Лекция.№1 Математиканы оқытуда жобалау технологиясы пәнінің мақсаттары және міндеттері



бет1/48
Дата05.01.2023
өлшемі483,33 Kb.
#165038
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Байланысты:
Лекция МОЖҚ 2


Лекция .№1 Математиканы оқытуда жобалау технологиясы пәнінің мақсаттары және міндеттері
Жоспар:
1. Орта мектептегі танымал педагогикалық технологиялар.
2. Жобалау технологиясы ұғымы, оның мақсаты мен принциптері
Жобалау әрекеті және оқыту мазмұны
Джон Дьюидің «Демократия және тәжірибе» атты еңбегінде оқытудың қоғамдық сипаты қарастырылуына байланысты, жобалау әрекеті қоршаған ортада, шынайы өмірде туған проблемаларды шешуге негізделген білім мазмұнын әлеуметтендіру амалы ретінде мақсатты түре дамытыла бастады. Үнемі өзгеріп отыратын өмір шындығы әлеуметтік тәжірибені тұтас меңгеруге негізделген дағдыларды талап ететін болды, ол мектептердің де өзгеруіне ықпал ете бастады. Өткен ғасырдың басында – ақ С.Т.Шацкийдің жетекшілігімен оқыту барысында жобалаудың бірнеше түрлерін пайдалану жұмыстары ұйымдастырылды. Одан соң, В.А.Герд практикалық жұмыстағы жобалау әдістерін, А.П.Пинкевич жаратылыс тану ғылымындағы сынақ –тәжірибелік жұмысында, Б.Е.Райков зерттеу жұмыстарында, К.П.Ягодовский зертханалық жұмыстарда жобалау әдістерін дамыта бастады. Оған осы кезде орыс тіліне аударылған Килпатрик еңбегінің ықпалы мол болды, соның негізінде оқу және әлеуметтік –педагогикалық жобалау педагогикалық әрекеттің ерекше түрі ретінде терең таратылды.
1931 жылы БКП (б) Орталық Комитетінің Қаулысымен жобалау әдістері үлкен сынға ұшырады, өйткені, «оқушыларға нақты пәндер аясында білім жүйесін игеруге мүмкіндік бермейді», деп көрсетілді. Соған орай, кеңестік елдерде жарты ғасырға жуық уақытта жеке әдіс ретінде қолданылмады. Шетелдер тәжірибесінде, атап айтқанда, АҚШ, Ұлыбритания, Бельгия, Израиль, Финляндия, Германия, т.б. көптеген елдер жобалау әдістері ең тиімді гуманитарлық әдіс ретінде кеңінен тарады.
Жобалау әрекеттерінің одан әрі дамуы мәдени құбылыстардың қалыптасу логикасы бойынша – жай репродукциядан – зерттеуге, зерттеуден –мақсатты қайта құруға әкелді. Дамытып және дамып отыратын жобалық түзілім: танымға қызығушылық – таным әдістері – білім құрылымы негізінде өзіне тән ерекшеліктері бар ойлаудың жобалық амалы, жолдары қалыптасты.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет