3.Қазіргі педагогикалық технологияларды әр түрлі тұрғыдан жіктеу.
Инновациялық үрдістің негізгі жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі XVII ғасырда Я.А.Коменскийдің жасаған сыныптық- сабақтық жүйесі А.С.Макаренко және В.А.Сухомлинскидің іс-тәжірибиелері, сондай-ақ Шаталовтың қолданған тірек-конспектілері жаңалықтарды, ой- идеяларды өз уақытында да, қазірде де қолдануды тиімді деп тауып отыр.
Инновация мәселелерімен айналысып жүрген бірқатар ғалымдардың еңбектерін, жазған анықтамаларын қарастырып, талдай келе бұл ұғым белгілі уақыт арасында жаңашыл идеяны қайта қарау, жаңалау дегенді білдіреді. Осыларды негізге ала отырып, инновацияны «жаңалық», «жаңа әдіс», «өзгеріс», «әдістеме», «жаңашылдық», ал инновациялық үрдісті «жаңа әдістеме енгізу құралы» деп ұғатын боламыз.
Кейінгі кезеңде ғалымдар өз зерттеулерінде оқу-тәрбие ісіне жаңалықтарды енгізіп, тарату мәселесін қарастырады. К.Ангеловский, М.Поташник, В.Я.Ляудис т.б. ғалымдар мұғалімнің жаңалыққа қабілеттілігіне ерекше көңіл бөлді. Енгізіліп отырған жаңа әдістемені ерекше жағын көре білу, түсіне білу және оның басқа әдістемелермен қандай байланысты екенін білу керек.
Инновациялар классификациясы негізінде білім беру мекемелерінің қызметіндегі туындайтын саналы педогогикалық ой - идея жүйесі жатыр. Мектеп өмірінде болып жатқан өзгерістер, олардың инновациялық бағытқа бет бұруы болашақ мұғалімді даярлаудағы әдістемелік өзгерістермен тығыз байланысты. Инновация көлемділігі оның жүйелілігі мен классификациясын тудырады.
Достарыңызбен бөлісу: |