар, Талғар, Далалық Ақтөбе қалалары да ондаған жылдар бойы қазылып келеді.
Стратиграфиялық зерттеудің маңызы. Стратиграфия латын сөзі, stratum-қабат, grapho- жазу, яғни археологиялық ескерткіштердің орнында пайда болған қыртыстарды зерттеу әдісі.
Адамзат тарихының өте ерте дәуірлерін сипаттаған кезде геологиялық стратиграфия қолданылады. Атап айтсақ, мұзданудың және мұзаралықтарының геология ғылымы қалыптастырған атаулары бар. Адамзат тарихына сәйкес келетіндері ертетас дәуіріне жатады. Кейінгі археологиялық дәуірлер де стратиграфиялық әдістің қолдануымен зерттеледі.
Қоныстардағы қазба қабырғалары кең, көлемді келсе, шаршылардың түйіскен нүктелерінде жер бақандары қалдырылады. Қазба тереңдегенде олар аласартылады, уақытында қиындысы графикалық әдіспен салынып отыруы тиіс.
Қорғандарды қазғанда солтүстік - оңттүстік, шығыс - батыс бағыттарымен қазылмаған жал (орысша - бровка) қалдырылады. Қазба терең болмаса, жал бұзылмаған күйінде сақталады. Алдыңғы қиындылары қағаз бетіне түскенде, тереңдегенде аласартылуы мүмкін. Қиынды сызбасы –профилі сапалы жасалғанда ескерткіштен алынатын тарихи мағлұмат толыға түседі, уақытты дәл анықтауға септігін тигізеді.
Стратиграфиялық әдіс көне қоныстарды зерттеген кезде қолданылады. Стратиграфиялық тізбек немесе қатарлар арқылы жоғарғы және төменгі қабаттардың уақытнамасы анықталады. Стратиграфиялық әдіс қорғандық ескерткіштерді де зерттеуде маңызды қызмет атқарады. Ескерткіштердің салыну уақытын, құрылыстың қалыптасуын, құрылымын анықтайды.
Ашық және жабық комплекстер. Археологияда ескерткіштерді сипаттауда ашық және жабық комплекстер деген ұғымдар қолданылады.
Қоныстардың көпшілігі ашық комплекстерге жатады. Мұндағы заттар мен қалдықтар ұзақ уақыт бойы жинақталған, оларды бір уақытқа жатқызу, мәдени қабат бүлінген болса, қиындықтар туғызады.
Ашық комплекстегі заттар мен қалдықтар әр замандікі болуы мүмкін. Стратиграфиялық және типологиялық әдістер оларды ажыратуға мүмкіндік береді. Ашық комплекстегі деректемелер көбіне қираған, бөлшектенген, өзгерген түрінде ұшырайды.
Жабық комплектердегі заттар бір мезгілді мегзейді, бір заманның қолданыс заттары болуы неғұрлым ықтимал. Көбінесе бір мәдениетке жатады. Мәселен, моланың ішіндегі заттар бір уақытта көмілді, яғни зат жинақталуының уақыт тұтастығы бар. Олар бір дәуірдің, бір заманның заттары.
Арнайы камерада қойылғандықтан жабық комплекстегі деректемелердің сақталу сапасы жоғары келеді. Сондықтан, оның уақытнамалық көрсеткіштері ашық комплекстерге қарағанда айқын, абсолюттік уақытнамаға жақын. Жабық комплекстердің көмегімен мәдениетті анықтау жеңілірек. Жабық комплекстерге жерлеу комплекстерімен қатар бір мезетте табиғат апатынан немесе жойқын соғыс салдарынан жойылып кеткен қоныс - қалалар да жатады. Мәселен, жанартау атқылағанда қоныс-қалалар күл астында қалуы мүмкін. Антик заманының Помпей қаласы, міне, осындай жабық комплекс түріндегі ескерткіш. Мұндағы өмір көрінісі бір уақыт кескінін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет