7. Кәсіби мемелекет. Ісіне адал әрі біздің басты мақсаттарымызға қол жеткізуде халықтың өкілдері болуға қабілетті Қазақстанның мемлекеттік қызметшілерінің ықпалды және осы заманғы корпусын жасақтау. Бүгінгі қоғамның және экономиканың күрделі жүйелік қайта жаңғыруларын мемлекеттік басқару жүйесінің өзін жүйелі ету мәселесі күн тәртібіне өткір қойылған. Әрине, бұған біртіндеп, соның өзінде мемлекеттің функцияларын ұзақ мерзімді реформалаудың үйлестірілген, дәйекті жоспарын алдын ала әзірлеген жағдайда ғана жетуге болады. Үкімет пен жергілікті өкіметті түпкілікті қалыптастыруға мүмкіндік беретін жеті негізгі стратегия принциптері мынаған саяды:
1. неғұрлым маңызды бірнеше функцияларды ғана орныдауға жұмылған ықшам әрі кәсіпқой Үкімет.