Лекция.№1 Математиканы оқытуда жобалау технологиясы пәнінің мақсаттары және міндеттері



бет18/48
Дата05.01.2023
өлшемі483,33 Kb.
#165038
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   48
Байланысты:
Лекция МОЖҚ 2

Зерттеу пәні: географияны оқытудағы жобалау технологиясы
Дәстүрлі сабақ беру жүйесінде оқушыны тұлға ретінде қалыптастыру мүмкін емес.21 –ғасырда әлемдік білім беру жүйесінің дамуындағы негізгі басымдықтарының бірі- мектеп білімін жаңарту.Ол оқушылардың неғұрлым өз бетінше білім алып, оны іс жүзінде қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған.
Оқушылардың зерттеу жұмысын ұйымдастыру және жоба жұмысын жасауға мақсатты әрі жүйелі түрде бағыттау керек екені- бүгінгі күн талабы.Сондықтан да жобалау технологиясының тиімділігі күннен күнге артуда.
Бұл технология әлемдік педагогикада жаңлық емес. Ағылшын тілінен аударғанда «cooperative learninq»- бірге үйрену деген мағананы білдіреді.
Түсінджірме сөздікте оған төмендегідей анықтама беріледі:Жобалау технологиясы- оқушылардың жоспарлау және күрделене беретін тапсырмаларды орындау арқылы меңгеретін білімі. [3]
Жобалау технологиясы 19 ғасырдың 2- ші жартысында АҚШ ауылшаруашылығы мектептерінде пайда болған.Оның негізін салған-Джон Дьюи атты психолог және педагог, философ Дьюидің ілімін жалғастырушы- Колумбия университетінің жанындағы мұғалімдер колледжінің прфессоры Уильям Херд Килпатриктің ойынша, балаларды өз жұмысының жемісін көруге ынталандыру арқылы үлкен өмірге дайындау- бұл технологияның негізі. «Өзіне көйлек тігіп киген бойжеткенді мысалға алайық. Егер ло кейін өзі киетін көйлегі үшін жанын аямай, ерінбей, аса қызығушылықпен көйлек үлгісін өзі ойлап тауып, өз бетімен өлшеп, пішіп, тігіп кисе- бұл мысал жобалау технологиясының нағыз типтік үлгісі»- деген екен Хилпатрик.
20- шы ғасырдың басында жобалау технологиясы Ресей педагогтардың назарын өзіне аудара бастайды.Дегенмен, бірқатар себептерге байланысты, бұл әдістеме кеңінен таралмай, тоқтап қалды.
-Жоба жұмысымен жұмысты ұйымдастыра білетін мұғалімдердің болмауы.
- Жоба жұмысының әдістемесінің жасалмауы.
Жеке баға мен сыныақты ұжымдық сынаққа көшіру салдарынан жеке оқушы білімінің төмендеуі т. б. Себептер.
Кеңес үкіметі кезеңіндегі мектептерде жобалау технологиясын енгізуге асықпай жүргенде, ағылшын тілінде сөйлейтін мемлекеттерде:АҚШ-та,Англияда, Австралия және Жаңа Зеландияда ол кеңінен таралып жатты.Еуропаның да бірқатар мемлекеттерінде ол кең тамырын терең жая бастады.
Жобалау әдісі - оқу үрдісін ерекше етіп тұратын кешенді оқыту тәсілдері жиынтығы. Бұл әдіс - студенттерге әрекеттерін өз бетінше жоспарлауға, ұйымдастыруға және бақылауға мүмкіндік береді.
Жобалау әдісі оқушыларға тақырып таңдауда, мәліметтердің дереккөздерін жинауда және презентация жасауда өз бетінше жұмыс істеуге жағдай жасайды. Бұл әдіс қарым-қатынастың жаңа түрін үлгілеуге арналған. Жобалау студенттің өз бетінше ойластырып, жүзеге асыруға арналған жұмысы. Зерттеу барысында студенттің бойында жұмысына қажетті төмендегідей біліктер қалыптасады:
- өзінің қабілеті мен қызығушылығына қарай тақырыпты еркін таңдай алады.
- алдына қойған міндетіне қарай жұмыстың мазмұнына өз бетінше талдау жасай алады.
- өз бетінше алдына қойған мақсатына жету және жүзеге асыру жолдарын іздестіреді.
- мүмкіндіктері мен мүмкіндіктер шегін тексеруге және дамытуға жағдай жасайды.
- мәліметтерді жинап, жүйелеп және сыни ойлауға үйренеді.
- әдістерді талдау, салыстыру арқылы жұмысына тиімді әдісті таңдай алады.
- аудиторияның алдында сөйлеуге, ойын дәлелді және логикалық жүйелікпен жеткізуге, аудиторияны өзіне қарата білуге дағдыланады.
- өзгелерді тыңдап, айтқандарын ой елегінен өткізуге дағдыланады.
- шешімі қиын сұрақтарды өз бетінше шеше біледі.
-өз көзқарасын дәлелдеп, шешімінің дұрыстығына тыңдаушылардың көзін жеткізуге тырысады. [3]
Жобалау арқылы оқушылардың интеллектуалды эмоционалды контексті сөйлесуі іштей басқа әрекеттермен бірлікте жүреді. Басқа әрекеттер деп отырғанымыз, жоспарын жүзеге асыру үшін құжаттар, анкета, кесте бейнеролик т.б. дайындалады. Жобамен жұмыс істеу – шығармашылық процесс. Оқушылар өздері үшін маңызды болып саналатын мәселені анықтау үшін өз беттерінше немесе оқытушының жетекшілігімен ізденуге кіріседі. Бұл оқушылардың өз бетінше білімдерін, дағдыларын және біліктерін жаңа контексте пайдалануға көмектеседі. Бұлай іздену олардың қазақша кәсіби сөйлеуіне, табиғи және еркін түрде үйренуіне ықпал етеді. Әрине, мұндай жағдайда жобаға қатысушылардың өздерінің ынтасын тілдік сауаттылығына емес, айтылатын ойдың мазмұнына аударған дұрыс. Жобалау кезінде студент өте белсенді болады, ол өзінің шығармашылықпен жұмыс істей алатынын көрсетеді. Жобамен жұмыс істеу барысында қазақша сөйлеу жағынан нашарлау және психологиялық жағынан белсенділігі төмендеу оқушының өзі де өзінің қиялдауына, белсенділігін және өз бетінше жұмыс істей алатынын көрсетуіне мүмкіндіктері өте мол.
Жобалау жұмысы тіл үйренудің формалдық сипатын жоюға, тілді үйренудің тәжірибелік нәтиже беруіне ықпал етеді. Жоба оқытушы мен оқушының функционалдық міндеттерін өзгертеді.
Әрине, уақыт өткен сайын бұл технология да бірқатар өзгерістерге ұшырап отырды. Еркін тәрбиелеу ойынан туындаған жобалау әдістемесі біртіндеп «тәртіпке бағынып», білім беру әдістемесі құрамына табыспен еніп отыр.Бұл технологиялық оқудағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеттері түбегейлі өзгереді. Салыстырып көрейік:

Оқушының іс-әрекеті. Мұғалімнің іс-әрекеті.
-Оқушы- оқыту субъектісі. -Жеке тұлғаға қарай бағыттылғын ұсынушы, нақты мақсат қоюшы.
-Мақсатқа дербес өз іс-әрекетімен жетуші белсенді субъект. -Бағыт- бағдар беруші, кеңесші.
-Өзін-өзі және бір-бірін оқытушы. -Оқытушының жетістігін құптаушы.
-Өнерпаз, жасампаз еңбектің иесі. - Ынталандырушы, мақсат қоюшы.
-Өз ізденісімен табысқа жетуші шығармашылық тұлға. -Мақсаттарға жетелеуші.

Жоба типологиясына тоқталатын болсам:
мазмұны бойынша: экологиялық, физико-географиялық, әлеуметтік экономикалық, кешендік, өлкетанулық, тарихи-географиялық;
қызметі бойынша: танымдық, шығармашылық, ойындық, тәжірибеге незізделген, зерттеушілік;
Интеграция деңгейі бойынша: Пәндік (географиялық мәліметтерге
байланысты орындалады), Пәнаралық(жұмыста бірнеше пәндердің байланысы ескеріледі), Пәннен тыс (мектеп программасынан тыс мәліметтер негізінде жасалады)
Қатысушылар саны бойынша: Жеке дара,топтық, ұжымдық
Жұмыс ұзақтығы бойынша: мини-жоба.орта мерзімді, ұзақ мерзімді болып жіктеледі. [4]
География пәнінен жоба тақырыптарына тоқталатын болсам:
6 сынып Көбіне ойындық және танымдық жобалау әдістері қолданылады.
• «Гидросфераны әлде өзімізді құтқарамыз ба?»
• « Облысымыздың өзендері қайда ағып жатыр?»
7 сынып Шығармашылық жоба тақырыбы.
• «Таңғажайып Африка »
• «Джунглейден сұхбат»
• «Материктер қалқып жүрме?»
8 сынып шығармашылық және зерттеушілік жоба тақырыптары .
• «Қазақстан территориясындағы дүниежүзілік мәдени мұралық ескерткіштер»
• «Облысымыздың экологиялық картасын құру»
9 сынып
• «Қазақстанның экспортының құрлымын қалай өзгертуге болады? »
• «Ауыл тұрғынына ірі қалаға қалай бейімделуге болады?»
10-11 сынып
• «XXI ғасыр қаласының жобасын құру»
• « Табиғат ресурстарының сарқылуын болдыртпау үшін ғылым қай бағытта дамуы тиіс ?» [1]
Жоба: «Австралияға туристік маршрут жасау»
I кезең. Әр топқа сұррақтар мен қажетті әдебиеттер жазылған карточкалар беріледі :
Тристік агентстваға Австралияға туристік маршрут жасауға жас отбасы келіп, тапсырыс берді. Бұл тапсырыстарында келесідей талаптар қойылған.
1 Мақсаты - экскурсиялық туризм.
2 Саяхаттың ұзақтығы- 10 күн.
3 Маршруттың басталатын жері - Кэрнс.
4 Көлік түрі - теңіз,автомобиль, әуе көлігі.
5 Жыл мезгілі- жаңбырсыз, жылы.
6 Баратын объектілер - Сидней қаласы және әлемге әйгілі орталықтар.
II кезең. Әдебиеттерді пайдалана отырып қойылған талаптарға жауап іздеу
IIIкезең. Дайындалған материалдарды тыңдау және талқылау
IVкезең. Жобаны ұсыну. [2]

Зерттеу жұмыстарын рәсімдеуге қойылатын талаптар:

Жұмыс мәтіні компьютерде басылып мынадай құрылымнан тұруы тиіс:
1.титул парағы;
2.мазмұны;
3.абстракт (аннотация) қазақ немесе орыс тілдерінде (зерттеу жұмысының қай тілде дайындалғанына байланысты), сондай-ақ ағылшан тілінде жазылады);
4.кіріспе;
5.зерттеу бөлімі;
6.қорытынды;
7.пайдаланылған әдебиеттер тізімі;
Абстракт (аннотация) (250 сөзден артық емес) қамтылған жұмыстың қысқаша мазмұнын көрсетуі тиіс:
• Тақырыптың өзектілігі;
• Зерттеудің объектісі (нені біз зерттейміз?);
• Зерттеудің пәні (зерттеу объектісін қай тұрғыдан қарастыруға болады);
• Зерттеудің мақсаты (Не үшін зеріттеп отырмын? Мен қандай нәтижеге қол жеткізгім келеді?);
• Зерттеудің міндеті (мақсатқа жету үшін не істеу керек) ;
• Гипотезалары (Нәтиженің қандай болатынына өз болжамыңды жасай білу );
• Кезеңдері, зерттеудің әдістері (Нәтижеге қол жеткізу үшін не істеу керек?);
• Зерттеудің жаңалығы және дербестік дәрежесі;
• 4. Кіріспеде (екі беттен артық емес) мыналар келтіріледі: таңдалған зерттеу тақырыбының өзектілігі, осы жұмыстың мақсаты (міндеті): қойылған міндеттерді шешу әдісі қысқаша көрсетіледі;
• 5. Жұмыстың зерттеу бөлімі (20 беттен артық емес) жеке тараулардан (параграфтардан) тұруы және мыналарды қамтуы мүмкін:
• Осы жұмысты жүргізудің қажеттілігіне көз жеткізуге және оның мақсатын (міндетін) құрастыруға мүмкіндік беретін таңдалған тақырып бойынша белгілі нәтижелерге талдама шолу жасау;
• Қойылған міндеттерді шешу әдістерін сипаттау;
• Жұмыстың нәтижелері және оларды талқылау;
• Суретті материалдар (сызбалар, кестелер, фотосуреттер және суреттер);
6. Пайдаланылған әдебиеттерге сілтемені төртбұрышты жақшада беру керек. Мәтінде кездесетін сілтемелерде нөмірлеу жүйесі болуы керек;
Пайдаланылған әдебиеттер жұмыс соңында жалпы тізіммен мынадай тәртіпте беріледі:
• Автордың тегі және қысқартылған аты жөні;
• Мақаланың және журналдың аты (журналдағы мақалалар үшін);
• Басып шығарылған орны және баспасы (кітаптар үшін);
• Басылған жылы, шығу нөмірі, беті
7. Қорытынды (бір беттен артық емес) жұмыстың негізгі нәтижелері және олардың негізінде жасалған қорытындыларын, жұмыстың нәтижелерін ғылыми және практикалық мақсаттарға пайдалану жөніндегі ұсыныстарды қамтиды; [4]

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Душина И.В.,Таможняя Е.А., Пятунин В.Б. // Методика и технология обучения географии - М: Астрель, 2002.[1]
2.Николина В.В. Метод проектов в географическом образовании // География в школе.-2002.-№6. [2]
3. Н.Ю.Пахомова. Проектное обучение – что это? // Методист, 2008[3]

Лекция №7 Деңгейлеп жобалау және оның мүмкіндіктері


Жоспар:
1. Жобалау іс әрекеттерін деңгейлеу және оның мүмкіндіктері
2. Математикадан тапсырмаларды оқушылардың білім дәрежесіне сай жобалап шешу әдістемесі

Лекция №8 Математикадан деңгейлік жобалық жұмыстарды құрастыру мәселелері


Жоспар:
1.Математикадан деңгейлік тапсырмалар және олардың жіктелуі
2. Ғылыми жоба, шығармашылық жоба, ойын түріндегі жоба, ақпараттық жоба құрастыру жолдары



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет