Жобалаушылық – университеттік білім берудің жоғары мектеп оқытушысын даярлау аспектісінде дамуына бағдарланған педагогикалық жүйені құруға бағытталған.
Тәрбиелік – оқытушылар мен білім алушылардың педагогикалық құзыреттілікті олар- дың бойына қалыптастыру мақсатымен арнайы ұйымдасқан, мақсатқа бағытталған және басқарылатын өзара әрекеттестікке бағдарланады.
Білімдік – білім берудің жобалау технологиясын негізгі және қосымша білім беру бағдарламалары бойынша тікелей оқыту процесіне ендіруге бағдарланады.
Басқарушылық – жоғары оқу орнындағы оқу процесіне жобалық білім беруді ендіру бойынша ұйымдастырушылық-педагогикалық шешімдерді қабылдауды талап етеді [1].
Жобалау мәдениетінің қалыптасуының астарында техникалық, ғылыми, әлеуметтік және басқа да тұлғалық-маңызды жобалардың негізінде биографиялық жобалауды (өз тағдырын жобалау) жүзеге асыруға қабілетті тұлғаны тәрбиелеу түсінігі жатыр. Біздің пікірімізше, осы жерде магистранттарды жобалаудың жалпы негіздеріне, іс-әрекеттің кез келген саласы үшін жобаларды өңдеу принциптері арқылы оқытуда бағыттылық аспектісін жүзеге асыру керек; оларды жобалардың жүзеге асуына көмектесетін және кедергі болатын факторларды анықтауға, жобаның өмірге сіңісуі үшін қажетті ресурстарды есептеуге үйрету керек; қоршаған ақиқатты жүзеге асыруға, адамзат тарихының байлығын тұлғаның ішкі байлығына айналдыруға бағыттау керек.
Білім алушылардың жобалаушылық іс-әрекетке саналы, мотивацияланған түрде қосылуы білім беруге мәдени, өнегелік, тұлғалық және осы барлық заттық-мазмұндық немесе заттықәрекеттік контекспен бірге қазіргі таңда мүлде жойылған мағына алып келер еді.
Біз жоғары мектеп оқытушысы өзінің табиғатынан іс-әрекет субъектісі ретінде қалыптасуы керек және ол жобалық технологияларды қалыптастыру тәсілі ретіндегі жобалаушылық іс-әрекетіне олардың әрбірін ендіргенде ғана мүмкін болатыны туралы психологиялық-педагогикалық білімдермен білім алушыларды қаруландыруға атсалыстық. Мұндағы тұлғаны мәнді өзгерту мақсатындағы жобалау технологиясын гуманистік парадигмадағы субъектілердің өзіндік анықталуынсыз қарастыруға болмайды.