Біріншіден, белгілі бір проблеманы тек жалаң алгоритмге негіздеп, автоматты түрде жоба арқылы шешуге бағыттау оқушылардың шығармашылығын дамытуға, оқу мотивациясын арттыруға, өз бетімен білім алуға, өзін өзі дамытуға ықпал етпейді;
Екіншіден, жобалау әдісі – оқушыларды дамытуға бағытталған бірден бір әдіс деген догматизм де дұрыс емес, өйткені, әр оқушының жеке бас ерекшеліктерін ескеру, жекелеген тұрғыдан қарастыру бұл әдісті пайдалануда міндетті түрде қажет болады. Сондықтан, жобалау әдісінің нәтижелілігін, тиімділігін арттыру үшін мұғалімдерді дидактикалық және әдістемелік тұрғыдан алдын – ал даярлаудың маңызы зор.
Үшіншіден, жобалау әдіс пәнаралық байланысқа негізделгендіктен бір пәнді ғана тар шеңберді қарастыру дұрыс емес, сондықтан, басқа пәндерді интеграциялауды қамтитын түрде ұйымдастыру қажет.
.Зерттеушілік жобалар белгілері
Жобалау әдісін зерттеушлікте пайдалануда төмендегі талаптар орындалуы тиіс.Зерттеушілік пен шығармашылық ізденісті қажет ететін маңызды проблеманың немесе міндеттің қойылуы. Мысалы, әлемнің түрлі елдеріндегі білім алу (сауаттылық деңгейін, оған ықпал ететін факторларды зерттеу, әр елдің балалар өмірінен репортаж жасау), топпен бірлесіп газ не мұнай мұнарасы орналасқан ауылдардың суы мен өсімдіктерін бақылау, зерттеу, талдау жасау.Алынған зерттеу нәтижелерінің практикалық, теориялық, танымдық нәтижелерінің маңызын түсіндіру (мысалы, әр елдегі балалардың сауаттылық деңгейімен салыстыра отырып, өз аймақтары туралы, өз мектептері туралы баяндама жасау, шешу жолдарын ұсыну; жасаған репортаждарынан журнал не газет шығару; мұнайлы, газды ауылдардың табиғатын қорғаудың жоспарын жасау, т.б.)
Зерттеушілік жобалар белгілері:
1) Оқушылардың өз бетіндік жұмысын жеке жұппен, топпен орындалуы;
2) Жобаның мазмұндық құрылымы, аралық нәтижелері мен кезеңдері болуы;
3) Әрбір кезеңнің бірізділігіне негізделген төмендегі зерттеушілік әдістердің қолданылуы:
4) проблеманы анықтау және одан туындайтын міндеттерді белгілеу (оның барысында «ойға шабуыл», «дөңгелек үстел» әдістері қолданылады);
5) міндеттерді орындаудың болжамы жасалады;
6) зерттеу әдістері (статистикалық бақылау, диагностикалау, тәжірибе жасау, т.б.) талқыланып, белгіленеді;
7) алынған нәтижелерді жинақтау, жүйелеу, талдау жасалады;
8) соңғы нәтижені рәсімдеу тәсілі анықталады (презентация, жоба қорғау, шығ. есеп, қойылым т.б.)
9) қорытындылау, нәтижені рәсімдеу, презентациялау;
10) қорытынды жасау, жаңа зерттеу проблемаларын анықтау.
Осылайша, жобалау әрекетінің алғашқы қадамы – проблеманы немесе тақырыпты анықтау. Жоба тақырыптары оның мақсатына сай түрліше болып келеді. Бір жағдайларда мұғалімдер нақты пәнге қатысты проблеманы алып, оны оқушылардың қабілеттері мен қызығушылықтарына сай анықтайды.
Жобаны идея түрінде тудыру мен оны жүзеге асыру
Жобалау тобының құрамында креативті адамдар (жобаны ойлап табатындар оның орындалуының ерекше түрлерін, жаңа әдістерін жасайтындар; орындаушылар, рәсімдейтін адамдар мен презентациясын жасайтындар, жобаны тұтас басқарушылар, т.б). Жобаны басқару – оның өмір сүруін, тарап кетпеуін қадағалай отырып, топ мүшелерінің жобаны тұтас байланыстырып отыратын қызмет. Басқару қажет пе, әлде өздігінен еркін жұмыс жасау қажет пе?Бақылау барысында кіші жастағы оқушылардың еркін ойнау әрекеттерін бақылау барысында олардың бірнеше топтарға бөлініп алып бірнеше ойындар ойлап тауып, оны жүзеге асыруға тырысқандығы байқалды. Олар белгілі бір уақыт ішінде бірнеше жобаны бастап, біреуін де аяғына дейін жеткізе алмады. 10 – 12 жастардағы қыздардың үй тұрмысы ойындары да сол сияқты, ойын кеңістігі бар, құралдары бар, бірақ ойын әрекеттері одан әрі дамымайды, өйткені қыздар уақытын бір – бірімен сөйлесуге жібереді; әрекеттерін, олар одан әрі не істейтіндерін әңгімелеумен болады. Ойын кеңістігі құрылып, өздері ойлап шығарған оқиғаларын жалғастыруға болар еді; бірақ бөлек – бөлек үзінді ойындар ретіндегі әрекеттер сюжеттерін тұтас жалғастыруға мүмкіндік бермейді.Жасөспірімдердің де қарым – қатынастарының мазмұны да осыған ұқсас келеді. Олар айналысатын сан түрлі сюжеттердің барлығына ортақ белгі – талқылаудың көп болуы: олар жоспарларын әңгімелейді, орындалған істеріне талдау жасайды, бір – бірінің қылықтары мен іс - әрекеттегі тәртібіне көңіл бөле талқылайды.
Осы аталған ситуациялардың идеясын анықтауда барлығына тән жалпы сипаттамалары бар екені байқалады.
Біріншіден, балалардың ұсынатын идеялары бұрын болмаған немесе болған, бірақ оны жаңаша құру, өздеріне өте қажет өнім жасау ұсыныстары болуы;
Екіншіден, идеяның ұжымдық болуы, яғни, ол бірнеше баланың қатыстыратын, біріктіретін іс болуы (бірақ жеке балаға да тән болуы мүмкін);
Үшіншіден, қатысушылардың өзара қарым – қатынасы идеяның, түпкі ойды жүзеге асыру әрекеттерінің айналасында шоғырланып, олар жаңа өнім алу, не қалыптасқан жағдайды өзгерту үшін әр адамның міндеттерін анықтап, бөлісіп алады;
Бұлардың барлығы да пайда болған идея, не түпкі ойды жүзеге асыруға арналған арнайы әрекеттер жасалмаса, идеядан айырылып қалуы да мүмкін. Кейбір жағдайда бір идеяны орындамай, келесі идеяға қызығып, соған көшіп кетуі де ғажап емес.
Идеяның жүзеге асырылмауы – оқушылардың түпкі ойды ұзақ уақыт ұстап тұруға шамасы келмейтіні болуынан дей аламыз. Мысалы, идеяны іске асыру барысында кездесетін техникалық қиындықтар оқушылардың ынтасын басуы, сонымен қатар, сол істен көңілдерін қалдыруы да мүмкін.
Әсіресе мектепке дейінгі жастағы, кіші мектеп жасындағы оқушылар жобасы орындалмаса оның ешкімге қажеті жоқ іспен айналысқандық немесе уақыт жоғалтқандық деп түсінбейді. Олардың пайымдауынша, ойласқан идеяның жүзеге асырылмауы мүмкін емес, тіпті олар өз қолдарынан келмейтін іс болмайды деп санайды. Әрине, кіші мектеп жасындағылардың көптеген жобалары орындаусыз қалып та жатады, бірақ біз үшін олардың орындалуына үлкендер күш салуы қажет.
Жобалауда идея мен оның жүзеге асырылуын бірлікте қарау
Достарыңызбен бөлісу: |