2.Жоспарлаудың қызметтері.Жоспарлауға қойылатын талаптар және жоспарлаудың түрлері.
Соңғы жылдары кейбір мектептерде "Сынып жетекшісінің” орнына тек тәрбие мәселелерімен айналысатын дербес “Сынып тәрбиешісі” деген қызмет пайда болуда. Оның себебі, біріншіден, бүгінгі таңдағы әлеуметтік өмірдің барлық саласындағы маңызды өзгерістердің ықпалы. Олар қоғамдық және тұлғалық жағдайларға кең көлемде ықпал етуде. Бір жағдайда, бұл қатынастар субъект ретінде бәсекеге төтеп бере алатын барлық оған қатысушыларға тым қатаң талап койса, екінші жағдайда, адамның қоғамдағы өз тағдырын өзі еркін шешуге, әлеуметтік мәселелердің тәсілдерін таңдауда оған мүмкіндік береді. Мұндай көзқарас мектептегі педагогикалық процеске қатысушылардан жаңа ізденімпаздықты талап етеді.
Соған орай тек білім беру саласында ғана емес, сонымен бірге ұстаздар мен оқушылар, мектеп әкімшілігі мен педагогикалык ұжым арасында қызықты жобаларды карастыру, оларды педагогикалык процеске ендіру кажеттігі басымдылық танытуда. Олардың негізіне ынтымақтастық және тең құқықтық серіктестікті жатқызу көзделіп отыр.
Екіншіден, білім беру жүйесінде жана сипаттағы оқу орындарының пайда болуы: гимназия, лицей т.с.с. Соның барысында кейбір классикалык тұрғыдағы білім беретін жалпы орта мектептердің педагогикалық әрекеті өзгеріске ұшырауда. Соған сәйкес сынып жетекшісі кызметінің мазмұны мен сипаты да өзгеруде:
-пән мұғалімі, бір мезгілде сынып жетекшісінің қызметін атқарушы;
-сынып жетекшісі, аз мөлшерде оқу жүктемесі бар пән мұғалімі;
-сынып жетекшісі, тек тәрбие жұмысымен айналысатын мұғалім;
-сынып тәрбиешісі (кейбір оқу мекемелерінде пайда болатын жаңа қызмет).
Мұғалім, белгілі бір сыныпқа балалар ұжымының жетекшісі ретінде тағайындалып, жұмыска кіріскен жағдайда, өзінін қызметін сынып ұжымына әрі жекелеген оқушыға қатысты жүзеге асырады Соған сәйкес оның қызметін 3 бағытта қарастыруға болады.
1. Педагогикалық және әлеуметтік-гуманитарлық. Оның бұл қызметі балаға барлык бағытта көмектесу: оның әлеуметтік калыптасуы мен дамуына жағдай тудыруға, баланың тұлғалық өзекті мәселесін шешуге, оны әлеуметтік өмірге араластыру және өз бетінше өмір сүре білуіне көмектесуге бағытталған. Баланың отбасымен, тәрбиенің басқа да мекемелерімен тығыз байланыс орнату.
2. Ұйымдастырушылық қызметі. Тәрбие процесін ұйымдастыру. Балалардын орынды талап-тілектерін қолдай отыра, ынтымағы жарасқан, саналы да белсенді әрі іскер сынып ұжымын калыптастыру. Олардың танымдық, еңбек, эстетикалык әрекеттерін және демалысы мен еркін қарым-қатынасын ұйымдастыру. Сыныптағы өзін-өзі баскаруды дамыту.
3.Оқушылардың жалпы әрекетін басқару. Оған: нақтамалық, мақсат қоюшылық, жоспарлау, болжам жасау немесе жобалау, бақылау және түзету енгізіп отыру қызметін жатқызуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |