Лекция№19
Мұғалімнің кәсіби іс-әрекетіндегі оқыту технологиялары
Лекция жоспары:
1.Педагогикалық технология туралы түсінік.
2.«Әдістеме», «технология», «оқыту технологиясы», «педагогикалық технология» ұғымдарының арақатынасы.
3.Қазіргі педагогикалық технологияларды әр түрлі тұрғыдан жіктеу.
4. Педагогикалық технологиялардың түрлері.
Лекция мәтіні:
1.Педагогикалық технология туралы түсінік.
«Инновация» термині ағылшын тілінің “innovation” деген сөзінен шыққан, аудармасы «жаңашылдықты енгізу».
Инновациялық процесс - білім беру процесіне тұрақты жаңа элементтер кіргізетін, жүйенің бір жағдайдан екінші жағдайға көшуіне апаратын жаңалық, жаңадан ендірілетін әрекет. Білім беру ұйымдарының жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты қызметі.
Инновациялық процестің дамуына екі фактор ықпал етеді:
Объективті фактор - инновациялық қызметтің дамуына ықпал ететін және оның нәтижесінің ұғымын қамтамасыз ететін жағдай жасау;
Достарыңызбен бөлісу: |