Лекция.№1 Математиканы оқытуда жобалау технологиясы пәнінің мақсаттары және міндеттері


Лекция .№2 Жобалау технологиясының теориялық негіздері



бет5/48
Дата05.01.2023
өлшемі483,33 Kb.
#165038
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Байланысты:
Лекция МОЖҚ 2

Лекция .№2 Жобалау технологиясының теориялық негіздері
Жоспар:

  1. Жобалау технологиясының келіп шығу тарихы

  2. Жобалау технологиясының проекттері: ғылыми жандасулар

Білім берудің табиғатын заманауи тұрғыда түсіну мәдениет ұғымымен байланысты. Кейбір зерттеушілер білім беруді қоғам мәдениетін меңгеру негізінде іс-әрекеттің түрлі салаларында білім алушылардың әлеуметтік және тұлғалық маңызға ие мәселелерді өз бетінше шешу қабілетін дамытудың арнайы ұйымдастырылған процесі ретінде қарастырады.
Жобалау мәдениетінің қалыптасуы, гуманистік парадигмадағы педагогикалық процесс субъектілерінің құндылықтық-мағыналық өзіндік анықталуынсыз мүмкін емес.
Сондықтан, адам шын мәніндегі адам болуы үшін заттар кеңістігінен іс-әрекеттер кеңістігіне өтуі тиіс. Болашақ оқытушыларға оқытудың мазмұнының деңгейінде, ақиқатты тану әдістерін меңгеру деңгейінде пәнаралық байланыстарды орнатуды үйрету керек [1].
Білім алушыларды педагогикалық жобалауға оқытуға кірісе отырып, біздер оқытушылар өзіміздің өңдеген тұжырымдамамыздағы теориялық негіздерге сүйенеміз.
Біздің тарапымыздан жете зерттелген (Баширова Ж.Р. докторлық диссертациясы) концептуалды бағыттардың аясында субъектілердің мәдениет әлемін рефлексивті меңгеруге жәрдемдесетін және олардың өзіндік қалыптасуына көмектесетін педагогикалық шарттар жобаланады:

  • білім беру процесінің субъектілерінің мәдениетті меңгеру тәсілдерінің диверсификациясы туралы негіздер міндетті болып табылады;

  • білім беруді тұлғаның өмірлік жолын құзыретті таңдау мүмкіндіктерін кеңейтуге және тұлғаның өзіндік дамуына бағытталған процесс ретінде қарастыру;

  • жобалау технологиясын меңгеру білім алушыларға негізінен әлемді, әлем туралы өзге ақпараттарға толы мазмұндағы және терминдердің мағынасымен толтырылған мәтіндер арқылы емес, танымдық-зерттеушілік іс-әрекет арқылы тануға мүмкідік береді; білім беру процесінің субъектілерінің тұлғасына мұндай өзгерістерді енгізу білім алушыға тұлға ретінде өзінің жобалау технологияларын меңгергендігі туралы көрсеткіштерді көрсетуіне жол ашады;

  • «студент-оқытушы», «магистрант-оқытушы» жүйесіндегі қатынастардың сипатының, типінің, стилінің өзгеруінің негізінде жобалау технологиясын меңгеруді қамтамасыз ететін мотивациялық, ұйымдастырушылық-педагогикалық және басқа да жағдайларды жасау қажет [1]. Білім алушылардың кәсіби-педагогикалық құзыреттілігінің қалыптасу жолдарын ұғыну үшін оларға зерттеу бағдарламамызға білім алушыларды психологиялық-педагогикалық даярлау идеяларын енгізуге мүмкіндік берді. Аталған идеяның практикалық тұрғыдан жүзеге асуы педагогикалық іс-әрекеттің барлық аумағын қамтиды: өзара күрделі байланыстағы ғылымизерттеушілік, жобалаушылық, тәрбиелік, білімдік, басқарушылық.

Ғылыми-зерттеушілік – «университеттік білім берудің жоғары мектеп оқытушысын даярлау аспектісінде дамуы» феноменінің теориялық негіздерін жасауды, тұлға көрсеткіштерін анықтауды, педагогикалық технологияны меңгеруге бағытталған диагностикалық процедураларды өңдеуді талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет