Байланысты: Лекция№1 азіргі жа дайда ы білім беруді басымдылы ролі Лекция
2. «Әдістеме», «технология», «оқыту технологиясы», «педагогикалық технология» ұғымдарының арақатынасы. Ерекшелігі мен қолдану орнына қарай инновацияларды жіктеуге болады:
Ал жалпы инновацияны модификациялық, комбинаторлық, радикалдық деп үш түрге бөлуге болады:
Модификациялық инновация - бұл қолда барды дамытумен, түрін өзгертумен айналысу.
Комбинаторлық инновация -бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған пәндерді оқытудың қазіргі кездегі әдістемесі дәлел.
Радикалдық инновацияға - білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу жатады.
Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педогогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Ал жаңа педогогикалық технологияның түрі, қолдану ерекшелігі, одан туындайтын мәселелер бүгінгі таңда әлі нақтыланып белгілі бір жүйеге түспеген дүние.
Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегі алғы шарттар қажет:
оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу;
оқушылардың сабақтастылығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру. Оның ғылыми-әдістемелік, оқыту-әдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, азарда ұстау;
жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім стандарты мен жете танысу, білімді деңгейлеп беру технологиясын игеру арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игертуге қол жеткізу;
оқыту үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу.
Кез-келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылылығы, дүние жүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталады. Ендеше қазіргі заманның ақпараттық және телекоммуникациялық технологиясын игеру - міндетіміз.