Лекция№1. Археология ғылымы және оның қалыптасуы Археология ғылымының ерекшеліктері



бет8/10
Дата25.04.2022
өлшемі474,5 Kb.
#140726
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Археология лекция жинақтары
Теминология науки (2), №14 лекция, 5 сынып КТЖ матема 5сагат 2022-2023, 348801, 348800, ҚОРЫТЫНДЫ МОНИТОРИНГ, 10-апта Жоғары мектеп педагогикасы
Әдебиеттер

  1. Таймағамбетов Ж.К., Байгунаков Д.С. Қазақстанның тас ғасыры. – Алматы, 2008.

  2. Адрянов Б.В. Земледелие нашых предков. – М., 1978.

  3. Археология Средней Азии и Ближнего Востока. – Ташкент, 1983.

Лекция №18-19 Әлем және Қазақстандағы қола ғасыры

    1. Мыстытас пен қола ғасырының зерттелуі

  1. Қола ғасырының сипаттамасы

  2. Қазақстандағы қола ғасырының дәуірнамасы

Б.з.д. IҮ – мыңжылдықта адамдар мыстан еңбек құралдарын жасай бастады. Мысты игеру барлық жерде бiрдей жүрген жоқ. Мысқа бай оңтүстiк аудандарда бұл процесс қарқынды дамыды. Металл өндірісінің қалыптасып дамуы туралы екі түрлі көзқарас бар. Зертеушілердің бір бөлігі металл өндірісі бстапқыда бір ғана жерде қалыптасып, біртіндеп басқа жерлерге тараған. Ол ежелгі Шатқалкүйік және Шойынутөбе қоныстары орналасқан Анатолия мен Хузистан аралығы. Бұл Иранның оңтүстігіндегі тарихи аймақ. Ол жерлерден б.з.д. ҮІІІ – ҮІІ мыңжылдықтарға жататын, әлемдегі ең көне мыс бұйымдар (моншақ, ине, біз) табылған. Ғалымдардың келесі тобы метталды өңдеудің кейбір әдістерін өзгелерден үйренумен қатар кейде оны дербес игерген жағдайлар да болған дейді. Еуразия құрлығында металл өндірісі б.з.д. Ү-ІҮ мың ж.ж. шекарасында қалыптасқан.


Ежелгі мыс өндірген кеніштер өте сирек табылады. Дегенмен, археологтар бірсыпыра кеніштерді тауып, зерттеген. Солардың ішінде Солтүстік Қазақстандағы Бақырөзек, Киімбай өзенінің бойындағы Еленовка, Алтайдағы Белаусовкі кеніштері. Соңғы айтылған кеніштен мыс кені салынған тері дорбасымен бірге жатқан ежелгі кеншінің қаңқасы табылған. Мыстың табиғатында жұмсақ қасиеті тас құралдармен бәсекеде кем түсіп жатуы мыс құралдардың көп жерлерге таралмауына себеп боды. Мыстан көбіне сәндік бұйымдар мен пышақ, біз секілді ұсақ құралдар жасаған.
Мыс өңдеудiң екi тәсiлi белгiлi: қыздырып және қыздырмай өңдеу. Бұлардың қайсысы алғаш игерiлгендiгiн дөп басып айту қиын. Ең алғашқы еңбек құралдары қыздырмай, кесек мыстарды көрiкте соғу арқылы жасалды деуге негiз бар. Дегенмен, мысты қыздырған кезде балқыған мыстың әртүрлi қалыпқа түсiруге болатындығын адамдардың бiлуi де әбден мүмкiн.
Металл өндiрудi игеруге байланысты өндiрiсте өзгерiс болды. Жалпы тайпалардан егiншi және бақташы тайпалардың бөлiнiп шығуы неолитте қалыптаса бастаған бiрiншi қоғамдық еңбек бөлiнiсiне алып келдi. Жерорта теңiзi, Алдынғы Азия, Солтүстiк Африка, Оңтүстiк шығыс Еуропада және Орта Азия жерлерiнде егiншi тайпалардың мәдениетi тұтастай қалыптасты. Ал құрлықтың басқа көптеген бөлiктерiнде шаруашылықтың неолиттiк қалпы сақталды.
Шығыс Еуропаның оңтүстiк аудандары мен Орта Азияның көпшiлiк жерлерiнде таралған энеолиттiк мәдениеттер дамудағы өзара ортақ бiрсыпыра белгiлерiне қарай топтастырылған.
Дунайдан бастап, Қара теңіздің солтүстік жағалауларын қамтый отырып шығысқа қарай созылған Евразия құрлығының далалық аймақтарында өндіруші шаруашылықтың малшылық түрі дамыды. Даланың табиғи-географиялық жағдайы шаруашылықтың осы түрінің еркін дамуына қолайлы еді. Мұнда егіншілік жекелеген өзен жағалауларында ғана мүмкін болды. Осы аймақтың энеолит дәуіріне қатысты тың мәліметтер Қазақстандағы Ботай (Көкшетау обл.) археологиялық мәдениетi ескерткiштерiнен алынды. Ботай мәдениетіне топтастырылған энеолиттік қоныстар кешені б. з. д. IҮ - IIІ мыңжылдық аралығындағы жылқышы тайпалардың ескерткiштерi.
Ботай мәдениетi көршiлес орналасқан неолиттiк атбасар және маханжар мәдениеттері негiзiнде қалыптасқан. Осы мәдениеттiң басты қонысында жүргiзiлген ұзақ жылдық зерттеулер Ботайлықтардың жылқыны алғаш қолға үйреткен тайпалар екендiгiн дәлелдейтiн материалдар (70000 жылқы сүйегі табылған) бердi. Алғашқы жылқышы тайпалар Ботайды 200 ж. жуық уақыт мекендеген. 15 га аумақты алатын қоныстан 158 үйдің орны анықталып, олардың 50 – і қазылды. Үй салу үшін алдымен 20-70 шаршы метрлік төрт және сегіз бұрышты, тереңдігі 1 м шұңқыр қазылған. Шұңқырдан шыққан шымдарды оның жағасына тағы да 1 м биіктікте қабырға етіп қалаған. Үйдің шатыры ортаға орналастырған тіреулерге қиғаштап бекітілген бөренелердің үстіне төселген бұтақ, шөптермен жабылады. Үйдің ортасында ошақ, есік жақта тұрмыстық заттар тұратын бөлік, төр жақта жатар орын орналасқан. Азық-түлік сақтайтын қуыстар қабырғалардың бойынан қазылған. Еңбек құралдары мен шаруашылық заттары тас, балшық, сүйек және ағаштан жасалған. Ботайлықтардың мал өсiрумен қатар жер жыртып, егiн егумен айналысқандығы туралы да мәліметтер бар. Қазбадан табылған тастан жасалған пышақ, қанжарлар, найза, жебенiң ұштарымен қатар зубр, бұғы, қарақұйрық, киiк, аю, қарсақ, қоян секiлдi т.б. аңдардың сүйектерi ботайлықтарда аңшылық кәсiптiң де осал болмағандығын бiлдiредi. Ботайдың батыс варианты – терсек мәдениеті ескерткіштері: Қостанай мен Торғайда - Бестамақ, Тұздыкөл І, Ливановка, Құмкешу, Қожай, Дүзбай 3, Көкшетауда – Қызылжар, Василковка 4 т.б. қоныстары.
Жерлеу дәстүрінен тотемизм мен бабалар рухына табынушылық айқын байқалады. Қайтыс болған туыстарын мекен ішіндегі ескі үйлерге жерлеген. Жерленген кісіні қоршай шұңқырдың ішіне ондаған аттың бастарын қойған. Кейде үйдің шығаберіс табалдырығының астына итті жерлеу ғұрпы кездеседі.
Ботай мәдениетi материалдарының кейбір белгілері Оңтүстік Оралдағы сортанды тұрғындары мен Еділ маңындағы хвалын мәдениеті заттарына жақын. Сондай-ақ, Алтайдағы Афанасев, Шығыс Қазақстандағы Усть-Нарым мәдениеттерi бұйымдарымен ұқсас.
Маңғыстау өңiрiнде энеолит дәуiрiне жататын: Шебер, Жыңғылды, Қошқар-Ата Қосқұдық қоныстары белгiлi. Маңғыстау өңірінде жүргізілген зерттеулер нәтижесі энеолиттің басында мұнда жылжымалы бақташылықтың қалыптаса бастағанын білдіреді.
Қазақстан жерiндегi энеолиттiк мәдениеттер ескерткiштерiнiң аз зерттелуiне қарамай қолда бар материалдар негiзiнде сол дәуiрдегi тайпалардың қоғамдық–экономикалық және материалдық мәдениетiнiң дамуында үлкен жетiстiктер болды деп айта аламыз.
Б.з.д. 3 – мыңжылдықтың соңында Қазақстан мен Сiбiр аймағында қола ғасырлық ерекше мәдени орталық қалыптасты. Бұл мәдени орталықтың таралу аймағы Минусин қазан шұңқыры, Енисейдiң жоғарғы ағысы, Сiбiр және Қазақстан жерлерiн қамтыды. Осы мәдениеттiң қалыптасуы мен дамуы мыс рудасының молдығымен тығыз байланысты.
Айтылған өңiрдiң қола ғасырлық археологиялық мәдениеттерi барлық жерлерде бiрдей жақсы зерттелмеген. Ең жақсы зерттелген аудандардың бiрi Оңтүстiк Сiбiрдiң қола ғасыр ескерткiштерi. Бұл ауданда бiрiн бiрi кезегiмен алмастырған үш үлкен архелологиялық мәдениет мұралары жақсы белгiлi. Олар: Афанасьев,_Андрон_(Андронов)_және_Қарасұқ'>Афанасьев, Андрон (Андронов) және Қарасұқ археологиялық мәдениеттерi.
Бұл мәдениеттер мал өсiрiп, егiн егумен қатар металл өндiрудi жақсы игергендiгiмен ерекшеленедi. Б.з.д. 3 – 2 – мыңжылдықтарда Енисейдiң жоғарғы ағысы мен Алтай даласында қалыптасқан Афанасьев мәдениетi өзiнiң бастауын жаңа тас (неолиттен) дәуірінен алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет