Лекция.№1 Математиканы оқытуда жобалау технологиясы пәнінің мақсаттары және міндеттері


Коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру



бет23/48
Дата05.01.2023
өлшемі483,33 Kb.
#165038
түріЛекция
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   48
Байланысты:
Лекция МОЖҚ 2

Коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру. Жобалау арқылы қарым – қатынас белсенділігін арттыруға болатыны сөзсіз. Бірақ жобалаудың мәнін тек қана коммуникативтік қатынастардан құралады деп есептеу оның шеңберін тарылтып, оны оқушылардың әңгімелесе білу диалогын ұйымдастыру немесе жазбаша қарым – қатынасын дамытумен шектейтін болады. Дәстүрлі оқытуда оқушылардың өз ойларын еркін білдіруге жағдай туғызылуы төмен деңгейде, олардың беретін жауаптары мен күтілетін жауаптарының мазмұны әдетте белгілі болып келеді. Оқушы сол өзінен күтілетін жауапқа ғана даярланады. Оның бір жағынан тиімділігі – оқушының сөйлеу әрекетін құру жүйеленеді, белгілі бір нормаға жауап береді және оны бақылауға және бағалауға болатыны – болса, екінші жағынан, кемшілігі – оқушыға өз ойларын жеткізу мүмкіндігі шектеулі, еркін ойлау мен пікір білдіруге жағдай туғызылмайды.Оқушылар білім берудің әрбір кезеңінде өз бетімен ауызша және жазбаша өз ойын білдіре білу дағдыларын меңгеруі қажет және әрбір білім беру ұйымы оны міндетіне алуы тиіс. Бұл – коммуникативтік құзіреттілік деп аталады.Жасөспірімдер үшін ақпараттық құзіреттіліктері (жалпы білімдік қабілеттері)маңызды роль атқарады және ол мектепте ғана емес қоршаған ортада орнын табу құралы болып табылады. Жобалау әрекеті оқушылардың аталған құзіреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік береді.Құзіреттілік тұрғысынан алғанда әлеуметтік қарым – қатынас құзіреттілігін дамытудың маңызы зор. Олар оқушылардың төмендегі қабілеттерін қалыптастырады:оқу – тәжірибелік проблемаларды шешу барысында бірлесіп жұмыс істеуге қабілеттілікті, топпен жұмыс істеу қабілеттілігін; қорытынды өнімді құрастыру қабілеті, оның аудиториядағы адамдарға жеткізе білу қабілеті; Жобалаудың түсініктік кеңістігіндегі маңызды қабілет – проблеманы шешудің жолдарын және шешім қабылдау барысынталдай білу. Проблеманы шешу – ақпараттық - әрекеттік модель бойынша түпкілікті нәтиже деп есептеледі және ол төмендегі тәртіп бойынша орындалады:проблема қою (не істеу қажеттігін айқындау); проблеманың құрамын анықтау (ақпараттар іздеу, таңдау, нақты міндеттерді белгілеу және оны орындау кезеңдерін айқындау; проблеманы ойша қайта құру арқылы жан – жақты талдау); шешудің бірнеше жолдарын қарастыру, мақсатты орындаудың тиімді жолдарын іздеу; проблеманың шешілуі;
Енді соңғы күндері пайда болған шешім қабылдау теориясынатоқталамыз. Шешім қабылдау – бірнеше нұсқаларды қарастыру үшін көптеген ақпараттарды іздеу және сұрыптаудан тұратын күрделі процесс.
Жүзеге асыру кезеңі
Мақсаты: педагогикалық ұжымның инновациялық өзгерістерге жүзеге асыруын қамтамасыз ету.
Бұл кезеңнің мазмұны:
3) Педагогикалық ұжымның инновациялық мүмкіндіктерін дайындық кезеңі бойынша аралық диагностикалау;
4) Бағдарлама бойынша теориялық білімді Д.Колб әдісімен тақырыптық семинарлар, іскерлік ойындар, практикумдар, тренингтер түрінде жүргізу, оны келесі семинарға дейінгі аралықта тәжірибеде бекіту, талдау, әріптестерімен талқылау;
Бағдарлама бойынша практикалық, ғылыми - әдістемелік жұмыстарды төмендегі бағыттарда жүргізу: сабақтарға қатысу, талдау сияқты дәстүрлі әдістемелік қызметтер; сонымен қатар, матрицалық түрдегі шығармашылық зертханалар, тәжірибе алаңдары, филиалдар, ғылыми – кеңесшілік топ; оқу зертханаларында тәжірибелік жұмыстарды шыңдау;
Ұжымдағы іс әрекеттердің мазмұндық өзгерістері: сыныпішілік, сыныптаралық, ұжымдық жобалар жасалуы; білім беру жобаларымен қатар, тәрбиелік, әлеуметтік мәнді жобалар жасалуы; білім алушылар мен педагогтар және ата- аналардың қатысатын бірлескен жобалар пайда болуына жағдайлар туғызу;
Басқару құрылымының өзгеруі, матрицалық құрылымдар пайда болуы, педагогтар ұжымының, білім алушылардың, ата – аналардың түрлі тақырыптадағы инновациялық жобаларға белсенді қатысуы.
жетістіктерінің көрсеткіштері негізінде дәледеніп, оын ұйым тәжірибесіне ендіру аяқталған соң, шығармашылық топ таратылды.
Жобалауды ұйымдастыру барысында педагогикалық жүйені басқару матрицалық, немесе иерархиялық – матрицалық түрде ұйымдастырылуы, көптеген шығармашалық және зертханалық топтар мен филиалдардың көлденең басқарылуы қажет болды. Сөйтіп, аталған түрлі қызметтер уақытша басқару құрылымдары арқылы жүргізілді. Оның басты ерекшелігі – басқарудағы дәстүрлі және жүйелік элементтер мен басқарушы органдар арасындағы міндеттер мен жауапкершіліктерді мақсатқа сай үйлестіре отырып, мақсаттық бағдарлы іс-әрекеттерді ұйымдастыруы.
Жобалау технологиясын жүзеге асыру жоба жетекшілері ретіндегі басқарушылардың үйреншікті іс - әрекеттері мен қажеттіктеріне өзгерістер ендіреді. Басқарушылардың арнайы дайындықтан өтуі кез келген деңгейдегі семинарлар мен тренингтерде берілген жобалау технологиясын пайдалана отырып, проблемаларды анықтауда, шешімін табуда ұжымдық әрекеттерді ұйымдастыра алуына мүмкіндік береді.
Өйткені, олар енді тек әрекетті жоспарлау, бақылау, бағалау ғана емес, педагогтардың шығармашылық белсенділіктерін көтеру, жүйелі және желілі ойлауға үйрету қызметтерін атқаруы тиіс болады. Осы мақсатта дәстүрлі басқарудағыдай әкімшілік жиналыстары орнына семинарлар мен тренингтер жүргізіледі. Семинарларда жобалау тұжырымдамасы мен жоспарлары, жоба барысында пайда болған проблемаларды талдау, шешім қабылдау, жобалардың жүргізілуін бақылау, бағалау жүзеге асырылады.
Бұл өзгерістер иерархиялық түрдегі жоғарыдан төмен қарай басқарудың орнына, басқарылатын кіші жүйелердің, немесе элеметтердің әрқайсысының мақсатын орындауды көздейтін жүйеааралық «көлденең» байланыстардың болуына негізделеді.
Әкімшілік жиналыстан семинар мен тренингтердің негізгі ерекшелігі –оларды басқарушы ғана талдап, қорытынды жасамайды, талдау мен шешім қабылдау ұжымның барлық мүшелерінің қатысуымен орындалады. Сондықтан, педагогтардың шығармашылық белсенділіктерін көтеру, жүйелі және желілі ойлауға үйрету рефлексиялық іскер ойындар арқылы да жүзеге асырылады.
Бірлескен ұжымдық әрекеттер негізінде жобалардың іске асырылуы жариялылық пен белсенділік жағдайында орындалып, олар өз кезегінде ұжым мүшелерінің нәтижелі қызмет атқаруға, ортақ мүддені іске асыруға қызығушылықтарын арттыратыны сөзсіз.
Бақылау -бағалау кезеңі
Мақсаты: Педагогикалық ұжымның инновациялық дамытудағы күтілетін деңгей мен қалыптасқан деңгейлердегі сәйкессіздіктерді анықтау.
Мазмұны:
1.Педагогикалық ұжымның инновациялық дамытудың қорытындыларын бағалау көрсеткіштері:
– Педагогтардың жаңалықтарға көзқарасы, оларды қабылдай алуы;
– Жаңалықтарды меңгеруге даярлығы;
– Ұйымдағы педагогтардың жаңашылдық деңгейі;
– Педагогтардың шығармашылық белсенділігі;
– Өзара қарым қатынастарының деңгейі.
2. Педагогикалық ұжымның инновациялық дамытудан күтілетін деңгей мен қалыптасқан деңгейлердегі сәйкессіздіктердің себептерін анықтау
3. Педагогикалық ұжымның инновациялық дамытуды одан әрі жалғастыру бағдарламасын жасау.
Берілген параметрлер мен өлшемдер бойынша педагогикалық ұжымның жобалау қызметі нәтижесіндегі көрсеткіштерді салыстыру арқылы күтілетін деңгей мен қалыптасқан деңгейлердегі сәйкессіздіктерді анықтауға болады. Ол үшін педагогикалық ұжымда жүргізілген сауалнамалар мен құрастырылған жобалардың нәтижелері жинақталады.
Сонымен қатар, олардың өлшемдері түрліше болғанымен, нәтижесін есептеудің коэфициенті зерттеу қорытындыларын жүйелеу үшін өзара сәйкестендірілді.
Нәтижелік көрсеткіштер төмендегі бағалар бойынша анықталады: Мысалы, толық сәйкес – 3 балл, ішінара сәйкес – 2 балл, сәйкес емес – 1 балл. Жобаның сәйкестік формуласы: К = Кф : Км. Аталған нәтижелерді бағалауда төмендегі коэфициенттік көрсеткіштер пайдаланылады: өте төмен – К < 0,45; төмен– 0,45 < К < 0,65; жеткілікті– 0,65 < К < 0,85; қажетті – К > 0,85.
Осы коэфициенттердің әр ұжым бойынша мақсаттық бағдарлы жобалардан бұрынғы және одан кейінгі көрсеткіштері тәжірибелік эксперимент барысында эксперименттік және бақылау топтарында анықталып, салыстырылады.

Лекция №10 Оқушылардың жобалау жұмыстарын ұйымдастыру кезеңдері


Жоспар:

  1. Жұмыстың тұсаукесері.

  2. Бағалау және жоспарлау

  3. Жобалау кезінде қолдануға болатын зерттеу әдістері

Проблемалық оқытудағы жоба әдісін қолдану әдістемесі


Жоба әдісінің шығу тарихы Жоба әдісін қолдану білім беру үрдісінде түбегейлі жаңа әдіс болып табылмайды. Жоба әдісінің тұжырымдамалық негізін прагматикалық педагогика (лат. pragmatismus - іс, іс-әрекет) – «прогрессивизм» (немесе «прогрессивті тәрбие»), «инструментализм», «экспериментализм» деп аталатын педагогикалық ағым идеялары құрайды Прагматикалық педагогика Ш. Пирс пен У. Джемстің есімдерімен байланысты прагматизм философиясымен бірге пайда болды. Әдіс 19 ғасырдың екінші жартысында АҚШ-тың ауыл шаруашылық мектептерінде жоба әдісі, сондай-ақ проблемалық әдіс деген атпен пайда болды. Әдістің авторы американдық философ және педагог Джордж Дьюи және оның ізбасарлары В. Х. Килпатрик пен Э. Коллингс аталған әдісті философия мен білім берудегі гуманистік бағыт идеяларымен байланыстырды. Сол кезде әдіс өмірмен байланысты жүзеге асырғандықтан, мектеп оқуының өмірінен ажыратылған абстрактылы балама болып табылды. Жоба әдісін оқу үдерісіне ұсынудағы Д. Дьюи идеялары келесі түрде болды: - адам қоршаған ортаға белсенді бейімделе отырып, оны алған практикалық тәжірибе негізінде үнемі өзгертеді (өмір сүру үшін тәрбие); - тәрбиенің мәні баланың кеңейтілген жеке тәжірибесін үнемі өзгертуден тұрады; - тәрбиенің басты мақсаты тұлғаның прагматикалық мүдделерін қанағаттандыру негізінде өзін-өзі жетілдіру болып табылады; - оқытудың негізіне "қызмет процесінде оқыту" қағидаты қойылуы тиіс, өйткені ол баланың іс-әрекет мәніне сәйкес келеді және оқытудың өмірмен, ойынмен, еңбекпен байланысын қамтамасыз етеді. Жоба әдісі оқыту жүйесі ретінде көптеген елдерде кеңінен таралған. Мысалы, Ұлыбританияда ол бастауыш мектептерде оқытудың басқа әдістерімен үйлескен: балалар оқу материалымен байланысты нақты тапсырмаларды орындады. Сонымен қатар басқа да шетелдерде әдіс белсенді және табысты дамыды. АҚШ, Ұлыбритания, Бельгия, Израиль, Финляндия, Германия, Италия, Бразилия, Нидерланды және басқа да көптеген елдерде Джордж Дьюидің идеясы, яғни жобалар әдісі кең қолданысқа ие болды және теориялық білімдерді тәжірибеде қолдануда, нақты проблемаларды шешуде айтарлықтай нәтижелерге жетті. Академиялық білім мен прагматикалық біліктер арасындағы тепе-теңдікті табуға ұмтылатын көптеген білім беру жүйелерін тартатын жобалар әдісінің 29 қазіргі тезисін былай деуге болады: «Мен өзімнің білетінімді және үйренгенімді және істей алатынымды өзіме қажетті жерде қолдана аламын».

Жоба әдісі 20 ғасырдың басында орыс педагогтарының да назарын аударды. Жобалық оқыту идеялары Ресейде американдық педагогтардың нұсқаулықтарымен қатар пайда болды. Орыс педагогы С. Т. Шацкийдің басшылығымен 1905 жылы оқыту тәжірибесінде жобалық әдістерді белсенді қолдануға тырысқан қызметкерлердің шағын тобы ұйымдастырылды. Ресейде Д. Дьюи идеяларын Советтік педагогикалық практикада Макаренко толық жүзеге асырылды. Алайда, отандық педагогиканың жобалар әдісіне деген қатынасы бір мағыналы болмады. Алдымен әдіс келешегі зор деп танылды, және 1929-30 жылдары кешенді-жобалық бағдарламалар әзірленді, онда мұғалімнің жетекшілігімен білімді жүйелі түрде меңгеру жоба тапсырмаларын орындау бойынша, соның ішінде «сауатсыздықты жоюға көмектесеміз» деген сияқты жоба жұмыстармен алмастырылды. 1931 жылы Ресейде Орталық Комитеттің «Бастауыш және орта мектеп туралы» БКП (б) қаулысымен төмендегі себептерге байланысты жоба әдісін қолдануға тыйым салынған:


1. Әдіске деген шамадан тыс қызығушылық басқа оқыту әдістеріне зиян келтіруінен;
2. Жоба әдісімен жұмыс істеуге қабілетті педагогикалық кадрлардың жоқтығынан; 3. Жобалық әдістеменің нашар әзірленуінен оқыту сапасының төмендеуінен.

Ресейде жобалар әдісіне қызығушылық XX ғасырдың 80-ші жылдарында қайта пайда болды. Қазіргі педагогика тұрғысынан жобалар әдісі: - оқудағы оқушылардың белсенді ұстанымы; - оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту; - жалпы оқу біліктерін, дағдылары мен құзыреттіліктерін қалыптастыру: тікелей байланысты зерттеу, рефлексиялық және т. б. және оларды практикалық қызметте қолдану тәжірибесі; - оқытудың өмірмен байланысы. Жоба және жобалау түсінігіне сипаттама Педагогикалық жобалаудың әртүрлі жақтарын талдау үшін қажетті негізгі түсінік жоба болып табылады. Жоба - белгіленген уақыт кезеңі ішінде және нақты белгіленген мақсаттармен қойылған міндеттерге қол жеткізудегі өзара байланысты ісшаралар кешенін білдіреді. 30 Педагогикалық іс-әрекет әдістемесіне қатысты «жоба» ұғымын Г. П. Щедровицкий «Педагогика және логика» жұмысында қолданды. Жоба - бұл нәтижелердің сапасына, қаражат пен ресурстарды жұмсаудың ықтимал шектеріне және ерекше ұйымға қойылатын белгіленген талаптары бар жеке жүйенің уақытпен шектелген мақсатты өзгеруі. Жоба: қандай да бір құжаттың алдын ала, болжамды мәтіні ретінде; ісшаралар жиынтығы немесе жүйені өзгерту бойынша бір бағдарламамен біріктірілген өнімді, мақсатты жеке немесе бірлескен қызметтің аяқталған циклі ретінде түсініледі. Осылайша, жоба – жобалау қызметінің нәтижесі және жоба-адамдардың бірлескен қызметін ұйымдастыру нысаны. Қазіргі уақытта жобалау педагогикалық қызметтің маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Жобалау қызметі білім беру саласының даму көзі және мәдениет тарихындағы кәсіби-педагогикалық белсенділіктің бір түрі ретінде айтарлықтай ұзақ кезеңде қалыптасты. Жоба сөзі латын тілінен аударғанда projectus - «алдыға лақтырылған» деген мағынаны білдіреді, «сөйлеуші», «көзге түсуші», яғни бір объектінің, бір істің түпбейнесі немесе түпүлгісі сияқты, осы әрекет жоба жасауға әкеледі. Жоба әдісі білім алушылардан белгілі бір проблеманы шешуін талап етеді. Жоба сөзі С. И. Ожегова, Н.Ю. Швединаның айтуы бойынша ой, жоспар ретінде анықталады, яғни қандай да бір жоспар, құрылғылар, механизмдер. Білім беру жобасы оқушылардың бірлескен оқу-танымдық, шығармашылық немесе ойын қызметі ретінде қарастырылады. Жоба қызметі - бұл белгілі бір тақырып аясында педагогикалық үдерісті жоспарлау және ұйымдастыру бойынша ересектер мен балалардың бірлескен қызметі, яғни пайда болған сәттен бастап оны аяқтағанға дейін белгілі бір кезеңдерден өту арқылы жүзеге асыру. Жобалық қызмет "орындаушы" емес, "іскерді" тәрбиелеуге, тұлғаның ерік-жігерін, өзара әрекет ету дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Жобалау қызметі көптеген мүмкіндіктерді, оларды әртүрлі үйлесімде қолдануын, түрлі қызмет түрлерін интеграциялауды білдіретін білімді меңгертудің түрі болып табылады. Балалардың жобалық қызметі кезеңкезеңмен, ересектердің тікелей қатысуымен және қолдауымен орындалады. Жоба әзірленіп жатқан өнім қолданыла бастаған кезде өміршең деп танылады. Жобалар әдісі өзекті және өте тиімді. Ол балаға тәжірибе жасауға, шығармашылық қабілеттері мен коммуникативтік дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Жоба – туындаған проблемадан шығуда белгілі бір мақсаттарды көздеген және оған жету жолындағы іс-әрекеттің, орындаушылар-дың және әдіс тәсілдердің жиынтығы. 31 Жоба – туындаған проблемадан шығуда белгілі бір мақсаттарды көздеген және оған жету жолындағы іс-әрекеттің, орындаушылар-дың және әдіс тәсілдердің жиынтығы. Оқытудағы жоба әдісінің мақсаты:  әртүрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты (білімді) өз беттерінше алу;  танымдық және практикалық міндеттерді шешу үшін алынған білімдерді қолдана алу;  коммуникативтік іскерліктерге ие болу;  зерттеушілік шеберліктерін (проблеманы анықтау, ақпарат жинау, талдау жасау, қорытындылау) дамыту;  жүйелі ойлау қабілеттерін дамыту. Жобаның өмірлік кезеңі 1. Идеяның, ойдың тууы немесе проблеманың туындауы (нақты өмірден алынуы); 2. Проблемаға талдау жасау (мақсаты мен міндеттерін айқындау); 3. Тұжырымдама жасау (балама тұжырымдама таңдау); 4. Егжей-тегжейлі зерттеп алу (сипаттамалар, сызбалар, толық жоспар); 5. Жобаны орындау (құжаттар, сынақтан өткізу, қабылдау); 6. Қолдану (енгізу, техникалық қызмет көрсету, пайдалану); 7. Жою (қайта жөндеу, сату, дамытуға тапсырма алу және т.б.). Жобаның құрылымы: Жобаның құрылымы жобаның тақырыбы мен жобаның «жанры» арқылы анықталады. Алайда, оның негізгі құрамдас бөліктерін бөлуге мүмкіндік беретін жалпы тәсілдер бар. Педагогикалық жобалар бойынша әдістемелік нұсқаулықтарға талдау жасай отырып, оқу жобасының 12 түрлі негізгі құрамдас бөлігін ұсынуға болады (1-сурет). Бір жоба аясында берілген құрылымардың қамтылуы міндетті емес және кей жағдайда мүмкін емес. Мысалы, шағын жобалар үшін, бір сабақ шеңберінде іске асырылатын бюджетті құраудың, қауіп-қатерлерді жою бойынша іс-шараларды анықтаудың қажеті жоқ, ал ойын және рөлдік жобалар зерттеу объектісі мен зерттеу пәнін анықтауды талап етпейді және мұндай жобаларға гипотеза тұрғызу ұсынылмайды. 32 1 сурет – оқу жобасының құрылымы

• Немен айналысқалы жатырмыз?


1. Жобаның тақырыбы (ПРОБЛЕМА немесе ИДЕЯ!)
• Бұл не үшін қажет? Бұны зерттеудің қажеттілігі қаншалықты маңызды? Балама шешім бар ма?
2. Проблеманың өзектілігі
• Проблемадан шығу үшін нені зерттеу қажет?
3. Зерттеу нысаны
• Нысанды қай қырынан қарастырамыз?

  1. Зерттеу пәні

• Нәтижесінде неге қол жеткіземіз?

  1. Жобаның мақсаты (жоба өнімі!)

• Мақсатқа жету үшін не істеу қажет?

  1. Жобаның міндеттері

• Мүмкін болатын нәтижені болжау. Егер ........., онда ......

  1. Зерттеудің болжамы

• Жобаның негізгі идеясы қандай және ол қалай жүзеге асырылады?

  1. Жобаның сипаттамасы

• Кім орындайды? Серіктестері кім? Қолдаушысы кім?

  1. Жобаға қатысушылар

• Кім, қашан және нені орындайды?

  1. Жобаны жүзеге асырудың сатылары мен күнтізбелік жоспары

• Жобаны жүзеге асыру үшін не кедергі болуы мүмкін?

  1. Қауіп-қатер және олардың алдын алу

• Бұл жобаны кім жүзеге асырды? Автор немесе авторлар.

  1. Жобаның авторлары

Жоба тақырыбын құра отырып, "Біз немен айналысқалы жатырмыз?" деген сұраққа жауап беріп алуымыз қажет, яғни жобаның атауында іс-әрекет түрін көрсету керек. Жалпы жобаның өзі туындаған проблемадан немесе кей жағдайда пайда болған идеядан туындайды. Жобаның атауы нақты және қысқа болуы шарт.
Негізінен айтқанда, жобалау тақырыпты таңдаудан емес, мәселені анықтаудан, дәлірек айтқанда, проблемалық жағдайды сипаттаудан және қайшылықтарды анықтаудан басталады. Бұл не үшін қажет? Бұл мәселені зерттеудің қажеттілігі қаншалықты маңызды? Балама шешім бар ма? деген сұрақтарға жауап бере отырып, проблеманың маңыздылығын анықтап алу қажет.
Мысалы, егер зерттелейін деп отырған проблема бұрын зерттелген болса, ол қай қырынан зерттелді, оның шешімі неге әлі табылмады, оның қай қыры зерттелмей жатыр, міне осыны анықтап алған жөн. Ал идеяға келетін болсақ, туындаған идея нәтижесінде пайда болатын өнімнің бұрынғы, соған ұқсас немесе дәл сондай өнімнен қандай-да бір артықшылығы болуы қажет, мейлі ол сапасы, дизайны немесе бағасы жағынан болсын. Егер артықшылық болмаса, ол өнімді шығарудың қажеттілігі жоқ болып табылады.
Зерттеу нысаны (объектісі) – зерттеу бағытталған нақты түрде бар жағдайдың (процесс немесе құбылыс) бөлігі. Яғни туындаған проблемадан шығу үшін біз нені зерттеуіміз керек? Педагогикалық зерттеу объектілеріне - үрдістер: педагогикалық, оқу-тәрбие, оқу орнының дамуын басқару, балаларды әлеуметтендіру және қалыптастыру процесі және т. б.; оқушылардың іс-әрекетінің түрлері, әдістері мен тәсілдері; тәрбиешілер мен мұғалімдер қызметінің түрлері, әдістері мен тәсілдері; және т.б.
Зерттеу пәні. Көп жағдайда зерттеу нысаны мен зерттеу пәнін шатастыру орын алып жатады. Зерттеу пәні дегеніміз, анықтап алған зерттеу нысанымызды біз қай қырынан зерттейтін болсақ, сол біздің зерттеу пәніміз болып табылады. Мысалы, біздің зерттеу нысанымыз – рентгендік сәулелендіру болсын. Рентгендік сәулеленуде физиканы не қызықтырады? Толқындарды ұзындығы, жиілігі, өту қабілеті және т. б. сәйкес зерттеу пәні рентген сәулесінің физикалық қасиеттері болады. Биологтарды рентгендік сәулеленуде не қызықтырады? Оған маңызды, сәулелену тірі жасушаға қалай әсер ететінін білу. Демек, зерттеу тақырыбы жасушаларға сәулелердің әсер ету механизмі болуы мүмкін. Ал дәрігерді рентген сәулесінен не қызықтырады? Дәрігер үшін маңызды нәрсе, ол рентген арқылы науқастарды емдеу мүмкіндігін анықтау, сондықтан зерттеу нысаны рентген сәулесінің көмегімен қатерлі ісіктерді немесе т.б. емдеу әдісі болады. Ал рентген сәулесі инженерлерді несімен қызықтырады, әрине рентген аппаратының құрылымы. Бұл жағдайда зерттеу пәні сәуле шығару ерекшелігі, аппараттың құрылымы немесе жұмыс істеу принципі ретінде анықталуы мүмкін.
Жобаның мақсаты (жоба өнімі!). Жобаның мақсаты дегеніміз, нәтижесінде біз не нәрсеге қол жеткіземіз? Проблеманы шешудің біз қандай жолын ұсынамыз немесе қандай құрал жасап шығарамыз, осы біздің жобамыздың мақсаты болып табылады. Оқу жобасының мақсатының тағы бір ерекшелігі, жобалық өнім шығару мақсатынан басқа педагогикалық мақсаттар болуы тиіс, олар – дидактикалық (білім, білік, дағды және құзыреттіліктерді қалыптастыру), тәрбиелік (қарым-қатынасты, құндылықтарды, мінез-құлық және жеке қасиеттертерді, және т. б қалыптастыру), дамытушылық. Оқу мақсаттарын анықтауда жиі кездесетін қателіктердің бірі, ол білім алушылардың мінез-құлықтарының әр түрлі болуына және оқу материалын қабылдау ерекшеліктеріне байланысты «тәртіпсіздікті 100%-ға жою» немесе «сауатсыздықты 100%-ға жою» деген, орындалуы мүмкін емес мақсаттар қоюға болмайды.
Жобаның міндеттері. Жобаның міндеттері жобаның мақсатын мазмұны, әдістемелік және ұйымдастырушылық жағынан нақтылау. Басқаша айтқанда, міндеттер мақсатты іске асыру құралы болып табылады және ол логикалық түрде бір-біріне байланысқан сатылардын тұруы шарт. Міндет бір немесе одан да көп болуы тиіс. Жобаның міндеттері шартты түрде негізгі және қосымша болып бөлінеді. Негізгілері: қойылған мақсатқа жетудің жолдары мен құралдары қандай? деген сұраққа жауап іздейді, ал қосымша міндеттер негізгі міндеттерге әсер ететін факторлар мен себептерді анықтайды.
Зерттеудің болжамы (Гипотеза). Гипотеза зерттеушілік және ақпараттық жобалар үшін міндетті құрылымдық бөлік болып табылады, ал басқа үлгідегі жобалар үшін міндетті емес. Гипотеза - (грек тіл. hypothesisнегіздеме, болжам) ғылыми негізделген болжам. Ұсынылған гипотезаның негізділігі жобаны іске асыру барысында тексеріледі. Жобаны әзірлеушілер гипотезаны тұжырымдау кезінде күтілетін нәтиже туралы болжам жасайды. Жобаның гипотезасын құру кезінде «егер... болса, онда ..... болады» деген тұжырымдар жасалады. Мысалы, жасөспірімдердің тәртіп көрсеткіштерінің төмендеуі бойынша орындалып жатқан жобаның болжамы шамамен былай болады: «Егер жасөспірімдердің бос уақыты дұрыс ұйымдастырылса, онда тәртіпсіздік деңгейі төмендейді». Жоба орындаушыларының мақсаты осы болжамды растау немесе жоққа шығару болып табылады.
Жобаның қысқаша сипаттамасы. Жобаның сипаттамасы қысқаша 2-3 бетпен мазмұндалады, онда жоба идеясы, кезеңдері, әдістері мен нысандары жазылады, сонымен қатар жоба орындалып болған соң адамдардың өмірінде мүмкін болатын жақсартулар сияқты маңызды нәтижелерді көрсетеді. 35 Жобаның қысқаша сипаттамасы оның барлық басқа құрылымдық компоненттері ойластырылғаннан кейін ғана жазылады.
Жобаға қатысушылар. Жобаның қатысушылары дегеніміз, бұл жобаның әрбір кезеңінде жобалық идеяны тікелей орындаушылар, оқу жобасында олар - мектеп оқушылары, мұғалімдер, тәрбиешілер, ата-аналар немесе студенттер, оқытшылар және т. б.
Мысалы, компьютерлік ойындар фестивалінің жобасының дайындық кезеңінде информатика мұғалімдері мен орталықтың тәрбиеленушілері болады, себебі олар сценарий жазу керек, қажетті материалдық ресурстарды анықтау қажет, ал осы жобаның іске асыру кезеңінде мектеп оқушылары және тұрғындар болуы мүмкін, ал қорытынды кезеңде - қазылар алқасы мен жеңімпаздарды анықтайтын және марапаттайтын әкімшілік болып табылады. Егер жоба аясында сауалнама жүргізілетін болса, сол сауалнамаға қатысқандар жоба қатысушыларына жатқызылады. Жобаға қатысушылардың саны жобаның тақырыбы мен түріне, ондағы қолданылатын әдістер мен тәсілдерге баланысты бірнеше адамнан бастап ондаған адамға дейін өзгеруі мүмкін.
Жобаны жүзеге асырудың сатылары мен күнтізбелік жоспары. Жобаның негізгі міндеттерін талқылағаннан кейін оларды шешу бойынша ісқимыл реттілігі және орындаушыларды, мерзімі мен күтілетін нәтиже бейнеленетін күнтізбелік жоспар жасалады. Әдетте жоба кезеңдерге бөлінеді - дайындық, іске асыру және қорытынды кезеңі. Күнтізбелік жоспар кесте түрінде ресімделеді, оның толтырылу мысалы төменде келтірілген. 1 кесте – Жобаның күнтізбелік жоспары Іс-шара Айы, жылы, күні Орындаушылар Нәтиже 1 Мысал: Міржақып Дулатұлының өмірі туралы ақпарат жинау 2019 жылдың наурыз-сәуір айлары 8 сынып оқушылары Сурет-альбом Міржақып Дулатұлының өмірі туралы бейнежазба 2019 жылдың мамыры 8 сынып оқушылары мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Міржақып Дулатұлының өмірі туралы бейнежазбаны ұсыну ... ... ... ... Жобаның дидактикалық құндылығын екі кезеңде қарастыруға болады: білім алушы және мұғалім тұрғысынан 36 Білім алушы (студент, оқушы) тұрғысынан жоба - бұл:  жеке немесе топпен өз бетінше қызықты нәрсе жасау;  оқушылардың өздері құрастырған мақсаттар мен міндеттер түріндегі қызықты мәселені шешу;  өз мүмкіндіктерін барынша пайдалану;  өзін көрсету, өз күшін сынап көру, өз білімін тексеру және беру;  пайда әкелу;  қол жеткізілген нәтижені жариялай алу немесе көрсете білу және т. б. мүмкіндігі. Білім беруші (мұғалім, оқытушы) тұрғысынан жоба - бұл интегративті оқыту мен тәрбиелеудің дидактикалық құралы болып табылады және оны әзірлеуге және дамытуға ерекше білік, дағды және құзыреттілігі болуы шарт:  проблематизация (проблемалық жағдайды қарастыру, бар қайшылықтарды шешу, проблеманы тұжырымдау және, мақсаты мен міндеттерін және т. б. қою.);  мақсатты болжау және қызметті жоспарлау;  өзін-өзі талдау және рефлексия;  ақпаратты іздеу және сыни тұрғыдан түсіну (нақты оны түсіндіру, қорыту, талдау);  зерттеу әдістерін меңгеру;  стандартты емес білім, білік және дағдыны практикалық қолдану. Әдісті пайдалануға қойылатын негізгі талаптарға тоқталайық: 1. Зерттеу шығармашылық жоспарында маңызды мәселенің болуы. 2. Болжанатын нәтижелердің маңызы мен өзектілігі (теориялық, танымдық, практикалық) 3. Жобаға қатысушылардың дербес (жеке, жұптық, топтық) қызметі 4. Сатылы түрде нәтижелерді көрсете отырып жобаның мазмұндық бөлігін құрылымдау 5. Зерттеу әдістерін қолдану. Оқу жобасының екі жоспары болады: Көрінетін жоспар Көрінбейтін жоспары  Атауы (тақырыбы)  Проблемасы  Мақсаты  Міндеттері  Болжамы  Пәннің немесе сабақтың тақырыбы  Оқыту, тәрбиелеу, дамыту мақсаты мен міндеттері  Қажетті іскерліктер мен 37  Жүзеге асырылуы  Өнімі дағдылар Жобаның түрлері Жобалардың алуан түрлілігі типологиялық белгілері бойынша төмендегідей жіктелуі мүмкін: Зерттеушілік жобалар Жобаның бұл түрі теориялық немесе практикалық маңызы бар, ғылыми жаңалығы бар білімді алу болып табылады. Оқу үрдісіндегі зерттеушілік жоба кез-келген пән бойынша жүргізіледі. Бұл жобалар толығымен зерттеу логикасына бағынатын және нақты құрылымы бар, шынайы ғылыми зерттеулерге жақындатылған немесе толық сәйкес келетін жоба түрі. Жобаның бұл түрі тақырып; проблеманы тұжырымдау, нысан мен зерттеу пәнін анықтауды, зерттеу мақсаттарын және онымен байланысты міндеттерді қою; белгіленген проблеманы шешу гипотезасын, зерттеу әдістерінің сипаттамасы (теориялық және эмпирикалық); зерттеу нәтижелерін талқылау және рәсімдеу, тұжырымдар; жаңа зерттеу мәселелерін; сырттай бағалауды қамтиды. А) Мазмұнына қарай Зерттеушілік Ақпараттық Материалдық Шығармашылықтық Рөлдік-ойындық Практикалық-бағдарлы Кешенді 38 Ақпараттық жобалар Ақпараттық жобалардың мақсаты қандай да бір нысан туралы ақпарат жинау, оны талдау, қорыту және, ұсыну болып табылады. Ақпараттық жобалар зерттеу құрамында жақсы ойластырылған құрылымды талап етеді: жобаның өзектілігі және оның мақсаты; зерттеу объектісі және пәні; ақпарат көздерінің тізбесі (әдебиет, БАҚ құралдары, деректер қоры, зерттеу әдістерінің мәліметтері); ақпаратты өңдеу (талдау, және белгілі фактілермен салыстыру), қорытынды (мақала, реферат, баяндама, бейнеролик немесе бейнефильм); жариялау түріндегі презентация; талқылау (конференция желі); сырттай бағалау. Материалдық жобалар Жобаның бұл түрі кез-келген материалдық зат (заттар, құралдар, оқу-көрнекі құралы және т.б) өндіруге бағытталған. Шығармашылық жобалар Шығармашылық жобалардың мақсаты шығармашылық өнім – газеттер, шығармалар, альманах, бейнеролик, киім үлгісін, телебағдарлама және т. б. шығару болып табылады. Шығармашылық жобалардың басқа жоба түрлерінен ерекшелігі - олар оқушылар мен педагогтардың бірлескен қызметінің егжей-тегжейлі пысықталған құрылымын талап етпейді, ол тек қана белгіленіп, соңғы нәтижеге сәйкес дамиды. Алайда, бұл жобалар түпкі нәтиженің нысаны мен құрылымын ойластыруды талап етеді, мысалы: мереке сценарийі, шығарма немесе мақала жоспары, газеттің дизайны және т. б. 39 Рөлдік жобалар Рөлдік жобалардың ерекшелігі олардың атауымен байланысты: жобаға қатысушылар әдеби кейіпкерлердің, тарихи немесе ойластырылған кейіпкерлердің рөлін ойнайды, ал жобаның нәтижесі тек жобаның соңында ғана нақты көрініс табады. Мысалы: Болашақ заң мамандары үшін: «Сот отырысы немен аяқталады? Жанжал шешіле ме? Келіссөздер немен аяқталады және шарт жасалады ма?»; Психолог мамандар үшін: «Шиеленіскен психологиялық ахуалды шешудің басқа жолы бар ма? Дұрыс шешім қайсысы? және т.с.с.» Практикалық-бағдарлы жобалар Практикалық-бағдарлы жобалардың мақсаты қатысушылардың өздерінің әлеуметтік мүдделеріне бағытталған нәтижені алу болып табылады. Мұндай жобалар дұрыс құрылған белгілі бір құрылымы бар, қатысушылардың әлеуметтік көзқарастары мен проблемаларына бағытталған жоба. Мұндай жобалардың нәтижесі ұсыныстар немесе анықтама материалдар, ғимаратты көркемдеу және т.б. Мысалы: «Табиғатты аялайық» жобасы. Мұнда қатысушылар арық тазалау, қоқыс теру, құстарға ұя жасау және т.б. сияқты акцияларға қатысады, яғни практикалық іс-әрекет орындайды. Кешенді жоба Жобаның бұл түрі жоба түрлерінің бірнешеуінің бірігіп келуі арқылы жүзеге асырылады. 40  Моножоба – бұл жоба бір оқу пәнінің аясында, орындалатын жоба;  Пәнаралық жоба – бірнеше пәндердің аясында орындалатын жоба;  Мультижоба – кешенді жоба, бірнеше моножобадан тұрады  Мегажоба - бірнеше моно- және мультижобалардан тұрады. Б) Байланыс сипатына қарай: Сынып- Мектеп- Ауданаралық Облысаралық ішілік ішілік В) Г) Моножоба Мультижоба Мегажоба Пәнаралық жоба Ә) Пәндік-мазмұндық жағынан Ішкі Аймақтық Халықаралық Қатысушылардың санына қарай Жеке Жұптық Ұжымдық Орындалу ұзақтығына қарай Қысқамерзімдібір сабақ көлемінде орындалатын Ортамерзімдібірнеше сабақ көлемінде орындалатын Ұзақмерзімді- бір тоқсан немесе бір семестр көлемінде орындалатын 41 Жобаны жүзеге асырудың сатылары Оқу жобасындағы іс-әрекет белгілі бір логикаға бағынуы қажет, яғни бірбірімен байланысты реттілікпен жүретін сатылардан тұрады. Жобадағы әрбір сатының өзіне тән нақты нәтижесі, орындалу уақыты, орындаушылары болуы қажет. Оқытушының міндеті әрбір сатының мазмұны мен міндеттерін нақты ажыратып беру және жобаны жүзеге асыруда қажет болса түзетулер енгізу. Оқу жобасын жүзеге асыру 4 сатыдан тұрады: 1. Жобаға ену сатысы 2. Іс-әрекетті ұйымдастыру сатысы 3. Іс-әрекетті жүзеге асыру сатысы 4. Жобаны қорғау 1. Жобаға ену сатысы Жобаға ену сатысы Оқытушы/мұғалім: (құрушы/бақылаушы) Білім алушы: (жүзеге асырушы) -мәселені қарастыру; - мәселені жан-жақты зерттеу; - балама шешімдерді талдау; - мәселені тарылту; - тақырып қою; - мақсаты мен міндетін анықтау. 1) Жобаның проблемасын құрады 1) Проблеманы жеке басына меншіктейді, яғни проблемаға енеді 2) Мақсатын қояды 2) Мақсатты қабылдап, өзіне артады 3) Міндеттерін қояды 3) Міндеттерді өзіне жүктеп алады 2. Іс-әрекетті ұйымдастыру сатысы Іс-әрекетті ұйымдастыру Оқытушы/мұғалім: (ұйымдастырушы) Білім алушы: (жүзеге асырушы) - ішкі ресурстарға талдау жасау (білім және іскерлік); - сыртқы ресурстарға талдау (ақпараттық, материалдық-техникалық және т.б.); - жобаның орындалу ретін жоспарлау; - атқарылатын ісәрекеттерді тағайындау 1) Топты ұйымдастыру 1) Топтарға бөліну 2) Әр топ мүшесінің міндетін ашып көрсету 2) Топтағы рөлдерді бөліп алу 3) Жобаның міндеттерін шешу бойынша ісәрекеттерді жоспарлау 3) Жұмыстарды жоспарлау 4) Бағалау критерийлерін құру 4) Іс-әрекетті орындаудың әдістері мен формаларын таңдап алады 42 3. Іс-әрекетті жүзеге асыру сатысы Іс-әрекетті жүзеге асыру Оқытушы/мұғалім: Білім алушы: - белгіленген жоспар бойынша іс-әрекеттерді орындау; - нәтижелерді жинақтау; - жобаны аяқтау, яғни өнімді шығару Оқытушы бұл сатыда қатыспайды, бірақ қажет болған жағдайда жаңа білімдер мен кеңестер беріп отырады 1) Өз бетінше белсенді ісәрекет жасайды 2) Топтың әрбір мүшесі өз міндеттерін бір-біріне хабарлай отырып орындайды 3) Жетіспеуші білімдерді «табады» 4) Нәтижелерді жинақтап, көпшілік алдында ұсынуға дайындайды 4. Жобаны қорғау Жобаны қорғау Оқытушы/мұғалім: Білім алушы: Жобаны талдау мен бағалау Тыңдау мен бақылау Жобаны қорғау Жоба нәтижесін талдау мен бағалау Жоба нәтижесін талдау мен бағалауға қатысу Алынған нәтижелерді қорытындылау Жоба әдісі оны қорғаумен аяқталады. Қорғау формасы жобаның түріне, қорғаушының жобаны жеткізу әдісіне байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Оқытушы студенттің таңдап алған жобаны қорғау формасына мұқият назар аударуы қажет. Жобаны ұсынудың маңыздылығы сол, студенттер өздерінің қалай нәтижелі және сәтті жұмыс жасағандарын көре алады. Осы жобаны қорғау кезінде студенттердің жеке қасиеттері (дербестігі, жасампаздығы) бағаланады. Жобаны қорғау түрлері: - ғылыми баяндама, ғылыми конференция, іскерлік ойын, слайд көрсету, фотоальбомдар, көрме ұйымдстыру, телебағдарлама, театрлық қойылымдар және т.б. - Жобаны қорғау жобаның тақырыбы мен орындаушылардың мүмкіндігіне байланысты. 43 Жобаны бағалау Жоба академиялық ортада жобаны жүзеге асыруды және пән бойынша белгілі бір білімдер мен дағдыларды игеруді қамтиды. Сондықтан жобаны бағалау екі бөлімнен тұруы шарт: жобалық (50%) және академиялық (50%) бағалау. Академиялық бөлігінде игерілген білімдері мен дағдылары бағаланады (құзыреттіліктер), ал жобалық бөлімінде жобаны орындау бойынша іскерліктері бағаланады (бұл бөлімде білім алушыларды командасының бағалауы да ескеріледі). Жобаны бағалау критерийлері Жобаны бағалау сатысы оқытудың әдістемелік тұрғысынан түгелдей оқытушымен жүзеге асырылады. Бағалау кезінде студенттер өз беттерінше ізденіс жасаудың, күш жігер салудың, өз идеяларының ерекшелігін, жоба жасауда жеткен нәтижелерінің маңыздылығын көреді, естиді және сезінеді. Ал оқытушының міндеті студенттің құзыретті маман болуы үшін қай қырын дамыту қажеттігін анықтау.  Жобаны бағалауда жобаның ерекшелігі ескерілуі және мақсаты мен міндеттері айқын көрінуі қажет.  Жобаны бағалау критерийлері анық және түсінікті болуы шарт. Бағалау критерийлері 10-нан асуы қажет.  Бағалауда ең бастысы көпшілікке ұсыну сәті емес, жалпы жобаның орындалу сапасы бағалануы қажет.  Бағалау критерийлері жоба тапсырмасын жасаудың ең басында жасалып, жобаға қатысушылардың барлығына белгілі болуы шарт. Оқу жобасына қойылатын талаптар 1) Оқу жобасы нақты бір әлеуметтік маңызы бар проблемаларды шешуге бағытталған болуы және күтілетін нәтижесінің теориялық, практикалық, танымдық маңызы болуы шарт; 2) Жобалық тапсырмаларды орындау үнемі жобаның өзін модельдеуден басталады, яғни проблеманы анықтау, оларды шешуді жүзеге асырудың тәсілдерін анықтау бойынша іс-әрекетерді жоспарлау; 3) Жобаның мазмұндық бөлігі оның сатылары бойынша нәтижелерін, әрбір сатының уақытын анықтау жобалық модельдеудің негізі болып табылады. 4) Оқу жобасының басты шарты студенттердің білімінің біртұтас болуы және өз бетінше зерттеу жұмыстарын жасай алулары. 5) Жобаның нәтижесі - бұл студенттің немесе оның командасының туындысы (шығармашылығы) болып табылатын өнім. 6) Жоба әдісі бойынша берілетін тапсырмалар білім алушының осыған дейін алған білімдеріне негізделіп берілуі шарт. 44 7) Жоба нәтижені ұсынумен аяқталады. Мүмкін болатын жоба өнімінің тізімі  Экологиялық, әлеуметтік, психологиялық педагогикалық және т.б. зерттеу мәліметтеріне талдау нәтижелері;  Мониторинг жүйесі;  Басқару жүйесі;  Әдістемелік нұсқаулықтар  Анықтама, сөздіктер  Болжаулар  Мақала  Клуб, студия, фирма, балалар ұйымы, бірлестіктер, т.б. ұйымдар құру  Кабинетті дизайнерлік рәсімдеу;  Көгалдандыру және т.б.  Видеофильм  Видеоклип  Мультимедиялық өнімдер  Газет, журнал  Заң жобасы  Мерекелік іс-шараның сцеранийі  Фестиваль  Макет, модель,  Сызба және т.б.  Кесте  График т.б.

Лекция №11 Жобалау әдісі-мектепте математиканы оқытудың тиімді әдістерінің бірі


Жоспар:
1.Оқушылардың жобалау іс әрекеттері
2.Мұғалімдердің жобалау іс әрекеттері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет