Лекция.№1 Математиканы оқытуда жобалау технологиясы пәнінің мақсаттары және міндеттері


Жобалауда идея мен оның жүзеге асырылуын бірлікте қарау



бет22/48
Дата05.01.2023
өлшемі483,33 Kb.
#165038
түріЛекция
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   48
Байланысты:
Лекция МОЖҚ 2

Жобалауда идея мен оның жүзеге асырылуын бірлікте қарау -өте маңызды нәрсе және осы сапаны жобалау әрекетінің мәндік негізі деп санауға болады. Оның бірнеше себептері бар. Мысалы алғанда, жобаның идеясы мен оны жүзеге асыруда бірлікте қалау жобаның ерекше өзіндік белгісі: жобаны жүзеге асыру барысында екеуінің біреуін ғана өзгертуге болмайды. Олардың өзгерістері бірдей болуы тиіс. Тіпті, бастапқы идея мен оның жүзеге асырылуының өзара тығыз байланысы субьектінің жобалау әрекеті субьектісінің одан әрі дамуы басталатын нүктені құрайды. Идеяны орындау қаржы мен құралдарды топтық жұмысты, уақытты басқаруды қажет етеді. Жоба барысында алынған өнім қиялдан туған, орындалмас арман ретінде емес, белгілі бір ойлау деңгейін талап етеді.
Мысалы, егер өнім компьютерлік бағдарлама құрастыру көздесе, ол бағдарлама аяғында шынайы жұмыс ретінде белгілі бір уақытта орындалуы тиіс, немесе мерекеге арналған сценарий де, химиялық тәжірибе де, ландшафт картасы да белгіленген тәртіппен, белгілі бір уақыт ішінде даяр болып, іске асыруға тиімді болуы тиіс.
Жобалау тобында креативті адам да, орындаушылар да, басқарушылар да болуы мүмкін. Жобаның сәттілігі оның идеясы мен мазмұны сәйкес ұйымдастырылуына байланысты. Жобаның ортақ болуына байланысты ондағы орындалу әрекеттері де ортақ болуы тиіс. Жоба мен топ организм ретінде болғандықтан олардың мазмұны бірге асырылғаны жөн, бұл жағдайда адамдар өзі үшін жауапкершілік алуы тиіс.
Жоба және жобалаушылар, бірлігі және «идея – оны орындау» бірлігі жүзеге асырылғанда ғана жобалау әрекетінің тиімділігі артады. Осы бірлікті қатаң сақтау арқылы жауапкершілік қалыптасады.
Егер жобалауды өз бетімен жіберіп, оқушылар әрекеттері ересектер тарапынан қадағаланбаса, балалар қиялдау мен шынайылықтың арасын айыра алмай қалуы, тек қиялға беріліп кетуі мүмкін. Бұл төменгі класс оқушыларына тән құбылыс. Өйткені балалардың өз алдына белгілі бір мақсат қойып, орындауға күш жұмсауы, психологтардың айтуынша, негізінен 15 – 16 жастан ғана басталады.
Осылайша, «Жобаның идеясы мен орындалуының бірлігін» түсіне отырып, соған сүйеніп жұмыс істеуді оқушылар жобалау әрекетінің басталуы бөлігінде қолдарынан келмеуі мүмкін. Педагогтың міндеті – оларды орындалмайтын қиялдаудан, тек орындаушылық қана әрекеттерден сақтандырып отыру. Оны белгілі бір пән шеңберіндегі жобалау (өйткені пән мұғалімі өз пәнінің қыр – сырын жақсы біледі) немесе сабақтан тыс жұмыстарды жобалау арқылы қалыптастыруға мүмкіндік көптеу болады. Бұған керісінше, пәнаралық жобалауды ұйымдастыру қиынырақ дей аламыз, оның себебі, ондай жобаларда бірнеше педагогтардың бірлескен әрекеттерінен тұрады, соған орай жобаның нәтижелі болуы қатысушы педагогтардың өзара тіл табыса алуына да байланысты.
Жобаның екі жағын құрайтын жобалау идеясы мен жоба өнімін байланыстыратын тағы бір жері – іс - әрекет туралы шешім қабылдау барысы. Жобалау мәдениетін қалыптастырудың және қатысушылардың қабілеттерін дамытудың басты шараларының бірі – іс - әрекет жасау үшін шешім қабылдау фактілері. Адамның жобалау туралы шешім қабылдауының өзі оның өзіне жауапкершілік алуы, оның болуы мүмкін қиындықтары мен проблемаларын біле отырып, оны өз мойнына алуы адамның белсенділігін көрсетеді және ол жобалау барысында қалыптасатын жаңа сапаларына негіз болады.
Мектеп оқушыларының жобалау әрекетін алатын болсақ, білім беру үрдісінде жүзеге асырылатын жобалардың қиындық туғызбаушылығы алдын ала ойластырылып, жобалауды ұйымдастыруда оқушылар үшін барлық жағдайлар жасалады. Сондықтан оқушылар үшін «шешім қабылдау» процесі арнайы ұйымдастырылады. Оны оқушылардың өз таңдауына салып, оларға «шешім қабылдаушылық» немесе «педагогтың айтқанын орындаушылық» рольдерінің бірін таңдауларын ұсынуға да болады. Қалай болғанда да оқушылар мұғалімдердің бағалауына, қолдауына, сыныптастарының алдындағы беделіне немқұрайлы қарай алмайды.
Жобалау әрекетінің өнімі.
Жобаның өнімі – жалпы жобалаудың маңызды сипаттамаларының бірі. Осы жерде жобаның практикалық әрекетті ұйымдастырудың білім берудегі жобадан айырмашылығы айқын көрінеді.
Кез – келген жобалау әрекетінің мақсаты – белгілі бір деңгейде қалыптасқан жағдайды жаңарту, жаңғырту, өзгерту. Ал қалыптасқан жағдайды өзгерту, қайта құру үшін әуелі ол талданады, мән – мағынасы ажыратылады, ондағы «даму нүктелері» анықталып, кейбір жобалық іс - әрекеттер жасалады, сөйтіп, қалыптасқан жағдайға өзгерістер енгізіледі.
Осыған орай, стратегия таңдау – жобаның маңызды көлігі. Ал жоба орындалғаннан кейін, бұрынғы қалыптасқан жағдайдың қаншалықты өзгергенін тексеруге болады. Мысалы, жолдың кептелісін болдырмаудың амалы ретінде қосымша жол салуға да, көшедегі көлік қозғалысын азайтуға да, көлік иелеріне де айыппұл салуға т.б болады. Бірақ ол үшін қолданған іс - әрекеттердің тиімділігін көрсететін қосымша жолда, көлік санын азайтуда емес, жолдың кептелісінің азаюы болар еді. Яғни, жобалаудың бұл жердегі өнімі көрсетілген жолдағы жағдайдың жақсаруы.
Оқушыларды ұйымдастыру көбіне бұдан басқаша болып келеді. Онда қоғамдағы белгілі бір жағдайды өзгерту қаралмайды, өйткені, мектептегі жобалар шартты түрде, ойын түрінде, оқу түрінде ұйымдастырылады.
Осыған байланысты мектепте жобаларды зерттеушілік деп, эскизді презантациялау деп, рефераттық жұмыс деп немесе мектептен тыс қоғамдық жұмыс ретінде қарастырылады. Сонымен қатар, жобалау өнімі ретінде материалдық деуге келмейтін өнім – оқушының бойындағы –өзгерістерді, оның белгілі бір деңгейдегі авторға айналуы болып табылады.
Жасөспірім шақта оқушыларда тән «өзін ұқсастыру» (иденттену, иденттілікті ұғыну) қалыптаса бастайды. Бұл – бұрынырақ кезеңде, кішірек жастарда оқушыларға көптеген сұрақтарына жауап беруге, өзінің кім екенін тануға рухани әңгімелеуге құштарлық болса, өсе келе бала өзінің «кім екендігін» зерттей бастайды. Ұқсастықты қалыптастыру – адамның өзін өзі тану үрдісі.
Ұқсастыру, теңестіру екі түрлі жағдайда орын алады – уақыттың өлшемде және рольдік ситуацияларда. Біріншісі, уақыттың өлшемдегі теңестіруді уақыт кеңістігіндегі сабақтастық өткенді, қазіргі кезеңді және болашақтың байланыстылығы қамтамасыз етсе, екіншісі, рольдік ситуациядағы теңестіруді адамның өз өміріндегі түрлі жағдайда әрекет етсе де өзіндік бейнесін жоғалтпай ұстай алады.
Жобалау әрекетіне қатысты алатын болсақ, оған қатыса отырып, әрбір жасөспірім өз мүмкіндіктерін дамыта алады. Олар үйрене келе жобалауды өз қабілеттеріне сай ұйымдастырып, өзін анықтау, өмірдегі өз жолын табуға да мүмкіндік алады. Ал өздері қол жеткізген өкімді өз қабілеттерімен, өздерінің жаңа сапасымен теңестіре білу – оқушылардың шын мәнінде дамудың келесі деңгейіне өте алғанын көрсетеді. Бұл жерде жасалған жоба – оқушыларды дамыту құралына айналды.
Шығармашылық ізденістері арқылы оқушылар өзінің жаңа сапаларын аша алуын да жобалау арқылы алынған өнім, жоба өнімі болып табылады.
Осылайша жобаның шынайы нәтижесі оқушылардың пән бойынша, кластан тыс, т.б жасалған зерттеулері, модельдері, құрылымдары ғана емес, сонымен қатар, ең бастысы, олардың жаңа тұлға ретінде игерген жаңа құзіреттіліктері мен қабілеттері, адами құндылықтары болып табылады.
Шынына келгенде, жобалау әрекеттерін ұйымдастырудың басты мақсаты – адамның жаңа сапасын, адами ресурстарды дамытуекенін педагогтар ұмытпауы тиіс.
Өйткені, белгілі бір бағыттар жобалау әрекетінің соңғы, қорытынды кезеңінде, немесе жобалау сайыстарының қорытындыларын шығару кезеңінде басты назар аяқталып, ұсынылып отырған өнімнің өзіне аударылады, өнім бағаланады, орын беріледі. Осы кезең жобаның аяқталу кезеңіндегі басты оқиға – жобалауға қатысушының өз нәтижесімен бетпе – бет келуі, өз жобасын өзі тамашалауы.
Әдетте, педагогтар тарапынан жобалық өнімді бағаланып, оқушылардың жобалау әрекеті барысындағы өзіндік және тұлғалық жетістіктеріне көбіне көңіл бөлінбей жүр. Сондықтан жобаның аяқталуы өнімді бағалаумен ғана емес, оқушылардың қол жеткізген табыстары, өз бойында қалыптастыра, дамыта алған өзіндік сапалары мен құзіреттіліктерін бағалаудың көрсеткіштері мен өлшемдері алдын ала ұсынылып, сәйкестендірілуі үлкен роль атқарады.
Бұл жерде ескеретін нәрсе бағалау өлшемдегі екі деңгейде – жобаны бағалау өлшемдері мен оқушылар сапаларын бағалау өлшемдері екі бөлек жасалып, бір – бірінен елеулі айырмашылықтары болатыны ескеріледі.
Оқытудағы жобалау әрекеті барысында оқушылардың құзыреттіліктерін қалыптастыру
«Қазақстан Республикасындағы білім беруді 2011 - 2020 жылдарға дейінгі дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында» білім берудің жаңа нәтижелері ретінде білім алушылардың құзыреттіктерін қалыптастырудеп белгіленіп отыр. Сондай - ақ құзыреттілікке бағытталған Жалпы орта білім беру стандартында орта білім беру мақсаты – «білім алушылардың түйінді және пәндік құзыреттерін қалыптастыру арқылы олардың танымдық қабылеттерін, алған білімдерін оқу және өмірлік жағдаяттарда шығармашылықпен пайдалана алуын, өзін-өзі дамыту мен өзіндік басқаруын қамтамасыз ету» деп сипатталған. Онда әр білім саласы бойынша түйінді және пәндік құзыреттерді кіріктіру арқылы күтілетін нәтижелерді анықтау қажеттігі» және «түйінді құзыреттер әр білім саласының алатын орнына сәйкес пәнаралық сипаттағы қабілеттер ретінде алдымен оқу пәндері арқылы қалыптасып, дамитыны» атап өтіліп, түйінді құзыреттерге: ақпараттық, коммуникативтік, проблемалардың шешімін табу құзыреттеріжатады делінген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет